Сын есім туралы жалпы түсінік оның сөйлемдегі қызметі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сын есім туралы жалпы түсінік оның сөйлемдегі қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сын есім сөздері – бай синонимикалық жүйесі бар, құрылымы мен семантикасы жағынан түрлілігі мен икемділігі мол сөз табы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сын есім туралы жалпы түсінік оның сөйлемдегі қызметі.


Сын есім сөздері – бай синонимикалық жүйесі бар, құрылымы мен семантикасы жағынан түрлілігі мен икемділігі мол сөз табы. Сын есім сөздердің стилистикалық бояуын, бай семантикасын, сөйлемдегі қызметін, контекстік мәнін оқыту – берілген грамматикалық тақырыпты оқыту барысында студенттің сөйлеу тілін дамытуда қазақ тілі заңдылықтарының ішкі мүмкіншілігін барынша мол пайдалануды белгілейді. Сын есім сөздер – зат есім мен етістіктен кейінгі қарымы да есесі де мол сөз табы (А.Ысқақов). Сын есім сөздердің морфологиялық құрылымын таныту процесін олардың лексикалық мағыналары мен синтаксистік қызметтерін танытумен байланыстыру – студенттердің сөздің жан-жақты қасиетін тұтас бірлікте ұғынып, сол арқылы сөзді қолдана білу дағдыларын дамытуға, қалыптастыруға үлкен жағдай жасайды. «Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін /түр-реңін/ және басқа сол сияқты сын-сипаттарын білдіретін лексика – грамматикалық сөз табын айтамыз.»

Shape1


Shape2

Заттың,құбылыстың, адамның, жан-жануардың атын, сынын, санын білдіретін сөздердің орнына қолданылып, үш жақта жекеше, көпше түрде айтылатын сөздер (есімдіктер)









Shape3 Shape4

Қимылдың белгісі, сыны (үстеу)

Заттың, құбылыстың, жан-жануардың, адамның қимылы.(етістік)










Тілдің даму барысында көптеген сөздер сияқты түр-түс атауларының да белгілі бір грамматикалық заңдылықтарға бағынатынын, әр түрлі топқа бөлініп кетеді. Түр-түс атауларының көп мағыналығы туралы синонимдік, омонимдік, антонимдік қатар құрайтындығы туралы ескертіп, мысалдармен дәлелдеймін: Ақ орамал – орамалдық анық, нақты түсін білдіріп тұр. Ақ көңілі – адам көңілінің пәктігі. Ақ ниет – көңіл тазалығы. Қара жүрек – адам жүрегінің қаралығы. Қара қарындаш – қарындаштың нақты түсі т.б. Сөз таптарының қай-қайсысын да оқыту барысында оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға болады. Соның ішінде, біздің тоқталатынымыз – сын есімді оқыту арқылы оқушылардың танымын кеңейту. Оқушы тілдегі заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік алады. Сынды білдіретін сөздер оқушыларға таныс заттардың түр-түсін, сапасын білдіретін сөздерді тіркестіріп айту арқылы түсіндіріледі. Мысалы: шөптің түсі, қардың түсі, алманың дәмі, ағаштың биік болатындығын ұғына бастайды.

Сын есім.



Түрлері

Мысалдар

І.Мағынасына қарай

1) сапалық

ақ, қара, жеңіл, үлкен, сұлу

2) қатыстық

тұзды, арманды, ақшалы

ІІ.Тұлғасына қарай

1) негізгі

жақсы, әдемі, кең, суық

2) туынды

қысқы, таулы, сынық, өткір

ІІІ.Құрамына қарай

1) дара

кіші, тар, нәзік, мол

2) күрделі

ойлы-қырлы, қызыл ала, ұзын бойлы, жақсы-жаман


Сын есімдерді оқытқанда заттың өзіндік белгілерін тануға жетелейтін түрлі әдіс- тәсілдерді қолдану керек. Бұл ретте И.Хасанованың «Сұрақ-жауап әдісін қолданғанда, әсіресе, риторикалық сұраулар қолданғанда балалар бойында белгілі танымдық көкжиек пайда болып, санаға күш түсіп, бала ойлануға мәжбүр болады да, мұнда концептілік, яғни тұтас ойлау үрдісі жүреді» [5,38-б.],-деген пікір өте орынды деп есептеймін. Сын есімдерді ұлттық танымдық санамен байланыстыра меңгерту арқылы оқушылар сын есімдерді ажырата отырып, сындық белгілердің қандай зат, құбылыстарға қатысты екендігін де түсінетін болады. Сөйтіп, оқушылар сындық ұғымды білдіретін сөздерді танымдық тұрғыда меңгереді, тілдік бірліктер арқылы қоршаған ортаның, заттар мен құбылыстардың өздеріне тән сапасын, түрін, түсін, көлемін, дәмін, иісін, т.б. ерекшеліктерін түсінеді. Оқушылар заттар мен құбылыстардың сындық белгілерін тілдік бейненің бір бөлшегі ретінде меңгертуге ерекше назар аударылуы қажет. Ол үшін студенттер заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерін, қасиеттерін көрсетіп сын есімдерді қарапайымнан күрделі ұғымдарға дейін түсінетіндей етіп меңгерту мақсатында жұмыстар жүргізілуі тиіс .Мысалы, қазақ халқына тән белгілер немесе қазақ қандай халық? деген сұраққа қонақжай, кішіпейіл,бауырмал,өнерпаз,шешен деп жауап береді. Ұлттық танымды білдіретін сындық ұғымдарды түсіну, олардың когнитивтік белгілерін айыра білуге үйрету оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан сын есімді когнитивті оқыту оларда ұлттық мінез,таным қалыптастыруға ықпал етеді. Мысалы, адам сөзіне қатысты сын есімдер - бауырмал, туысшыл,әңгімешіл. Олардан сөз тіркестерін құрастырту - бауырмал бала, туысшыл адам, әңгімешіл ата. Сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырту- Әсет- бауырмал бала. Айгүлдің ағасы- туысшыл адам. Дәуреннің атасы-әңгімешіл адам. Осылайша адамға қатысты сын есімдерді сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер түрінде айтқызғаннан кейін, осы сын есімдерді қатыстырып мәтін құрастырту, яғни тілдік бірліктерді шығармашылықта қолдану олардың ойлауын жетілдіреді. Сын есімді меңгертуде тек қана сөйлемдердегі сын есімдерді табу, сұрақ қою секілді бір сарынды жұмыстармен шектелмей, оқушылардың ұлттық танымын кеңейтетін, олардың ойлау белсенділіктерін арттыратын тапсырмалар жүйесін пайдаланған тиімді. Мысалы, ақ, сұр, қорқақ немесе қызыл, қу сын есімдерді аңның қандай түрлеріне байланысты айтылатынын сөз тіркестері, сөйлемдер, шағын мәтіндер құрастыруға дейін күрделендіру студенттердің қызығушылықтарын арттырып,тақырыпты жеңіл меңгерулеріне мүмкіндік береді. Сонымен ойын элеметі де тіл дамыту жұмысының келелі бір саласы болып табылатыны сөзсіз. Сын есім тақырыбын өткенде крассворд, ребустарды қолдану да сабақтың қызықты өтуіне себебін тигізеді.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
634
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі