Сындарлы оқу теориясыда АКТ ның тиімділігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сындарлы оқу теориясыда АКТ ның тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
АКТ- оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Қәзіргі қоғамда оқу тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог - ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірібесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Келген кезде мектепті қысқа, орта мерзімді жоспарларымен таныстыра отырып, өз жұмысымды оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етуді жөн көрдім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсіндірме А есеп: 1500 соз

Мен Исмаилова Дилдора 2016 жылғы 28 наурыздағы «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасының 1-ші айын тамамдап, іс-тәжірібеден өту үшін өзімнің мектебім №112 Б.Садықов атындағы негізгі орта мектебіне келдім. Мұғалім – жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулап, жақсылыққа тәрбиелейтін білім беретін тұлға. Қәзіргі қоғамда оқу тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог - ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірібесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Келген кезде мектепті қысқа, орта мерзімді жоспарларымен таныстыра отырып, өз жұмысымды оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етуді жөн көрдім.

АКТ- оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр (МАН 71- бет)

Мен тізбектелген төрт сабағымды, Сындарлы оқу теориясы бағдарламасының 7 модульдің ішіндегі оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануды алдым. Сол себепті оқушылардың барлығы дерлік АКТ-ны меңгеру керек деп ойлаймын. ХХІ ғасырдың ақпараттық мәдениетінің дамуы білім алуда өте маңызды рөл атқарады, оның себебі – ғылыми техникалық ақпараттың көлемі екпінді өсіп барады. Ақпараттық технологиялардың барлық жаңалықтарын алдағыларынан болып балалар қабылдайды, сондықтан балалардың жоғары танымдық қызығушылығынан пайдалана отырып, олардың жеке тұлға ретінде дамуын қалыптастыру қажет. Ақпараттық-коммуникациялық технологи (АКТ-компьютер, интерактивті тақта ғаламтор, ноутбук) оқушының оқуға ынтасынарттырады және оқу материалдарының мазмұнын көрнектілігі, түсінікті, қызықты етеді; Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсиби мәдениеттілігіне мұхият қарайтын дауір. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалануы арқылы білім берудің жетілдіруді көздейді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050» атты Қазақстан халқына жолдауында «осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, парасатты экономиканы дамыту.» Сонымен қатар, бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу қажеттігін баса айтты.

Менің биология пәні бойынша бірінші сабағым «Экология негіздері» Оқушылармен «Бірге ән айту» арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, шарттар бойынша «Ағаштар», «Гүлдер», «Теңіздер», «Жануарлар» болып 4-топқа бөлінді. Топ ережесін оқушылармен ойлана отырып, құрастырып болған соң, тақырыпты ашпас бұрын, қызығушылықты ояту кезінде оқушылардың бастапқы білімін жаңа біліммен ұштастыру мақсатында оқушыларға ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдаландым, (АКТ) – да «Қазақстан экологиясын » слайд түрінде көрсеттім. Осы бейне үзіндіні көріп болған соң оқушыларға сұрақ қоя бастадым. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айта бастады. Сабақтың тақырыбын өздері ашты. Әрине жеңіл сұрақтар қойған кезде оқушылардың басым көпшілігі қиналмастан жауап берді. Ал күрделірек сұрақтарға ауысқанда бақылай келе, түрлі мәліметтерді саралап, топ ішінен белсенді оқушылар өздерін көрсете бастады.

Постермен жұмыс жасату кезінде әрбір оқушым шын көңілмен жұмыс жасайтынын аңғардым. Топтар бойынша тақырыпшалар бөлінді, оқуға, түсіндіруге, түсінгендерін постерге түсіруге уақыт берілді. Әр топ берілген тапсырманы уақытылы орындауға тырысты. Олар бір-бірлерімен ақылдаса отырып постерге керемет дүние түсірді.

Тапсырманы орындаған топ «үш шапалақ» арқылы белгі беріп отырды. «Ағаштар» тобы - «Экология», «Теңіздер» тобы - «Экологияның түрлері», «Гулдер» тобы – «Экологияның бұзылу себептері», «Жануарлар» тобы «Проблемадан шығу жолдары» туралы постерлерін қорғап шықты.

Тапсырмаларды орындаған кезде менің байқағаным күнделікті сабақта мүлдем үндемейтін Юлдашов Сардор есімді оқушым бірінші болып тапсырманы орындады. Яғни ол топтық тапсырмаларды орындауды ұнататынын байқадым. Сардор өзінің қабілетті екенін көрсетті. 4 сабақтың нәтижесінде ол ашылып, алғыр оқушылардың қатарына қосылды. Және де оны тапқырлық, кошбасшылық қабилеттерін, интернет желісімен жақсы жумыс жасайтынын байқадым.

Ынтасы төмен оқушылардың өздері де өздеріне жүктелген жұмыспен айналасуына жауапкершілікпен қарағанын көрдім, яғни берілген тапсырмалар бойынша топта жұмыс жасап жатты. Әрине бағыттаушы ретінде оқушыларға нұсқау жасап отырдым. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді. Ақпараттық – коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Біріншіден әр топ өз топтарының атын постерлерде қорғап, бірін – бірі бағалады. Сонымен қатар өз – өзін әділ бағалауды үйренді деп ойлаймын. Осы сабақта топтық тапсырмалар интербелсенді тақтада слайд арқылы көрсетілді. Бұл жерде мұғалім жеке – жеке айтып шықпай, балалардың назарын тақтадағы көрсетіліп қойған тапсырмаға аударады, міне бұл да мұғалімнің уақыты тиімді пайдалануға септігін тигізеді.

Оқу материалдардың суреттерін слайд түрінде көрсетуге, тиімділігі жағынан маңызды болады. Мәселен сабақтың тақырыбын оқушылардың өздері ашып, тақырыпты айтуға мүмкіншілігі мол. Оқушыларға такырыпты ашу мақсатында «Сұлу табиғат»қа арналған слайдтар көрсетілді. Олар бірден сөз табиғат туралы баратынын білді.

Оқушылар такырыпты ашкан соң Экологияның бұзылу себептері? Экологияның түрлері? деген сұраққа жауап табу ушин оқушылар топпен жұмыс жасайды. Топ болып не көргендерін не түсінгендерін постерге жазып оны қорғайды.

АКТ оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютер, интерактивти такта арқылы жүргізу – үрдісін белсендіруге, проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге, оқушының өзін – өзі бақылауына мүмкіндік туғызады әрі оқушы ерекшелігін ескере отырып оқытуды жүзеге асырады. АКТ – ны енгізген кезде, теориялық тәжірибелік білімдердің бір тұтастығы олардың тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үрдістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады (мұғалімге арналған нұсқаулық 62 бет) Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрлысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұхият ойластыру қажет. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың талаптары:

-ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен жұмыс істей білуге үйрету;

- биология пәніне деген қызығушылығын тудыру;

-өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға жауапкершілік пен қарауға, шығармашылық пен жұмыс істеуге үйрету;

-өзіндік пікір, тұжырым, түсінік келтіру;

-дайынды көшіріп алмай, салыстырмалы жұмыс істеу;

-пікірін, тұжырымын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;

Жоғарыдағы айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:

-мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізу, компьютерлік сауаттылығы;

-сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;

-білім мен тәрбиенің бірізділігі;

-сабақтың жүйелілігі;

-әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру;

-әр сабақта интерактивті тақта мүмкіндіктерін кең түрде пайдалану;

-өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;

-оқушылар пікірлерімен санасу, ерекше идеяларға қолдау жасау;

-үйге берілетін тапсырманың уақытылы және нақтылы берілуі;

-бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;

Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәреже де ұстай алады.

Сабақта ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыру, дамыта оқыту идеясын жузеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өзіндік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Мугалим АКТ қолдану арқылы әр түрлі сабақтарда презентациялар дайындап интерактивті тақта да мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.

Оқушылар бұл ұғым туралы не білетіндігі жайлы жарыса жауап берді. Жаңа сабақты өтпей жатып оқушылардың 80% сабакты білетінін байқадым. Яғни елбасымыз ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры деп бекер айтпаған сияқты.

Себебі біздің жастар ХХІ – ғасырдың жастары емеспе? Жалпы экология туралы қандай сұрақ қойсам да қиналмай жауап беріп жатты. 4 – топта постерлерде еркін сөйлеп, мүдірместен қорғады.

Саида есімді қызым барлық сабақтан тек «5» деген бағамен оқиды. Оның бойынан мен дарындылықты, ептілікті, ұқыптылықты байқадым. «Багдаршам» арқылы бірін-бірі бағалады. «Экология негиздери» тақырыбын электронды оқулықта көрсетіп, сондағы тапсырмаларды, тесттерді орындадық.

Мысалға

  • Бір үй салу үшін сол жердің 25 түп ағашын кесіп тастады.Сондай 10 үй салу үшін қанша ағаш кесіледі және ол жердің табиғаты қалай өзгереді?

Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады сондықтан, өзін-өзі тексеру жүйесі оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланысын алмастырады. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады, белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсетеді, айтады және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарды еске түсіру зор ықпал етеді. Әр оқушы қажет жағдайда үйдеде өз бетінше жұмыс жасай алады және анимацияларды көре отырып меңгерілуі қиын тапсырмаларды есте сақтай алады.

Өз сабақтарымды электронды оқулықтарды және мнтербелсенді тақтаны үнемі пайдаланып отырамын. Биология сабағында оқушылар жеке – жеке компьютерлердеде жұмыс жасайды. Электрондық оқулықты пайдаланады, тест тапсырмаларын орындайды. Көп сабақтарды оқушыларға қызықты болуы және де уақытты үнемі пайдалану үшін мен интербелсенді тақтада призентация арқылы сабақ өтемін. Оқушылар берілген тапсырмаларды ғаламторда пайдалана отырып рефераттар жазады. Ақпараттық коммуникативті технология баланың сабақ ұйренуге, білімге деген қызығушылығы мен құштарлығы оянып, белсенді дүниетанымы дамып және өзіндік жұмыс жасау аясын кеңейтуге жағдай жасайды.

Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

-Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

-Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

-Оқушылардың барлығын сабаққа қатысуға мүмкіндік туады;

-Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;

-Тіл байлығын танытады;

-Өз ойын жеткізуге, жан – жақты ізденуге үйретеді;

-Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді;

-Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

Менің осы әдісті пайдалану барысындағы түйгенім: Баланың өсіп - дамып жетілу үдерісінде жас ерекшілігіне сәйкес дұрыс тәлім – тәрбие, бағыт – бағдар бере алсақ, сонда ғана жан – жақты дамыған, өз ойын ашық айта алатын, ізденімпаз жеке тұлғаны қалыптастырамыз деген менде ой пайда болды. Сол себепті де барлық оқушылардың ой өрісін кемелдендіру үшін оларға «сын тұрғысынан ойлауға үйрететін» әдіс – тәсілдерді көбірек пайдалануымыз қажет.

Енді келесі жолы бір сарында өтетін тақырыпты меңгертуде тек пәндік білім беріп қана қоймай, оқушылардың информатикалық сауаттылығын арттыра отырып, логикалық есептер, топтық жұмыстарды қорғауда шығармашылыққа баулуда осы стратегиялардың орны ерекше деп білемін.

Келешектегі мақсатым: Жеті модуль идеяларын терең меңгеріп, оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді сабақтарымда тиімді қолданып, оқушыларды заман талабына сай қоғамға пайдалы, алған білімдерін өмірде, басқа жерлерде пайдалана алатын, өзін – өзі бағалай алатын тұлға қалыптастырады.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2017
803
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі