400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс іс - шара Ұмытылған дәстүрлер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұмытылған салт - дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында жазылған. "Ерулік" және "қарын бүрме" тамағын даярлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұмытылған дәстүрлер «Ерулік»


Отағасы: - Бәйбіше, үйдің іргесіне жаңа көршілер көшіп келді. Ата – бабамыздан келе жатқан сал -дәстүр бойынша ерулік беріп жіберейік.

Бәйбіше: - Иа, дұрыс айтасың отағасы, мен де сол көршілерді шақыруға дайындалып жатырмын. Барып ертіп келе қойыңыз.

Көрші: -Ассалаумағалейкум, көршілер. Сіздермен танысқанымызға қуаныштыымыз.

Көрші әйелі: - Амансыз ба, көрші.

Бәйбіше: - Келіңіздер, төрлетіңіздер. Бүгін сол сіздерге ерулік беріп жіберсек деп едік. Ерулік — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. «Алты жыл аш болсаң да, ата салтыңды ұмытпа» деген ғой бұрынғылар.

Көрші: -Ықылас ниеттеріңізге рахмет. Ұмытылып бара жатқан дәстүрді жаңғыртып жатыр екенсіз.

Әйелі: - Қолыңыз дерт көрмесін. Нанның, бауырсақтың түр – түрін пісіріпсіз. Мұның кейбірін мен білмейді екем.

Отағасы: - Біздің бәйбішенің пейілі кең, қол ашық жан. Үйге қонақ келсе сол ата- бабамыздан келе жатқан тағамдармен дастарханын жайнатады. Алып отырыңыздар.

Көрші әйелі:- Мынау мен көрмеген қандай тағам? Дәмі тіл үйіреді екен.

Бәйбіше: - Сіздерге ет таңсық емес қой деп ұмытылып бара жатқан «Қарын бүрме» тамағын даярладым. Тазаланған ішек-қарынды тегіс жағымен ішке аударып, бағыланның ұсақтап туралған етімен, түрлі дәмдеуіш шөптермен және жабайы пиязбен, кейде көкөністермен толтырасыз. Айырықша хош иісті, дәмді және шырынды болады. «Қарын бүрмені» бұрын жерге көміп, сазбен сылап, үстінен от жағып пісірген, ал қазіргі күні «Әсел» пештің ішінде фольгаға орап пісіреміз.

Көрші:- Ықыластарыңызға ризамыз. «Жақсы көрші тапқаның Мол олжаға батқаның» - дегендей, сіздей көршімен көршілес болғанымыз қандай жақсы.

Көрші әйелі:- Сіздерден үйренеріміз көп екен.Әле біздің дастарханнан да дәм татарсыздар. Сау болыңыздар.

Отағасы: - Қазақ халқы "Көрші ақысы – тәңір ақысы" деп, қатар қонған көршісін ерекше құрметтеген. Алыстағы ағайыннан, қасыңдағы көрші артық деп бекер айтпаса керек.  Татулықта, амандықта болайық.

Бәйбіше: - «Қуыс үйден құр шықпа деген» мына тағамдарды балаларға ала барыңыздар. ( орамал, шапан жауып шығарып салу)


Дастарханға қойылатын тағамдар:

Таба нан, тандыр нан, пәтір нан, жұқпа нан, үлкен тандыр нан- қазан жаппа, қаттама; Бауырсақтар- ши бауырсақ, арғын бауырсақ, кәдімгі бауырсақ, майда сопақша кесілген бауырсақ, жеті шелпек, чак- чак; құрт, жент, ірімшік, майсөк, балқаймақ, май, қымыз, шұбат, шай сүтпен, сүтсіз, тамаққа - Қарын бүрме: Тазаланған, тегіс жағымен ішке аударылған ішек-қарынды бағыланның ұсақтап туралған етімен, түрлі дәмдеуіш шөптермен және жабайы пиязбен, кейде көкөністермен толтырған. Айырықша хош иісті, дәмді және шырынды, әсел пештің ішінде фольгаға орап пісіреді



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
221
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі