Материалдар / Сынып сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Абай - сөз өнерінің патшасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
337
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Абай атындағы Нововладимир орта мектебі





















Өткізген : Мекебай Н





Тақырыбы; Абай – поэзия мен өнердің патшасыМақсаты:Білімділік: Абай өмірі мен шығармашылығымен таныстыру,өлеңдерінің құрылысын талдау,нақыл сөздерінің ғибраттылығын меңгерту;Дамытушылық: сөз өнерінің құдіретін сезіндіру,дүниетанымын қалыптастыру,сөздік қорын молайтып,ізденімпаздық пен шығармашылыққа баулу;Тәрбиелік: Данышпанның бес асыл қасиетін қалыптастыру, имандылыққа, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу;Модуль №1Абай туралы айтылған ұлағатты сөздер.Абайдың өмірбаяны.Абайдың шығармашылық жолы.Модуль №2“Қалың елім, қазағым, қайран жұртым”“Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқым сергек”“Байлар жүр жиған малын қорғалақтап”“Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да”“Қалың елім, қазағым, қайран жұртым”

Модуль №3“Сабырсыз, арсыз, еріншек”“Сабырсыз, арсыз, еріншек”“Бойы бұлғаң”“Болыс болдым, мінеки”“Мәз болады болысың”

Модуль №4“Адам болам десеңіз...”“Ғылым таппай мақтанба”“Интернатта оқып жүр”“Біреуден біреу артылса”“Тайға міндік”“Түбінде баянды еңбек – егін салған”“25, 10, 38, 42 қара сөздерінен үзінді”

Модуль №5“Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел”“Базарға, қарап тұрсам әркім барар”“Білімдіден шыққан сөз”“Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”“Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын”

Модуль №6“Жер бетіне өң беріп тәңірім шебер”“Жаз”“Күз”“Қыс”“Жазғытұры”“Желсіз түнде жарық ай”“38-қарасөзінен үзінді”Модуль №7“Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы”

“Біреудің кісісі өлсе қаралы ол”“Адамның кейбір кездері”“Құлақтан кіріп бойды алар”“Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа”“Құр айқай бақырған”

Модуль №8“Үш-ақ нәрс е адамның қасиеті”“Әсемпаз болма әрнеге”“Жүректе қайрат болмаса”“Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек”

Модуль №9“Қара сөздері, афоризмдер”“2, 3, 11, 15, 17, 18, 24, 31, 38, 39, 42 қара сөздері”

Модуль №10“Дастандары”Ескендір”“Әзім әңгімесі”“Масғұт”Модуль №11“Аудармалары”А. Пушкиннен.Ю. Лермонтовтан.И. Крыловтан.Абай туралы айтылған ұлағатты сөздер

“Абай – азаматтық өркениет тарихындағы ұлы тұлға. Абай – қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны”Федерико Майор, ақын, ЮНЕСКО-ның бас директоры.“Абай – Тагор, Гетемен қатар тұрған ұлы ақын. Абай – ақындардың ғұламасы” Сайд Америн, үнді ақыны.“Қазақтың бас ақыны – Абай,шын аты Ибраһим Құнанбаев. Абайдан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына білім керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олардың сөзінен үздік артық. Абай сөздері дүниеде қалғаны – қазаққа зор бақ. Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек” Ахмет Байтұрсынов

“Өлеңдерінен көрініп тұрғандай Абай асқан поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды. Абай сияқты халықтың рухани творчествосын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ. Жылдың төрт мезгіліне арналған көктем, жаз, күз, қыс тамаша жырлары оны Еуропаның атақты ақындарының қатарына қосар еді. ” Әлихан Бөкейханов

