Шығармашылық ізденіс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығармашылық ізденіс

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруді көздеп, ұстаздық атты ұлы жолды таңдап келген жалынды жас мамандардың мәртебесін көтеріп, жас мамандарды қолдап, олардың мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үздік жас маман 2018

Қараша айының 24 жұлдызы күні №20 орта мектепте жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруді көздеп, ұстаздық атты ұлы жолды таңдап келген жалынды жас мамандар арасында «Үздік жас маман 2018» байқауы өткізілді.Ұстаздардың шығармашылық ізденістерін арттырып, тәжірибе алмасуын дамыту мақсатында болып өткен бұл байқау талабы биік жас мамандарды жан-жақты тануға мүмкіндік берді. Алғашқы кезеңнен-ақ сайыскерлер өздерін жүрекжарды өлеңімен өрнектелген қысқа метражды бейнесюжет арқылы таныстырып көрермендерін таң қалдырды. Ал,өнер көрсету кезеңінде қатысушыларымыз ән шырқау, көркемсөз оқу, драмалық қойылым бойынша барын салып бақты. «Болмасаң да, ұқсап бақ» деп дана Абай атамыз айтқандай жас ұстаздарымыздың талабына мектеп ұжымы да риза болысты. Жас мамандардың шығармашылық ізденістерін көрсетіп, жүрек қалауымен таңдап келген кәсіптерінің қасиетін аша түсетін байқаудың үшінші бөлімінде химия пәнінің мұғалімі Қошан Гүлдана жарқ етіп көзге түсті. Мақсат етіп талпынған адам ешқашан махрұм қалмайды емес пе? Нәтижесінде, байқау қорытындысы бойынша Қошан Г.Қ бас жүлдені жеңіп алды.Сайыскерлердің білімін де, білігін де назарға алып, төрелік еткен әділқазылар қатысушыларға дипломдар мен

естелік сыйлықтар табыс етті.

Мұғалім мәртебесін көтеріп, жас мамандарды қолдап, олардың мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыруда осындай байқаулардың маңызы зор. Қалдыбике Мадиярқызы басқарып отырған білім ошағында жан-жақты, өз істерінің білгірі болуға талпынатын ұстаздар көп.Мәңгілік елдің болашағы, өскелең ұрпақты білім-ғылым арқылы өркендеуге жетелеп, ең бір сара жолда жүрген әріптестеріме сан қырынан танылып, биіктерден көріне берулерін тілеймін.

Рыстаулетова Халима №20 мектеп мұғалімі


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
775
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі