жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сын тұрғысынан ойлау.
«Жаңа дала» жалпы орта мектебі
Тулеманов Курбанбек Абдибакиевич
І- топ
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
А –есебі.
Ақыл парасат – адамдардың ойлауына , пайымдауына, ғылым мен өнердің өыр-сырын ұғуына , жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.
Әбу Насір әл-Фараби
Мұғалім оқушылардың жеке басын
дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық
қызметтің, іс-әрекетінің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы
белсенділігін арттыруды көздейді. Ал оқушы белсенділігінің артуы
оны шығармашылыққа жетелейді. Мұндай қабілет әр баланың табиғатында
болуы мүмкін.Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып
жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Білім бере отырып, тиімді
жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені
анық.
Орта білім беру жүйесінде
әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту
әдістемелері арасында сындарлы оқыту
теориясына негізделген тәсіл кең тараған
(Hattie, 2009).
Сындарлылық теориясына негізделген оқыту мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Сыни тұрғыдан ойлау – әрбір адамның,оқушының өзіндік және жеке ойлауы болып табылады.Сұрақтар қойып, шешімін қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.Егер өтетін сабағымыз «Сыни тұрғыдан ойлау модуліне» негізделген болса, әрбір оқушы өз ойларымен , пікірлерін тәуелсіз құрайтын болады.Мұнда оқушы тек еркін пікір жүргізіп, айтып қана қоймай, өз ой-пікірін қағазға түсіріп отырады. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз «ойлау туралы ойлану» деген мағынаны береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибені түсінуді және пайымдау нәтижесінде алған білімдерін ұғыну , талдау , синтездеу кезінде қолданылатын әдістердің бірі.
Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан-жақты іздну қабілеттері дамиды жәнеқабілеті төмен оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады.
Сын тұрғысынан ойлау мәтіндерді есепке ала отырып бақылау және тыңдау арқылы дәлелдер келтіреді. Александр өз тәжірйбесінде жасап зерттеп балаларға білім берудің бес үлгісін анықтаған болатын.
-
Механикалық есте сақтау – сабақ барысында айтылған фактілерді өмірде қолдана алуы.
-
Декламация – сабақты қортындылау кезінде тест сұрақтары арқылы тарауды қайталап еске түсіру .
-
Нұсқаулық- оқушыларға қалай жұмыс жүргізуге түсіндіруге бағытталған.
-
Талқылау- кез-келген мәселені шешу барысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісу.
-
Диалог- түсінгендері мен ойларын тездетіп жеткізуге ықпал ететін құрылымдалған кумулятивтік әңгіме мен пікірталас арқылы мақсатқа жету.(мұғалімдерге арналған нұсқаулық – 47 бет) .
Осы айтылған бес үлгіні оқушы бойында табылса бұл ұстаздың ең биік жетістігі.
Қазақ зиялылырының бірі А.Байтұрсынов «Қазақша оқу жайынан» атты еңбегінде «Бала білімді тәжірибе арқылы алу керек»,-деген. Күнделікті өз сабақтарымда оқытудың негізгі де тиімді тәсілдерінің бірі - сын тұрғысынан ойлау модулінің идеясымен қарастырғалы отырмын.Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Бұл модуль оқушылардың да,мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуға сапалы және оймен қабылдауын көздейді.
Мен « Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модулінің әдіс- тәсілдерін сабақтарымда жиі қолданамын. Мысалы 3 «Б»- сынып дене шынықтыру сабағымда « Жеңіл атлетика » тақырыбында АКТ - ны пайдалана отырып , сол жеңіл атлетика жаттығуларының ерекшеліктерін , дене сымбатына әсерін көру арқылы оқушылырым қызығып айтылған жаттығуларды нұсқау беру арқылы орындауға тырысты. Шынықсаң шымыр боласың деген ұранмен сабаққа деген ынтасы мен пәнге деген қызығушылығы артады.
Сыни тұрғыдан ойлау модулін екі мағынада қарастырдым: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Модул өзара екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты , дәлірек айтсақ : тыңдау мен қызығу арқылы оқу , мәнмәтінге көбірек көңіл бөліп , шешім қабылдау кезінде тиісти өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса , мұғалімдер : білім беру мен оқыту үдерісін түсіндіру үшін қажетті теориялық білім ; қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану керек. (Мұғалімдеге арналған нұсқаулық -46 бет)
Сыни тұрғыдан ойлау маңызды
мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.
Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз
біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл
дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз. Бұл
модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды
дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Мен осы бағытты
басшылыққа ала отырып, мектептегі тәжірибе кезінде 3 «Б» сыныпқа
дене шынықтыру пәнінен тізбектелген сабақтар жүргіздім.
Тізбектелген сабақтар топтамасын құру барысында оқушының сыни
ойлауын, сындарлы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін
бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдандым. Сыни тұрғыдан ойлау әдістерін
қолданып бірнеше сабақтар өткіздім. Онда «Санамақ» әдісін, «Ой
ашар» , «Допты ұру » әдісі, «Қар кесегі» « Кім шапшаң?» әдісі,
«Биле-биле» , «Топтастыру» , «Шаттық шеңбері» «Атом-молекула » ,
«Кім жылжам?», «Мергендер», «Айна» , «Күн шуағын төгеді» , «Блоб
ағашы» әдістерін қолдандым және жеке, топтық, рольдік ойын
жұмыстары жүргізілді. Сабақтарымды меңгертуде тек пәндік білім
беріп қоймай, оқушылардың жүйелі ой, оқу мен жазу сауаттылығын
арттыра отырып, шығармашылыққа баулуда осы стратегиялардың орны
ерекше болды.
«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін өзімнің тізбектелген
сабақтар топтамамда қолдануда мен мақсат қойдым. Балалардың осы
кезге дейін сыныпта және өмірде қалыптасып қалған дәстүрлі өз
ойларын ашық айта алмай жансақтанып , үрейленуі , сыни тұрғыдан
ойламағандықтан көзқарастар қайшылығының туындамауы сияқты
келеңсіздіктерді жоюға тырыстым. Оқушының алдына ұсынылған әрбір
тапсырмалар сыртқы көзқарас тұрғысынан қарап қана қоймай, оның ішкі
мәніне сыни көзқарас тұрғысынан терең үңіле қарауға бағыттау.
Өзімнің жүргізген тізбектелген сабақтар топтамамда алғашқы сабақтан
бастап, соңғы сабағыма дейінгі кезеңде оқушыларды сын тұрғысынан
ойлану принциптеріне баулу арқылы лидерлік қасиеттерді қамтамасыз
етуге тырысу. Яғни, балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе
жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және
ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен
зерттеу дағдыларын дамытуы керек . Тізбектелген сабақтар
топтамасындағы бірінші сабағымда «Ойынның қабылдау техникасын
үйрету» тақырыбына байланысты сыныпты екі топқа топтастырдым
«Жүйрік», «Сұңқар», атты екі топқа бөліп алдым. Дьюдің «Сұрақ-сыни
ойлаудың кілті» деген пікіріне сүйене отырып, үй тапсырмасын
тексеруде өткен тақырыпты «Ой
ашар» әдісін қолдану арқылы
оқушылардың сыни қабілеттерін байқағанды жөн көрдім. Е оқушы сұрақ
қойып , қойылған сұрақтарға өз ойын нақты дәлел келтіре отырып
айтады. Осы кезде оқушының сыни ойлау қабілетінің жоғары екені
байқалды. Әр тапсырма сайын оқушылар бірін -бірі «Мадақтау»арқылы
бағалап отырды. Келесі тапсырмада «Кім шапшаң?» әдісі бойынша топта
олар бір-бірден тұрып колонна құрады.Алда тұрған допты кейінгі
тұрғандарға бастарынан жоғары жалғастырады. Ең соңғы алған оқушы
жылдамдықпен алға келсе сол команда жеңіске
жетеді.
Барнстың (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына да соншалықты әсер ететінін айтады. Келесі тапсырмада оқушылар, «Қар кесегі» әдісі арқылы жұптасып сұрақтарға жауап беру арқылы Жарыс откізіледі . Сабағымды қорытындылау мақсатында әр оқушыға жекелеген стикерлер беріліп Смайликтер арқылы кері байланыс орнаттым. Алғашқы сабағымда түрлі әдістерді пайдалану арқыл сыни тұрғыдан ойланатынын байқап , оқушылардың қызығушылығын артыру мақсатында келесі сабақтарымда одан әрі қарай жандандырып сабақ өтуді көздедім. Дәстүрлі сабақтан айырмашылығы топқа бөлу арқылы оқушылар өздеріне жауапкершілік жүктелгенін сезініп алға ұмтылыс қалыптасып ,сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылар өз ойларын ашық әрі емін-еркі бүкпестен жеткізе алатын болды. Әр баланың ойы сан-алуан.Сабақта қолданылған стратегиялар оқушыларыма өздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туындауына жол ашты.Сонымен бірге ерекше белсенділік пен шығармашылық шабыттың шарықтауы нәтижесінде олар еркіндік әлемінде еркін шарлауға болады. Алдағы уақытта осы жеті модуль бойынша үйренген әдіс-тәсілдерімді барынша түрлендіріп, болашақта барлық сыныптарда, барлық сабақтарымда түрлендіріп, жаңғыртып отырамын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген