Материалдар / Сынып сағаты: Ұлы даланың сұлтандары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты: Ұлы даланың сұлтандары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Наурыз 2021
577
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 23.02.2021

Мектеп: Береке орта мектебі

Сынып: 1 «Б»


Сабақтың тақырыбы: «Ұлы даланың болашақ сұлтандары» байқауы
Сабақтың мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, сөз шеберлігі,әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, ұлттық рухты тұлғаны дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты,болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі,әдет - ғұрпы, жөн – жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, шарлар, нақыл сөздер, тақырыптық материалдар
Байқау барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
Мұғалім :

- Саламатсыздар ма, құрметті , оқушылар!

Мұғалім :
- 1 «Б» сыныбының ұйымдастыруымен өтетін «Ұлы даланың болашақ сұлтандары» атты бойында өршіл рухы бар, парасатты ұлдар байқауына хош келдіңіздер.

- Енді сіздерді байқаудың бағдарламасымен таныстырып өтсек.


1. «Тегімді менің сұрасаң...» таныстыру

2. «Білекті – бірді, білімді- мыңды жығар» білім сайысы

3. «Шешен жігіт сөз бастар» сөз шебері сайысы

4. «Өнерлінің өрісі кең» өз өнерін көрсету

5. «Күш атасын танымас» қол күрес

Аяулым:

Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал ұлдарға сәттілік тілейікші.

Сабина:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Ұлы даланың болашақ сұлтандары» байқауына қатысушы ұлдарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!






Адина :

Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді
- Байқаудың бірінші «Тегімді менің сұрасаң...» таныстыру бөлімін бастаймыз.


Айзере :

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп кезекті сайысымыздың келесі бөлімі- Білім сайысына береміз. Бұл сайыста қатысушылардың білімдерін тексереміз. Оқып жүрген пәндері бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл.

Адина :

Шешен болсаң тығырықтан шыға біл
Сөз шебері атана бер қазақтың
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей

Жауап бергін мақалына мүдірмей – деп, сайысымыздың «Шешен жігіт сөз бастар» бөліміне берсек.

Мұғалім:

Бұл бөлімде мақал- мәтелдердің жалғасын табады.

Даяна :

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салады.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салады.

Мұғалім :

- Ендігі кезекті сайысымыздың «Өнерлінің өрісі кең» бөліміне берсек. Ортаға өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

1. Бегімхан Мирас

2. Керімхан Дарын

3. Жеңіс Нұрмұхамед

4. Аманбай Дінислам

5. Сұлтан Алинұр

6.Құрбан Нұрислам

7.Маулен Марлен

Альмира:

Ат өнері білінбес,

              Бәйгеге түсіп жарыспай.

              Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай, -  демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстағы өнерлерін көрейік. Білек күшін сынап көрсек.







Тамирис :
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.


Мұғалім:

Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Марапаттау:
1. «Ұлы даланың болашақ сұлтаны» - бас жүлде
2. «Дарынды дарабоз» 1- орын
3. «Сегіз қырлы, бір сырлы» 2- орын
4. «Парасатты жігіт» 3- орын
5. «Өнерпаз жігіт»
6. «Алғыр жігіт».
7. «Сөз шебері»
Мұғалім:

Бүгінгі сұлтандарымыздың бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!