400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шығыс Қазақстанның экологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп ұстаздары мен оқушыларына көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы





Шығыс Қазақстанның экологиялық жағдайы

Өлкетану туралы әрбір мәдениетті қоғам өзінің жұмысын ғылым негізіне құрып жүргізуге ұмтылады. Өлке тану дегеніміз не? Егерде бұл жөнмен жүргізген жұмысы жемісті болған сайын елдің мәдени тұрмысы көтерілмекші, бірақ ғылымға сүйеніп жұмыс жүргізу үшін, сол істейтін ісіңнің жәйін жақсы білу шарт. Қоғам тұрмысын құру үшін алдымен сол қоғамның мән-жәйін, айналасындағы табиғат мәдени қалпын жақсы білу керек. Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу.

Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспецидиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғасырдың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан аумағына экспедициялар ұйымдастырды.

Өлкетануды мектепте оқып үйретуде туған жердің табиғатын жетік түсіндіру міндет.

Шығыс Қазақстан облысының табиғаты өте көрікті. Оқушыларға арнайы сабақ үйретуде өлкетануға үлкен назар аударылады. Туған жердің табиғаты, жер бедері, көне орындары, өзен-көлдері оқушылардың қызыған тудырады. Олардың туған өлкесінің табиғатымен таныстыру өлкетанудың негізі болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысының жер бедерін

Ертіс өзенінен шығысында: Кенді Алтай, Тікирек, Черный, Оба, Становой, Көксу, Иванов, Қоржын, Үлбі, Қызылқарағай, Нарын, Сарымсақты, Тарбағатай, Оңтүстік Алтай, Күршім және Азутау жоталары мен олардың сілемдері

Ертіс өзенінен батыста:Қалба жотасы, Семей, Арқалық, Мыржық, Қараадыр таулары, Ханшыңғыс, Шыңғыстау, Ақшатау жоталары









Зайсан көлінің оңтүстігінен: Тарбағатай, Сауыр және Маңырақ жоталары.

Ертіс өзенінің екі жағындағы жоталар аралықтарында оқшаулана орналасқан таулар мен шоқылар: Майлықара, Белтерек, Айыртау, Арқат, Көксеңгір, Сандықтас, Жағалбайлы, Көктас, Атбас, Арасантау, т.б.

Облыстың оңтүстік мен оңтүстік-шығысына Сасықкөл, Қошқаркөл және Алакөл көлдері орналасқан Балқаш – Алакөл ойысыныңсолтүстік-шығыс бөлігі мен Зайсан көлінің қазаншұңқыры орналасқан.

Облыстың қиыр солтүстік-батыс бөлігін Бесқарағай ауданының бүкіл аумағын қамтитын Балапан жоны алып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, ниобий, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір, жанғыш тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.

Облыстың климаты тым континенттік.

Температурасы:

Қаңтардың жылдық орташа ауа температурасы

жазық өңірінде –17°С

биік тауаралық тұйық қазаншұңқырларында –26°С-қа дейін барады

Шілдеде 19 – 23°С.

Жауын-шашын:

солтүстік-шығысында 350 – 380 мм

оңтүстік-шығысында 250 – 300 мм

батысында 200 – 250 мм аралығында

Кенді Алтайдың батыс бөлігінде 1000 – 1500 мм

Облыс бойынша вегетациялық кезең 175 – 200 тәулікті құрайды.

Су ресурстарына да бай.

Өзендер







Ертіс (республикадағы ең үлкен өзені):Ол облыс аймағын Қытай Халық Республикасы шекарасынан бастап солтүстік-батыс бағытта қиып өтеді. Зайсан көліне дейінгі бөлігін Қара Ертіс деп атайды. Ертіс өзенінің ең ірі салалары: Қытай, Қалжыр, Қалғұтты,Күршім , Нарын, Қайыңды, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Шүлбі, Жарма, Құсты, Еспе, Шорға, Боғас, Жүзағаш, Бөкен, Манат, Тайынты, Абылайкит, Ұлан, Дресвянка, Жартас, Құрық, Қызылсу, Шар, Шаған.

