Материалдар / Шыңғыс Айтматов
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шыңғыс Айтматов

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал студенттерге қосымша жұмыс ретінде керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2020
224
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі








СӨЖ

Тақырыбы: Шыңғыс Айтматов «Боранды бекет»




Орындаған: Тоқтанқұнбай Арман
Тексерген:



Page 2


Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов (12.12.1928 жылы туған, Қырғыз
Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылы – 10.06.2008 жылы) – жазушы,
қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы,
Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының
академигі, Социалистік Еңбек Ері.
«Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары»,
«Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть
жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді.
«Көктөбедегі кездесу» (Қ. Мұхамеджановпен бірге) спектаклі көптеген
елдердің театр сахналарында қойылды. Айтматов жазушы М. О. Әуезовтың
мол салалы, кең арналы шығармашылығына ой айтқан «Ұстаз туралы сөз»
атты мақаласында (Біздің Мұхтар. – А., 1976) «Абай жолы» эпопеясының бас
кейіпкері – Абай тұлғасына тоқтала келіп: «Абай секілді ой-арманы азат,
шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ожар, топас тоң
мойын топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен
тазалық Абайды дүниежүзілік трагедияның шыңына шығарады…» - деп
жазды. Айтматов КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының, Лениндік сыйлықтың,
көптеген халықар. Сыйлықтардың лауреаты.
“Әшім” атты тұңғыш әңгімесі 1952 жылы жарияланды. Онан кейін “Аспалы
көпір” (1956), “Бетпе бет” (1957) тағы басқа әңгімелері жарық көрді.
Жазушыны алғаш әлемге танытқан таңдаулы туындысы әйгілі “Жәмила”
повесі (1958). Мұхтар Әуезов пен француз жазушысы, Луи Арагон осы
шығарма арқылы Айтматов дарынын жоғары бағалап, жүрек жарды пікір
айтқан. Жәмила бейнесі соны сымбатымен әрі жаңашыл, сезімтал, жігерлі
қасиеттерімен, өз бақыты үшін күресе білген батылдығымен, тал бойы мінсіз
сұлу нәзіктігімен оқырман қауымды баурап алды. Ол қырғыз әйелдерінің
жаңа буынының өкілі ретінде қабылданды. Осыдан кейін-ақ Айтматов
шығармашылығы ерекше құбылыс болып саналып, оның қаламынан туған
әрбір туындысы әлемдегі мың-сан оқырман асыға күтіп, қолдан-қолға
тигізбей оқитын құрметке ие болды.
Ш.Айтматовтың 20 астам шығармасы экрандалып, басқа да көптеген
шығармалары сахнада ойналды:
Қазақ академиялық драма театрында «Ана-Жер-Ана» (1964 ж, реж.
Ә.Мәмбетов)
Мәскеудегі жастар театр студиясы «Буранный полустанок» (1980 ж. реж.
В.Спесивцев)


Page 3

П.А.Ойновский атындағы Якутия академиялық драма театры «Желанный
голубой берег мой» (1982 ж. Реж. А.Борисов)
В.Спесивцев атындағы Мәскеу эксперимантальды театры «Тавро
Кассандры» (2007 ж.)
Бішкектегі Ш.Айтматов атындағы драма театры «Қызыл алма» (2009
ж.реж.Н.Асанбеков)
Мәскеудегі Пушкин атындағы театрда «Материнское поле» (2012
ж.реж.С.Землянский)
Геннадий Чихачёв театры «Плаха» (2013ж.Г. Чихачёв)
2010 жылы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының сахнасында Шыңғыс
Айтматовтың «Ана жер Ана» спектаклін сахналаған Қазақ еліне есімі белгілі
театр режиссері,Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың
лауреаты Қуандық Қасымов, бұл қойлымды жаңа бағытта,жаңа форматта
сахналап өзіндік ерекше қолтаңбасымен көзге түсті. Жаңа форматта
қойылған бұл спектакль қырғыз бен қазақ көреремендерінің жүрегіне жол
тапты. Спектакльде Толғанайдың ролін Қазақстанның халық артисі Мәкен
Рахымжанова орындап елдің ыстық ықыласына бөленді. Спектакль театр
репертуарында әлі күнге дейін жүріп келеді.
50 жыл бұрын сахналанған «Ана-Жер ана» қойылымының режиссері, театр
тарланы Әзірбайжан Мәмбетовтың ізбасары жас, талантты режиссер Дина
Жұмабаева трагедияны қайта түлетті. 2014 жылдың қазан айында Маңғыстау
облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында
Ш.Айтматовтың елу бір жыл бұрын жазылған «Құс жолы» повесі бойынша
сахналанған «Ана-Жер ана» қойылымының премьерасы ХІІ-ші маусым
шымылдығын ашты.
Шығармалары шет елдерге де кеңінен танылды. Айтматов қаламынан туған
әрбір шығарма адамзаттық көкейкесті мәселелерді қозғауымен,
сыршылдығымен, шыншылдығымен, жаңашылдығымен ерекшеленеді.
Айтматов туындылары түгелдей дерлік қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен
бірге француз, неміс, жапон, араб, түрік, парсы тағы басқа дүние жүзінің
көптеген тілдеріне аударылды. Айтматов “Тау мен дала хикаясы” атты
шығрамалар жинағы үшін 1963 жылы Лениндік сыйлық алды. “Қош бол,
Гүлсары” (1967), “Ерте кеткен тырналар” (1975) повестері, “Боранды Бекет”
романы (1980) үшін үш мәрте (1968, 1977, 1983) КСРО Мемлекеттік
сыйлығының иегері болды. “Шынарым менің, шырайлым менің” (1960),
“Алғашқы ұстаз” (1962), “Ақ кеме” (1970) повестерінде Айтматов
замандастарымыздың түрлі мінез болмысын, жастардың шынайы
махаббатын, адам бойындағы мейірім мен қатыгездіктің табиғатын толғана


Page 4

суреттейді. “Ана– Жер ана”(1963) повесінде қырғыз халқының Отан соғысы
жылдарындағы басынан кешкен қасіретін, қайғысын, сол ауыртпалықты
көтере білген рухы биік Толғанай бейнесін шыншыл да, асқан шеберлікпен
сомдаған. “Ана–Жер ана” спектаклі ең алғашқы рет Алматыда, Мұхтар
Әуезов атындағы академиялық драма театрында табыспен қойылды.
Адамзаттың Айтматовы аталып кеткен, заманымыздың заңғар жазушысының
кейінгі “Жанпида” (1986), “Кассандра таңбасы” (1995) романдары
философиялық тереңдігімен ерекшеленеді. Өмірдің сан қатпар сыры мен
қырына үңілген, соның болмысын ашып көрсетуге бой ұрған зерделі зерттеу,
пайымдауы мен тың, тосын көркемдік кестесімен қызықтырады. Оқырман
назарын адамгершілік мінез құлықтың толғақты мәселелеріне аударады.
Айтматов шығармалары бойынша көптеген көркем фильмдер түсірілді.
Бірсыпыра шығармаларының желісімен жасалған драмалық туындылары
/“Шынарым менің, шырайлым менің”, “Боранды бекет”/, қазақ драматургі
Қалтай Мұхамеджановпен бірігіп жазған “Көктөбедегі кездесу” пьесасы
Қазақстанның республикалық, облыстық театрлары сахнасынан берік орын
алды. Қазақ ақыны Мұхтар Шахановпен бірігіп жазған “Құз басындағы
аңшының зары” атты эссе кітабы (1997) жарық көрді. Осы екеуі бірігіп
жазған “ Сократты еске алу түні немесе миғұла терісі үстіндегі сот” атты
пьесасы Қазақстанның Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен
жасөспірімдер театрында қойылды (1998).Сонымен қатар бұл шығарма 1999
жылы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының сахнасында «Сократ түні»
деген атпен қзақтың белігілі режиссері,Шыңғыс Айтматов атындағы
халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымовтың ,сахналауымен
дүниеге келіп,сол жылы өткізілген «Айтматов және Театр» атты
халықаралық театрлар фестивалінде төрт бірдей жүлдені иеленді: «Ең үдік
режиссура»(Қуандық Қасымов),»Ең үздік әйел образы» ( Гүлшат
Қыпшақова), «Ең үздік екінші пландағы образ» (Спандияр Мұқышев), «Ең
үздік эпизод» (Әнапия Ахмет). Айтматов бірсыпыра Еуропа елдері
академияларының құрметті академигі, бірнеше рет КСРО Жоғарғы Кеңесіне,
Қырғызстан Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланды. Айтматов ҚР
Президентінің 1993 жылғы Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының
лауреаты.[3]1997 жылы шілде айында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-
пәтерінде өткен Әуезовтің 100 жыддық мерейтойына арналған
конференцияны Айтматов басқарып, сөйлеген сөзінде улы жазушыға деген
өз сүйіспеншілігі мен ыстық ықыласын, талант қүдіретіне бағытталған ақ
ниетін білдірді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!