Материалдар / Сыныптан тыс шара: "Сөзтаным" сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара: "Сөзтаным" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Сөзтаным» сайысы Мақсаты: оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамыту, тұлғаның кез-келген жағдаяттардан шыға алуына,еркін қарым-қатынас жасауға бағыт-бағдар жасау,өз ұлтына еліне, деген сүйіспеншіліктерін арттыру,ана тілінің қадыр-қадсіиетін ұғына білуге тәрбиелеу. Түрі: танымдық сайыс Көрнекілігі: интербелсенді тақта Әдісі: диалогтық оқыту және топта талқылау. Күтілетін нәтиже: Өз Отанын құрмет тұтады,туған тілін, дінін, дәстүрін жандандыруға үлес қосады,сөздік қоры молаяды,тіл байлығы дамиды,ойларын жүйелі айта алады. Өтілу барысы: Жүргізуші: - «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!» (Н.Ә.Назарбаев) Бұл жанды тіл – менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім. Бірлік, достық,татаулық жүрегі боп Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім! 8-11- сыныптар арасында өтетін «Сөз таным» атты тіл сайысын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
111
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Сөзтаным» сайысы


Мақсаты: оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамыту, тұлғаның кез-келген жағдаяттардан шыға алуына,еркін қарым-қатынас жасауға бағыт-бағдар жасау,өз ұлтына еліне, деген сүйіспеншіліктерін арттыру,ана тілінің қадыр-қадсіиетін ұғына білуге тәрбиелеу.


Түрі: танымдық сайыс


Көрнекілігі: интербелсенді тақта


Әдісі: диалогтық оқыту және топта талқылау.


Күтілетін нәтиже:

Өз Отанын құрмет тұтады,туған тілін, дінін, дәстүрін жандандыруға үлес қосады,сөздік қоры молаяды,тіл байлығы дамиды,ойларын жүйелі айта алады.

Өтілу барысы:

Жүргізуші: - «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!» (Н.Ә.Назарбаев)

Бұл жанды тіл – менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Бірлік, достық,татаулық жүрегі боп

Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!

8-11- сыныптар арасында өтетін «Сөз таным» атты тіл сайысына қош келдіңіздер!


І-айналым. Қойылатын сұраққа 1 минутта жауап берілуі керек.

І топқа сұрақ

1. «Менің Қазақстаным» әнін шығарған?(Ш.Қалдаяқов)

2. Фонетика нені зерттейді? (дыбысты)

3.Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы. Кімнің өлеңі (Абай)

4.Тіл туралы заң ең алғаш қай жылы қабылданды? (1989)

5. ҚР тәуелсіздігін қай күні тойлайды? (16 желтоқсан)

6. ҚР халық әртісі, режиссер, ұстаз, Алдаркөсе ролін сомдаған ?(Ш.Айманов)

7. Заттың сынын білдіретін сөздер? (сын есім)

8.Қой иесі (Шопаната)

9.Түйе иесі (Ойсылқара)

10.Барыс септігінің сұрақтары (кімге?, неге?)

11. Балталы, бағаналы ел аман бол, Бақалы, балдырғанды көл аман бол.

Бұл өлең жолдары тұрмыс-салт жырларының қай түріне жатады? (қоштасу)

12. Құдайлады хан ұлы,

Іздеген жауы біз болып. Кімнің өлеңі (М.Өтемісұлы)

ІІ топқасұрақ

1.«Атамекен» әнін жазған? (Е.Хасанғалиев)

2. Лексика нені зерттейді? (сөзді)

3. «Әбдірахман өлгенде» өлеңінің авторы кім? (Абай)

4.Тіл туралы заң соңғы рет қай жылы қабылданды? (1997)

5.Көл қорыған сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен. Кімнің өлеңі (М.Өтемісұлы)

6. ҚР тілдер күні қай күні тойланады? (22 қыркүйек)

7.ҚР халық әртісі, КСРО-ның халық әртісі, қазақтың бұлбұлы атанған әнші (Б.Төлегенова)

8. Заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіретін сөздерді не дейміз? (зат есім)

9.Сиыр иесі (Зеңгі баба)

10. Жылқы иесі (Қамбар ата)

11.Келін, келін келіп тұр,

Келіп үйге еніп тұр.

Қайын жұртына халқына

Иіліп сәлем беріп тұр. Өлең жолдары тұрмыс-салт жырларының қай түріне жатады? (Беташар)

12.Табыс септігінің сұрақтары? (кімді?, нені?)

2-айналым.

Орфография. (Сөздің дұрыс жазылуын тексереміз).

1-топқа; ассалаумағалайкүм, күртік,

2-топқа: консерватория,пұшайман

3-айналым. Фразеология.

10 . Шекесіне тиді-беті қатты,көңілі қалды,қайталамастай болды.

10.Тісін қайрау, өшігу.

10.Көз тастау-қарау

20.Ай қабақ,алтын кірпік-сұлу

20. Таң асыру – атты баптап күту, таң атқанша қаңтару,суыту.

20. Ақ ауыз қылды – алдап отырғызып кетті, аузындағысын білдірмей жырып әкетті.

30. Аузын айға білеу – қаһар, айбат, батыл қайрат көрсету;

30. 3. Шел біту – шаруасы түзелу, ісі оңға басуға байланысты адамның мінезі де өзгереді, (жағымсыз мағынада айтылады)

30.Кежегесі кейін тарту – жалқаулану, ештеңе істегісі келмеу,мойыны жар бермеу.

10

10

10

20

20

20

30

30

30

4-айналым

«Сенесіз бе?,Сенбейсіз бе?» Берілетін сұрақтарға жауаптар «сенемін», немесе «сенбеймін» болуы керек.

І топқа

1.Қорқыт ата өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанына сенесіз бе, сенбейсіз бе? (иә)

2.Сіз Қорғалжың қорығының Ақмола облысының 259 мың га жерін алып жатқанын сенесіз бе ,сенбейсіз бе?

3.Сіз Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы» 1999 жылы қабылданғанына сенесіз бе,сенбейсіз бе? (жоқ,1997 ж. 11 шілде)

4.сіз каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар құятынына сенесіз бе,сенбейсіз бе?( иә)

5. Сіз «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күмбезі Аягөздің оң жақ жағасында ,Таңсық деген ауылда салынғанына сенесіз бе,сенбейсіз бе? (иә)

ІІ топқа

1.Қазақ тілінде тоғыз септік барына сенесіз бе,сенбейсіз бе?» (жоқ)

2.Сіз Ахмет Йассауи кесенесі көне архитектуралық ескерткішке жататынына сенесіз бе,сенбейсіз бе? (иә)

3. «Телғара» деп Абайды жеңгелері айтқанына сенесіз бе,сенбейсіз бе? (иә)

4. «Менің атым-Қожа» М.Мағауиннің хикаяты ма? (жоқ)

5. Орхон ескерткіштері Жайықтан табылғанына сенесіз бе? (жоқ)

5-айналым

Сыни тапсырма

1-тапсырма

Топтарға «Қандай жігіт бақытты болады?» деген ортақ сұрақ беріледі.

Топтардың мүмкін жауаптары тыңдалған соң, өз нұсқаларын салыстыру мақсатында Салпық бидің осы сұраққа берген жауабын интерактивті тақтадан тыңдату.( Егер толық сәйкес келсе -20 ұпай, жартылай дұрыс болса- 10 ұпай алады.)

2-тапсырма Үш керек

Қазақ халқы үш керекті баса айтады. Мысалы, беру, сұрау, тілеу.Демек дана халқымыз нені беру керек, нені сұрау керек, нені тілеу керек деп айтқан деп ойлайсыздар?

Беру керек: үлкенге-сәлем,қуантқанға-сүйінші,қуанышқа-шашу,соғымнан-сыбаға,егіннен-кеусен,малдан-көгендік,балаға-базарлық,киімге- байғазы,сәбиге-көрімдік,төркіндеген қызға-қалауын,жаңа көршіге-ерулік,досқа-естелік,жетімге-қолқайыр,мүсәпірге-садақа,байлықтан-шүлен үлестіру,тойға-сияпат,жас үйленгендерді отқа шақыру,жас босанған анаға-қалжа,сағынғанға-сәлемдеме беру керек.

Сұрау керек:

Алладан-денсаулық,Пайғамбардан-шапағат,Қыдырдан-бата,аңшыдан-сыралғы,сырқат жанның- көңілін,қарттың-қал жағдайын,жетімнің-жай-күйін,саудың –амандығын,ағайынның-бүтіндігін,олжадан-тәбәрік,қонақтан-бұйымтай сұрау керек.

Тілеу керек: барға-тәубе,жоққа-сабыр,ауырға-төзім,жақсылыққа-алғыс,болашаққа –сенім, жетістікке-шүкір, өткенге-салауат,қалғанға-береке,басқа-амандық,денге-саулық

6-айналым Сөздердің сырын ашып көріңдер

Бел көтерер-дәстүрлі ортадағы ғұрыптық ас атауы.Ұзақ жасаған, тісі қаусаған қарияларға құнарлы тағам түрлерін ауыстырып,ұсақтап шайнамай-ақ жей беруге лайықтап дайындалады.Бел көтерер-адамға мол күш беретін нәрлі ас,көңіл жақын жандар арнайы дайындап,қарияларға алып келеді.Бел көтерер этномәдени жағынан мертіккен, қол-аяғы сынған адамдарға тез сауығуын тілеп,арнайы дайындалатын «мертік ас» деп аталатын ғұрыптық тағамға ұқсас.

Бақұлдасу-адамның дүниеден озор алдында жақын туысқандарымен қоштасу рәсімі.

Жиенқұрық-жиен нағашы жұртына алғаш барғанда берілетін кәде,сыйлық,жиенге нағашы жұрты алғаш келгені үшін бәсіре,яғни мал атап, ен салады.Кейін нағашылары жиен ер жеткенде сол малды енші қылып беретін болған.

Көзақы-қандай бір жақсыны алғаш көрген адамның басқаларға көрсеткені үшін алатын кәдесі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!