жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сын тұрғысынан ойлау. В есебі

Тулеманов Курбанбек Абдибакиевич В-есебі
«Жаңа дала » жалпы орта мектебі
І-топ
«Сыни тұрғыда ойлауға үйрету» модулін ықпалдастырылған сабақ жоспары.
3 «Б» сыныбына Дене шынықтыру пәнінен «Ойынды қабылдау техникасын үйрену» деген тақырыпта сабақ өттім. Сапқа тұру,жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру.Қауіпсіздік ережесімен танысу. Саптық жаттығулар-бір орындағы бұрылыстар. Сабағымды оқытудағы түрлеше жаңаша тәсілдерді пайдаландым. Ең алдымен алдын ала дайындалған «Топтық ереже» , «Бағалау критерилері», «Табыс критерилері жазылған » қабырға газеттерін іліп қойдым. Сабақ өту барысында әр топка ережені сақтауларын қадағалауларын ескерттім. Сыныпта жақсы көңіл-күй орнату үшін сергіту сәті «Тілек әдісі» арқылы бір –біріне тілектерін айтады.Бүгінгі сабақты оқушылар көтеріңкі көңіл күймен бастасын деген ниетім болатын. Оқушылардың көңіл күйлері көтеріліп бір жадырап марқайып қалғанын көріп қуанып қалдым.
Жаңа сабақты бастамас бұрын «Ой ашар» әдісі арқылы өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойдым. «Кім шапшаң?» әдісі бойыншасыныпты екі топқа топтастырып , қимылдау шапшаңдығы бойынша араласып орналасады да допты жоғарыдан беру арқылы, ең соңындағы оқушы алға ұарау допты алып мәреге келу керек болатын.
|
«Жүйрік» тобы |
«Сұңқар»тобы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|

Оқушылар топта бір-бірімен талқылап түсіндіріп, ойларын жинақтап тақырыпты толық түсіндіруге тырысты. Жаңа сабақты қаншалықты деңгейде меңгергенін тексеру үшін топтық бағалау кезңнде байқалып жатты.
Оқушылар дискрипторлы бағалау бойынша топтар өзара бір-бірін бағалап отырды.
Сабағымның құрлымы бойынша сәтті өткен тұстары: ең сәттісі «Кім шапшаң?» әдісі.Оқушылар қызығушылықпен бір-бірмен бірлесіп жұмыс жүргізді. Оқушылар тек қана білім алып қана қоймай ,олардың сын тұрғысынан ойлауға бағытталған түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орынумен шектелмей , өздері түрліше тәсілдерді ұсынып отырды.
Сергіту сәтінде «Күн нұрын төгеді ............» ойыны арқылы оқушыларды сергітіп алдым.
Сабағының сәтсіз тұстары да болды.
*Уақыттың шектеулі болуы.
* Шапшаңдықтары баяу оқушылармен жұмыс жүргізу.
Сабақ соңында оқушылар «Смайликтер» әдісі бойынша сабаққа кері байланыс берді. А деген оқушым: «Менің жұлдызды сәтім деңгейлік тапсырма . Достарыма Тау суындай таусылмас білім тілеймін » . Е деген оқушым:Ой ашар сұрақтары қызық болғанын. Құрдастарыма таудай биік болсын талабың » деген кері байланыс берді.
Алдағы уақытта : Сабақ барысында уақытты үнемді пайдалануға қадағалаймын . Тапсырманы орындау кезінде әрбір секунттың маңызды екеніне көзім жеті. Әр сабағымда оқушылардың білімін жетілдіруге 7 модулді зерттей келе сыни көзқарасын қалыптастыруға және ойлау логикасын дамытуға ат салысамын .
Тулеманов Курбанбек Абдибакиевич В-есебі
«Жаңа дала » жалпы орта мектебі
І-топ
«Сыни тұрғыда ойлауға үйрету» модулін ықпалдастырылған сабақ жоспар
Дене шынықтыру пәнінде «Бір орында ұзындыққа секіру» тақырыбында сабағымды бастап, оқушылармен бірге психологиялық дайындық жүргіздім. Шаттық шеңберін орнату арқылы оқушылар бір –біріне бүгінгі күнге сәттіліктер , жақысы тілектерін білдірді. Сапқа тұру,жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру.Қауіпсіздік ережесімен танысу. Саптық жаттығулар-бір орындағы бұрылыстар. «Биле-биле»әдісімен оқушылар денлерін қыздыру мақсатында түрлеше бағыттағы жаттығуларды орындайды. «Атом-молекула »әдісімен сыныпты 2 топқа топтастырдым. «Ой ашар» тәсілімен үй тапсырмасын пысықтадым. Оқушылар өзін-өзі БЛОБ ағашы әдісімен бағалайды
«Атом-молекула»әдісі бойынша сыныпты 2- топқа біріктіріп.
Оқушыларды 2-лекке бөліп жүгіру жолдарға тұрғызып СТАРТ айтылғанда
іске кіріседі. «Суреттері
көрсетіледі»
әдісімен.
1-топ. «Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру».
2-топ. «Тізені көтеріп жүгіру».
Марапаттау сөздерімен бағалау.

Нәтижесінде оқушылар топта бір-бірімен талқылап , түсіндіріп ойларын жинақтап түсіндіруге тырысты. Жаңа тақырыпты қалай меңгергенін , түсінгені туралы бір-бірінің қателіктерін айту арқылы білдім. Оқушылар өзін-өзі мадақтау сөздермен бағалап отырды. Сабағымның құрлымы бойынша сәтті өткен тұстары: «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы сабағым қызықты болды.Оқушыларға тақырып бойынша логикалық тапсырмаларда бердім. Оқушылар мадақтау бойынша топтар өзара бір-бірін бағалап отырды.
Сабағымның сәтсіз болған тұстары:
* Уақыттың шектеулі болуы .Әрбір әдіс- тәсілдерді қолдану кезінде уақыттың көп кетіп қалуы.
* Баяу қимылдау арқасында уақытты көп алуы.
Жалпы сабақ құрлымы толық қамтылды . Жоспарымның орындалмай қалған тұстары болмады деп ойлаймын .
Сабақ соңында «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша окушылар кері байланыс орнатады.Оқушылар стикерге жазып жабыстырады. Ұ деген оқушым «Қарсылас топтан кеткен қателіктерді әділдікпен шешуді » , Н деген оқушым «Мәре сызығына жетпей бұрылып кетуін», С деген оқушым тақырыптан ауытып «Неге Антарктида тек мұздан құралған » деген қызықты сұрақтарын қойған , басқада оқушылар өздеріне не түсінікті болған тұстарына стикермен жабыстырып отырды.
Болашашақта мен уақытты үнемдеуге , оқушыларды ширақ қимылдауға, жылдам ойлап түсінуге бағыттаймын. Оқушылардың бойында сыни ойлауға көзқарастарын қалыптастыруға , сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданылатын дағдыларын қалыптастырамын.
Тулеманов Курбанбек Абдибакиевич В-есебі
«Жаңа дала » жалпы орта мектебі
І-топ
«Сыни тұрғыда ойлауға үйрету» модулін ықпалдастырылған сабақ жоспары.
«Сыни тұрғыда ойлауға үйрету» модулін сабағыма енгізу мақсатында 3 «Б» сыныбына «Дене шынықтыру» пәнінде Шағын допты нысанаға және қашықтыққа лақтыру тақырыбында сабақ өттім. Сапқа тұру,жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстырдым.Қауіпсіздік ережесімен танысады.. Саптық жаттығулар-бір орындағы бұрылыстарды орындайды. Оқушылармен психологиялық дайындық жүргізіп «Шаттық шеңберін » құру арқылы оқушылар бір-бірімен әлем халықтары бойынша амандасып , жақсы тілектерін айтты.Допты басбалдақ тәсіл бойынша 2-топқа біріктірдім.
|
«Мерген» тобы (1-топ) |
«Ұшқыр» тобы (2-топ) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
.

«Ой ашар» әдісі бойынша үй тапсырмасын пысықтадым, өте қызығушылықпен жауап берді.Жаңа сабақты «Мерген » әдісі бойынша 2-топқа тапсырма бөліп беріп тұжырымдамалы карта арқылы қорғады.
1. Топтарды сапқа тұрғызып, жаттығулардың техникасы туралы түсіндіру және оны көрсету.
2.Лақтыру бағытына қарап тұрып,кіші допты лақтыру.
3.Осы жаттығуды оңға жартылай бұрылып тұрып орындау.
4. Осы жаттығуды лақтыру бағытына бүйірін қаратып тұрып орындау.
5.7-13 қадамдай қашықтықтан
жүгіріп келіп кіші допты алаңға
лақтыру


Әр команда жіберген қателіктер мен кемшіліктерін талдауға қатысып,өз ойларымен бір-бірімен бөлісіп талқылайды.
Оқушылардың өздері оқып үйренгенін, оқулықтағы материалдарды игергенін тексеру мақсатында 2-топқа екі сұрақ жазылған парақтарды ұсынуға бердім.Жылдамдық таныту арқылы сұрақтарға тез жауап беруді талап етті.Оқушылар дискрипторлы бағалау бойынша топтар өзара бір-бірін бағалап отырды. Сабағымның құрлымы бойынша сәтті өткен тұстары : Жаңа сабақты түсіндіру кезіне ширақ қимылдап , ізденімпаздылығы өзара іс-әрекеттері мен ұйымшылдығы ерекше көзге түсті..
Сабағымның сәтсіз тұстары : Уақыттың шектеулігіне қарамастан баяу қимылдауы, сұраққа жауап беру сәті болды. Жалпы алғанда жоспардың орындалмай қалған тұстары болмады. Жаңа тақырып бойынша қалай меңгергендігін білу мақсатында оқушыларға «БЛОБ АҒАШЫ» таратып , суреттерді бояу арқылы белгілеп берді. Болашақта нені дамытамын: Оқушылырға тек қана білім беріп қана қоймай олардың білімдерін дамытатын барлық модулді және әдіс-тәсілдерді пайдаланып білімдерін жетілдіру болды. Әр сабағымда санаулы уақытты тиімді пайдаланып , оқушыларды жылдам ойланып , ширақ қимылдаудың маңызды екенін ұғындым.Оқушы бойында сыни көзқарас қалыптастыру, сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданылатын дағдыларды жүзеге асырамын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген