Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыңғырла, соңғы қоңырау атты соңғы қоңырау салтанаты барлық ұстаздарға қажетті ашық тәрбие сағаты деп ойлаймын, сондықтан өз іс-тәжірибеммен бөліскім келеді. бұл материалда мектепте соғылатын қоңырау үнін соңғы рет естігелі отырған 11 сыныптың түлектеріне арнлаған тақпақтар, арнаулар, өлең жолдары қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы
  • Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар және қонақтар!

Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн.
Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді құрметпенен қол соғып қарсы алайық.
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Қарсы алыңыздар 11 «
А» сынып оқушылары.

Сынып жетекшісі: Шортанова Жадыра Рахымовна

Сыныпта 10 оқушы.
Олар:

Армиянова Ақерке- алтын белгіге үміткер, аудандық физика пәні олимпиадасының жүлдегері.

Ахметов Алмаз-«Тұғыл жастары» жайдарман командасының мүшесі, облыстық, республикалық жайдарман ойындарының жүлдегері.

Болатов Елдар- қазақстан ұстаздары қоғамымен ұйымдастырылған қашықтықтан республикалық технология пәні бойынша олимпиаданың 1 орын иегері.

Зейнатоллаева Диана-оқу екпіндісі, химия пәні бойынша аудандық олимпиаданың 2-3 орын жүлдегері.

Интин Ануар-сынып белсендісі, мектепішілік сайыстардың белсенді қатысушысы, спорттық ойындардың жүлдегері.

Исенов Елдар-«Тұғыл жастары» жайдарман командасының командирі, облыстық, республикалық жайдарман ойындарының жүлдегері, «Патриот» төсбелгісінің иегері.

Қабдуашева Ақжан-оқу екпіндісі, бірінші халықаралық балалар фестивалінің лауреаты, облыстық «Жаса жайна Қазақстан» атты патриоттық әндер сайысының 1 орын иегері.

Миратұлы Қуаныш-аудандық волейбол, баскетбол ойындарының 1,2 орын иегері, облыстық қол күрес сайысының 3 орын иегері.

Нұртасова Диана-оқу екпіндісі, аудандық Абай әндерінің 2,3 орын иегері, аудандық патриоттық әндер сайысының бас жүлде иегері, белгілі компазитор Серік Шөкеновты еске алуға арналған сайыстың гран при иегері.

Ракишев Жәнібек- мектепішілік сайыстардың белсенді қатысушысы, спорттық ойындардың жүлдегері.
11 «Б» сынып оқушылары

Сынып жетекшісі: Қанапиянова Гүлнұр Бегаловна

Сыныбында 9 оқушы.
Олар:

Муратов Мухамед-алтын белгі үміткері, аудандық физика пәні олимпиадасының 2 орын иегері, республикалық ағылшын тілі пән олимпиадасының 1 орын иегері, республикалық ағылшын тілі пәнініен ұлттық олимпиадасының жеңімпазы.

Нұрахмет Толғанай-оқу екпіндісі, аудандық ағылшын тілі пән олимпиадасының 3 орын иегері, республикалық ағылшын тілі пән олимпиадасынң 1 орын иегері, ағылшын тілі пәнінен қашықтық олимпиадасының 1 орын иегері, аудандық геграфия пән олимпиадасының 3 орын иегері.

Келсінбеков Елдар-оқу екпіндісі, аудандық спорт жарыстарынан, волейбол, баскетболдан мектеп намысын қорғап жүрген үздік ойыншы.

Қасымбекова Аяулым-үздік аттестатқа үміткер, аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының 1,2 орын иегері, аудандық Қанипа Бітібаева қазақ тілі пән олимпиадасының 2 орын жүлдегері, Оралхан Бөкей шығармашылық байқауының 2 орын иегері, аудандық волейбол спортының 2 орын иегері.

Әділханов Дулат-аудандық волейбол ойындарының жүлдегері, спорттық жарыстардың жүлделі орындарының иегері.

Еркін Айсымбат-аудандық Абай оқуының 1 орын иегері, биология пәні бойынша аудандық пән олимпиадасының3 орын иегері, «Шабыт» фестивалінің гран при иегері, «Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры!» атты республикалық байқауының 2 орын иегері.

Асқаров Аслан- сынып белсендісі, аудандық, мектепішілік спорттық ойындардың жеңімпазы.

Нұрмұхамбетова Айым-оқу екпіндісі, аудандық тарих пән олимпиадасының 3 орын иегері, Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пән олимпиадасының 3 орын иегері., Мұқағали Мақатаев оқуының 3 орын жүлдегері.

Ерболатов Досжан-аудандық спорттық жатыстардың жеңімпазы.
(11 сыныптан үш оқушы туға кеп тұрады)
- Мектеп түзел, тік тұр

Мемлекеттік туға сап түзе (10 сыныптар келіп туды қабылдап алады)

(рапорт береді)

(Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады)

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар!
Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл – сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз. Бұл жыл сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл. Биыл,
қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл! Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласы қалыптасқан 20 жыл. Бүгінде қазақ елінің елордасы болуымен қатар халықаралық алқалы жиындардың да ордасына айналған Астанамыздың мерейі тасып, беделі асқақтай берсін деп тілейік! Тарбағатай ауданына 90 жыл. Тарихи белеске толы жыл қарсаңында мектебіміз тағы бір түлектерін үлкен өмірге қадам бастырғалы отыр.
- Олай болса, бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныстырып өтейін
1. ................................................................................................
2. ........................................................................................
- Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар!
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынның алғашқы сөзін мектебіміздің директоры Усабаева Зауре Асқарқызына береміз.
- Келесі сөз кезегі (аудан)....................................беріледі

- Келесі сөз кезегі (әкім).................... ...............беріледі

- Әлі есімде әліппені ашқаным
Есімінді есте мәңгі сақтадым

Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып

Деп түлектердің алғашқы ұстаздарының бірі

Сулейменова Әсем Еркінқызын ортаға шақырамыз.

- Ата – ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп
Ата – аналар атынан тілек сөз бүгінгі күні баласын тұңғыш мектеп табалдырығынан ұшырғалы отырған ата-ана
Нұрахметова Әлияға беріледі.

- Үлкен өмірге қадам басқалы отырған түлектерге сәтті сапар тілеу үшін сөз мектеп президенті Ерболатов Шыңғыс Ерболатұлына беріледі.
-Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз – ғалым, толастамас мәнгі сын
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкірттерін алғысын
-дей келе
мектеп түлектеріне сөз кезегін берейік
- Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен білімнің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
Білімнің алтын кілтін 11 сыныптың алтын белгіге үміткер оқушылары
Армиянова Ақерке мен Муратов Мухамед тапсырады.

Білімнің алтын кілтін қабылдап алатын 10 сыныптың үздік оқушылары

Қайырбекқызы Анарай, Қабденова Әсел

Аталаған оқушыларды ортаға шақырамыз.


- 2017-2018 оқу жылының қорытынды аттестаттау бұйрығымен таныстыру үшін сөз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ниғметжанова Нурзия Амантайқызына беріледі.

- Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер!
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
Бәрі – сын, араласаң, өмір аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың
Соңғы қоңырау соғу рәсімі үздік аттестатқа үміткер
Қасымбекова Аяулым мен талантты оқушы Ахметов Алмазға беріледі.

- Құрметті түлектер!
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт – сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
- Түлектердің қанаттары талмасын
Көк аспанда қыран болып самғасын
Ақ жол тілеп, барша мына ұл қызға
Ата – ана ақ батасын арнасын –

Дей келе, үлкен өмірге қадам басқалы отырған түлек, «Жайдарман» ойындарының үздік ойыншысы Ахметов Алмаздың апасын немересі мен оның сыныптастарына ақ жол тілеп, ақ батасын арнау үшін ортаға шақырамыз.

-Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар, бүгінгі күн түлектердің күні болса, ертеңгі орын басар бұл бастауыш буыннан орта буынға қадам басқан 4 сынып түлектері. Сондықтан қошеметпен 11 сынып түлектерін шығарып салу және 4 сынып түлектерін қарсы алу рәсіміне көшейік.
- Құрметті жас түлектер!
Сәт – сапар сіздерге. Алдағы мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан жоғарғы көрсеткішке ие болыңыздар. Еліміздің іргетасын берік ұстайтын болашақтың мықты тұлғалары болыңыздар. Сіздерге ақ жол және сәтті сапар тілейміз.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2018
604
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі