Материалдар / Сыныптан тыс шара " Тіл - достықтың айнасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара " Тіл - достықтың айнасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды туған тілін сүюге, тез ойланып, жауаптарын тиянақты жеткізуге, жүйелі еркін сөйлеуге баулу, таза сөйлеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
297
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тіл достықтың айнасы» 
Мақсаты:

1.     Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2.     Тіл тәуелділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушылар дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3.     Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушылар бойына сіңіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.



Міндеттері: оқушыларды  туған тілін сүюге, тез ойланып, жауаптарын тиянақты жеткізуге, жүйелі еркін сөйлеуге баулу, таза сөйлеуге тәрбиелеу. 

Оқытушының  кіріспе сөзі:

-         Құрметті оқытушылар мен оқушылар!

Біздің мектебімізде  Тілдер мерекесі өтуде.

Міне, бүгінгі «Туған тілім – тірлігімнің айғағы!» тақырыбындағы зияткерлік сайысымыз да, осы мерекенің  құрметіне байланысты болмақшы.

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.

Біздің Қазақстан Республикасында қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілімізді дамытуға күш салғанымыз жөн.

  1 – жүргізуші:

 —  Армысыздар  оқытушылар мен оқушылар! Бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Тіл мәртебесін ұлықтайық!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.

2 – жүргізуші: «Тіл туралы тұңғыш Заң» 1989 жылы 22 қыркүйекте жоғары кеңестің сессиясында қабылданған болатын. 
1 – жүргізуші:

Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20қаңтардағы Жарлығына сәйкес

«22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді. 
1 – жүргізуші:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

(С.Торайғыров)

2 – жүргізуші:

Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім

Ана тілім, туған тілім, бал тілім.

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім.

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

(Ш.Айтматов)

  1 – жүргізуші:

Құрметті оқушылар, бүгін біз 2 топ, яғни «Алғырлар » мен «Тапқырлар» Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері жеңімпаз атанады.

2 – жүргізуші:

-         Рахмет!

-         Бүгінгі біздің бағдарлама 6 кезеңнен тұрады. Олар:

 

1.     Таныстыру (топтың аты, топ басшысы, ұраны)

2.     Өнерліге өріс кең (2 топ оқушыларының өнерлерін тамашалау)

3.     Жеті жұрттың тілін біл (жұмбақты шешіп, жауабын 2  тілде айту)

1 – жүргізуші:

-         Енді 1 кезең бойынша таныстыруға берсек. Әр топ өздерін таныстырып өтсе.


«Алғырлар» тобы 

Топ басшысы – ____________ 

Топ мүшелері – 

Ұраны – Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр

              Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр

 

 «Тапқырлар» тобы



Топ басшысы – ____________ 

Топ мүшелері —  

Ұраны – Белгісі болса – жолдан жаңылмас,

              Білімі болса – сөзден жаңылмас.

  

1 – жүргізуші 

Еркін сұрақ:

Кім айтады?

О жағы мәрмәр,

Бұл жағы  мәрмәр.

Ортасында,

Сандуғашсарнар. (Тістержәнетіл)



2 – жүргізуші:

Қызыл түлкі   інінен шықпайды.   (Тіл)

  

1 – жүргізуші:

Абайдың неше қара сөзі бар?    (45)

  

2 – жүргізуші:

Ұр тоқпақ ертегісіндегі үш қасиетті затты атаңдар (Піс қазан, Құс есек, Ұр, тоқпақ)

  

1 – жүргізуші:

Әдет ғұрып жырларын атаңдар (Жар жар, сыңсу, беташар, жоқтау)

 

-         Көп рахмет!

2 – жүргізуші:

-         Келесі «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы. Бұл сайыстың шарты: жұмбақты шешіп, жауабын үш тілде айту: қазақша, орысша, ағылшынша.

  Сұрақ  «Алғырлар» тобына

Жүз теңгең болғанша,

Жүз …………. болсын.         (Дос – Друг – Friend)

  Сұрақ «Тапқырлар» тобына

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама.       (Кітап – Книга – Book)

  Сұрақ  «Алғырлар» тобына

Көз қорқақ, ……….. батыр.    (Қол – Рука – Hand)

  Сұрақ «Тапқырлар» тобына

Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы.  (Ит – Собака – Dog)

  Сұрақ  «Алғырлар» тобына

…………….. алма, білім ал.    (Алтын – Золото — Gold)

  Сұрақ «Тапқырлар» тобына

Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп-шығар сапары жоқ.               (Мысық – Кошка – Cat)

  

Сұрақ  «Алғырлар» тобына

Көңіл сырын ………………. білдіреді.     (Көз – Глаза – Eye)

  

Сұрақ «Тапқырлар» тобына

……………… дос  үшін жан пида.        (Жақсы – Хорошо – Good)

  

Сұрақ  «Алғырлар» тобына

…………… басы – бұлақ, сөздің басы – құлақ.   (Су – Вода – Water)

  

Сұрақ «Тапқырлар» тобына

Айдың он бесі …………….. , он бесі қараңғы.  (Жарық – Свет – Light)

 

Енді 2 топқа жазбаша сұрақтар беріледі. Жазбаша түрде 2 минутта жауап жазып оқып  берулері  керек

2 – жүргізуші:

-         Көп рахмет!

  1 – жүргізуші:

Біздің Республикамызда мемлекеттік тілді үйрену – барлық ұлт өкілдеріне ортақ мәселе деп білеміз. Ал ұлтымыздың мемлекеттілігін мәңгілікке айғақтайтын тарих болса, тарихты мәңгілікке жеткізуші – кітап, ал тілдің мәңгілік ғұмыры – осы кітапта жатыр. Тіл мен кітап сайып келгенде ел үшін бірі – тірек, бірі – білек, білік, күш-қуат. Тәуелсіздікті ту еткен, табан жолынан айнымайтын, қандай кезде де құбылмайтын тек осы тіл мен кітап қана.

  2 – жүргізуші:

Халық бар жерде тіл де бар. Ендеше тіл проблемасы – халықтың проблемасы. Біздің қазақ тілі өсу үстіндегі, адам баласының кез келген қиын да күрделі ойын бейнелеуіндегі мүмкіндігі зор, аса бай тіл. Сондықтан да оны көзіміздің қарашығындай қастерлейік.

   1 – жүргізуші:

Жеңімпаз топ анықталды. Рахмет достар! Бүгін тілдер туралы біршама деректер алдық деп ойлаймын.

Ана тіліміз қазірде үлкен өріске жол тартты. Дегенмен «Ана тілі – қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес көкірегімізге жазып алайық.

Олай болса, біздің мақсатымыз – Ана тілімізді қадірлеу!

Мемлекеттік Тіл мәртебесін көтеру!

  Атамекен әні  (барлығы)























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!