Материалдар / Сынып сағаты "Біз - үлкен елміз, үлкен отбасымыз" 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты "Біз - үлкен елміз, үлкен отбасымыз" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатында 5 қазақ сыныптарына арналған туған жер, отбасы туралы әңгімелер өрбиді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2018
1716
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен


Бекітемін:

Директордың ТІЖО__________

Сәрсенбиева Л.Т.







Сынып сағаты:

Біз – үлкен елміз, Үлкен отбасымыз





Сынып: 5 «Б»

Сынып жетекшісі: Реймова К.Е.

























Ұзынағаш ауылы

2017-2018 оқу жылы

Күні:8.01.2018 ж.

Сыныбы: 5 «Б»

Тақырыбы: "Біз үлкен ел - үлкен отбасы"

Мақсаты: 

  • Оқушыларға патриоттық тәрбие беру;

  • Қазақстан Республикасы туралы, көпұлттылығы туралы білімдерін кеңейту;

  • Әртүрлі тапсырмалар орындата отырып сабаққа қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту;

  • Ойларын еркін жеткізуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: пікірталас

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Көрнекілігі: үлестірме қағаздар, интерактивтік тақта

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

- Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

- Психалогиялық ахуал орнату

- Топқа бөлу (патриоттық әндер үзінділері арқылы топқа бөліну)

Жаңа сабаққа кіріспе. Сұрақ-жауап

1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан алды?

2. Тәуелсіздік алу жолында қандай оқиғалар болды?

"Жаужүрек мың бала" фильмінен үзінді көрсету.

Жаңа сабақ.

ЖИГСО әдісі: 1 қадам: ретке саналу

2 қадам: тақырыппен танысу

3 қадам: топта талқылау

4 қадам: берілген тақырыпшаларға постер дайындау

1- топ: Қазақстан Еуразия жүрегінде

Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км,Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[5]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[6].

2016 жылдың 1 қаңтарға елдегі тұрғындар саны - 17 670 957 адам бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).

Елдің астанасы - Астана қаласыМемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.

2-топ: Қазақстан көп ұлтты мемлекет.

Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түpлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 66,01%, орыстар - 21,05%, өзбектер - 3,07%, украиндар - 1,7%, ұйғырлар - 1,44%, татарлар - 1,17%, басқа халықтар - 5,56%.

3-топ: Қазақстан Республикасы - Мәңгілік ел

Мен бүгінгі сөзімді мынадай сөзбен бастағалы тұрмын. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" атты кітабында: "Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Ал оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр", деген болатын. Енді міне "Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз-түркілердің Мәңгілік ел идеясын-Қазақ елінің ұлттық илеясы ретінде жарияланып отыр. Елім дейтін, жерім дейтін, елінің, жерінің қамын жейтін әрбір қазақ үшін, ой-арманын астастырып үлгерген әрбір қазақстандық үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың бұл жолғы сөзі ең алдымен ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманын-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану арманын, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу арманын ақиқатқа айналдырғанымызды атап айтумен, боашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идеяны-Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық Идеясы деп жариялауымен айрықша, бөлекше бағалы.

Қорытынды.

«Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік. Қазақстан Конституциясы нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, барлық азаматтың құқықтық теңдігіне кепілдік береді».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Кері байланыс.



































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!