Материалдар / Сынып сағаты “Желтоқсан желі”

Сынып сағаты “Желтоқсан желі”

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздігімізді қадірлейік!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2023
83
0 рет жүктелген
225 ₸ 250 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сынып сағаты сценрийі

Тәрбие бағыты: Патриоттық тәрбие

Тақырыбы: Желтоқсан желі! 
Мақсаты: Оқушыларға желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, олардың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, олардың батырлығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру. 
Міндеттері: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

Оқушыларға желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіру.
Көрнекілігі: Суреттер, презентация, видео-ролик.
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

(Слаид қосулы тұрады) Құрметті бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысушылар: Өткенімізсіз бүгін болмас еді. Өткеніміз - бүгінгі тәуелсіз еліміздің іргетасы. Бұл тәрбие сағаты 1986 ж. 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады. Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді! Халық қамы үшін қан кешіп, құрбан болған ерлеріміз қаншама! Әнұран шырқалады.

  1. Негізгі бөлім

Желтоқсан – 86, ызғарлы күн, 
Қар мен мұз жылжығандай құздан бүгін, 
Өттің де астан – кестең ойда жоқта 
Артыңа ұмытылмас із қалдырдың.


Кешегі тарих қойнауына кеткен ХХ ғасырдың 1986 жылдың желтоқсанында болған оқиға ұлт тарихындағы азаттық үшін өткен күрестердің ең соңғысы еді.

1986 жыл 16 желтоқсан. Бұл күні Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д. Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады. Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспауы түрткі болды. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.

Видео ролик Желтоқсан көтерілісі. 

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – әр қазақтың жан жарасы. Қалың тарихтың парақтарына қанмен жазылған бұл күндер жайында толғана да тебірене де айтуға болады. Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады. 
Қатал екен желтоқсанның ызғары, 
Қазағымның езгіленген ұлдары мен қыздары 
Қара бұлттар түнереді аласапыран зең дала 
Еріп түсті ерімейтін жауыздықтың мұздары 
Кешкен сонда алып тұлға керуендей кездерін, 
Жол таба алмай соқпақтағы іздеді ме іздерін. 
Кеуде керіп Шаханов та ұлты үшін күресіп, 
Құрбан еткен талай жастар елі үшін өздерін. 
- 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 
- 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған).

Үзеңгі дос жыры. (Бауыржан Үсенов)
Дүр сілкінді қойдан да қоңыр аймақ
Бағы жана ма? Қала ма соры қайнап?
Ұран жазып, қып - қызыл ту көтеріп,
Біз де келдік алаңға «Елім - айлап»...
... Жауды алаңға тілектің нөсері кеп
Шешеннен соң сөйлейді шешен үдеп
«Демократияны бұғаудан босатыңдар!
Әр халыққа - өзінің көсемі!» - деп.
Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр
Көлеңкеміз, күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен? Қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл...
... Көп адамның бір босап қалды – ау іші
Іске аспады алдау мен арбау ісі
Брежнев алаңы күңіреніп,
Шықты осылай халықтың жан даусы.
Тәртіп қорғау санаға екті нені?
Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?
Азаматты сойылмен қанға бояп,
Шаштан сүйреп қыздарды тепкіледі.
Түсті табан астына қолдан байрақ
Сенім бізді әкепті сорға айдап,
Бұл сұмдықты көргенше тірі жүрмей
Өлген жақсы - депсің сен сонда, Қайрат.
Аспанда тұрды төбеде нала құсып,
Сақшылар жүр бөрідей ала түсіп,
Жасырмаймыз, жазықсыз аруларға
Араласып кеттік біз ара түсіп.
Бар болғаны сол еді «қылмысымыз»
Савицкийді көрген жоқ бір кісіміз.
Кейін соның қазасы таңылғанда
Аң - таң болып қан жылап тұрды ішіміз.
Нөсер бұлты жетпеді көшіп қырдан
Шыбық өлді кеудеде өсіп тұрған.
Шындық деген жоқ екен сотыңда да
«Атуға» деп міз бақпай кесік қылған.
Біреу қорғап дүние - ай жақ ашпады
Қайрат сені осылай аластады.
Құрбандыққа күні бұрын белгіленген
Артық адам сен болдың Алаштағы.
Ақтық сөздің арманы – хатта қалды.
Көріп жүрміз қиып - ап сақтағанды
Қайрат, Қайрат сен мені естимісің?
Есін жиған халқымыз -«Зэк» ұрпағын
Не азапты бауырым, көтермедік?
Соны жырлап өмірім кетер менің.
Камераңа қанішер салмағанда
Бізбен бірге ақталып кетер ме едің?!
Шайқады ғой біздерді шайтан арба
Соның бәрін жеткізіп айта алам ба?
Түсіп кетсе есіме, қаным қайнап,
Атып шыққым келеді қайта алаңға.
- Ия, сол кездегі желтоқсанның 17-18 күнгі бет қаратпас таулы өңірдің ылғалды аязы да, жалдамалы жендеттердің (насоспен) сусорғышпен атқылағанда тиген жерін қанжардай тіліп түсер мұздай сулары да азаттық аңсаған жастардың жалындаған жүректерін суыта алған жоқ. Олар ұлтын сүйді. Тіпті қажет десеңіз, олар күллі адамзат баласының жанын, тәнін жеңгенімен рухын ешбір озбыр күш жеңе алмайтынын дәлелдеп шықты. 

Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма
Жігіттер ай, айтып айтпай не керек
Жазған екен маңдайыма сорыма,
Біріншіден мен анамды сағындым,
Екіншіден бұл құдайға не қылдым
Бостандықта еркін жүрген жан едім
Енді міне абақтыға жабылдым,
Әкетай ау Пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,
Кесір болды ай біз секілді масылдар.
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы жаным, қандай жанға баладың.
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға құлыным.
Айналайын ағалар мен жеңгелер,
Сіздерге кім бұл өмірде тең келер.
Сүмірейіп сот алдында отырған,
Бауырыңды енді кімдер ескерер.
Өздеріңе аман — саулық тілеймін,
Өздеріңмен бірге болсын тілегім
Өздеріңе тіл қата алмай достарым,
Қайғы мұңлы өмірімді бастады.
Күнәдан таза басым бар,
21 - де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген хош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
- Бұл күндері барлық алаңға шыққандар бейбіт мақсатпен шыққан еді. Ұлттық намыстан басқа ештеңе ойламаған жастар-студенттер, жұмысшылар «Ел мен жер біздікі, неге бізді басқа жақтан келген біреу басқарады?» деген сұраққа жауап іздеп шарқ ұрды. Кеуделерін намыс кернеген олардың жүздеп, тіпті мыңдап көбейе бергенінен қорыққан биік алаңдағы жастарды «Нашақорлар», тіпті «маскүнемдер» деп елге жалған ақпарат таратты. Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген 
Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. 


Қайрат Рысқұлбеков 
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. 
Өмірбаяны 
1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді. 1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін абыроймен өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. Осы жылы16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды. ХХ ғасырдың біртуар ұлдарының бірі Қайрат түрмеде жатқанда өз күресін өлеңмен жалғастырған. Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбе

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!