“Қазақ әдебиетіне Абай кіргізген жаңалықтар көп. Абай – қазақтағы суретті сұлу сөздің атасы, терең сырлы, кең мағыналы, кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түоін көбейтіп, қалыбын молайтқан – Абай.” Мұхтар Әуезов Абай Құнанбаев (1845-1904) Өмірі мен шығармашылық жолы. Қазақ әдебиеті тарихыдағы қайталанбас зор тұлға, ұлы ақын, философ, ағартушы-демократ Абай 1845 жылы Семей облысының қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында ел билеуші, ірі феодал Құнанбайдың отбасында дүниеге келген. Көпке созылмаған балалықтың базарын Абай әжесі Зере мен анасы Ұлжанның қасында өткізеді. Абай бойындағы адамгершілік қасиет пен өнерге құштарлықтьң бастау-негізі осы екі ананың тәрбие өнегесінде жатыр. Ауыл молдасынан дәстүрлі дәріс ап, тіл сындырған он жасар Абайды Құнанбай діни сауатын толықтырсын, қала көрсін деген оймен Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға жібереді.Медреседе дін сабақтарын қиналмай жақсы оқыған Абай өзіне тың, пайдалы бір әдет табады. Шығыс ақындарының шығармаларын құмарта оқиды, әдебиетке, поэзияға құштарлығы оянады. Оқыған шығармаларының әсерімен қанаттанып, өзі де шығыс ақындарының үлгісінде өлең жазуға талпынады. Ол өлеңдердің кейбірі ғана сақталған.Білімге, өнерге құштарлығы артқан Абайды, әрине, медресе оқуы канағаттандыра қойған жоқ. Ол басқа да білім көздерін іздестіреді. Сөйтіп, медресенің соңғы жылында ол өз ақылымен негізгі оқуына қоса қаладағы "Приходская школаға" барып, оның сабақтарына қатысуды әдетке айналдырған. Көңілдегі ендігі бір зор арман білімін жетілдіру, орыс тілін меңгеру болды. Кітапханада болашақ досы күрескер Е.П.Михаэлиспен танысады. Сәл кейінірек Абай Долгополов, Леонтьев, Гросс секілді өз заманының озық ойлы демократтық көзқарастағы адамдарымен жақын араласып, орыс әдебиеті мен мәдениетінің өкілдері Белинский, Чернышевский еңбектерімен танысты, олардағы еркіншіл ой-пікірлерден нәр алатын. Лермонтов, Пушкин, Толстой, Салтыков-Щедрин, Крылов шығармаларын құныға оқып, рухани биіктікке бет алатын шағы да осы кезең. Абай үшін өмір жүмбағы шешілген бүл кезең 70-80 жылдар аралығы болатын. Медресе кезіңдегі шығыс ақындарына шәкірттік көңілмен еліктеп жазылған бірлі-жарымды алғашқы туындылары мен 1882 жылғы "Қансонарда бүркітші шығады аңға" атты шынайы поэзияльқ шығарма аралығында шамамен ширек ғасырдай уақыт жатыр. Бұл - Абайдың дүние тану, есею, іздену, білім алу, парасат иесі, азамат, ағартушы, ақын болып қалыптасу мерзімі. Абайдың өз ортасының әділетсіз, озбыр әдетінен безініп, халыққа келу, өнерге келу кезеңі.Ол бұл тұста өзінің ағартушылың және саяси-әлеуметтік, сатиралық тақырыптардағы әйгілі өлеңдері мен поэмаларын жазады, сондай-ақ, орыс классиктері Лермонтов, Пушкин шығармаларын аударады. Ақын сыншыл реализм әдісін меңгереді, оның есімі мен шығармалары халыққа кеңінен мәлімболады. 1890-шы жылдар - Абайдың ақын, ойшыл-философ, гуманист ретінде кемеліне келіп әбден толысқан шағы. Бұл тұста Абай қазақ өмірінің алуан қырын қамтыған өлеңдерімен катар орыс әдебиетінен үздік аудармалар жасады, "Қара сөздерін" жазды. Өмірінің соңғы 4-5 жылында Абай денсаулығына байланысты өлеңді өте аз жазған.Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы 1904 жылы қайтыс болды.



Суреттер сыр шертеді

Семей қаласындағы Абай оқыған Ахмет Риза медресесіАбайдың 1909 жылы жарық көрген өлеңдер жинағыАлматыдағы Абай ескерткішіАбай шығармаларыЖидебайдағы қыстаудың алдына қойылған абай ескерткішіАбай және балалары Ақылбай (сол жақта) мен Тұрағұл. Семей, 1896жАбайдың отбасымен түскен соңғы суретіАбайдың Жидебайдағы мұражай үйінің сыртқы көрінісіЖидебайдағы Абай кесенесіСемейдегі мұражайдың бір бөлмесі

Шығармалары



Абай, өз сөзімен айтқанда, “бұзылған заманды түзетудің” жолын іздеді. Сондағы бір сенгені жаңаша терең білім алып, адамшылықты бойына мол дарытып өсер ұрпақ болды, содан көп үміт күтті. Оның бұл тақырыпта жазған “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Әсемпаз болма әрнеге”, “Интернатта оқып жүр” т.б.өлеңдері бар.

«Ғылым таппай мақтанба» Өлеңді түсініп оқып шығыңдар.Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашыңдарСөздікпен жұмысНәфрәтлі – жиренішті, жиіркеніштіҒибрәтлі – үлгіліАят Хадис – дін уағыздарыКүпір – діннен шығуМизан – таразыҒұламаһи Дауани – Шығыстың ойшыл ғалымыАбайдың көрсеткен бес асылын атаңдар?ТалапЕңбекТерең ойҚанағатРақым

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды Абай неге Бес Асыл қасиет деп атады?

Талап, еңбек, қанағат туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?Бес дұшпанын атаңдарӨсекӨтірікМақтаншақЕріншекБекер мал шашпақ

“Өзін-өзі мақтаған өлімнен аз-ақ ілгері” деген халық даналығын қалай түсінесіңдер?Ақын осы өлең арқылы қандай ақыл береді?Абайдың әлеуметтік көзқарасы айқын көрінетін өлеңдерінің бірі – “Күз” бен “Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай”. Ол бұл өлеңдерінде табиғат әсемдігін, сол табиғат құшағындағы әлеуметтік теңсіздікті тереңнен толғайтыны, ауыл өміріндегі біріне-бірі қарама-қарсы таптық жіктің өлеңнің өн бойында көркемдікпен ашып көрсетілетіні айтылады.Өлеңді мәнерлеп оқып шығыңдарӨлеңнен күзгі табиғат белгісін білдіретін сөздерді табыңдар

Тағы қандай ақындардың күз туралы өлеңдерін білесіңдер?

Сөздікпен жұмыс

Малма – тері илеуге арналған ашытқы, и.Сапсу – иге салынған теріні аударыстыру.И – ашыған айран.Ақ шомшы – астық артқан түйелер тізбегі.Күзеу – күзгі қоныс.Шумақты құрылысына талдап, ұйқас түрін ажыратыңдарЖасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,Жапырағынан айырылған ағаш-қурай.Абай Құнанбайұлы 1897 жылы көшіп-қонып жүрген ата-бабамыздың сүйікті ісінің бірі – тазы жүгіртіп, қыран құс салу кәсібіне арналған “Қансонарда бүркітші шығады аңға” атты өлеңін жазады.

Қансонарда бүркітші шығады аңғаӨлеңнің тақырыбы не туралы?Қансонар дегеніміз не?Құсбегі дегеніміз кім? Бүркіт баптау, оны аңға салу жөнінде не білесің?Саятшылық туралы айтып беріңдер

Дәптермен жұмысҚансонар – жаңа жауған қардағы ізҒанибет – қызық, тамаша, көңіл көтеруАңдағанда – түлкінің ізіне түсушілердің жүрісіТомаға – бүркіттің бас қабыҚырымнан – алыстан Аудармалары:Шегіртке мен құмырсқа (И.А.Крыловтан)

Шегіртке мен құмырсқаға тән қасиеттерді жаз. «Қараңғы түнде тау қалғып» Тау мен даланың түнгі көрінісін ұлы ақын қандай сөздермен жан тебірентерліктей әсерлі етіп бейнелеген?Абай өлең-поэмалардан басқа жұмбақтар да жазған.Соларды шешіп көріңдер. Алла мықты жаратқан сегіз батыр,Баяғыдан соғысып келе жатыр. Кезек-кезек жығысып жатып-тұрып, Кім жығады белгісіз түбінде ақыр.Шешуі: Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсы мен жаман. Қара жер адамзатқа болған мекен,Қазына іші толған әр түрлі кен. Ішінде жүз мың түрлі асылы бар, Солардың ең артығы немене екен?

Шешуі : Темір

Абай мұрасының және бір қомақты саласын оның 90-жылдарда жазған карасөздері құрайды. Қарасөздерінің жалпы саны - қырық бес. Өмірде көрген-білгені, көңілге түйгені көп Абай өзінің осы даналық тәжірибе-тағылымын жұртымен - "қалың елі, қазағымен" бөлісу мақсатымен қарасөздерін жазған. Бұл шығармаларында яғни, қарасөздерінде (С.М.) - деп жазады М.Әуезов - Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мас-лихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізді". Он төртінші сөз: Мейірімділік, басқаларға қолынан келген жақсылығын аямау, өзіне тілеген жақсылықты өзге адамдарға да тілеу, сүйіспеншілік – адамшылық белгілері, ал бұлар – жүректің ісі; сондықтан адамда жүректен аяулы ештеңе жоқ, - деп үйретеді ұлы Абай. Шынында да, бұл аталған қасиеттер бойына дарымаған кісіні нағыз адам деуге бола ма?!

Отыз сегізінші сөз Данышпан ойшыл: “Адам баласы үш нәрседен: 1) надандықтан, 2) еріншектіктен, 3) залымдықтан қор болады, яғни нағыз кісі болудан қалады” дейді. Бұдан “Нағыз адам атына лайық болу үшін білімді, еңбекқор, басқаға қиянат жасамайтын болу керек” деген қорытынды шығады.Білім-ғылымсыз адам еш нәрсенің байыбына, мәніне түсінбейді, демек, мал есепті.Еріншек ештеңені үйренбейді, яғни қолынан түк келмейді. Демек, нағыз сорлы – сол.Залымның адам баласына жаны ашымайды. Демек, оны адам хисабына, яғни адам санатына, есебіне қосуға болмайды.Абай бұл жерде өнер сөзін кең мағынада, яғни қолынан іс келу мағынасында қолданған.Абайдың қара сөздерін оқи отырып, оның “Ғылым таппай мақтанба” өлеңіндегі Бес Асыл қасиет пен Бес Дұшпанды атап, қарасөздерімен салыстыра отырып талдау.



Талап – 44- қарасөзі.Еңбек – 2-қарасөзі.Терең ой – 9-қарасөзі.Қанағат – 10-қарасөзі.Рахым – 17-қарасөзі

Өсек пен өтірік – 2-қарасөзі.Мақтаншақ – 38-қарасөзі.Еріншек – 38-қарасөзі.Абайды танып біл” сұрақ-жауап ойыны

1Абай неше жасынан өлең жазды?2.“Евгений Онегинді” Абай қай жылдары аударған?3.“Евгений Онегинді” қай ақын түгел аударған?

4.Ю.М.Лермонтовтың Абай аударған өлеңдерінің екі-үшеуін атаңдар?5.И.Крыловтың қандай шығармаларын аударған?6.Абай операсына музыка жазған кісілерді атаңдар?

Жауаптары: 1.Он жасынан бастап2.1896 жылы3.І.Жансүгіров Е.Онегиннің 1-томын түгел аударған.4.“Бородино”, “Қанжар”, “Тұтқындағы батыр”.5.“Жарлы бай”, “Есек пен бұлбұл”, “қарға мен түлкі”. 6.А.Жұбанов, Л.Хамиди, Абай бейнесін операда сомдаған Рашит Абдуллин.

Тест сұрақтары1. Абай оқыған оқу орны?А. МектепБ. Кадет корпусыВ. Медресе 2. Абайға туыстық қатысы жоқ есім.А. ҰлжанБ. ЕсболВ. Шәкәрім3. Мына өлеңнің қайсысы Абайдың өлеңі емес?А. “Ақ көгершін”Б. “Көзімнің қарасы”В. “Желсіз түнде жарық ай” 4. Ақыл, қайрат, жүрек үшеуін қай қара сөзінде айтыстырған?А. Оныншы
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!