Балқаш – Алакөл көлдерінің алабындағы ең үлкен өзендері (Еміл, Қатынсу, Үржар, Үлкен Текебұлақ, Қарақол, Ай, Аягөз, Бақанас) бастауын Тарбағатай, Ақшатау, Шыңғыстау, Ханшыңғыс жоталары мен Көкшетаудан алады.

Көлдер

Облыс көлдерге онша бай болмаса да, мұнда Қазақстандағы ірі көлдер – Зайсан мен Марқакөл, оңтүстік-шығысында Алакөл мен Сасықкөл орналасқан. Басқа көлдері ұсақ және олар облыстың оңтүстік-батыс

жағында, көбінесе Шар мен Шаған өзендерінің және Аягөз бен Ай өзендерінің ұсақ шоқылы, жазықтау келген суайрықтарында орналасқан.



Алтайдың баурайын шымды-астық тұқымдас шөптер даласы, одан төменірек бетегелі-селеулі, ал жоғарырақта қайыңды-теректі шоқтоғай аралас шөпті-селеулі дала алып жатыр. 700 м және одан

биіктеу жерлерде астық дақылды аралас шөпті шалғын алмасқан қылқан жапырақты орман белдеуі басталады. Кенді Алтайда самырсынды-шыршалы-қара самырсынды ормандар басым келеді, ал Оңтүстік Алтайда олармен сібір қара самырсыны аралас өседі. Сауыр жотасының жапырақты ормандарында Тянь-Шань шыршасыөседі. Кенді Алтайда орманды белдеуден жоғары субальпілік, альпілік шалғындар өседі, одан биікте олар қыналарға ауысады. Тарбағатайда алма ағаштары және теректі ормандар тараған.

Шығыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі өте бай. Мұнда табиғатының әр түрлі болуына байланысты таулық жануарлармен бірге қарағайлы ормандар, далалар және шөлейт жануарлары көп тараған. Алтай мен Сауырдың және Ертіс маңы ормандарында тиін, ақтышқан, кәмшат сияқты қымбат елтірілі аңдардың және құстардың кәсіпшілік маңызы бар. Алакөл мен Зайсан қазаншұңқырларының су қоймаларында ондатра жақсы жерсіндірілген. Ертіс пен оның салаларында, Марқакөл, Зайсан және Алакөлде, Ертіс бойындағы Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендерінде балықтың көптеген түрлері, оның ішінде стерлядь, таймень, хариус сияқты бағалы балықтар көптеп кездеседі. Олардың негізінде балық аулау мен балық өңдеу кәсіпшілігі ұйымдастырылған.







Бұл материалдар арқылы оқушыларды ақпараттандырып, зерттеуге деген құлшынысын арттыруға болады.

Шығыс Қазақстан облысындағы Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.


Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.


Шығыс Қазақстан табиғаты сұлу, әсем жерлері.

1.Қазақстанның солтүстік шығысында 100 деген км-ге созылған Алтай таужүйесі жатыр.

Мұнда әдемі ландшафт Бұқтырма жазығы ерекше, өте үлкен территорияны алып жатқандықтан, көпке дейін Бұқтырма өлкесі деп аталып келді. Бұл аймақ 1600 км шаршы алып жатыр. Оның негізгі су тамыры Бұқтырма өзені, басын Табын-Богдо жотасының мұздығынан алады. Оның негізі бір саласы Ақ Берел өзені. Бұқтырма өзені Алтай жоталарын шығыстан батысқа қарай 400 км тілімдей ағады.

Мұнда ландшафт биіктен төмен қарай бірте-бірте өзгеріп отырады. Оның тау бастарында жалаңаш құздар мен шындар, мәңгі қар. Одан кейін ылғалды алъпі шалғындары. Бұдан кейін қылқан жапырақты ормандар, оның жоғарғы шекарасында самырсын, төменгі жағында қарағай, осыекеуінің аралығында шырша, май қарағай тараған. Жоғарғы - Бұқтырма аудандарында табиғаттың сұлу жерлері — Марқакөл көлі және Марқакөл қорығы, сонымен қатар әйгілі Рахманов бұлағы орналасқан.









Алтай өңірінің халқы Марқакөлді бүкіл аймақтағы сұлулықтың патшасы дейді. Көлдің суының мөлдірлігі сонша 6-7 км терендікке дейін түбі анық көрінеді, солтүстігінде теңіз деңгейінен 3000 км биікте орналасқан Күршім жотасы, оңтүстігінде Азутау жотасы, биіктігі 2385 м.

Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Өкінішке орай, шығысында 1,5 мың гектар жер көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса да, қорыққа енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы -26°-27°С, ал кейде аяз -55°С -қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы 14°-17°С, ең жоғарғысы 30°С-қа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі.Табиғат түстерге бай, тік жоталары орманмен жабылған. Өзен маңында сібір шыршасы, қайындар және т.б. ағаш түрлері өседі. Мұнда ағаштың 19түрі өседі. Бұталардан - қоңыр итмүрын, таңқурай, қара және қызыл қарақат т.б. өседі.

Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтынтамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю,сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және құстың 200-ге жуык түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке, майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі

Марқакөлде бір рет болған адам, өмір бойы оның жағасын, ағаш сыбдырларын, мөлдір таза өзен ағыстарын, қар самалын ұмытпайды.

Рахманов бұлағы - Оңтүстік Алтайдың бірден бір сұлу бөлігі. Бұл бұлақтың ашылуы аяқ астынан болған. Бұдан 200 жыл бұрын аңшы Рахманов таудабір маралды аяғынан атып алады. Сол күні жаралы маралмен бірге тау ішінде аңшы қонып қалады. Таңертең тұрса, жараланған мара­лы жоқ, жан-жағына қарап, жақын жерде бұлақтың ағып жатқанын көреді.Рахманов бұлаққа келіп, сол жерде жа­ралы маралдың аяғы бұлақ суына салынып, жазылып, маралдың қашып кеткенін байқайды. Рахманов өзіне ыстық бұлаққа тәжірбие жасауды жөн көріп, көп жылдан бері ревматизммен ауырған аяғын 3 күн бұлақ суына салып, аяғының жазылғанын сезеді. Содан бері қарай бүкіл осы маңда тұратын халықтар емдік қасиеті бар бұлақты "Рахманов бұлағы" деп атап кеткен. Қазір мұнда көптеген ауруларды ем-дейтін "Рахманов бұлағы" курорты жұмыс істейді.











Радон суларын ішу арқылы асқазан - ішек аурула­ры, асқазан жараларын емдеуге болады. Климаты арқылы кептеген ауруларды: жоғарғы тыныс алу жолдарын, астма, қан аздықты емдеуге болады. Санаторий емдеукорпустарында, асхана және коттедждерде барлық жағдайлар жасалған. Екі қабатта екі, төрт адамдық нөмірлер бар, мұнда көбіне жанүясымен демалуға келгендер демалады. Демалыс үйінің "қонақ үйі" бар.Демалушыларды демалы үйінің асханасы үш уақыт тамақпен қамтамасыз етеді. Әсіресе, мұн-да демалушылар ұлттық тамақты қалайды. Табиғатпен сырласу жөне "тірі су" адам денсаулығын қалпына келтіреді және ұмытылмас сезім қалдырады.

Қатон - Қарағай селосында көрікті жерлердің бірі -Бұқтырма өзенінің орта ағысы жазығында, оңтүстігінде Сарымсақты жотасына дейін жетеді, биік шындары қар басқан. Қатон - Қарағайдың түзу, жасыл көшелерін бойлай аққан арықтар Оңтүстік Қазақстанның жерлерін еске түсіреді.

Шығыс Қазақстан экологиялық жағдайы.

Қазақ халқы табиғаттың тынысын жүрегімен тани білген. Адамның табиғатқа тұтынушылығына көзқарасы, оған сарқылмас байлық деп қарауы табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына жол берді. Мұның келеңсіз әсері күшейіп, адамзат экологиялық мәселерді шешуді белсенді түрде қолға алды. Жер бетін қамтыған экологиялық дағдырыстар мен экологиялық аппатар және оған туындалған экологиялық зардаптарға байланысты экология ғылымының қажеттілігі анық айқындалды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
1111
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі