Материалдар / Сыныптан тыс шара "Жүзден жүйрік"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара "Жүзден жүйрік"

Материал туралы қысқаша түсінік
9- 11- сыныптар арасында өткізілген география, биология, химия пәндерінен сайыс сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
916
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік» зияткерлік білім сайысы

Жүргізуші.

Армысыздар, ардақты ұстаздар мен жарқын болашаққа нық қадам басқан білім алушылар!

Біздің «Жүзден жүйрік» тақырыбындағы зияткерлік білім сайысына қош келдіңіздер!

Бүгінгі «Жүзден жүйрік» - зияткерлік білім сайысына қатысушылары 9-11 сыныптар.

1 топ «Білгір биологтар»

2 топ «Тапқыр химиктер»

3 топ «Алғыр географтар»

өздерінің білімдерін ортаға салып тапқырлығы мен бойындағы бар қасиеттерін көрсетпекші. Ендеше оларды қошеметпен қарсы алайық.

Бүгінгі зияткерлік білім сайысы 7 бөлімнен тұрады.
1 – Таныстыру

2 – «Кімнің еңбегі?». (биология, химия, гоеграфия тарихынан)

3 – «Сандықтан шыққан лездеме сұрақтар!»

4 – Жеті жұрттың тілін біл

5 – Әдеби сайыс (биологиялық, химиялық, география ән-жырлар)

6 - Егер мен .... болсам! (Үй тапсырмасы)

7 - Іздеу ұйымы
Сайыс ережесі бойынша әрбір кезеңде сайыскерлерге жауабына сай ұпай беріледі. Білім алушылардың жауаптары ұпайлық жүйемен есептелінеді.


Сайыс болған жерде төреші болатыны даусыз. Сайысымызға бақылау жасайтын әрі әділ бағалап отыратын сарапшыларымызды таныстырып өтсек.


Жүргізуші. Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емеспе тілегі елдің,

Бүгін осы сайыста жеңіске жет,

Білімді әрі білікті жас шәкірттерім - деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.

I кезең. Топтардың өзін-өзі таныстыруы. Өз топтарымен және төс белгілерімен таныстырып шығады

1. «Білгір биологтар» белді мықты байлаған,

Жарысқа келдік алған беттен таймаған.

Тілейміз сәт сапар қарсылас топқа…

«Білгір биологтар» төсбелгілерін және топбасшыларын таныстырады.

2. «Тапқыр химиктер»

«Химик болғым келеді»

Химик болғым келеді, талабым бар,

Химик болғым келеді, қанатым бар.

Химик болғым келеді, химик болғым,

Химияның сырларын сараптаған.

Жетік білгім келеді химияны,

Қаламыма ұштадым, арманымды.

Химик болғым келеді, химик болғым,

Сан саласы химия қызықтырған….

«Тапқыр химиктер» төсбелгілерін және топбасшыларын таныстырады.

3. «Алғыр географтар»

Біз «Алғыр - географтар» алысқа қарай самғаған,

Жарысқа келдік жүлде емес бар арман.

Ұшқыр ой мен білімді алып кетер,

Сәлемін қабыл алыңыз «Алғыр географтардың»…

«Алғыр географтар» төсбелгілерін және топбасшыларын таныстырады.


Жүргізуші.

Алғандықтан терең білім, қайрат тың,

Болашаққа нық сезіммен барамыз.

Айдынында білім атты мұхиттың,

Шаршамаймыз тереңіне самғаймыз, - дей отырып, ғалымдарымызды еске түсіріп, қалдырған еңбектері арқылы ғалымдардың есімдерін табасыздар.


Викториналық сұрақтардағы ғалымдардың аты-жөнін табу керек. Дұрыс жауап үшін 5 ұпай. (Әр топқа 5 ғалымның есімін айту сұрақтары қойылады.)

1- топ

1)Алғашқы микроскопты ойлап тапқан кім? (Р.Гук)

2) Дүние жүзіндегі мәдени өсімдіктердің шығу тегін зерттеп, олардың орталықтарын анықтаған кім?(Н.И.Вавилов)

3) Генетика ғылымының негізін салушы? (Г. Мендель)

4) Өсімдіктерді сұрыптап, іріктеп, будандастырушы. И.Мичурин

5) Б.з.д. 384-322 жж. өмір сүрген тірі организмдердің баспалдағы туралы идеяны ұсынған, зоологияның негізін қалаған ғалым. (Аристотель.)


Жүргізуші.

Келесі бестік.

1. Периодтық заңды ашқан ғалым.

Д.И. Менделеев.

2. Экология ғылымының негізін салушы ғалым.

Эрнст Геккель.

3.Атом малекула ілімін дамытып,оны алғаш химия іліміне қолданған ғалым

М.В Ломоносов

4. Химия ғылымдарына өарсы шыққан ғалым

Роберт Бойль 

5. Атом малекула ілімінің дамуына үлес қосқан ғалым

Авогадро Амедео

Жүргізуші.

«Сандықтан шыққан лездеме сұрақтар!»
Бұл бөлімде әр топтың топбасшысы сандықтан нөмірленген конверт алып шығады. Жүргізуші әр конверттегі сұрақты оқиды, оқушы сол сөздің жауабын тез айту керек.

1 химиктер

  1. Металдар патшасы - алтын.

  2. Адаммен бірге дамыған тарихи элемент – темір.

  3. Күкүртсіз қандай аяқкиімді жасауға болмайды – резина аяқ киім.

  4. Тазалық кепілі саналатын табиғи сұйықтық - су.

  5. Жануар атымен аталатын құс – Түйеқұс.

  6. Адам тыныс алатын газ – Оттегі.

  7. Бұлшықеттің жиырылуын іске асыратын ақуыз - миозин.

  8. Ядроның бөлінуі - кариокинез.

  9. Жылқының арғы тегі – Тарпан.

  10. Өкпе ауруымен ауырмайтын үй жануары - ит.

2

1. Дүниедегі ең биік ағаш – Эвкалипт.

2.География сөзінің мағынасы – баспана, тұрғын үй,қоршаған орта.

3.Дене қызуын өлшейтін құралда болатын металл – сынап.

4. Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қай жылы қол қойылды – 1991ж 29 тамыз)

5. Фотосинтез процесі нәтижесінде өсімдік бөлетін газ - оттегі.

6.Ең ұзақ жасайтын ағаш – Емен.

7. Бірінші ұрпақта басымдылық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгі доминантты.

8.Ең жүйрік аң – Қабылан.


9.Судан шықса өледі – балық.

10.Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау қай күнге белгіленген? - 5 маусым.

3

1.Ұя салмайтын құс- Көкек.

2.Адам асқазанының сөлінде қандай қышқыл бар? - Тұз қышқылы.

3.Ағзаның жұқпалы ауруға қарсы тұруы- иммунитет.

4.Денеге күн сәулесінің әсерінен түзілетін дәрумен – Д.

5.Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң қашан қабылданған? - 1997 жылы 5 тамызда

6.Қазақстанның «Қызыл кітабы» ең алғаш қай жылы ұйымдастырылды? - 1978 ж.

7.Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады? - Фтор.

8. Хромосома жасушаның қай бөлігінде болады? – ядро.

9. Ақшаға сатып алуға болмайтын байлық – денсаулық.

10. Жасушаның құрамындағы ең көп зат – су.

Жүргізуші.

Бұл кезеңде жоғарғы 5 ұпайдан қойылады.
Бұл бөлімде мақал немесе жұмбақ айтылады. Жауаптары қазақша, орысша, ағылшынша берілуі керек. (Әр топ жұмбақты шешеді.)

Ендеше бастайық…

1.Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.

Көктем – весна- spring

2. Мұрты бар, иегінде сақал жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ.

Мысық - кот – cat

3. Жеті қазынаның бірі,

адамды қорып жүретін досы.

Ит - сабака - dog

4. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.

Қоян - заяц - carrot

5. Ер қанаты - …

Ат - конь - horse

6. Иісі де, дәмі де жоқ ұсталмайды,

Болмаса ол жер бетінде өмір де жоқ.

Ақыры жанған оттың тұтанбайды,

Қалады қарауытып, көмір боп шоқ.

Оттек – кислород - oxygen

7. Бірі жанып, бірі қолдап жануды,

Екі элемент бізге бұрын табылды.

Өрт болып, ел сөндіруге көп адам,

Қосылысын алып, соған ағылды.

Су – Вода - Water

8. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.

Ауа – Воздух - air

9. Сатайын десем ауыр кілем, 
Сатпайын десем тәуір кілем.

Жер – земля - land

10. Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам. 

Күн – солнце- sun

11. Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады.

Жел – ветер - wind

12. Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Күн келіп таң алдына алып кеткен?   

Жұлдыздар – Звезды - Stars
13. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен.
Пияз – лук - onion
14. Жер астында тұрағы,
Қорегін жұтып тұрады.
Сол қоректің нәрінен,
Жайқалады жапырағы.
Тамыр – корень - root
15. Төрт қанаты тым әдемі өрнекті,
Тоқымайды бірақ олар өрмекті.
Ұшады олар қанаттарын себелеп,
Оның аты түрлі-түсті ...

Көбелек – бабочка - butterfly

Жүргізуші.

Әдеби сайыс.
Әр топ өздері ізденіп тапқан ақындардың биология, химия және географияға қатысты жазған жырларынан үзіндіні жатқа оқиды, мағынасын түсіндіреді.

«Білгір биологтар»

«Тапқыр химиктер»

«Алғыр географтар»




Жүргізуші.

Жақсы сөзге жүрегі жай табатын

Өз ойын дәлелдеп нақты айта алатын

«Егер мен...» деп шәкірттер шықсын алға.

Егер мен .... болсам! Биолог, гограф, химик болсам тақырыбына ғылыми негізде жауап беру.

Іздеу ұйымы”.
Бұл кезеңде пәндерге байланысты қысқаша мағлұмат беріледі, айтылған сөздерде бір өсімдіктің немесе элементтің, табиғат құбылыстарына байланысты айтылуы мүмкін. Дұрыс жауап үшін 5 бал қойылады.


1 сұрақ. «Білгір биологтар» тобына

Алғаш рет бұл өсімдікті Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар бұл өсімдікті Еуропаға 400жыл бұрын алып келді.Оны «күн гүлі» деп атайды. Дәнінен сұйық май алынады. Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік.

Қандай өсімдік туралы айтылуда?

Күнбағыс

2 сұрақ. «Тапқыр химиктер» тобына
Сұйықтан да таза, Басатын жер тозаңын.
«с» орнына «б» қойсақ, Бозғылт боп тозады
(Су - Бу)

3-сұрақ«Алғыр геграфтар» тобына
Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем. 

«Білгір биологтар» тобына

Мен жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты, суды сүйетін дақылмын. Қайнатсам - асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Және ол өсімдікті өсіруден дүние жүзілік рекорд жасаған

Ыбырай Жақаев. Сонда мен қай өсімдікпін

Күріш

«Тапқыр химиктер» тобына

Қара жер адамзатқа болған мекен
Қазына іші толған, әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен.
(Темір)

Алғыр геграфтар» тобына


Қол-аяғы жоқ болса да, Қақпа есікті аша алған. 

Жел боран

Жүргізуші.Біздің «Жүзден жүйрік» тақырыбындағы зияткерлік білім сайысының жеңімпаздарын анықтап беру үшін сөз кезегін әділ-қазылар мүшесіне береміз.


Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,
Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.
Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан
Ала берің жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!