Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығармашылық жұмыс. Әбіш Кекілбаев - суреткер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жұмысымда Маңғыстаудың дарабозы Әбіш Кекілбайұлының аңыздар желісімен жазылған шығармаларына тоқталдым. Ойы терең, сөзі шұрайлы бұл туындыларда туған жеріміздің тарихынан сыр шертер көп мәліметтер табуға болады. Мыалы құдықтар туралы. Әр құдықтың тарихында бүкіл бір тайпа рудың тарихы айтылғандай. Ата - бабаларымыздың басынан өткен шежірелі өмірлерін тереңірек білуге болады деп ойлаймын. Келешек ұрпақ пен ұстаздар қауымы үшін аз да болса қажеті ақпарат жинақтағым келді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Абстракт




Жұмыс тақырыбы: Әбіш Кекілбайұлы шығармаларындағы аңыз

өріп,жұмбақ жайлаған – Маңғыстау!


Жұмыстың негізгі мақсаты:  Әлемге Маңғыстау өлкесін танытқан қазақ әдебиетінің іргелі суреткері ,белді өкілдерінің бірі Әбіш Кекілбаевтың сүбелі-сүбелі шығармаларына өзек болған туған өлкеміздің тарихын зерделей түсу,көпшілікке таныстыру.


Жаңалығы:  Әбіш Кекілбаев — өрелі мақсаттарға,биік мұраттарға қол жеткізген жазушы. Оның шығармаларында халықтың арман – ойы, үмітімен тілегі ұялаған, халықтың тарихи тәжірибелері жинақталған, оның өн бойында сол белгілі халықтың ғасырлар бойы қадірлеп, қастерлеп келген рухы ,Уақыт байланысы мен Ұрпақ сабақтастығы жатыр .Әбіш шығармаларын зерттей- зерделей келе қаламгердің осыны қалайтынын түсіндім.


Ұсынысы: Алғашқы адамзат баласының жаратылғанына дейін дәлел — дәйек болатын неше бір көне жәдігерлікке толы бағзы Маңғыстау өңірінің өмір сүру дәстүр-дағдысы да тұнып тұрған төкпе жырмен тылсым сырға, жұмбақ пен құпияға, аңыз бен әпсанаға толы. Осынау киелі өлкені мекендеген адамдардың бітім -болмысы, іс-қимылы мен ойлау жүйесі шөл даланы бағындырып, бірнеше жүздеген метрге дейін жететін шымырау құдықтар қазып, оның игілігін көруі, осынау ұлан-ғайыр аймақта мыңғыртып мал өсіріп, сән-салтанатты ғұмыр кешуі  таңданар құбылыс. Сондықтан өткенімізді танып, зерделеп, ұлттық мұраларды жаңғыртуға өз үлесімізді қосайық!


Қорытындысы: Киелі өлкеміздің сырға толы,жырға толы тарих тұңғиығын зерттеп-қадағалап, елге танытып,оларды мақтан тұта отырып,жадымызда мәңгі сақтауымыз,ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруымыз қажет.


Жұмыстың орындалу әдістері: Тарихи деректермен танысу,оларды

жинақтау,қорыту,тұжырымдау.







-1-





Мазмұны.


 

І. Кіріспе. Әбіш –ғажайып суреткер


IІ. Негізгі бөлім. Әбіш Кекілбайұлы шығармаларындағы аңыз өріп,

жұмбақ жайлаған – Маңғыстау!


1)Тарихи жерлерге байланысты аңыздар


2) Тіршіліктің тіні –су және құдықшылық кәсіпке байланысты

аңыздар


3) Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан орын алған өлкеміздегі

географиялық ұғымдар



ІІІ.Қорытынды. Ұлы даланың заманауи шежірешісі.


IV. Пайдаланылған әдебиеттер.




















-2-



І. Кіріспе


. Әбіш –ғажайып суреткер



Сырға толы,жырға толы жүрегің

Алты алашқа аты мәлім ұл едің.

Даналардай болмысы бар өзіңді

Арысым деп,ардағым деп-жүр елің.

(Б.Нұрғазиев)



Халқымызда «Өнер алды қызыл тіл» деген жақсы сөз бар. Байыбына барсақ, қандай өнер де алдымен сөзден, тілден басталады. Өйткені, ол сүйектен өтеді, ал таяқ болса, бар-жоғы еттен әрі аспайды екен.
Әлем мойындаған сондай сөз сүлейі-Әбіш Кекілбайұлы.
 
Әбіш Кекілбайұлы туралы көп айтылды, айтыла да береді. Себебі ол- ашылғанынан ашылмаған қыры, айтылғанынан айтылмаған сыры көп жазушы, қайраткер. Ал ондай жанды қалай мақтасаң да болатын маңдайыңдағы жұлдыз, жағаңдағы құндыз емес пе?
Ол өткен ғасырдың екінші жартысы, ХХІ ғасырдың бастауындағы берісі қазақ әдебиетінің, әрісі әлем әдебиетінің санаулы сөз саңлақтарының бірі. Қалам Әбішті қайраткер атандырды, тек
әдебиеттің ғана емес, мемлекет пен қоғамның қайраткері. Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім, тағы да «Тарлан» сыйлықтарының иегері. Қазақстан Ғылым академиясының академигі, «Құрмет белгісі», «Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев», «Отан» ордендерін өңірінде таққан айтулы азамат.
Қазақстанда қаламгерлер арасында алғаш болып Қазақстанның Еңбек Ері атанды. «Түрік дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты, сенатор, ХХ ғасырдың әлемдегі ең үздік 100 жазушысының бірі атанған.
Бірақ ол ең бастысы – жазушы. Әдебиеттегі қадамын өлеңмен бастап, «Алтын шуақ», «Дүние ғапыл» кітаптарын жарыққа шығарған, әдеби сында да біраз тер төккен ол қара сөзден май қалқып, тортасын айырған әйгілі прозашы. Бұл саладағы алғашқы әңгімесі «Ажардан» бастап, «Ашбөрі», «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі», «Ақырғы аялдама» сынды ондаған дүниелер туғызған ол бұл күнде әлемге әйгілі «Күй», «Шыңырау»,


-3-



«Ханшадария хикаясы» сынды әлденеше повесть, «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақырындай» айтулы романдардың «Абылайхан» сияқты кесек драмалардың авторы.
Қазір оның қаламынан туған «Автомобиль», «Құс қанаты», «Бір шоқ жиде», «Шеткері үй», «Бәйгеторы» хикаяттары ХХІ ғасыр табалдырығындағы қазақ әдебиетінің алтын жамбы-озық үлгілері болып табылады. Әлем әдебиетінің әйдік сыншылары мен зерттеушілері Әбіш қаламынан шыққан толайым туындыларды аударып, төңкеріп «Ол- қазақ әдебиетін трагедиялық хикаят, аңыздық-тарихи монументальды романдар үлгісімен байытқан зор талант» деп баға берді.
 
Қасиетті Маңғыстаудың әрбір тасы тарихи шежіреге толы. Бұл маңғаз өлкенің сулулығы мен креметін ақындар жырмен жеткізе алмаса,әншілер әнмен сайрап жеткізе алмаған.Себебі ,Маңғыстау күннен-күнге жаңарып,жасарып келеді.Маңғыстау топырағы болашақтан қара таспен тілдескен талай марғұландарды күтуде.Енді осы Маңғыстаудың ой-қырын кім зерттейді,ән –жырын кім жазады деп жүргенде,
 
Бала кезің ұлағат дана кезің
Тырнап ашқан сен едің дала көзін.
Кәрі дала сан ғасыр толғантқанда
 
Маңғыстауым туа алған дарабозым-деп,-ақын С.Нұржан жырға қосқанын- дай, Мырзайырдың топырағынан Әбіш атты алып кемеңгер, ойшыл, дана, қарапайым сөзбен айтқанда осы бір ғажайып өлкенің қыр-сырын ашушы, яғни, өзгелерге туған өлкесін таныстырушы бір ұл дүниеге келген еді.
















-4-


IІ. Негізгі бөлім. Әбіш Кекілбайұлы шығармаларындағы аңыз өріп,

жұмбақ жайлаған – Маңғыстау!


  1. Тарихи жерлерге байланысты аңыздар


Әбіш Кекілбаетың шығармаларының незгі түйіні –адам арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастықпен келісімдіктің жаршысы.Оның туған ауылына, туған жерге арналған шығармаларын шын тебіреністен шын шабыттан қуанышпен сағыныштан туған. Әр бір қазақ үшін Әбіш Кекілбаев еңбегінің үлкен тәрбиелік мәні бар.

Әбіш Кекілбев Қазақстан жерін шығарма тілінде сипаттаған географ жазушы. Маңғыстау! Тұла бойы тұнған құпия-сыр елі, 360 әулие мекені. Оңың пұшпағы, әр тасы ертегі, әр тобесі мен сайы аңыз. Оны мекен еткен адамдар да аңыз.  Оның жері қандай, жер бетіндегі атаулары қандай!

Шайыр, Меред, Тамшалы, Өрмелі, Босаға, Сынды, Қаламқас, Шерқала… осылардың бойында қаншама сыр бар.Маңғыстау сирек қонысты, табиғаты қатаң, географиялық тұрғыда оқшау орналасқан аймақ.

Әбіш Кекілбаев «Маңғыстау дариясы-халқының көкірегінде» деген мақаласында,

Маңғыстауға құдай бәрін берген-астына да, үстінеде.

Маңғыстау дегенде Құдайдың сараңдығы ұстаған бір жері бар. Ол-біздің жерге өзен бермеген. Жұртқа Әмудария, Сырдарияның бәрін бергенде Маңғыстауға Манашының Ащыағарынан басқа ештеме қимаған. Бірақ Құдай әділ болған соң ғана Құдай болып тұр ғой деп ойлаймын. Сол жерінің бетіне бермеген дарияны осындағы халықтың көкірегіне берген,-деген.

Маңғыстау географиялық картасында ойып орын алған, белгілі бір жерде телінген ертегі-аңыздар жеткілікті. Олар: Қарағантүпе-Мерт, Тамшалы, Молда тас, Таушық-Сарытас өңірінде ноғайлы аңыздармен қатар айдаһар мен үлкен жылан туралы аңыздар, Керелдегі Қаламқас ару аңызы, тіпті ең соңы Құлбарақ пен Балуанияз батырлар туралы аңыздар.

Әбіш  Кекілбаев  Маңғыстаудағы географиялық нақтылыққа ие болған аңыз ертегілерді былай  топтастырған:

  1. Жер су атауларының мәнін түсіндіретін аңыз ертегілер:

Қаламқас, Маната, Манаша, Күйген, Аппақұшқан т.б.

  1. Гоеграфиялық обьектилердің, тау, төбе, т.б сипатын

түсіндіретін аңыздар: Кендірлідегі Темір баба аңызы.

Ерсарының қайрағы және Ерсарыға қатысты әңгімелер. Меред

сұлу аңызы.

  1. Нақты мифтік топонимдер: айдаһар мен жыландар ауланды, өлтірілді деліетін Батыс Қаратаудың төңірегіндегі сай үңгірлер.




-5-

  1. Зираттар мен құдықтарға байланысты аңыздар, бұл ертегі-аңыздардың ең көп бөлігін құрайды.Маңғыстауда өмір сүрген мұсылман әулиешілері туралы және кейінгі қазақтың киелі кісілері туралы аңыздар.Енді осы аталған аңыздардың Әбіш атамыздың шығармаларына алынған негізгілеріне тоқтала кетсем.

Темірбаба жайлы аңыздар.


1).Теңіз жағасында аяғын суға малып отырған Темірбаба жер түбінен-Хорезмнен келе жатқан Шопан атаның аяғының дыбысын естіп отырыпты.Қашан қасына келгенше,үндемепті.Шопан ата қасына келіп,жөн сұрапты.Темірбабамен құдірет салыстырғысы келетінін айтады. «Құдіретіңді әуелі өзің көрсет»-депті Темірбаба.Шопан ата таудың етегінде жайылып жүрген бір үйір қара құйрықты шөрелеп шақырған екен.Үйірдің алдында тұрған текесі етегін жалап,жата кетеді.Шопан ата пышықсыз бауыздап,жіліктеп,мүшелеп,терісіне салып,алақанымен бір сипап өткенде теке сілікініп-сілкініп алып,үйіріне шаба жөнеледі.Кезек Темірбабаға келгенде,ол балағын тізесіне дейін түріп, ыңыранып жатқан көк теңізге қойып кетеді.Теңіз қақ айрылып,Темірбабаның басқан жері қара жер болып қалыпты.Барып-барып қараса,Шопан ата бұлғалық салып,бұлғап жатыр екен: «Әулиелігіңе сендім.Бұдан әрі жүре берсең,кәпірлер келетін жол саларсың»,-деп қайтарыпты. Қазіргі Қара түбек жері содан қалған екен.


  1. .Теңіз жағалай жүріп келе жатқанда ,баласы суға кетіп,оны құтқара алмаған Темірбаба теңіз бетін үш рет «Өмір бойы осылай сапырылып жат!»-деп қамшылапты.Темірбабаның қамшысының тиген жері қара жер болып қалыпты.Содан бері теңіздің Форт-Шевченко беті тынымсыз сапырылысып,ал,керісінше Бекдашы беті тыныш жатады екен.


Көкбөрі


Төлеп батыр жоқ қарап шығып айдалада,жалғыз үй қоныстанған Түрікменнің үйіне келіп қонады.Қонып жатқан үйдің кісісі мұның Төлеп екенін біліп,бір баласын Көкбөріге жібереді.

-Егер кек алам деп жүргені рас болса,ертең кегі кеткен адам осы жерден шығады,барлық түр-түсі осыған келеді.Құныкер осы кісі болу керек,-деп,хабар береді.Ол кісі ертесі күні қазіргі Ожабай әулиенің тұсында күтіп жатады,сол жерде екеуі кездеседі.Төлеп оған:

-Мен жай,өз шаруаммен жүрмін,ешқандай ұрыс-керісті қаламаймын,егер ол кезде менің найзамның ұшы тиген болса,кінә өзіңнен.




-6-

жау болып шапқандығыңнан.Сен кегі кетті деп тиіспе» Маған рұқсат бер!- -Мен кері қайтам,-дегенде,түрікмен батыры келіспепті.

-Мен осы жерде қалайда кегімді алуым керек,басқа уақытта сәті түспейді,-деп есептеймін деп.Қасында аз ғана қолы болса керек,соғыс басталып кетеді.Түрікмен батыры өзі қолға түсіп,жолдастарының кейбірі қашып кетеді.Аз жолдастарының өзіне көр қазғызып,түрікменнің батырын тірілей ,басын төмен қаратып,тікесінен көмгізген екен.Ең соңғы өлетіндей боп,көметін кезге келгенде ,айтыпты дейді:

-Мені өлтіріп көм. Алда әлдеқандай замандар болады.Осы жерден өтетін халқыңа демеуші болайын!- дейді.

Сонда Төлеп: -сексеннің үстіне шыққан маған айтқаныма сенбей,өлерімде қан жүктеттің.тіріде берекелі болмаған соң,өлгенде жарылқамай-ақ қой,-депті.

Ожабай:

- Менің өзім кінәлі болсам да,осы жерден өтетін адамдарға,осы оқиғаның барлығын (зарымды) айтып жатырмын,-депті.

Сондықтан Қақпақтыдағы Ожабай әулие «Жылаған әулие» деп аталған екен.Көкбөрі-Ожабайдың інісі екен.Төлеп алдында батырды өлтіріп,хабарды сол ағасына айтқызған екен.


Күйкен ұшқан

Ащыағар сайдың бойында отырған ноғайлы ауылдарын қалмақтар шабады.Олар ноғайлының ақылшысы Орманбетке бізге көн деп талап қояды.Би көнбейді.Қалмақтар оны өлтіріп,қалған он бір биді шақыртады.Он бір би қалмаққа келе жатып,Манашы мырзаның үйіне түседі,оған бізбен бірге жүр дейді.Оларға Манашының шешесі Күйкен ере келеді.

Ащыағар сайдың бойындағы қалмақтарға он бір би: Үш күнде қайтып келеміз,елді көндіріп келеміз деп,Манашыны аманатқа тапсырып кетеді.Бірақ қорқақ билер үш күнде келмей,ауылдарын жасырып,көшіріп әкетеді.Қалмақтар Манашыны кескілеп өлтіреді.Оның күйігіне шыдай алмаған анасы Аралтөбе тауының бір шыңынан ұшып өледі.Содан бері Ащыағар сайы «Манашы», Аралтөбе тауы «Күйкенұшқан» аталып келеді.


Қалматайдың қауымы

Олжаның қызын (Олжаның ру немесе адам аты екені белгісіз) күйеу жігіт пен қалматай алып қашады.Соңынан қуғыншылар қуып,жеткен жерінде,әуелі ,Қалматайды өлтіреді. Моласы қазір де бар- «Қалматайдың қауымы» деп аталады. Ол жолдастарына. «Сендер алға қарай кете беріңдер»,- дейді.кішкенеден соң,қуғыншылар күйеу жігітті,соңынан қызды қуып жетіп өлтіреді.Болған оқиға батыстан,шығысқа қарай болған болу керек,қыздың моласы күн шығыста да,жігіттің моласы батыста.Қазір де үшеуінің де моласы бар,аралары бір-бірінен 3-4 шақырымдай қашықтықта.



-8-

Жеті жұрт келіп,жеті жұрт кеткен...

« Осы біз отырған өлкеде бізден бұрын жеті жұрт келіп,жеті жұрт кетіпті.Ең алғаш қоныстанған жұрт аяғы жеткені аң аулап,аяғы жетпегені жерге өскен шөппен қоректеніпті.Аң аулайтын аяғы ұзын еркектерден гөрі шөп отайтын кәрі-құртаң,қатын-қалаш,бала-шаға көп болыпты. Әсіресе ,балалы әйелдердің отыра қап ,отаған жерінде енді қайтып түк шықпапты.Осы күнгі ойдым тақырлар сол балалы әйелдердің отыра қап шөп отаған жерлері екен.Ну орнына құмға,көл орнына шөлге тап болып ,күйзелген жұрт тәңірге:

-Ендігі күніміз не болады?-деп жалбарынғанда, жер бетінде мал жаратылыпты»

2) Тіршіліктің тіні –су және құдықшылық кәсіпке байланысты

аңыздар


Су-тіршіліктің көзі. Бұл барлық халыққа тән ақиқат. Оның қадірін білудей-ақ білетін қазақ халқы. Қазақстанның көп жері бағзыда су көздерін негізінен тұтыну өлшеміне салып ащы, тұщы деп екіге бөледі. Маңғыстау Үстіртінде немесе оған шектес аймақтарда ащы,яғни кермек суды мал іше береді. Ащыға әуес түйе үшін ол нағыз таптырмайтын су. әдетте бұл жердің қыр қазағы су көзінің өнімін малға тұщы деп бағалап жатса, түйеден де басқа мал ішетін су деп түсіну керек. Ежелден су қадірін білудей-ақ білген бул жердің жергілікті тұрғындары үшін су-өмір. Ол үшін күрес-өмір үшін күрес. өзге жұрт, ұлыстардың арасындағы арғы-бергідегі жаугершілік жер болғанда мұнда, ең алдымен жер нәрі су көздері үшін қан төккен. Сол алған жерін басқыншыдан қорғап қалғанмен де, қатын-бала, қара қазанның қамы үшін жаңа өрісті жаулап алған соң да мігір көрмеген, тыным таппаған.Себебі жер ананың тап осы өңірі бойындағы нәрін перзентіне беруге келгенде тым тар қол. Оның зейнеті тек сорға жетеқабыл бейнетпен келген. Қара жерді сүйменмен айлап, жылдап қашап, ойып, су шығарған Қараштар еңбегі тарихта Египет пирамидаларын салған құрылысшылар еңбегімен ғана салыстыруға болар еді. Олар қазып қалдырған жүздеген шыңыраулар-бүгінде ортақ қазына,шөл даладағы мәдениеттің өңіршең жәдігері, құрамдас бір бөлігі. Маңғыстаудың бұл мұрасы әлемнің еш жерінде қайталанбайды дерлік қасиетті мұра!

Маңғыстаудың бұл қастерлі жәдігерлерін Маңғыстау сияқты Алланың өзі өмір сүруге қабілеттілерді іріктеп, сұрыптау үшін жаратқандай қатал өңірде тіршілік үшін күрес қаhарманы бола алған халықтың маңдай терімен жасалған игілік! Өмірге, құштарлыққа орнатылған мәңгілік ескерткіш!



-9-

Маңғыстаудағы ол ескерткіштер-жұмыр жер сауырына жазылған тарих! Олай болатыны әр құдық, әр шыңыраудың дербес өмірбаяны, атақ жөні, аңызы, өлең жыры, әні, күйі, таңбасы бар. Оның әрқайсысының әйкелінің көлеңкесінде бір-бір Еңсептер(Ә.Кекілбаевтың «Шыңырауындағы» атақты Еңсеп құдықшы) тыныстап жатыр. әр шыңыраудың иесі мен киесі бар. Иесі-Төлеп батыр, Айтыман ақсақалдар болса, киесі солардың өлмес рухы мен ұрпақтан ұрпаққа ұласар «құдығымнан жат атын суармасын» деген аманаты. Маңғыстаудың әр қырындағы кейуананың зарығып көрген немересіне иіген сыңар емшегіндей әр шыңыраудың әр тасы, әр ойығы көп ер балалы үйдің жалғыз қызының бұрым ұшындағы шолпысындай. Еспелер мен орпалар тұнып тұрған поэзия! Тілдік қорымызға ене кетуден заман ағымы қағыс қалдырып, енді енгенде, онсыз да бай ана тілімізідің шұрайын келтіріп, шырайын келістіре кететін неше бір айшықты сөздер сонда қордаланып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, бұл-бір өзгеше әлем, өзінше өрнекке ие тылсым дүние.

Атап айтқанда, әуелі су көздерінің өткенін халқымыздың өткен тарихымен бірге қарастырдық. Сосын оның әр кезде, әр заманда, әр мақсатта зерттеулеріне назар аудардық, құдықшылықтың тек кәсіп қана емес, өнер екеніне ден қойдық, ел аузындағы оған қатысты аңыздарға да құлақ түрдік .

Ақотты –нар аңызы


Ең соңғы су шығатын күнінде құдықшы судың көзін ашпай кетеді.Жол жөнекей ашып қойса,ары қарай қаза алмайды.Ол құдық тайыз болады,тайыз құдық таңқы болады. Судың қоры көп жиналу үшін су ашылған жерден ары қарай тереңдетіп,күшң жетсе,екі-үш құлаштай қылып қазады.Астынан қазған сайын шығатын көзі де көбейе береді.Сол кезде су үстін жауып кетпес үшін,оның бәрін жолдан жауып,сылап,саналы түрде бітеп отырады.Осындай бүкіл технологияны білетін құдықшылардың көлігі түйе болатын.Таңертең құдыққа түседі,кешке шығады.Осының барлығын сыралғы көлігі түйе арқылы жасайды.Ақотты-нарды қазған құдықшы су шығатын,жиналатын көзге әлі де 2 күннен кейін жетем деп есептеген.Бірақ су жиналатын көз көбірек болған көрінеді.Көзді бірнеше жерден жарған.Судың астында қалатын болған соң,арқанмен белгі берген. Құдық-тың сыртындағылар: «Ол бүгін болмаймын,шықпаймын деген»,-деп оған мән бермейді. «Екіндіге дейін жайылсын»,-деп күнде шығырға жегіп жүрген түйені аяғын тұсап,жайылысқа жіберген. Енді шыдатпайтын болған соң,қасындағы қосымша жұмысқа жегіп жүрген нарды алып келеді.Бұрын шығырға түспеген түйе үркіп-қашып,құдықтың ішіне олай соғып,былай соғып,құдықшының мылжа-мылжасын шығарып алып шыққан.Содан сол құдықтың атында «нар» деген сөз қалып қойған.Сол оқиғадан кейін,ел қорқып,қасына көп қонбайды екен.Малын содан суарып,ауыз суды басқа құдықтан алатын болған.

-10-

Қараш қазған

 

Шаңдының келіні Аймөкеннің қызы екен. Мал сойылып, табақ тартылатын мезгілде, Шаңды айтатын көрінеді «Келін, басын Аймөкеннің басынша шаңбақтап тіл»,-деп. Келін арға шауып, шыдай алмайды. Қатысқан адамынан төркініне адам жібереді. «Тірі болса, Байбоздан кегін алсын, менің етімнен өтіп, сүйегіме жетті, мен тірлікте жүре алатын емеспін, бұл үлкен қорлық болды»,-деген. Күздің күні Шаңды ауыл-үйін, қыстауға көшіріп жіберіп, өзі қостанып қалған жерінде оны Жаңайлар ұстап алып, басын дөңгелете тіліп, шаңбақ салып жіберген көрінеді. Шаңдының келіні енді бас тартылатын уақытта, «Ата, басты қалайша тілейін десе, Шаңды тұрып: «тілің кесілсін келін, қалай тілсең, олай тіл» деген екен. Кейіннен бұл оқиға ел аузында «Шаңдының шаң қабуы» делініп кетулі.

 

МЕРЕД


Бұрынғы Каганович колхозы орналасқан маңдағы үлкен терең сайдың жоғарғы жағын Меред сайы деп атайды. Осы үлкен сайдың басталмасында 100 метрдей жерде үлкен, шошық екі қара там бар. Ертеде осы қоныста түрікменнің жесір, бай кемпірі тұрыпты. Сай соның атымен Меред аталған көрінеді. Мередтің жалғыз қызы, қарауында көп жалшылар болыпты. Бір қазақ жігіті ед соның жалшысы екен. Малы көп, суаратын су тапшы. әлгі қазақ жігіті сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі де, көрікті жігіт болған. Жігіт тауды жарып, көк тастан жол салыпты. Таудың тасын қашап жол салу қандай қиын! Қой тау басынан төмен түсуге қорқып, аяқ баспайтын көрінеді. Қой бастайтын серкені, екі-үш ешкіні енсіз таудан қашап салынған әлгі төмен түсетін жолға лақтырса, қой артынан шұбырып ереді екен. Екі қатар болып жүре алмайды, бір қой сыятындай ғана тар жол еді. Жігіт сол төмендегі сайдың етегінен 40 құлаш құдық қазған. Кемпірдің жалғыз қызына сол жігіт ғашық болып құдықты бітіргесін екеуі қашып кетеді. Ол күнде қазақ пен түрікменнің қыз алыспаған кезі екен. Меред қызының артынан қуғыншы жібереді. Қуғыншылар жеткен жерінде атып өлтіріп, екеуін екі жерге бөлек жерлепті. Мередтің: «Өлгенде де қосылмасын» деген талабы бойынша солай жерленген. Екеуінің тамдарының арасы 40 қадам.

 










-11-

МЕРЕД


(ІІ-нұсқа)

Тау бөтерлеп үдере көшкен ауыл кешегі қырғын төбелестің азасынан әлі арыла алмай, көңілсіз баяу жылжып барады. Қызылды-жасылды алаша-кілемдер жабылған көш тізбегінен көрінім жер алда бір топ ауыл ақсақалдары, одан кейінгі қыз-келіншектер тобы коптен коп ұзамай жай аяңмен келеді. әншейінде әзіл күлкі, бір-бірін өлеңмен іліп-қағып айтысып, әсіресе, мұндай қысқа қоныстан жазғы жайлауға бет алған көші-қон сапарында бой жазып бір жасасып қалатын жастар тобы да көңілсіздеу. Орта тұста қазмайын қаракөк ат үстіндегі Меред сұлудың ақ құба өңі қуқыл тартып, мойыл көздерінде мұң тұнып қалғандай жабырқаулы. «Су. Осыншама елді зарықтырып, ен далаға сыйғызбай қырылыстыратын да-су. Жасаған-ай, осыншама жапан түзге тым болмаса, бір бұлағыңды қимадың ба? әттең, қыршын кеткен Матай». Қыз кеше ғана соққыға жығылып мерт болған немере ағасын есіне алғанда, көкірегі қарс айырылып, күрсіне берген. әкесі бай болганымен, Әлімнің құдіреті одан асып түсті: бұларды «Аққұдықтың» басына түріп айдап шықты. Екі жақтан да кісі өлімі? бұлардан екеу болса, Әлімнен үшеу…

Қыз биік жартасты, шатқал құзды нұсқағанда, біреулер «таудың жылтыр тасы болар»,-деп, екінші біреулер «Ойбай, ол тегін болмас, шайтанның ойнағы да!»-деп, өздерінше өлшеп пішкен.

-Мен білсем, сол су болуға тиіс,-деді Меред атын тауға қарай бұра беріп.- Құдай көз жасымызды көрген де!

Аттылар қатерлі құздарға етектен көз салып, ағып жатқан бұлақ суы екенін көріп еді. Бірақ құз басынан құлаған су етекке жете алмай, шатқал тастар арасындағы құмға сіңіп кетіп жатыр. Қыз жанындағы бозбалалардың бірін жіберіп, әкесіне хабар салды. «Көшті кідіртсін»,-деген өтінішін қоса айтты. Ақылдылығы мен әдемілігі адай еліне тарап, талайды тамсандырған, алыс-жақыннан ат сабылтқан бозбалаларды менсінбей келген Меред сұлу еліне жар салуға бұйырды:

-Бұлаққа жол салған адам кім де кім болса, менің жарым болады! Талай жігіт мерт кетеді. Ақыры Меред өзі бастап, қалың елді жабады. Шоңғал тастарды ұзын арқан байлап түйемен аудартады, әр адамға бір қадам жер бөліп беріп, қашатады. Көп күнгі бейнетпен биік құзды шатқалға көлікті адам жүріп өтетіндей жол салынады. Шатқалға жол салдырған сұлу қыз:

-Арманым едің!-деп бұлақ суынан сусынын қандырғанда, өліп кеткен екен…





-12-

3) Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан орын алған өлкеміздегі географиялық ұғым беретін сөздер

 

Аджы. Адым

Ағын –ағып жатқан су көзінің ауызекі тілдегі атауы.

а)Жер асты ағыны, ә) Ұры ағындар, б) Қос түтек ағын, в) Ақө түтек ағын,

г) Суыт ағын, д) Сарқырама ағын.

Айдамал- түбірі малды айдау дегеннен шыққан. Елді мекеннен, қыстаудан жырағырақ, малды айдаңқырап бапыр суартын су көзіне қатысты айтылады.Жергілікті жерде кең қолданыста әдеби тілімізде алғаш қолданып айналымызға енгізген — Ә.Кекілбаев.

Ақсақ күнара:

Ақыр

Арна

Алғи – Маңғыстау мен Атырау қазақтарының,көбіне Адайлардың өлең-жырларында, аңыздарында Х-ХХғ.ғ бедерінде қолданылған аңыздық жер атауы.

Айдың тууы (Ә.Кекілбаев, «Үркер», 282-б.)

Айырық .Апажар .Басқұдық  . Бұршақ қақ.Алғаулы . Аусар .Бақтырылу . Булы ойық.Арық . Ащыбас .  Башартпай  . Дере.Алыпқашты .Ащыағар . Бел,белдеп салу   . Долы.Апан . Ащы үй . Боркемік . Лықу.Аудан .Әйкел . Борық . Әңқу.Атырау . Әуез . Бос су. Еспе.Атаукере .Әуіз. Бөгет .  Еру       

 Жап . Қазыңды топырақ.  Қом су.Жарық . Қарақатқақ . Қоңырдаң

Жарма. Қанат. Құдық ақы..Жаңбырдың .Қарғын. Құдықты аршу

Жаңбырдың түрлері . Қазандық . Құдық байғазы..Жауынға қатысты салт-дәстүр  . Қайдақ. Құдық дауы.Қапы. Құдық таңба.Жұқанақ . Қауға . Құдық той.Жұтпа . Қаусап қалу. Құдық өру.Жүлге. Қарғын . Құдық еру

Жылымшы бұлақ. Қарлау . Құдық майы.Жентек саз . Қардың жаууы  . Құдық майын седеттеу.Кебіртек . Қашыртқы . Құдық теппе.Кермек . Қолтық  Көз . Өлі Қолтық .Құдықтың ашуы.Көктің суы . Қораба .Құдықтың тұшуы

Күдер су . Қолқа .Құдық перісі.Күп . Құлан саз . Шыңырау.Қазба . Құлитып ішу . Құдықшы киімі. Құдықшының құралы . Тар өрістен кең шиыр .Саура.Құдықшының жұмысы. Тасқақ .Судың ұлы жобасы.Құдықшылар қосы . Тебін.Су кіндігі.Құдық табаны. Тепсең. Су дәмі.Құдық үйі . Тоғыт . Суын.Құйылыс . Тоқаш тас.Сор.Құртұмас. Түнемелік. Суар.Құрдым. Түнек . Сүйретпе.Қысырап жату. Туырлық саз. Сілбі.Маңсуалмас. Тұран. Тұнық.Метей . Тұрақ.Түлей

Ми . Шаңбақ.Мыш. Шүңкілдек.Тас астау . Сардоба

Әбіш Кекілбаевтың шығармасында кездесетін топонимдердің аттары мынадай: Қандыарал, Шыңғырлау, Торыат,  Сүмбетемір, Қарабұлақ, Ақшағыл, Елік, Құбатау, Қарақобда, Елек, Қызыл-құм, Бөтен тау, Балқан, Хантөркіл, Шөл тау, Айғырбүгілді, Маңғыр, Жыланды, Егізлақ, Қаратүлей, Есенқазақ, Түйелі Жиренқопа, Бестөбе. т.б. топонимдердің денін Маңғыстаудың топографиялық картасынан тауып алуға болады.

-13-

ІІІ.Қорытынды. Ұлы даланың заманауи шежірешісі.


Әбіш Кекілбаев шығармашылығының Қазақстан географиясын оқытуда алатын орны зор. Жазушы шеберлігі Қазақстанның батысынан шығысына дейінгі табиғатты суреттеуде анық көрінеді. Әбіш Кекілбаев шығармалары оқушыға көп ой салады. Біз Кекілбаевты Батыс Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасын зерттеушілердің ішіндегі ерекше ірі тұлға деп танимыз. Оның әдеби шығармалары мен тарихымызға арналған зерттеулері қазақ шеңберінен әлдеқайда асып кеткен, бүкіл түркі халықтарына ортақ екенін мақтанышпен айтамыз.

Әбіш аға –  әдебиет майданында кемел ой, көркем сөзімен белгілі жазушы. Қандай шығармасы болса да оқушысын баурап алады. Оның кейіпкері Еңсеп – тек еңбек адамы ғана емес, өнер адамы. Абыл шерткен керемет күйлерді және тарихымыздың аса қиын кездерін суреттейтін шығармасы  – халық тағдырын жан-жақты бейнелейтін туынды. Қазақтың атбегілеріне арнаған шығармасы қандай болса, «Автомобиль» де сәйгүлікке мінгендей делебеңді қоздырады. Өндіріс пен геология тақырыбына жазған шығармаларында да – «Ұйқыдағы арудың оянуы», т.б. – халқымыздың тарихы қамтылған. Әбіш – барлық дерлік еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталған және тарихты  жалықпай көп зерттеген жазушы.

Әбіш –  Батыс Қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен маманы Ә.Кекілбаев шығармалары қазақ әдебиеті ғана емес, тарихында да ерекше орын алатынын баса айтқымыз келеді. Себебі ол тарихымыздың аса көкейкесті мәселелерін мұқият зерттеулер арқылы көтеріп-көрсетті

Менің осы жұмысымдағы жаңалығым Әбіш Кекілбаев 60 жасында Ақтаудағы сөзінде:

«Дүниенің кеңдігін ұқтыра алатындай. Жерімнің, азаматтың абзалдығын ұқтыра алатындай Елімнің барына мақтанып отырмын. Сіздер арқылы күллі Қазақ Елінің, қара орын  Маңғыстауым арқылы күллі Қазақ Жерінен айналып отырмын.Көрер жарығымнын көзі, шығар тауымның асыл тұғыры-қазақ даласының әр тасы-қағбам, әр бұтасы — сәждам екендігіне ешкім күмәндана қоймас» -деген. Осы ғылыми жумысымды зерттей, зерделей келе осы саладыға ізденістерге теренге ат салысып, талапкер жас ұрпаққа «Туған ел-жердің ертеңіне қалтқсыз  қызмет етейік!»-деген жалынды өтініш ұран тастағым келеді Алғашқы адамзат баласының жаратылғаны дейін дәлел — дәйек болатын неше бір көне жәдігерлікке толы бағзы Маңғыстау өңірінің өмір сүру дәстүр-дағдысы да тұнып тұрған төкпе жырмен тылсым сырға, жұмбақ пен құпияға, аңыз бен әпсанаға толы. Осынау киелі өлкені мекендеген адамдардың бітім болмысы, іс-қимылы мен ойлау жүйесі шөл даланы бағындырып, бірнеше жүздеген метрге дейін жететін шымырау құдықтар қазып, оның игілігін көруі, осынау ұланғайыр аймақта мыңғыртып мал өсіріп, сән-салтанатты ғұмыр кешуі  таңданар құбылыс. Сондықтан өткенімізді танып, зерделеп, ұлттық мұраларды жаңғыртуға өз үлесімізді қосайық!

-14-



Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Ж.Дүйсенбаева. «Әбіш Кекілбаев- суреткер» 2002 ж

2.Әбіш Кекілбаев. 7 -том

3.Ә.Спан. «Заңғар» 2008 ж

4. Ә.Кекілбайұлы-қаламгер,қайраткер,саясаткер. 2009 ж

5. www.goodle.com




































-15-

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1290
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11