400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сын тұрғысынан ойлау. С есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Тулеманов Курбанбек Абдибакиевич

«Жаңа дала» жалпы орта мектебі



Оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілген және ол басқарылғанын растайтын сабақтар өткізілген және оның тиімді екенін талдау туралы рефлексивті есеп.

С-есебі

Білімді болу деген сөздің мағынасы- белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу.

Әбу Насыр әл-Фараби

Елбасымыз айтып кеткендей бүгінгі мектеп оқушылары, біздің, яғни ұстаздардың еншісінде. Әрбір ұстаздың қолында бала тағдыры, бір-бір жеке тұлға. Біздің ендігі мақсатымыз сол жеке тұлғаны болашақта өз ғасырына лайықты азамат ретінде оқытып, тәрбиелеу. Ол үшін мұғалімдерге бала оқытуда өз көзқарасын өзгерту қажет. Өз білімін жетілдіріп заман ағымына ілесе алатындай болуы керек . Осы ұрпақты болашаққа даярлау , қоғамға сай бейімдеу – білім беру жүйесі, соның ішінде айшықтар болсақ , мектеп еншісінде. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі әлемдік өркениет стандартына сай реформаланып , көптеген инновациялық технологиялар жасалынып оқу бағдарламалары өзгертіліп, оқулықтарымыз шығарылып, қолданысқа енгізілуде.

Тізбектелген сабақтар топтамасында алдағы сабақтарымды өту мақсатында 3 «Б» сыныбын алдым. Сыныпта оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Шаттық шеңбері » бойында бір – біріне жақсы жылы лебіздерін білдірді. А деген оқушым Н деген оқушыға «Таудай биік болсын талабың», «Анхель сарқырамасындай мәртебең биік болсын», «Сабақ барысында саттілік тілеймін» деген сиақты тілектерін айтты.Осы сәттен бастап оқушылар арасында бір-бірне деген силастықтарын арттыруға тырыстым. Өзімде сол шеңбердің бойында тілек тілеп қатыстым.Сыныпты шеңбер бойымен «Санамақ » әдісі арқылы бөліп алдым. Алдымен жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын «Ой ашар » әдісі бойынша пысықтады. Бұл әдісті пайдалану кезінде оқушы бойынан шапшаңдықты, ойларының жүйрік екендерін байқадым.Оқушылардың бұндай белсенділік танытуына – оларды сабақ тәсілдері түрлеше болуы қызықтырған сияқты.

«Кім шапшаң?» әдісін жаңа тақырыпты меңгерту үшін пайдаланған болатынмын. Бұл әдіс бойынша сыныпты екі топқа топтастырып , колонна құру арқылы допты жоғарыдан ұзатып алып жеткізу арқылы ең соңғы тұрған оқушы алға бірінші болып жетуге ұмтылады кім бірінші келсе сол топ жеңіске жетеді. Шапшаңдығы баяу оқушыларға бұл әдіс оңай тиген жоқ . Себебі жылдамдығы жоғары оқушы сол оқушыға тапсырма жүктеп орындалуын қадағалап оырады. Ондағы мақсат үндемейтін оқушыны да сабаққа тарту , ең болмағанда оқушының қимыл -қозғалысына бір-екі әрекет қосу болатын. «Мұғалім оқушыларда Чиксентмихай (2008) өзіндік мақсат деп атайтын және Райан мен Деки (2009) ішкі уәж деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауга тырысуға тиіс»(Мұғалімге арналған нұсқаулық 34-бет). Бұл әдістің арқасында сынып оқушылары сабаққа , пәнге деген қызығушылықтарын арта түсті .

Топ мүшелері өздеріне берңлген тапсырмаларды орындап өз ойларымен қызу пікір талас жүргізіп өз ойларымен бөлісті. Топ мүшелерімен бірге сабаққа қызығушылығы баяу оқушы да қорғауға атсалысқанына риза болдым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл »- дегендей топ мүшелері жеңіске жетуге деген ұмтылыстары өте қарқынды «Блоб ағашы» әдісімен топ мүшелері бағаланды. Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып өтілген сабақ сыныптың барлығына түгелдей ұнағандығын жазған.

Сабағымның сәтті де сәтсіз тұстары болды. Тапсырмаларды орындау барысында уақыттың көп кетіп қалуы.Уақытты ұтымды пайдалану үшін берілетін тапсырмаларды деңгейлеп беруге тырысамын.Сабаққа қатысқан әріптестерім сәтті өткенін айтып жатты.Оқушыларға сыныпты топқа бөлгенім, берілген тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындағандарын айтты.Топ мүшелері бағалау кезінде қаншалықты деңгейде белсенділік танытқанын, тапсырмаларды орындауы оқушы өзін-өзі бағалау керектігін сезінді.

















Тулеманов Курбанбек Абдибакиевич «Жаңа дала» жалпы орта мектебі С-есебі.

Көкірегі кең , өз ісіне сенімді кішкене дененің

Әлем тарихын өзгертуге қауқары жетеді.

Махатма Ганди

Екінші сабағымның негізгі бөлімінде үй тапсырмасын «Ой ашар» легі арқылы толық қанды сұрап оқушылар белсенділік танытып отырды. «Биле-биле » әдісі арқылы оқушылардың дене қыздыру жаттығуларын орындауын қадағаладым.Өзара бір-бірін қадағалап отырды. Бағалау кезінде әділетсіздікті болдырмау үшін өзім сырттай қадағалап жүрдім. Шаттық шеңберін орнатып оқушылар бір-біріне «Гүл силау» әдісі арқылы жылы , ыстық лебіздерін білдірді. Бұл әдіс бойынша оқушылар арасында өзара құрмет пен силастықтың қалаптасы келе жатканына көзім қуанып қалды. «Атом – молекула » әдісі арқылы сыныпты екі топқа топтастырып алдым. Оқушыларымның тапсырманы орындау барысында уақытты ұтымды пайдалануға , ширақ қимылдағандарын көрдім.Топ мүшелері деңгейлік тапсырманы бөліп алған болатын. С мен Б ,Б деген оқушылардан тапсырма өз деңгейінде орындалмағандыған айтып , қайта орындауға берген болатынмын. Оқушылар өз ара бағалап , өздерінде бағалай алды. Сабақты қорытындылау кезінде «Кім жылдам?» әдісімен аяқтадым.Сабақты қаншалықты ұнағандары, нені меңгергендері, болжам жасағандарын т.б көруге болады.Мадақтау сөздермен бағалап отырдым. Сабақта қолданған түрлі әдіс-тәсілдерім сергіту сәттері оқушыларға қатты ұнағандарын айтып өздерінің ойларымен бөлісті. «Кім жылдам ?» әдісі кезінде «Капитан , ботсван , обед» ойыны арқылы сергітіп алдым. Сергіту сәті оқушылардың сабаққа деген қызығушылыңын ашты.Болашақта кәсіби қызметімнің даму үдерісінде оқыту үдерісі мәнді болу үшін, тапсырмалар мен жұмысты тиімді әрі түсінікті етіп ұйымдастыруға және өзіміздің білімімізді өрістетемін деген мақсаттамын.Әр сабағым қызықты өту үшін , түрлі қызықты әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жаңа нәрселермен толықтырып отыратын боламын. Өткен сабақтарым оң нәтежесін бергенін, өзімнің бақылауға алған оқушыларның іс-әрекеттерінен көрініс тапқанына қуанышты болып және өз бойымдағы осындай өзгерістерді дамытуға бағыттау керектігімді түсіндім.Алдағы уақытта уақытты үнемдеп , шапшаңдық танытуға талпынамын.



Тулеманов Курбанбек Абдибакиевич С-есебі.

«Жаңа дала» жалпы орта мектебі

Арман-жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ,

Бағдар болмаған соң , алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.

Лев Николаевич Толстой.

Үшінші сабағымда үй тапсырмасын «Ой ашар» әдісімен пысықтадым. Әдістің өзгешелігі қағаздан ұшақ жасап қанаттарына сұрақтарды жазып аспанға ұшыру арқылы қай оқушының алдына түссе сол оқушы жауап береді.Әр топта көшбасшы сайлау арқылы топтар өзара бір-бірін бағалап отырды. Әділетсіздікке жол бермеу мақсатында қателерін де ескеріп отырды. «Допты басбалдақ » әдісі арқылы сыныпты топқа топтастырып алдым. Мұндағы мақсатым оқушылардың ой-өрістерін дамытып пәнге деген ұызығушылығын арттыру болатын. «Мергендер» әдісі арқылы командаларды жарыстырып ойнаттым. «Айна » әдісімен оқушылар шеңбер жасай отырып қорғанысты мықтылап шағын допты нысанаға бағыттайды. Әр топ өздерінің ойларын жинақтай келе , тапсырмаларды түсіндіріп ашуға тырысты.Шапшаңдық қабілеті бойынша оқушыларға деңгейлік тапсырма беріп.3-оқушым Е , А, А мүмкіндіктері жеткенше орындауға тырысып , 2-оқушым Ұ, Б тапсырманы толық орындамағандығын айтады. Оқушылар өзара бір-бірін бағалай алды.Мадақтау сөздерімен де бағалап отырамын. Оқушылар өзін-өзі бағалауда бір-бірімен келіспеушіліктер де болды. Бірін-бірі асыра бағалағандар да болды. Сабақтың қандай өткендігін сабақ соңында оқушыларымның көтеріңкі көңілінен көріп тұрады. Сабағымды «Мерген » әдісімен аяқтадым сабақтан алған әсерлер жазып, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып өтілген сабақ сыныптың барлығына түгелдей ұнағандығын жазған. Сабағымның сәтті де сәтсіз тұстары болды. Тапсырмаларды орындау кезінде уақыттың көп кетіп қалуы.Уақытты ұтымды пайдалану үшін берілетін тапсырмаларды деңгейлеп беруге тырысамын..Топ мүшелері бағалау кезінде қаншалықты деңгейде белсенділік танытқанын, тапсырмаларды орындауы оқушы өзін-өзі бағалау керектігін сезінді. АКТ-ны сабақта пайдалану оқушылардыі қызығушылығы мен белсенділігін артырып қоймай , түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау кезінде қызықтырып, түрлі марапаттаулардың эмотциясымен бөлісетін болатын.Елбасымыз айтқандай «Қазір бой жарыстыратын заман емес , ой жарысатын засан . » деген .Осыған орай оқушыларды тек білім беріп қоймай олардың назарын білгендерін жадына сақтауға , қабілетін , ойлауын, тіл шеберлігін , зерделі білім алу құлшылығын ояту өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастыру- сол мектепте жүргізілген пәннің нысанасы , пәнді оқытатын мұғалімнің міндеті болмақ.Бәсекеге қабілетті өзіндік «мені»бар тұлғаны қалыптастыру әрбір ұстаздың шәкірт алдындағы негізгі –міндеті болып табылады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі