Материалдар / СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп өмірінде мұғалім — басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметінс қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол — сынып.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2021
438
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Шонанова Жанара Балтабаевна

Шымкент қаласы №30 жалпы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе.
Зейнолла Қабдолов


Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау,оны жобалаудың да маңызы ерекше. А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В.А.Сухомлинский де «тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші – сауатсыз күтушіге, педагогка – балгерлікке айналар еді» – дейді.Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады.Онсыз тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің өзі де болмаған болар еді.

Мектеп өмірінде мұғалім — басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметінс қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол — сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады,

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты — мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеугс барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.

Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік және дағдыларын беру процесі болады. Екіншіден, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметтендіру процесінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн. Ол мақсатты түрде адамның әлеуметтік дамуына жағдай тудыруды көздейді. Мұндай көзқараста баланың әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру басшылыққа алынады: оқу, еңбек, қарым-қатынас, ойын, практикалық әрекеттер т.с.с.

Сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды. Сондықтан, біз мұғалімдердің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасаған ықпалы туралы айтар болсақ, онда мұндай педагогикалық әрекетті — тәрбие жұмысы деп атаймыз.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

  Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеудің, соның негізіндс тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми-педагогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге біршама қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата-аналардың көзқарастарының өзгеруі, біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайы, қоғамның, құндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Болдырев Н.И. “Класс жетекшісі”. Алматы, “Мектеп” 1980 ж.

  2. Капралов Р. “Класс жетекшісінің жұмысы” Алматы, 1983 ж.

  3. Бастауыш кластардағы методика” Болдерев Петров. Алматы, 1980

  4. А.Н.Ілиясова “Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі” Алматы, 1991 ж.

  5. Мектептегі тәрбие жұмысы” В.М.Коротов, 1978 ж.

6. https://stud.baribar.kz/22221/synyp-zhetekshisininh-zhumys-isteu-baghytynynh-turleri/

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!