Материалдар / «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып,оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып,оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл дамыту- қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жас өскінді тіл өнеріне баулу, қазақ тілінің қыры мен сырын көркем етіп қанықтыра білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2023
149
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып,оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту»

Адамзат қоғамын  алға  апаратын күш тек білімде. Қай елдің болмасын өсіп -  өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің  деңгейіне, даму бағытына байланысты.

     Қазіргі кездегі қоғамдағы өзгерістер, экономикалық дамудағы жаңа  

стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануымен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемдегі дамыған елдердің көпшілігі олардың білім беру жүйелері білім берудің мақсатын, мазмұнын, технологияларын, оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің негізгі мақсаты білімге қол жеткізу ғана емес, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Елімізді көркейтіп, оның өткенін, қазіргісін сараптап, болашаққа айқын, тура жолды таңдау үшін балаларымыз жан-жақты білімді болумен бірге өз ана тілімізді жетік меңгеруі керек.

Жас ұрпақты ана тілінде таза, сауатты сөйлеуге үйрету бастауыш сатыдан басталатыны бәрімізге белгілі. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері бұл жұмысқа бар күшін салуы керек. Тілге үйретуде ең басты міндет - оқушылардың сөздік қорын дамыту.  Тілдің грамматикасын, оның заңдылығын білу арқылы оқушылар бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді. Ауыз екі сөздің жалпы міндеті сөз мағынасын түсініп оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Ол үшін сөздік қорын молайту керек. Осы мақсатта мен «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып,оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту» тақырыбында шығармашылық жұмыс жүргізіп келемін.

Жас бала әр нәрсеге еліктегіш келеді. Көрген - естігенін тез қабылдайды. Осының өзі оқушылардың бойында көптеген мүмкіндіктер барын көрсетеді. Ол мүмкіндіктердің қуатты арнасы - ана тілі. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту өздерін қоршаған заттарды, қайда  отыр, не көріп отыр, не көрді, олар не үшін керек ,- деген сұрақтарға жауап беруден басталады. Әр сыныптың бағдарламасына сәйкес оқушылар жаңа сөздер үйренеді. Бара - бара сөздерден сөйлем құрап үйренеді.

Мұғалім оқушыларды бір-біріне сөйлеу мәдениетіне, сөйлеу мәнеріне, 'дауыс ырғағына, өзін-өзі үстау,  сөйлеушіні тыңдай білуге үйретеді. Оқушылардың өздеріне айтылған сөзді тыңдай білуі, оны түсінуі, бір - бірімен сөйлесе білуі, сұраққа жауап беруі, сұрақ қоя білуі - мұның бәрі олардың сөздік қорына, тілдің грамматикалық құрылысын дұрыс меңгеруіне байланысты. Осының нәтижесінде оқушылар бір-бірімен кезектесіп сөйлеуге жаттығатын  болады. Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл-ойы кеңейеді, адамгершілік эстетикалық тәрбие, бір-біріне деген достық қарым-қатынас мәселелері дұрыс жолға қойылады. Өзін қоршаған заттар, құбылыстар туралы білуге құмартуды, соларды бақылай білуге дағдыландыру балалардың өз ойын дұрыс айта білуіне, ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді.

Тіл дамыту- қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жас өскінді тіл өнеріне баулу, қазақ тілінің қыры мен сырын көркем етіп қанықтыра білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады. Тіл - бүкіл тіршіліктің алтын қазығы. Ғылымның, білімнің қай саласы болмасын ол тек тіл арқылы дамиды. Тіл дамыту - ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі . Оның күрделі болуының себебі бала тілін дамыту мектепте жүргізілетін қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне ғана байланысты болмай, оның жалпы басқа да сабақтарда, сабақтан тыс кездердегі сөйлеу әрекетіне тікелей байланысты.

Тіл - тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Әрбір халық өз ана тілінде асыл армандарын, әсем жан дүниесін, жақсылық атаулыға құрметін, жамандық атаулыға лағнетін жеткізіп отырған. Бастауыш сыныптарда оқытылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты- оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту.Төменгі сынып оқушыларының келешекте алатын білімімен тәрбиесінің деңгейі де көбінесе осы кезеңдегі тілі мен ойының даму дәрежесіне байланысты болып отыр. Оқушылардың тілін дамыту сауат ашудың бірінші сабағынан басталып, оқудың, грамматика мен емлені үйретуге арналған сабақтарда үзбей жүргізіліп отырады. Тіл дамыту жұмыстары үш саладан тұрады:

1) сөздік жұмыс;

2) сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс;

3) байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары;

Сонымен қатар тіл үйретуде бастауыш сыныптарда қолданылып жүрген бірнеше әдістерді қарастыруға болады:

Көрнекілік әдіс- сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Сабақта сурет, заттар, ойыншықтар көрсету, оларды талқылау арқылы жаңа сөз үйрену. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Бастауыш сыныпта оқушыларға көрнекі құрал ретінде заттың өзін пайдаланған жөн.

Сөз-сөйлеу әдісі - мұғалімнің сөйлеу әдісі негізге алынады. Әрбір жаңа сөзді меңгеру, сөздік жұмысын жүргізіп отыру, диалогтық оқыту, сұрақтар қою, оларға жауаптардың әртүрлі нұсқасын таба білу, әр сөздің баламасын айтып отыру.

Осы жоғарыда айтылған тақырыбым бойынша бастауыш және орта буын сыныптарында жүргізілген жұмыс бойынша, оқушылардың сөздік қорын дамытудағы зерттеу жұмыстарының нәтижесін төменде көрсетілген диаграммадан байқауға болады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!