Материалдар / Сынып жиналысының хаттамалары мен баяндамалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып жиналысының хаттамалары мен баяндамалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жиналысының хаттамалары мен баяндамалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2024
236
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Shape1


І

1. Сыныптағы ұйымдастыру жұмыстары

2. Сынып белсенділерін сайлау





06.09.2024

ІІ

1. Мектеп аяжанымен сұхбат

2. «Тұмаудан сақтан» (баяндама)

3. Ағымдағы мәселелер




08.11.2024


ІІІ

1. «Құқықтық тәрбие» (баяндама)

2. Ағымдағы мәселелер.





10.01.2025



ІҮ

1. Мерекелік күндерді атап өту туралы

2. «Денең сау болсын десең...» (баяндама)

3. Ағымдағы мәселелер





28.02.2025


Ү

1. Жазғы демалысты ұйымдастыру

2. «Салауатты өмір салты» (баяндама)

3. Ағымдағы мәселелер





16.05.2025











Сынып белсенділері



Оқушының аты-жөні

Қоғамдық қызметі

1


Сынып төрайымы

2


оқу секторы

3


Қыздар төрайымы

4


Ұлдар төрағасы

5


Спорт секторы

7


Кітапханамен байланысшы

8


Тазалықшы

9


Тазалықшы

10


Шаруашылық секторы





























Хаттама №1

....... мектебінің 9 «А» сыныбында 07 қыркүйек 2024 жылы сынып жиналысы болып өтті.

Қатысуға тиісті – 20 оқушы

Қатысқаны – 20 оқушы

Күн тәртібінде:

1. Сыныптағы ұйымдастыру жолдары.

2. Сынып белсенділерін сайлау


Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекші ........................... сөз алды. Ең алдымен 2024-2025 жылғы оқу жылының ерекшелігімен таныстырып өтті. Оқу жылының ұзақтығы 2-11 сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды, 2-11 сыныптарда сабақтың ұзақтығы – 45 минут, 2024-2025 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Сабақ кестесімен таныстырылып, қосымша оқу жылының демалыс кестесімен таныстырып өтті.
Оқу жылының демалыс кестесі: күзгі –9 күн (2024 жылғы 26 қазан-3 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 12 күн (2024 жылғы 28 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі- 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда). Оқушыларды сабақтан себепсіз қалмауды, ауырып қалған жағдайда дәрігерлердің анықтамасы арқылы немесе ата-ананың қолхатымен келу керек екенін және мектеп формасының күнделікті сақталуын қатаң түрде ескертіліп айтылды.

Екінші мәселе бойынша сынып оқушыларының келісімі бойынша сынып белсенділері сайланды. Сынып төрайымы болып................, оқу секторы болып ................, қыздер секторының төрайымы ................., ұлдар секторының төрағасы ,,,,,,,,,,,,,,,,, спорт секторы С........................, кітапханамен байланысшы ......................., тазалықшылар ........................., шаруашылық секторы .......................болып сайланды. Әрбір сайланған сынып белсенділеріне өздерінің міндеттері мен атқаратын жұмыстары жайлы түсіндірілді.

Күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдай, талқылай келе Қаулы қабылдайды:

1. Сабақтарға өз уақытында қатысып, тапсырмаларды дер кезінде жіберіп отыруды қадағалау сынып жетекші мен сынып төрайымына жүктелсін.

2.Сайланған сынып белсенділері өз міндеттерін қатаң сақталсын.

3. Оқушылар ережесі және сақтық шаралары қатаң сақталсын.







Сынып жетекшісі:

Хатшысы:




Хаттама №2

........ мектебінің 9 «А» сыныбында 08 қараша 2024 жылы кезекті сынып жиналысы болып өтті.

Қатысуға тиісті – 20 оқушы

Қатысқаны – оқушы

Күн тәртібінде:

1. Мектеп аяжанымен сұхбат.

2. «Тұмаудан сақтан» (баяндама)

3. Ағымдағы мәселелер.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп аяжаны ..................апаймен кезекші топ сынып оқушылары әңгіме жүргізілді. ............... апай мектеп оқушыларының санитарлық-гигиеналық талаптарымен таныстырды. Аурулардың алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керектігін түсіндірді. Әрбір оқушының денсаулығы алдымен өзіне байланысты екендігі ескертілді. Жұқпалы аурулар туралы мағлұматтар беріп, олардан сақтану жолдарын түсіндірді. Мектепте де аурудың алдын алу үшін егу жұмыстарының жүргізілетіндігі, ондай жағдайда ата-аналарға ескерту жасалатындығы, оқушылардың дер кезінде егу жұмыстарын қабылдап тұру керектігі де айтылып өтті және сабаққа ауырған жағдайда бетпердемен келу керектігі, қолдарын үзіліс сайын қолды су сабынмен жуып, антисептикпен өңдеу керектігі айтылды.

Екінші мәселе бойынша сынып жетекшісі ......................... «Тұмаудан сақтан» деген тақырыпта баяндама оқыды. Баяндаманың мазмұны бойынша оқушыларға сұрақтар қойылып, кейбір түсінбеген сұрақтарына өзі жауабын берді. Тұмау және оның түрлері туралы жан-жақты мәліметтер берілді. Тұмаудан сақтану үшін қандай талаптарды орындау керек екендігі түсіндірілді.

Үшінші мәселе бойынша ағымдағы мәселелер қаралды. Оқу құралдарының ұстап-тұтылуын, мектеп және оқушылар ережесін қатаң есте сақтау керектігі ескертілді. Осы мәселелердің қаншалықты жүзеге асырылып жатқандығы айтылды. Қоңырау кезіндегі тәртіптің дұрыс болуы, әжетхана ережелері де назардан тыс қалмады. Тәртіпті оқушылар мен ережені бұзып жүрген оқушылардың аттары да аталып және қауіпсіздік, санитарлық талаптар мен сақтық шаралары да қоса ескертілді.

Күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдай, талқылай келе Қаулы қабылдайды:

1. Сынып оқушылары мен мектеп аяжаны арасында жүйелі қарым-қатынас қалыптастырылсын.

2. Тұмауды алдын алу шаралары қатаң сақталсын.

3. Қауіпсіздік ережелері қатаң сақталсын.

4. Сынып белсенділері өз міндеттерін ұқыптылықпен орындасын.

5. Оқушылар ережесі қатаң сақталсын



Сынып жетекшісі:

Хатшысы:

Тұмаудан сақтан


Тұмау дегеніміз не?

Тұмау – бұл вирус, өткір респираторлық инфекция, яғни тыныс алу жолдарының ауруы. Тұмау вирусы жұқпалы және адам ағзасына түссе өршіп кетуі мүмкін.

Тұмау вирусының белгілері:

дене температурасының көтеріледі – 39 ° C және одан жоғары;

дене қалтырайды;

әлсіздік пайда болады;

бұлшықеттер мен буындар ауырсынады;

бас ауырады;

көзден жас ағады;

адам жарыққа сезімтал болады;

тамақтың ауырады;

құрғақ жөтел пайда болады;

мұрыннан су ағады.

Кейде іштің ауыруы және диарея байқалады. Тұмау кезінде дене температурасының жоғарылауы бірнеше күнге созылуы мүмкін, дененің қызуы температура түсіретін дәрілердің әсерінен төмендемейді. Егер ауру асқынусыз болса, тұмау 7-10 күнге созылады. Осы уақыт ішінде тұмаудың белгілері біртіндеп жойылады, ал жалпы әлсіздік екі аптаға дейін созылуы мүмкін.

Тұмау вирусының түрлері

Басқа өткір респираторлық инфекциялар сияқты тұмаудың да жеңіл, орташа, ауыр және өте ауыр түрлері бар.

Тұмаудың даму себептері

Аурудың себебі – жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының тұмау вирусымен зақымдануы. Инфекцияның (аурудың) көзі тұмауға шалдыққан адам. Ауырған адам басқаларға  жөтел, түшкіру арқылы жұқтырады. Вирус сонымен бірге тұрмыстық заттар арқылы – майлық, тамақ  арқылы да жұғады.

Тұмаудың диагностикасы

Тұмаудың диагностикасы әдетте клиникалық тексеруге негізделген. Дене температурасы күрт көтерілген жағдайда мүмкіндігінше тезірек дәрігерден кеңес алу керек. Тұмаумен ауырған кезде дәрігердің қадағалауы өте маңызды, себебі асқынудың басталуын уақытында анықтауға мүмкіндік береді. Асқынулар температураның қайта көтерілуі, жөтелдің жоғарылауы және жалпы жағдайы біршама жақсарғаннан кейін қайтадан нашарлау сияқты белгілерде пайда болады және әдетте аурудың 4-5-ші күндерінде білінеді. Бұл жағдайда қосымша анализдер жүргізу керек.

Тұмауды емдеу және ауруды жеңілдету

Тұмауды емдеу күрделі, бірақ иммун жүйесі тұмаумен күресуде және денені қалпына келтіруде үлкен рөл атқарады. Сондықтан иммунитетті күшейту маңызды.  Терең демалу, көп сұйықтық ішу, алкоголь ішу және темекі шегуді тыйған жөн. Тұмау кезінде антибиотиктер ішу тиімсіз. Антибиотиктер тек екінші реттік бактериялық аурулар болған жағдайда ғана тағайындалады. Бірақ суық тию немесе тұмау белгілері байқалған кезде антибиотиктерді дәрігердің нұсқауынсыз қабылдау тұрғындар арасында кең таралған. Антибиотиктерді вирустарға қарсы қабылдау тиімді емес. Бұл бактериялардың антибиотиктерге төзімділігін арттырады.

Тұмаудың асқынуы

Тұмау вирусы тыныс алу жолдарының эпителий жасушаларына әсер ететіндіктен, аурудың асқынуы бактериялық ауруларға, соның ішінде бронхит, пневмония (өкпенің қабынуы), отит (құлақтың қабынуы) сияқты аурулардың өршуіне себеп болады. Жалпы,  тұмау науқастың созылмалы ауруларын күшейтуі мүмкін.


Тұмаудың алдын алу шаралары

Тұмаудың алдын-алудың тиімді әдісі – иммун жүйесін жыл бойы бабында ұстау. Иммунитетті күшейтудің әртүрлі әдістері бар, соның ішінде:

спортпен айналысу;

белсенді өмір салты;

дұрыс және уақытылы тамақтану;

Тағы бір негізгі медициналық әдіс – бұл вакцина. Тұмау маусымы басталардан 2-3 ай бұрын (әдетте қазан-қараша айларында) вирустың белгілі бір түріне (штаммына) вакцинация жасалады. Сондай-ақ эпидемия кезінде вирусқа қарсы препараттарды профилактикалық шара ретінде қолдану ұсынылады. Гигиеналық ережелерді сақтау, науқас адамдардан аулақ жүру, медициналық маска тағу, отбасы мүшелері ауырған кезде тазалыққа көңіл бөлу, бөлмені жиі желдету аурудың пайда болу мүмкіндігін азайтады.








































Хаттама №3

.......... мектебінің 9 «А» сыныбында 10 қаңтар 2025 жылы кезекті сынып жиналысы болып өтті.

Қатысуға тиісті – 20 оқушы

Қатысқаны –

Күн тәртібінде:

1. «Құқықтық тәрбие» (баяндама)

2. Ағымдағы мәселелер.



Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші ....................... «Құқықтық тәрбие» деген тақырыпта баяндама оқыды. Оқушыларға оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар, адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыстың бар екендігін түсіндіре отырып, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу керектегі ескертілді. Сонымен қатар беймезгіл уақытта оқушылардың көшеде жүрмеу керектігі қатаң ескертілді.

Екінші мәселе бойынша сынып жетекші мектеп формасын, оқу құралдарының ұстап-тұтылуын, мектеп және оқушылар ережесін қатаң есте сақтау керектігі ескертілді. Осы мәселелердің қаншалықты жүзеге асырылып жатқандығы айтылды. Қоңырау кезіндегі тәртіптің дұрыс болуы, асхана мен әжетхана ережелері де назардан тыс қалмады. Тәртіпті оқушылар мен ережені бұзып жүрген оқушылардың аттары да аталды.



Күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдай, талқылай келе Қаулы қабылдайды:


1.Мектеп ішінде құық бұзушылықты болдырмау қатаң сақталсын.

2. Мектеп формасы, оқушылар ережесі қатаң сақталсын.

3. Осы қаулының орындалуын сынып жетекшіге міндеттелсін.



Сынып жетекшісі:

Хатшысы:














Құқықтық тәрбие

Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі - маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс құбылыстың орын алып отырғаны жасырын емес.
Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады. Арамтамақтық өмірді жақсы көреді, өзімшіл болады.
Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар:
-  тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;
- оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
- оқу,еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
- отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды откізу.
Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олңылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтың тәрбие мәселесі жөнінде жоғары ұйымдары таранынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет.
Мектептер жаңа компьютерлермен жабдықталған, құқықтық тәрбие де өз жүйесін тапқандай. Мәдени шаралар жүргізуге арналған саз, құрал-жабдықтары бар.
Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді.
Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді.Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтың тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.
Құқықтың мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Бүған тек қана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардық жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу маңызды.
Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осыжылдары адамгершілігі, дүниетінымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдьщ тәртілті сақтау да енеді. Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады:
1. Құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетін оқушының білуі.
2.  Тұлғаның педагогикалық және психологиялық мәнінің құқықтық санаға әсері.
Адамның құқықтың мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғпм өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді.
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бекіту;
- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азаматтың қатынасуы. Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында болу қажеттігі шығады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтың мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу орын алады.
Құқық қоғам мен қоғамның өрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.
Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз - орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.
Саналы тәртіп пен мінез-құлықтарды құқықтың мәдениеттің іргетасы деп қарасақ, ол көркемөнер мәдениетімен қатынастар, сезімдер деңгейінде тікелей байланысады. Сезімдер әлемі эстетикалық қатынастарда негізгі рөл ойнайды. Әдебиет пен өнер бізге көркем бейнелерімен әсер етеді, оларды сезім арқылы қабылдаймыз. Өнердің көмегімен, әсіресе, өдебиет арқылы әлемді, қоғамдық қатынастарды танимыз.
Құқықтың мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтың білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулаң болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға мойынсүнушы-лық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш — адамның үяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға мойынсұну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға дайын тұру.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну - адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.
Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.





Хаттама №4

............. мектебінің 9 «А» сыныбында 28 ақпан 2025 жылы кезекті сынып жиналысы болып өтті.


Қатысуға тиісті – 20 оқушы

Қатысқаны – оқушы

Күн тәртібінде:

1. Мерекелік күндерді атап өту туралы.

2. «Денең сау болсын десең...» (баяндама)

3. Ағымдағы мәселелер.


Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі ..................... сыныптағы мерекелік күндерді атап өту туралы іс-шаралармен таныстырды. Әр мерекелік күннің өзіндік ерекшеліктерімен таныстырып өтті. Наурыз мерекесі, ғарышкерлер күні, Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні және Жеңіс күні мерекелерін жоспарға сай бағдарлама бойынша атап өту керектігін түсіндірді. Әр мерекенің бағдарламасымен таныстырып, жауапты оқушыларды белгіледі. Қалай өткізілу керектігі туралы бағыт-бағдар берді.

Екінші мәселе бойынша сынып жетекші ................... «Денең сау болсын десең...» деген тақырыпта баяндама оқыды. Баяндама мазмұны бойынша оқушыларға сұрақтар қойылып, талданды. Әрбір адам өзінің гигиенасын сақтау үшін өзі жауапты болу керектігі айтылып, шомылу гигиенасы, шаш гигиенасы, ұйқы гигиенасы, киім гигиенасы, тамақ гигиенасы сияқты әрбір мәселелерге жеке тоқталды. Осы талаптарды қатаң сақтаған кезде ғана өз денеңнің сау әрі мықты болатынын ұғындырды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау керектігі айтылды.

Үшінші мәселе бойынша ағымдағы мәселелер қаралды. Мектеп формасын, оқу құралдарының ұстап-тұтылуын, мектеп және оқушылар ережесін қатаң есте сақтау керектігі ескертілді. Осы мәселелердің қаншалықты жүзеге асырылып жатқандығы айтылды. Қоңырау кезіндегі тәртіптің дұрыс болуы, асхана мен әжетхана ережелері де назардан тыс қалмады. Тәртіпті оқушылар мен ережені бұзып жүрген оқушылардың аттары да аталды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдай, талқылай келе Қаулы қабылдайды:

1. Мерекелік іс-шараларға оқушылар жауапкершілікпен тартылсын.

2. Оқушылардың жеке бас гигиенасын ата-анасы мен сынып жетекшісі назарға алып отырсын .

3. Сынып белсенділері өз міндеттерін ұқыптылықпен орындасын.

4. Мектеп формасы, оқушылар ережесі қатаң сақталсын.

5. Осы қаулының орындалуын сынып жетекшіге міндеттелсін.



Сынып жетекшісі:

Хатшысы:


Денең сау болсын десең....

1. Үйге таза ауа молынан кірсін, күннің сәулесі (шуағы) кіріп тұрсын. Сау болу үшін таза ауа, күннің шуағы өте керек екенін ұмытпа.

2. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкірегіңді, арқанды күнде салқын сумен жуып тұр. Көнбісті боласың. Денеңді таза ұста.

3. Жылы мезгілде таза суға көбірек шомыл. Ең артығы күннің шуағымен жылыған суға түссең тіпті жақсы.

Шомылуға қолайлы уақыт сәске мен намаздыгер (екінді) мезгілі. Тал түсте, күн қызып тұрғанда суға түспе. Тамақтың соңынан тоқ қарынға суға шомылма. Қызынып яки терлеп тұрып суға түспе. Әуелі қызуынды басып, теріңді кептір.

Шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсін. Терлеген дене жылдам салқындайды, суық тез тиеді. Шешінісімен, басыңды сула да, суға түс.

Суға жүгіріп келіп, қарғып яки секіріп түспе, суға кетесің. Су ішінде бір орында тұрма, отырма, жүзе бер, жүзе бер, көбірек қимылда. Су ішінде он-жиырма минуттан (көп дегенде шәй қайнатым уақыттан) артық болма. Дірілдей бастасаң, тезірек судан шық. Судан шығысымен әуелі денеңді сүртіп кұрғатып, киініп алған соң, жылынғанша серуенде. Жылы, тымық күні судан шыққан соң, жалаңаш денеңе біраз күн тиіп тұла бойынды жел қақсын. Аурудан әбден айықпаған әлсіз адамға тымық, жылы күні ғана суға түсуге болады. Суға түсу шарттарын әбден біліп ал. Осы шарттарды елемесең, түрлі бақытсыз оқиғаларға душар боласың.

Жуынғанда тұла бойыңдағы кірің кетеді. Теріңдегі бітеліп қалған тесіктері ашылады. Терің көнбісті болып шынығады. Сондықтан жиірек жуын.

Жылы суда дене кірі тезірек ериді. Сабының жылдамырақ көпіреді. Сондықтан салқын судан гөрі жылы су денеңдегі кіріңді тез алады.

Өте жылы су әсіресе күнде жуынғанда каныңды тасытып, денеңді болбыр, етіп, нәзіктендіріп жібереді. Бұл есіңде болсын. Жылы суға яки моншаға түскен соң, дененді жәйімен бірте-бірте салқындат. Суықтан сақтан.

Шомылып шыққаннан кейін үстіңді таза орамалмен (сүлгімен) немесе дәкемен әбден сүртіп құрғат. Дененді таза ұстау үшін жуынғаннан кейін іш киіміңді жиі ауыстырып тұр.

4. Қара жұмыс істегенде ауыстыратын екі киімін болсын. Күндіз кигеніңді түнде шешіп жайып, түнде кигеніңді күндіз жайып ауыстыр.

Тер, түлеген тері, теріңнен шыққан май, басқа зиянды нәрселердің бәрі ішкі киімге сіңеді. Бұл заттар шіри бастайды, шіріктің әсерінен қолтықтарыңның, башайларынның арасы секілді жерлерде қолаңса, шуаш пайда болады. Шіріктің салдарынан тері жидіп түлейді, кызылшақа болады, түрлі жара түседі.

5. Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен-жеген сайын және ертеңінде, кешінде аузыңды тазалап шайып отыр. Аузыңды таза ұстасаң, тіс ауруының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңді мәсуекпен (тістазалағышпен) жақсылап тазала.

Мәсуегіңнің қылы тым қатты не өте жұмсақ болмасын. Күтеперіштен жасалған тіс тазалағышты колданба.

6. Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (серуенде, ойна, жүгір, тағысын тағы).

7. Өте жылы киінбе, басың жеңідеу нәрсе ки, мойныңды ашық ұста. Шаш койма.

8. Дененді тар киіммен, белбеумен, түрлі баумен байлап қыспа.

9. Аяк киіміңнің (етігіңнің) ұлтаны табаныңа лайық болсын. Өкшесі жалпақ, аласа болсын. Биік өкше өте зиянды болады.

10. Киімін, әсіресс шұлғауың байпағың (шұлығын) суланса шапшаң шешіп таста, құрғақ киім киіп ал.

11. Бөгделердің киімдерін, әсіресе бет орамалын, қол орамалын пайдаланба, бөркін, көйлек-дамбалын киме. Ауру адамның, өліктін киіміне жолама.

12. Өте көп ішіп-жеме. Бұзылған астан, сіңімсіз тамақтан, әсіресе тәттіден бойыңды аулақ сал. Жас балаға тәтті беріп үйретпе. Асты жөнімен ішіп-же, күніне үш мезгілден артық тамақтанба, уақыты асқан тамаққа әуес болма. Пияз, тұз сияқты тағамдарды асқа көп салма. Ауырған, арам өлген малдың етін, шала піскен, иістенген, бұзылған етті, жемісті жеме. Ауруға шалдығасың.

13. Арак, боза секілді есірткі ішімдіктерге жолама. Наша шекпе, көкнәр жеме. Диюана боласың. Шәйды, кофені кып-қызыл кылып ішпе, сұйыктау етіп іш. Бұларды ұйқтардын алдында ішпе.

14. Тамаққа отырар алдында қолыңды жу. Тамақты қазақша, колмен жесең, колынды сабындап жу.

15. Ауру, саулығы күмәнділеу адаммен табақтас болма. Ешкімнің де сарқытын ішіп-жеме.

16. Аяқ-табақ, қасық-аяқ, пышақ-шанышқы секілді ас ішетін аспаптарыңды таза ұста. Олардың өзіңе меншіктісі болғаны жөн.

17. Жуып-тазаламай тұрып, басқалар қолданған аяқ-табақты, шанышқы-пышақты, ожауды, кесені, тағы басқаларын таза ыдыс-аяқтарға араластырмай, ыстық суға қайнат.

18. Ерте жат, ерте тұр, оянған соң төсекте еріншектеп жатып алма. Оянысымен төсектен тұрып кет. Төсекте керіліп жата берсең, еріншектігің ұстап, бүгінгі істейтін жұмысыңа заукың болмайды.

19. Кешке ұйқтардың алдында ауыр жұмыс істеп өзіңді-өзің шаршатпа. Болдырсаң, дұрыстап ұйқтай алмайсың.

20. Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалы ұйқы - түс көрмей қатты ұйқтау. Түнде ұзақ отырып істеген ми жұмысы адамның ұйқысын бұзады, адамды ұмытшақ етеді. Сондықтан денсаулықты сақтау ережесі саған «ерте жат, ерте тұр, сонда ғана ұйкы сені тынықтырады» дегендей кеңес береді.

21. Ұйқының ұзақтығы жасқа қарай түрліше болады. Тәулігіне емшектегі балаға 16-20 сағат, 10-12 жасар балаға - 9 сағат, бозбалаларға - 8 сағат, үлкен кісіге 6-7 сағат ұйқы жетіп жатыр.

22. Еш уақытта біреумен қойындасып жатпа, жеке жатып үйрен. Басқа кісінін төсегіне жатпа, төсек-орнын, жастығын, көрпе жаймасын қолданба.

Хаттама № 5

.................. мектебінің 9 «А» сыныбында 16 мамыр 2025 жылы кезекті сынып жиналысы болып өтті.

Қатысуға тиісті – 20 оқушы

Қатысқаны – оқушы



Күн тәртібінде:

1. Жазғы демалысты ұйымдастыру.

2. «Салауатты өмір салты» (баяндама)

3. Ағымдағы мәселелер.


Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі ....................жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың атқаратын міндеттерімен таныстырды. Жазғы демалыс кезінде де оқу, жазу жұмыстарын жалғастыру керектігі айтылып, пән бойынша тапсырмалар берілді. Жаратылыстану пәні бойынша бақылау әдісін жүргізу керектігі тапсырылды. Қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша шапшаңдыққа оқу керектігі, диктант жазу және талдау дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізу керектігі тапсырылды. Математикадан мазмұнды есептер және теңдеу шығару керектігі тапсырылды. Сонымен қатар қосымша кітаптар оқу керектігі айтылды.

Екінші мәселе бойынша сынып жетекші ................... «Салауатты өмір салты» деген тақырыпта баяндама оқыды. Оқылған баяндама төңірегінде сұрақтар беріліп, талданды. Айқын жасалған күн тәртібінің болуы, дұрыс тамақтану, дұрыс тынығу, дене еңбегімен шұғылдану, таза ауада болып, күннің көзінде серуендеу, зиянды әдеттерден сақтану, дұрыс қозғалыста болған кезе ғана адамзат салауатты өмір салтын қалыптастыра алатындығы түсіндірілді. Жазғы демалыс кезінде де осы жағдайларды естен шығармау керетігі және орындау керектігі тапсырылды.

Үшінші мәселе бойынша оқушылардың тоқсандың және жылдық үлгірім қорытындысы, жазғы демалыс кезіндегі тынығу ережелері, яғни үлкендердің қарауынсыз қыдырмауын, суға шомылмауын, көшеде көп жүрмеулерін ескертті. Жазғы демалыс кезінде де жол ережесін қатаң есте сақтау керектігі, оқушы ережесін де орындап жүру керектігі ескертілді. Тазалық, денсаулық гигиеналары жайында қосымша мәліметтер беріліп, бұл талаптарды да естен шығармай орындап жүру керектігі айтылды.

Күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдай, талқылай келе Қаулы қабылдайды:

1. Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі ата-аналарына міндеттелсін.

2. ІҮ тоқсан және жылдық қорытынды «қанағаттанарлық» деп танылсын.

3. Оқушылардың жолда жүру ережесі қатаң сақталсын.

5. Осы қаулының орындалуын сынып жетекшіге міндеттелсін.



Сынып жетекшісі:

Хатшысы:


«Салауатты өмір салты» (баяндама)


 «Салауатты өмір салты» ұғымын әркім өзінше түсінеді. Денсаулық – бақытты өмірдің маңызды шарты. Ал ұзақ та, белсенді ғұмыр кешу адамның өз қолында.

  Адам дұрыс тамақтанбау, қоршаған ортаның ластануы, оған қоса жұмыста (оқуда) стрессті тудыратын жағдайларға тап болғанда ғана салауатты өмір салты жайында ойлана түседі. Ал мұның бәрі денсаулыққа кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

  Жалпы «Салауатты өмір салты» дегеніміз не? Бұл адам тіршілігіне қажетті барлық салаларды, яғни тамақтанудан бастап дене белсенділігіне дейін қамтитын күрделі ұғым. Негізгі қағида – аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайту.

   Салауатты өмір салтын құраушы факторлар:

 - теңгерімді тамақтану

 - гигиена

 - дене белсенділігі

 - еңбек және демалыс режимі

 - жаман әдеттерден аулақ болу.

   Теңгерімді тамақтану

  Дұрыс тамақтанусыз салауатты өмір салтын ұстану мүмкін емес. Тамақтану мәдениетін сақтау өте маңызды, яғни теңгерімді және адам ағзасына қажетті тағамдарды тұтыну қажет. 

   Теңгерімді тамақтанудың бірнеше ережелері бар:

 - табиғи өнімдер;

 - тіс басарлар;

 - әр түрлі тағам;

 - тамақтану режимі.

   Жеке гигиена

   Міндетті түрде жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау қажет.

   Жеке гигиена ережесі:

  1)Дене гигиенасы. Тері – ағзаны сыртқы әсерлерден қорғайды және газ алмасу, жылу реттеу секілді күрделі қызметтерді атқарады. Жылуды реттеуде тер бөлінуінің рөлі зор.

  2)Шаш гигиенасы. Шаштың дұрыс күтімі қан айналымын және майбез қызметін жақсартады. Әр адамның жеке орамалы болуы қажет.

 3)Ауыз қуысының гигиенасы. Ауыз қуысының дұрыс күтімі тістерді сақтайды, жағымсыз йістен қорғайды. 

  4)Сырт киім мен аяқ киім гигиенасы. Сырт киім таза, әрі ауа-райына сәйкес таңдалғаны жөн.

 5)Жатын орнының гигиенасы. Әр адамның өз жатын орны болуы тиіс. Ұйықтар алдында бөлмені желдетіп тұру қажет.  

  Іс-қимыл белсенділігі

 Адам дене жаттығуларын әрдайым орындап отыру қажет (мысалы, таңертеңгілік сергіту жаттығулары, таза ауада серуендеу). Әрине, жас және физиологиялық ерекшеліктерді ескерген абзал!

  Еңбек және демалыс режимі

 Еңбек және демалыс режимі – салауатты өмір салтының маңызды бөлігі. Күн тәртібінде адам жұмысқа (оқуға), ұйқыға, денсаулыққа және көңіл көтеруге де уақыт таба білу қажет. 

  Жаман әдеттерден аулақ болу (темекі, ішімдік, есірткі заттар)

 Мұндай заттар көптеген аурулардың басты себебі болып табылады, оған қоса өмірді қысқартып, еңбек қабілетін де төмендетеді.

 Жоғарыда аталған салауатты өмір салтының маңызды факторлары адам ағзасын нығайтып, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шаралар жиынтығы.

         Спортпен шұғылданыңыздар! Дене белсенділігіне, дұрыс тамақтануға және салауатты өмір салтына көңіл бөліңіздер!

 











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!