«Татулық достықтың киелі
бесігі» атты
1 мамыр – Халықтар
бірлігі мерекесіне арналған сазды
бағдарлама
1-жүргізуші
Әділбек: Қайырлы күн, ардақты
ұстаздар!
2-жүргізуші
Нұрғайша: 1 мамыр – Халықтар бірлігі
мерекесіне арналған «Достық әнін шырқайық!» атты сазды
бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші Әділбек
: Бұл күн - әрбір қазақстандық
үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық
борыш пен жалпы ұлттық келісімнің
мерекесі.
2-жүргізуші
Нұрғайша: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен
ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық
тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш
етеді.
1-жүргізуші
Әділбек: Еліміздің басты қорғаушы күші
– қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің
алдында тұрған басты міндет.
2-жүргізуші
Нұрғайша: Қоғамдық келісім мен саяси
тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау,
оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың
борышы.
1-жүргізуші
Әділбек: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар
бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз!
2-жүргізуші
Нұрғайша: Баршаңызға, әр отбасына
береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш
болсын!
1-жүргізуші
Әділбек: Қазақстан халқы өркен жайып,
мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа
кенелсін!
Екеуі бірге: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ
БОЛСЫН!
2-Жүргізуші Нұрғайша : Хор
«Әрқашан күн сөнбесін»
1-жүргізуші Әділбек
:
Мен қазақпын, мың өліп, мың
тірілген,
Жөргегімде таныстым мың
тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн
түрілген.
Мен – қазақпын, биікпін,
байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта
келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі
өлмеске
Айта бергім келеді, айта
бергім.
Алғашқы кезекті өзіміздің
ұлттық әнімізді ұсынатын, ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз
ұлтымыздың өкілдеріне береміз.
Қарсы алыңыздар! Алдарыңызға 2-А сынып
оқушыларын шақырамын.
2-жүргізуші
Нұрғайша:
Тілі бөлек болғанымен тілек
бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп
тұр.
Сахнаға Орыс ұлтының өкілдерін шақырамын.Қарсы
алыңыздар!
1-жүргізуші
Әділбек: Ұлтаралық татулық арқасында
бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы
берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы
айнымас достыққа сызат түспесе екен.
2-жүргізуші Нұрғайша
: Кең байтақ елімізді Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім
ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Сапорова
Гүлназ Мұратқызы. Ендеше, апай,
көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді
ортаға шақырамыз.
/мерекелік лебіз/
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы
күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір
жырын.
Татулығын жырға қосам
ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың
бірлігін.
Алдарыңызға Өзбек ұлтының
өкілдерін шақырайық.Қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші
Әділбек: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне
25 жыл толғалы отыр. Бұл
– қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің
25
жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін
биіктетіп келеді.
2-жүргізуші
Нұрғайша: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз 8 ұлт
өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде
130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
Келесі кезекті қошеметпен Қырғыз ұлтына берсек!
Қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші
Әділбек : 1 - мамыр мерекесі
дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің
мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты
сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі
жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің
елге айтылғандай.
Ендеше сахнаға Түрік
ұлтының өкілдерін шақырамын.Қарсы
алыңыздар!
2-жүргізуші Нұрғайша
: 1995 жылы ұлтаралық татулық
пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы
құрылды. Бұл
– ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор
құрылым.
1-жүргізуші
Әділбек: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
2-жүргізуші
Нұрғайша: Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
1-жүргізуші
Әділбек : Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей
отырып, Ұйғыр
мәдени орталығына сөз кезегін
береміз.
/Ұйғыр халқының сәлемі/
/3Б сыныптары/
2-жүргізуші
Нұрғайша: Елім менің, жарқыраған,
жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы
сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың
самғаған!
1-жүргізуші
Әділбек: Сөз
кезегін Грузин
елінің мәдени орталығына береміз.
/Грузин халқының сәлемі/
/3-В сыныбы/
2-жүргізуші
Нұрғайша: Жер-Ана бәрімізге
ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт
өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір
кешуде.
1-жүргізуші
Әділбек: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр
азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті
Үнді
мәдени орталығының өкілдеріне
береміз.
/Үнді халқының сәлемі/ /3-Г сынып/
2-жүргізуші
Нұрғайша: Ағайын-туған – бар
адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
Тамашалаңыздар алдарыңызда Корей ұлтының
өкілдері.
1-жүргізуші
Әділбек: Ортаға Татар мәдени
орталығының өкілдерін шақырамыз.
/Татар халқының сәлемі/
/4
Ә-сынып/
2-жүргізуші
Нұрғайша: Республикам менің,
Республикам менің,
Абатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің
қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп
жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге
табатын!
Алдарыңызға Тәжік ұлтының өкілдерін шақырамын.
4-Б сынып
1-жүргізуші
Әділбек: Сөз кезегі Қытай мәдени
орталығының өкілдеріне беріледі.
/Қытай
халқының лебізі/ /5
А-сынып/
2-жүргізуші
Нұрғайша:
Тілегі бір,
Жүрегі бір.
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
Ортаға Польяк ұлтының өкілдерін шақырамын.
Қарсы алыңыздар!5-Ә сынып
1-жүргізуші
Әділбек: Өз құттықтау лебізін білдіру
үшін ортаға Украин мәдени орталығының өкілдерін
шақырамыз.
/украин халқының лебізі/
/5-Б
сыныбы/
2-жүргізуші
Нұрғайша: Жер-анамыз жасайды тарлық
кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып
түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық
тілде.
1-жүргізуші
Әділбек: Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытқа.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл!
2-жүргізуші
Нұрғайша: Келесі кезекте ортаны
Әзербайжан мәдени орталығының өкілдеріне
береміз.
/Әзербайжан халқының лебізі/ /5-В сынып/
1-жүргізуші
Әділбек: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.
Қайырымдылығы тас жүректі
жібіткен,
Арғы тегі Алаштан тараған,
Керегесін ағаштан құраған
елміз!
2-жүргізуші
Нұрғайша: Тағдырдың тезіне, қолдан
жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз.
Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған
елміз!
1-жүргізуші
Әділбек: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған,
таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының
жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген
елміз!
2-жүргізуші
Нұрғайша : Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі
сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды
қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына
ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған
қазақпыз!
1-жүргізуші
Әділбек : Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым
табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз
Қазақстан!
2-жүргізуші
Нұрғайша: Ән
«Көк тудың
желбіргені!»
жеке дауыста 10 А
сынып оқушысы Аппаққожа
Шералы.
/ән орындалады/
1-жүргізуші
Әділбек: «Ел
бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен
парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп
көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты
мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының
бірлігі.
2-жүргізуші
Нұрғайша: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір
кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
1-жүргізуші
Әділбек: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
2-жүргізуші
Нұрғайша : Ынтымақтастық жасасын!
1-жүргізуші
Әділбек: Қазақстан жасасын!
2-жүргізуші
Нұрғайша : 1
мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
жасасын!
1-жүргізуші
Әділбек: Осымен, бүгінгі «Достық әнін жырлайық!» атты
мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.
Екеуі
бірге: Сау саламатта
болыңыздар!