Шығармашылық сабақ Табиғи ресурстар 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығармашылық сабақ Табиғи ресурстар 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға сабақ барысында әдістемелік көмекші бола алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰМЖ тарауы: 7-бөлім : Қоршаған орта және энергия ресурстары

Мектеп: № 266 мектеп-лицей

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есеналиева Жанасыл Темірқызы

Сынып: 8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:


Табиғи ресурстар, 4 сағаты

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

8.Т/А4.Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

8.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу.

8.ӘТН4.3. Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдана білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Табиғи ресурстарға не жататынын ажырата алады. Табиғи ресурстар туралы стильдік ерекшеліктерді қолданып мақала жазады. Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолданады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: «ЭКСПО-2017 жобалары» тақырыбында топтық талдау жасайды. Ұсынылған ақпаратқа сай өз көзқарастарын жеткізе алады. Бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолданып шығармашылық мәтін жазады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай алады. Қосымша ақпараттарды пайдаланып бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қатыстырып, аннотация, тезис құрастырады.


Бағалау критерийлері

1.Мәтінде көтерілген мәселені талдайды.

2. Шығармашылық мәтін жазады.

3. Мәтін құрылымында бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолданады

Ойлау деңгейлері

Жоғары ойлау деңгейлері


Тілдік мақсат

Оқушылар: табиғи ресрустарды жіктей алады, себебін түсіндіреді.мақала құрылымын байланыстыра алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):

Сарқылмайтын ресурстар, сарқылатын ресурстар, флора мен фауна, күн энергиясы, жердегі жылу, ағын судың энергиясы

Қуат-энергия –energy

Күн жүйесі- солнечная система-Solar system

Өсімдіктер-растение- Plant

Жануарлар-животное- Animals

Классификация-классифицирование- Classificatio


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер


Талқылауға арналған сұрақтар:


1.Қазақстанда су мәселесі бар ма?». Егер бар болса, мемлекеттік дәрежеде қандай іс-шаралар қолданылып жатыр?



2.Жел энергиясының сарқылмайтын қоры адамзатқа жүздеген жылдар бойы көмегін беруі мүмкін. Бірақ бұл үшін не істеу керек?





Құндылыққа баулу

Адамгершілік,сын тұрғысынан ойлау,құрметпен қарау,ынтымақтастық,елжандылық,ізгілік, жауапкершілікті сезіну, өмір бойы білім алу.


Пәнаралық байланыс

7-сынып «Табиғи ресурстардың жіктелуі» Қазақстан географиясы


Алдыңғы оқу

Табиғи ресурстар туралы ақпараттары бар



Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз


Ресурстар


Сабақтың басы

5 мин













3 мин













2мин





Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларының арасында психологиялық жағымды ахуал орнату мақсатында

«Көңіл-күй неге ұқсас» тренингі ұйымдастырылады.

Мақсаты: көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға, дұрыс бағалай білуге бағыттау.

Оқушылар бүгінгі көңіл-күйлері неге (табиғат ресурсына ) ұқсас екенін айтып береді. Мысалы: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді.

Тренинг соңында жауаптар қорытындыланады.


ҚБ. Мадақтау

Топқа бөлу.Оқушылар өздері қалаған табиғи ресурстар арқылы екі топқа бөлінеді.

1-топ.Сарқылмайтын ресурстар

2-топ.Сарқылатын ресурстар


Әріпова Б.

Молдасан Қ

Қазақ тілі 8-сынып «Атамұра»-2018








Сабақтың ортасы

30мин

10 мин










7 мин












1мин





3мин







2 мин





7 мин

Мағынаны тану. ЖЖ «Әңгімеге негізделген жазу » әдісі. «Мен және мен өмір сүретін әлем»

Жер, су, ауа, күн, табиғат, экология, күн энергиясы, су, адам тірек сөздері беріледі. Сөздерін пайдалана шығармашылықпен мәтін жазады. Мәтін құрылымында бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолданады.


ҚБ. Дескриптормен


ТЖ «Тікелей радиоэфир» әдісі. «ЭКСПО-2017 жобалары» тапсырмасымен жұмыс.

Сипаттамасы:

1.Радио жүргізуші-топ басшысы

2. Мамандар- сарапшылар

3. Тыңдаушылар аудиториясы- сұрақ беруші-тыңдармандар

4. Сұрақ қою үшін ескертпе қағаздарын көтереді.

«Болашақ Қазақстан» және «Энергия ресурстары» тақырыптары бойынша радиоға қоңырау соғылып, сұрақтар береді. Эфирге қатысушы мамандар кезекпен жауап береді.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс »




Кері байланыс «Су таразысы » әдісі

Сынып бөлмесіне орталай су құйылған «+», «-« белгісі бар ыдыстар қойылады.сынып оқушылары кезекпен келіп, жасалынған жұмыстарға өз бағаларын айта отырып, «-» белгісі бар ыдыстан «+» белгісі бар ыдысқа су құяды. Керісінше.

9-тапсырмамен жұмыс.

Бейнежазба көрсету «Экспо -2017 Астана New Kazakhstan Болашақтың энергиясы «Нұр Әлем» https://www.youtube.com/watch?v=OYYP0sBobFE

1.Қазіргі кезде адамзат неліктен қоршаған ортаның жағдайына алаңдайды?

2.Адамзат болашақта қандай жаһандық мәселелерге тап болуы мүмкін?

3.Қоршаған табиғи ортадағы өзгеріс адамзаттың саулығына, өсімдіктер мен экожүйелердің жай-күйіне қалай әсер етеді?

4.Күнделікті әрекетіңде үнем жасау арқылы қоршаған ортаға қандай пайда әкелесің?

5.Егер біз болашақ ұрпаққа таза әлем қалдырғымыз келсе, не істеуімізге болады?

6.Энергияны тиімді пайдалану дегенді қалай түсінесің?















АКТ мүмкіндіктері



Сабақтың соңы


5мин

4 мин







1мин




Рефлексия

Не үйрендім?

Қанша мәлімет алдым?

Әлі де білгім келеді?

Нені түсінбедім?

Үйге тапсырма 10-тапсырма

Берілген сұрақтардың бірін таңдап, өз жауаптарын екі аргумент арқылы дәлелдеп жазу.




Қосымша ақпарат


Саралау

Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушылардың бір-біріне қолдауы жүзеге асады.Оқу мақсатына жету үшін «Әңгімеге негізделген жазу», «Тікелей радиоэфир» әдістер бойынша өз пкірлерін айтуға мүмкіндік беріледі.

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

1. Мұғалім тарапынан «Мадақтау», «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» әдістерін қолдану арқылы оқу жетістіктері айқындалады.

2. «Таңдау әдісі» бойынша рефлексия жасалады.

3.Әр оқушының оқу мақсатына жеткенін анықтау үшін бағалау критерийі мен дескриптор

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ мүмкіндіктерін пайдалануда техникалық қауіпсіздігін сақтау.

Топқа бөлу арқылы қозғалысқа түседі.





Рефлексия.

Қысқа мерзімді сабақ жоспарын СМАРТ өлшеміне сай жоспарлау тиімді болатынын білдім.Сабақта оқушының қызығушылығын қолдап,оны білім үдерісіне тарту арқылы білім алушының ішкі уәжін барынша арттыру екенін білдім.Тапсырмалар орындау арқылы оқушылар табиғи ресурстарды қорғау әр адамзаттың борышы екендігіне көз жеткізеді. Жоспарланған әдіс- тәсілдер оқушылардың қызығушылығын арттырды.


Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)

1.Топтық жұмыс және жұптық жұмыстар.

2.Тікелей радиоэфир әдісі

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады(оқытуды да оқуды да ескеріңіз)

1.Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары.

2.Тиімді әдіс-тәсілдерді орынды пайдалану.






Қосымша ресурстар

1-тапсырма Оқулықпен жұмыс

«Әңгімеге негізделген жазу » әдісі

Жер, су, ауа, күн, табиғат, экология, күн энергиясы, су, адам, ұсынылды, ұйымдастырылды, жарияланды, өткізілді, басталды, берілді. Сөздерін пайдалана отырып, шығармашылық мәтін жазады. Шығармашылық мәтін құрылымында бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолданадыТапсырмадағы тірек сөздерді пайдалана отырып,шығармашылық мәтін жазады.

2- тапсырма «Тікелей радиоэфир» әдісі

«ЭКСПО-2017 жобалары »

Тақырыбы:

1-топ Болашақ Қазақстан

2-топ Энергия ресурстары

Сипаттамасы:

1.Радио жүргізуші-топ басшысы

2. Тыңдаушылар аудиториясы- қарсылас топтар. Сұрақ қою үшін ескертпе қағаздарын көтереді.

3.Рөлдік карточкалар топ мүшелеріне таратылып беріледі, олар сол карточкадағы рөлдерін ойнайды.












Бағалау критерийлері

Дескриптор

Мәтінде көтерілген мәселені талдайды

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

Өзіндік көзқарасы тұрғысынан талдайды

Шығармашылық мәтін жазады.

Шығармашылық мәтіннің құрылымын сақтай біледі.


Шығармашылық мәтінді тақырыпқа сай жазады.

Мәтін құрылымында бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолданады

Тілдік бағдарға сәйкес тапсырманы орындайды

Бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелердің қолданылу орнын біледі.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.01.2021
1113
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі