Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді
ұрпағымыз»
Мақсаты: Оқушылардың
туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін
ояту.
Елін, жерін сүюге,
Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
(«Тойбастар» күйі
ойналып тұрады)
1-жүргізуші: Тарихым бар қилы-қилы, көз жіберсем
өткенге,
Тарихың бар тасқа түскен таңбадай
Тәубә қылам осы күнге жеткенге,
Тәңір ием тыныштығымды алмағай!
2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, Қазақстанның үміт
артар ұлдары мен қыздары! Бүгін еліміздің тәуелсіздігінің 26
жылдығының құрметіне өтетін
«Тәуелсіз елдің білімді ұрпағымыз»
атты көңілділер,
тапқырлар клубына қош
келдіңіздер!
1-жүргізуші: Добрый день, уважаемые гости! Мы рады
приветствовать вас на нашей священной земле!
Осы мерекеге той шашуын алып келген
10-
сынып оқушысы
әнін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Егемендік – ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші
Тәуелсіздік деген сөзден естілер
Тарихтың арғысы мен бергісі.
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биыл 26 жыл
болды.
26 жылдың ішінде Қазақстанда 120-дан астам ел
танып, 135-тен астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың
астында еркін де ерікті, тату –тәтті өмір сүруде.
Бүгінгі Қазақстанның ең басты мейрамы -
«Тәуелсіздіктің 26 жылдық» мерекесі құтты болсын
халайық!
Кешімізді бастамас бұрын әділқазы алқасымен
таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
1-жүргізуші: Мектебіміздің 5-11 сыныптары арасында өткелі
отырған «Тәуелсіз елдің білімді ұрпағымыз» атты КВН-ді бастауға
рұқсат етіңіздер.
КВН бағдарламасымен таныс болыңыздар. Әр кезең
«5» балдық жүйемен бағаланады.
(бағдарламамен
таныстыру)
2- жүргізуші: Сан ғасырлар тарихы мол кешегі,
Туған жердің шежіресі деседі.
Менің елім Қазақстан – Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі, - дей келе,
талантты, дарынды жастары- ойыншыларды қарсы алайық.
Алдарыңызда келешегінен үлкен үміт артар
мектебіміздің түлектері,
11- сынып оқушылары! (Қалған сынып
оқушылары кезекпен шақырылып отырылады)
Әділқазы алқасы КВН-нің 1-ші бөлімі бойынша
қорытындысын шығарғанша
11 -сынып оқушысы Бауыржанқызы
Аяжанның «Туған
жер» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Сөз әділқазы алқасына
беріледі.
2-жүргізуші: Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған жер, Атамекен -
құлаққа жылы естілетін, бойыңа қуат, көңіліңе шабыт, жүрегіңе
шаттық сезімін ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас,
мазмұны бай сөздер. Табиғат пен жер Ананы сүйе білу, оны аялау-
адамның азаматтық борышы.
Олай болса: Бұлт таралған қазағымның
аспанын
Білерсің бе, қалай өмір бастадың?
Кіргің келсе ашып көргін ақырын,
«Тарих» атты қарт бабамның дастанын- дей келе
келесі кезекті үй тапсырмасына берелік: б.з.б IV-III ғасырда өмір сүрген бұрынғы
ата-бабаларымыз сақтардың мәдениетінен, салт-дәстүрінен,
әдет-ғұрпынан көріністерді тамашалауларыңызға шақырамыз.
Сахнада 5- сынып оқушылары «Томирис» тобы.
Қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Өзбек биі: Орындайтын 9- сынып оқушылары:
Әлібекова Балым мен Райманова Балым.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
2-жүргізуші: Сырлары көп білімнің,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі тарихтың
Керек екен бәріңе – деп келесі кезекте
ситуациялық, викториналық сұрақтарға жауап береміз.
1-жүргізуші: Сахнаға 9,10,11 сынып оқушыларынан құралған
командаларды шақырамыз. Жауаптың нақтылығына, тапқырлығына қарай
«5» балдық жүйемен баға қойылады.
Сөз кезегі «Азиялық скифтер» тобында.
Келесі кезекте:_______________________
Келесі кезекте:_______________________
Келесі кезекте:_______________________
2-жүргізуші: Сахнаға 5-8 сыныптар
командаларын шақырамыз. Әр топқа 4 сұрақтан
қойылады.
«Тұлпар» тобы
бастайды.
1-жүргізуші: Келесі бөлім:
«Презентация қорғау» бөлімі. Мұнда
оқушылардың ізденімпаздығы сыналады.
Әділқазы алқасына қорытынды сөз
беріледі.
2-жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата-баба арына!
Үлгі бізге ағалардың ерлігі,
Ұлағатты, өнегелі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ- болар елдің ертеңі! -дей келе,
Еркіндік пен халқымыздың дербес өмірінің дамуына арналған бұл
мерекеде сіздерге тілерім мықты денсаулық, сәттілік, береке және
нық сенім. Бұл мереке әр үйге бейбітшілік пен ынтымақ, мейірімділік
пен сүйіспеншілік әкелсін!