Материалдар / Сыныптан тыс шара «Достығымыз жарасқан»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара «Достығымыз жарасқан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті қонақтар, «Достығымыз жарасқан» атты Қазақстан халықтарының достығы фестиваліне қош келдіңіздер!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы:

Мақсаты: Оқушыларды тілін сүюге, оны қадірлеуге, құрметтеуге баулу. Тіл құдіретін, қасиетін білуге тәрбиелеу.

1 жүргізуші: Сәлем бердім халқыма,
Сәлем бердім жалпыға.
Сәлемдесу кіреді
Ата дәстүр салтына.
Құрметті қонақтар, «Достығымыз жарасқан» атты Қазақстан халықтарының достығы фестиваліне қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Кең байтақ жазиралы дархан өлкемде тұрып жатқан, көп ұлтты бауырластар, достар! Мәртебесі көкке жеткен еліміз көптеген жетістікке жетті. Жүзден астам ұлт өкілдері «Отаным - алтын ордам» дейді, өйткені біздің ел - татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі.
1 жүргізуші: Бір шаңырақтың астында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір - бірінің салт - дәстүрін құрметтеп, жерімізді бөлісіп отыр


1-Жүргізуші:
О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын
Тамсанамын, қарап тұрып артыңа
Шыққан балаң, қазақ деген халықтан
Нәр аламын, жер - анадан алыптан.

2-Жүргізуші:   Еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі екені барлығымызға аян.

Жүргізуші:
 Қазақ осы -айтатұғын елге сыр,

О ағайын,халық емес ол көл-көсір.

 Қазақ осы –аңғал- саңғал жабусыз,

Қазақ осы-ағыл тегіл,көл көсір.

Қазақ осы -дала дейтін,күн дейтін,

Қазақ осы -өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы -қарасың ба,ақсың ба,

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,- 

деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай,ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны біздерге мәлім.

(Бейнеролик көрсетіледі.)

1-ж: Бүгінгі кешіміздің бет ашары -  қазақ ұлты.

« Нағыз қазақ,қазақ емес

Нағыз қазақ домбыра»,- деп Қадыр Мырзалиев атамыз жырлағандай алдарыңызда 4 «а» сынып оқушысы Кабиева Жайнаның орындауында «Балбырауын» күйін тамашалаңыздар

2- жүргізуші:
 Бейбітшілік әніміз.
Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Ұлы Отан аясында
Жадырайды жанымыз

Алдарыңызда 4-сынып оқушыларының өлеңдеріне кезек береміз

1-оқушы :Достық екен өмірде ең керегі,
Достық болып дүние дөңгеледі.
Өзендегі толқындар дос боп ақты,
Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.


2-оқушы: Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер – білім нәрімен
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.

3-оқушы:

Мен – қазақ,
Қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі,
Өзім қазақ.
Мен неге қазақтықтан сақтанамын.

4-оқушы:

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр

1 – жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
2 – жүргізуші: Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда қазақ биі.

1-жүргізуші:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

        Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.- 
дей отырып ортаға 1-сынып оқушыларының өлең жолдарын тыңдауға кезек береміз.

1-оқушы: ақпыз ,сары,қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Біз қалада тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.

2-оқушы:Ақ, қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз, татумыз,
Биіктерге өрлейміз.

3- оқушы:Тілегі бір, жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз.

4-оқушы:Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.

1– жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
2 – жүргізуші: Бишілер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін сайыстарда тек шыңдайды!

Алдарыңызда орыс биі « Морячка » қарсы алыңыздар

Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, - деп «Әрқашан күн сөнбесін »әніне кезек береміз.



1-жүргізуші:

  Ортақ бізге бір отан,

Ортақ жердің байлығы.

  Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы дей келе алдарыңызға 3-сынып оқушыларының өлең жолдарына кезек береміз



1-оқушы:Ағайын-туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!

2-оқушы: Мен қашанда жалғыз өзім жүрмеймін
Жалғыз жүріп, жалғыз өмір сүрмеймін
Жер жердегі достарымды санасам
Аспандағы жұлдызыңмен бірдеймін.

3-оқушы:Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат!


4-оқушы: Қазақ жері достықтың гүлстаны 
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте,мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

1-жүргізуші: Мың бұралып сахнада тамсанып,

Би билеңдер босатылып бар жүктен.

Көрермендер  өте ыстық қарсы алып,

Шапалақтап жібереді зал біткен.

2-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – ол халықтар достығы,- демекші ендігі кезекті өзбек ұлтының биін тамашалауға шақырамыз.

1-Жүргізуші:
Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

 Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған

2-жүргізуші:

Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

  Қайталанып, жаңарып айтылады,

  Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып 2-сынып оқушыларының өлең жолд1.Бізде берік ұлы достық,

Бірлік құрып, тілек қостық.

Ұлы мақсат биігінде,

Дос жолына жүрек тостық.

2.Достық -біздің тірегіміз,

Бірге соғар жүрегіміз.

Оттан ыстық бір-біріне

3.Жақсылыққа,бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл. .

4.Елді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен – бірі туысқан.

Қол ұстасқан ел жатыр

арына кезек береміз.

1-жүргіізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле дей отырып ортаға қытай халқының биіне кезек береміз.

4-сынып оқушыларының өнерін қарсы аламыз

Шаңырақ:

Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Ән: Жасылжайлау

Жүргізуші: 

Құрметті ұстаздар, кешіміздің қонақтары бүгінгі  өтіп отырған «Достығымыз жарасқан» атты мерекелік кешіміз аяқталуға  тәмәм, әр ұлт өкілдеріне көп, көп рахмет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!