Материалдар / Сынып сағаты Желтоқсан ызғары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты Желтоқсан ызғары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге жаңа сабақты ұйымдастыруда көмектеседі деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2020
353
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Желтоқсан желі ызғарлы»


Мақсаты: Оқушыларға Желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіре отырып, тәуелсіздік үшін, еліміздің болашағы мен келер ұрпақ үшін жанын қиған азаматтардың ерлігі, қайсарлығын, көрген табыстарын, рухани еркіндігін, адам құқығы мен бостандығын дәріптеу. Отанды сүюге, өз елін қорғауға, туған елді көркейтуге тәрбиелеу. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Адамгершілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, қалыптастыру.


Көрнекілік құралдар: Мемлекеттік нышандар, қанатты сөздер, слайд, интерактивті тақта, сурет көрмесі, буклеттер, желтоқсан құрбандарының суреттері.


Сабақтың барысы:

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 4 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Желтоқсан желі ызғарлы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!


2-жүргізуші:

Біз ежелден даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз. Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген желтоқсанға қатысқан жастар жайлы әңгімелейміз.


1-жүргізуші:

Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі - ол оқиғалардың халық тағдырымен байланысында. 


2-жүргізуші:

1986 жыл, 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан қаралы да, қасіретті күн еді.


Көрініс:

(Ортаға бір топ қыз жігіттер шығады.)

  • Қыздар, мен газет әкелдім

  • Қане, не жаңалық бар екен?

  • Пленум болыпты. Қонаевты орнынан алды дейді.

  • Онысы несі?

  • Орнына кім болыпты?

  • Колбин деген. Ульяновтан келіпті.

  • Қазақтан біреу қойсайшы!

(Жастар шуласып кетеді.)

  • Пленум шешіміне қарсымыз!

  • Әр ұлтқа өз басшысы!

  • Колбинді әкетсін!

  • Қонаевтің өзі сөйлесін!

(Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. )


1-жүргізуші: Мұз жастанып азаттықтың жолында,

 Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

Отан үшін жанын қиды ұлдарың,

  Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.


2-жүргізуші:

1986 жылы 16желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шығады. Олар «қазақ елінің көсемі сайлансын» деген тілек білдіреді.

1-жүргізуші:

Қанды Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік.


Нұржан:

1986 жылдың 18 желтоқсанында сағат 20.00-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Сыпатаев әкелінді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданында туып-өскен. Ербол бір отбасының жалғыз баласы еді. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізде қалдырамыз.


2-жүргізуші:

Дегенмен, қазақтың өр Рухы өлмеді. Соның бірі «қазақ халқының қаһарманы», алтын жұлдызы, қыршын кеткен марқұм Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.


Көрініс:

Тергеуші: -Рысқұлбековты тергеуге алып келіңдер!

Күзетшілер: Рысқұлбеков тұр! Жауапқа жүр.

Тергеуші: Рысқұлбеков Савицкийді өлтірген сенсің, мойында!

Қайрат: Бұл дегенің қып қызыл қиянат қой. Мен тышқан да өлтіріп көрген жоқпын.

Тергеуші: Мойында! Мойындасаң жазаң жеңілдейді.

Қайрат: Мен ешкімді де өлтіргем жоқ.

Тергеуші: Савицкийді өлтірдім демей ақ қой, оқиғаға қатыстым десең де болады.

Қайрат: Жасамаған нәрсені неге мойындаймын. Бұл маған жабылып отырған жала.

Тергеуші: Сен жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына, ату жазасына кесілесің! Ал, декабрист, соңғы ақтық сөзіңді айт!


Қайрат:

Күнәдән таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

«Қайрат» деген атым бар,

«Қазақ» деген затым бар,

«Еркек тоқты құрбандық»,

Атам десең атыңдар!


Жалғас:

Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік ауылында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савитскийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «аса қауіпті қылмыскер» изоляторында ұстады. 1987 жылдың 23мамыры мен 14маусымы аралығында болған Жоғарғы сот Қайратты ату жазасына кесті. Бірақ ол билік басындағылардың ұйымдастырған қатыгездігімен өлтірілді. 1988 жылы 13мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 жасында өмірмен қоштасты. Қазақ халқы ел болып, ес жиған кезде Қайрат арысына «Халық қаһарманы» атағы берілді.


1-жүргізуші:

Нашақор деп, ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп, бұл күнде

Қайғыға халық батқан күн.


2-жүргізуші:

Қақап күннің ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын,

Омондар бастан тепкен күн


1-жүргізуші:

Сәбира Мұхамеджанованы еске алайық!

Гүлзат:

Сәбира Мұхамеджанова сегіз жылдық мектепті үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы педучилищенің бастауыш сынып мүғалімдер даярланатын бөліміне оқуға түскен. Біз Сәбира әпкемізді Желтоқсан құрбаны ретінде мәңгі есте қалдырамыз. Сәбира әпкеміздің аруағына бас иеміз.


2-жүргізуші:

Желтоқсанда үзілген жауқазын Ләззат Асанова жайлы не білеміз?


Тимур:

Асанова Ләззат Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Асанованың 16 жылдық қысқа ғұмыры ерте үзілді. Ләззат әпкеміздің ар-намысты азапты өлімі қайталанбас. Ләззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағының алдында бас иеміз.


1-жүргізуші:

Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізеді. Онда сол бір ерекше түнге назар аударайық.


-Бейнефильм «Желтоқсан желі»


2-жүргізуші:

Ендеше сол Желтоқсан ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын еске алып, бір минут үнсіздік жариялаймыз. (Бір минут үнсіздік еске алу)


1-жүргізуші: Күйініштен ауырады жүрегім,

                     Естігенде желтоқсанның ызғарын.

                     Егемендік тиді бүгін еншіме,

                     Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке!

Айберген:

Ортаймасын Отанымның табысы.

Тоқтамасын тұлпарлардың шабысы.

Төрткүл дүние таңдана көз тігетін,

Біз боламыз «Азияның барысы».


Алмат:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді.

Жылап тұрып аналарым бұл жолда

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Сұңғат:

Тас құлатып, тау қопарып тастарда.

Елімізді жақын күнге бастар да,

Елу елдің қатарына кіруге

Ең алдымен білім керек жастарға!

1-жүргізуші:

Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.


2-жүргізуші:

Әрбір жыл мемлекетімізге өзіндік өзгеріс енгізгені баршаңызға айқын. Олай болса, жылнамалар легіне кезек берейік.


1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Дәл сол жылы 1-желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты президент етіп сайлады.

1992 жылы ел рәміздері бекітілді.

1993 жылы төл теңгелер айналымға түсті.

1994 жылы елдің жаңа парламенті өз жұмысын бастады.

1995 жылы еліміздің Ата заңы – Конституциясы қабылданды.

1996 жылы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

1997 жылы ел ордамыз Астанаға көшірілді, осы жыл «Татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып жарияланды.


1-жүргізуші:

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Тәуелсіздік не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.


Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – лайықты ерлікті

С – сенімділік серікті.

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д –достықпенен бірігіп,

І – ізетпенен жоғары,

К – көтерейік көк туды!


2-жүргізуші:

Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсап күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса мәңгілік,

Хормен:Тәуелсіз менің Отаным!


  • Ән «Жаса Қазақстаным»
























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!