Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шығыстың жарық жұлдызы" Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына байланысты жазылған эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе ұстаздар мен мектеп оқушыларына Ш.Уәлиханов туралы кеңірек ақпарат алуға көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

28.11.2020

Shape2

Amina Altynbekova

Шоқан уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп, алматы қаласы, 2020 жыл

Shape3

Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығын тойлау шаралары аясында өткізілетін «ШЫҒЫСТЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ» онлайн-конкурсына эссе

Орындаған - Алтынбекова Амина

Пән мұғалімі - Жунусов Досан Болатұлы



Маған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін ұстазым «Шоқан орыс патшасының «жансызы» болған ба?» деген тақырыпта келісу-келіспеу эссесін жазуға тапсырма берген болатын. Міне, мен ғалым туралы білетін ақпараттарымды саралай келе, тапсырманы шама келгенше орындадым және шығармашылық жұмысымды Шоқан Уәлихановтың 185 жылдық мерейтойына арнадым.

І. Кіріспе бөлім.

Шоқан Уәлиханов - саяхатшы, тарихшы, этнограф, ағартушы, қазақ ғылымының тұңғыш қарлығашы. «Түбіне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы» деп халқымыз бекер айтпаған ғой, оның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Арғы бабасы Абылай - 17-ғасырдағы үш жүздің басын қосқан айбарлы хан.

ІІ. Негізгі бөлім.

Бала Шоқан 12 жасында мектеп оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Араб, парсы, шағатай тілдерін үйреніп алды. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең тандаулы оқу орны болып есептелінген Сібір кадет корпусына оқуға орналыстырды. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болады. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болды. Кадет корпусына алғаш оқуға түскенде, ол орыс тілін білмесе де, өзінің зеректігімен тез үйреніп кетті. Сонымен қатар ол оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет салуды білген. Кадет корпусын 1853 жылы 17 жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 

1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.Березиннің тапсырмаларын орындай бастайды. Міне, осы уақыттан бастап, еуропаша біліммен қаруланған сымбатты азиялық жас жігітті қауіпті «Қашғар сапарына» дайындау басталған еді. Сонда Шоқан, шындығында, отаршылдық саясатты көздеген орыс патшасының «жансызы» болған ба?

Әрине, мен жоғарыдағы «жансыз» деген атаумен келіспеймін, өйткені бұл - біреудің атын жамылып, өзінің арам ойын іске асырумен айналысатын алаяқтарға берілген атау. Ал Шоқанды тыңшы, барлаушы деп атасақ болады. «Уәлиханов орыс патшасының барлаудағы офицері болған. Әйтсе де оның біз білмейтін тыңшылық әрекеті құпия сақталып келеді. Ол сан қырлы жақтарымен қатар барлау саласын да терең меңгеріп, Ресейдің көздеген мақсатына қол жеткізуге үлес қосқан тамаша барлаушы ретінде танылды» (Жексен АЛПАРТЕГІ, «Айқын» газеті №5 (2399), 16.01.2014). Патша академиясы оның ашқан ғылыми жаңалығын 35 жыл құпия сақтағаны және стратегиялық мақсаттарына да пайдаланғаны рас, дегенмен Әлімбай деген лақап атпен, керуенге ілесіп, Қашғарға аттанғанда, Шоқан небәрі 22 жаста еді. Оңы мен солын танып үлгірмеген уыздай жас жігіттің бұл сапарға еш қорықпай аттануын ер жүректігі мен ғылымға, жаңалыққа деген сүйіспеншілігі деп білемін.

Кейбір зерттеушілер Шоқанды орысшыл, ислам дініне қарсы шыққан, тіпті «шоқынған» деген де пікірлер айтады. Мен бұл пікірге үзілді-кесілді қарсымын. Егер Шоқан атеист болса, «Сахарадағы мұсылмандық туралы», «Тәңірі Құдай», «Қазақтардағы шамандықтың белгілері» деген еңбектер жазар ма еді?! Осы еңбектерден-ақ оның дінге деген көзқарасы қандай екенін көруге болады. Түптеп келгенде, аз ғана ғұмыр кешкен ғалым дін туралы классикалық талдауларға терең баруға да үлгірмеген.

Шоқан қай ортада өзін қалай ұстауды жетік меңгерген өте мәдениетті азамат болған. Ол туралы досы Потанин: «Бұл Шоқанға мен таңғаламын. Петербургке барса, тап-таза еуропалық, ал мұнда келсе, тап-таза шығыс адамы, нағыз қазақ болып шыға келеді», - деп жазғаны дәлел (Alashainasy.kz). Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, ерте сөнген ғалым достарының айтуынша, көптің көңілінен шыға алатын елгезек болған, тіпті өзін Қашғар сапарында дипломат ретінде көрсете алған, сондықтан мен оның атқарған миссиясын тыңшылықтан да жоғары бағалаймын.

Шоқан қазақ үшін не берді? «Жоңғария очерктері» деген еңбегінде қазақтың ертегілері мен мифтерін, аңыздары мен эпикалық жырларын зерттеумен қатар, бауырлас қырғыздың «Манас», «Семетей» жырларын қағаз бетіне алғаш түсірген. Мен Шоқанды орыс географиялық қоғамының мүшесі деп қана атамай, әлемдік саяхатшылар Марко Поло, Васко да Гама, Джеймс Куктермен қатар қояр едім.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Қорыта айтқанда, Шоқан Уәлиханов – орыстың «жансызы» емес, әскери шені бар офицер-барлаушы. Жалпы алғанда, біздің әлі Шоқан туралы білгеніміз – бір тоғыз, білмегеніміз – тоқсан тоғыз, сондықтан Шоқантану ғылымына әлі толық нүкте қоюға болмайды. Екіншіден, соңғы уақытта Шоқан туралы қоғамда айтылып жүрген тосын пікірлер мен негізсіз тұжырымдарға тосқауыл қою қажет.

Шағын жұмысымды өзімнің жүрегімнен шыққан өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр:

Сырын танып, саяхаттап ғаламның.

Жұлдызы боп жарқ еттің ғой даламның,

Тамыр тартқан тектілердің тегінен -

Ұрпағысың Абылайдай бабамның.

Ғылым деген сарқылмайтын бұлақтың,

Қанып іштің жастайыңнан қайнарын.

Мерейтойың құт боп келіп бүгінде,

Бар қазақтың айбарына айналдың!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2020
945
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі