жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыр бойындағы елдер
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы
Исатай Әбдікәрімов атындағы № 168 жалаы орта мектеп
Бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәнінің мұғалімі: Ыдырысов Ербол
СЫР БОЙЫНДАҒЫ ЕЛДЕР
-
Cыр бойындағы қалалар
-
Cыр бойындағы қалалар араб зерттеушілерінің еңбектерінде
-
Cыр бойындағы қалалардың дүние жүзілік қатынастағы маңызы.
Түстігінде өзбек жері мен шығысында Арал теңізіне дейінгі елдердің құт-берекесіне айналған Сырдарияның өмірбаянын сонау ғасырлардағы құм астында қалған тұтас қалалар, онда бір кездері өмір сүрген халықтардың ғажайып мәдениеті құрайды.
Арал теңізі мен Сыр бойында бағзы дәуірлерде бізге аты беймәлім көптеген қалалар болған. Сырдарияның жағасында орын тепкен Отырар, Сауран, Сығанақ, Яссы, Сүткент, Өзгент, Жент, Баршынкент, Жанкент сияқты қалалар мен мекен-жайлар бұл жерде халықтың көптеп шоғырланғанын және жердің игерілгенін дәлелдейді.
Бұл қалалардың барлығы да кезінде өзіне тән даму тарихы, ғажайып мәдениеті, рухани байлығымен аты шыққан. Бірақ бұл қалалардыңдамып, көркеюі ұзаққа созылмады. Талай шапқыншылықтың қуәсі болып, олардың бізге тек қана оба болып үйілген үйінділері ғана жетті.
Египет үшін Ніл өзені қандай рөл атқарар болса, Сырдария өзені де Қазақстан үшін сондай рөл атқарады. Сондықтан да Сырдарияның кешегісін зерттеп, оның тарихын, әдебиетін, мәдениетін болашақ ұрпаққа таныстыру үшін археологтар көптеп жұмыстар атқаруда.
Сырдария-ықылым замандардан бері Тұран ойпатындағы бірден-бір цивилизация бесігі болып келді. Мұнда ғұмыр кешкен талай-талай қауымдар мен ұлықтардың кіндігін Сыр-ана кескен.
Сырдария- ұзындығы жөнінен еліміздегі ең үлкен өзендердің бірі, ал суының көптігі жөнінен Орта Азиядағы Амудариядан кейінгі екінші өзен болып табылады. Оның ұзындығы 2212 км.
Ерте замандарда Сырдарияның гректер қойған атауы Яксарт болған деседі.Түрік оқымыстысы «Яксарт» сөзі иран тілінде Яхша арта (ғажайып інжу-маржан) дейді. Ал «Сейхун» атауы Мирхонд еңбегінде Түркістандағы бір мекен-жайдағы өзеннің атауы екендігі айтылады.
Сырдың орта ағысындағы тарихи орындарды көп жылдардан бері Қазақстан мен Мәскеу археологтары бірлесе отырып зерттеу жүргізуде. Сыр жағасындағы тарихи орындардың бірі - Сауран қаласы.
Сауран қаласы Сырдария бойындағы атақты қалалардың бірі болған. Сауран қаласы ХV ғасырдың бірінші жартысында джучидтер кезінде Ақ Орданың астаналық ортасы болған. Кезінде Сауран мықты қала болған.
Сауран қаласын археологиялық бақылау бұрын жүз жылдан астам уақыт бұрын басталған.ол туралы Лерхтың шығармаларында, П.И.Пашиноның жазбаларында, Федченконың берген есебінде айтылған.Олардың барлығы да ескі қала қалдықтарының, оның қабырғаларының жақсы сақталғандығы туралы жазған.
Шығыстанушы ғалым Пашиноның деректерінің бірінде Сауран жайлы былай дейді «Сауран - айналасы екі жарым шақырымдық қисық төртбұрышты ормен қоршалған қорған-шахар. Қорғаны құлап орды түгелдей дерлік тікенек пен арамшөп басып кетті... Қамалдың солтүстік жағында арасы бірінен бірі үш сағиын үш мұнара тұр. Оның диаметрі 6 аршын, биіктігі 15 сандық минареттері бар. Бір минаретті жоғары жағы құлап қалыпты, ал екіншісі орденге ұқсайды, оның көгілдір түсті мойын тұсы алтын түсті нақышпен өрнектелген.»
Ә.Дербісәлиев бұл қалаға зерттеу жүргізіп көрген кезде қала қақпасының биіктігі үш сажын келетін мұнарасы мен минареттері мен алтын түстес нақыштарын көре алмағанын жазады. Яғни, Сауран тағы да шөге түскен.
Пашино Сауранның атауы қамалды бес рет жаудан тазартып, туған жерін дұшпанына таптатпаған Сауран батырдың атымен атымен аталғанын да айтып өтеді.
Ал Сығанақ жайлы 1867 ж шахар орнын көрген Лерх,1899 жол -жөнекей соғып өткен Якубовский арнайы зерттеу еңбек жазып қалдырған. Мұнда бірер тәуліктей ғана аялдаған тарихшы-зерттеушілер қазба жұмыстарын жүргізбесе де, Сығанақ қаласының жұртын, күмбезді құрылыстарының жұрнағын көрді.
Талай ғасырлар бойы ел есінде сақталған Отырар қаласының үйіндісі Арыстың Сырдарияға құяр сағасында жатыр. Ол Жетісу қалалары қатарында да, Испиджап қалаларының қатарында да айтылады.Гүлденіп тұрған Отырар басқыншылар соғысынан соң шөп басқан үйіндіге айналды.
Ендігі бір Ұлы жібек жолындағы қалалардың бірі - Испиджап. Ол шығыста Талас-Шұғаға дейін, ал солтүстік-батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатыр. Испиджап атауы соғды тілінде «Ақ су» мағынасын береді. Испиджаптың Сайрам деген атауы да бар.
Женд- орта ғасырда Сырдарияның төменгі бойында болған қала.Ол Үргеніш пен Сығанақ жолы арасында екені туралы көне дерек бар. Бұл Жент Өзгент маңында немесе соның орнында болды деген сөз.Жент орыны жөніндегі көне деректің Өзгент, Қорасан ата, Үкіз жылғасы тұсына жуықтайтынын байқайды.
Баршынкент қаласы да орта ғасырда Сыр бойында болған. Жошының Хорезм жорығын жазған атақты Жувейнидің көсетуінше, Жошы Сыр бойымен төмен қуалай алдымен Сығанақты, сосын Өзгентті, Баршынкентті, Жентті алған. Демек, Баршынкент Өзгенттен төмен, Женттен жоғары тұрған. Абулғазының айтуынша , оның Баршын аталуы оғыз еліне даңқы жайылған жеті қыздың бірі-Гүлбаршынның атымен байланысты.
Сыр бойындағы қалалар жайында араб, парсы,түркі ғалымдары Әл- Хорезми, Әл-Бируни, Әл-Якуби, Әл-Масури, Әл-Истархи, Әл-Асар еңбектерінде деректер қалдырған.
Араб географы Әл-истархи «Китаб массалик әл-мамалик еңбегінде Испиджап қаласы үлы бау-бақшаға бөленген, суы мол,үйлері қыш -кірпіштен соғылған,базарлары үлкен әрі бай, оның төңірегінде елді мекендер көп екендігін жазады.
Араб географы Әл- Макдиси 985 жылдың шамасында жазған еңбегінде: «Испиджап қаласының рабады төртке бөлінген. Мұндағы базаршының табысы 1700 дирхем. Ағаштарының жемістері өте үлкен болады», - дейді.
1179 ж туылған Әл-Хамави Муржан Әл-Булдам еңбегінде: «Испиджап бау-бақшаның арасында орналасқан. Оның төңірегінде Тараз, Сауран, Фараб деген шахарлар бар», - деп жазады.
Араб зерттеушісі Рузбихан Сауран жайлы: «Аса жайлы, тамаша қала. Ол сауықшыл, жанға шипа, бойды сергітетін жұмсақ ауасы бар қала» - дейді.
Сығанақ қаласы жайлы ХІV ғасырда араб жазушысы Ибн-Яхий: «Халқы дінге сенімділігімен, батырлығымен, жылдамдығымен, сымбаттылығымен ерекше көрінеді» - дейді.
Ибн-Мораллах Әл-Омари «Ақ Ордада, оның астанасы Сығанақта ресми тіл- түркі тілі» - деп жазды. Ол Сығанақты: «Сырдария жағасындағы Ақ Ордаға астана болған қала» - дейді. Ақ Орда деп Сырдария құйылысы мен орта бойын, Орда-Ежен мен Шайбан ұлыстарының жерін қоса Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін орасан зор қазақ даласының территориясын айтқан.
Ұлы Жібек жолы - Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан торабы. Орта Азия мен Қазақстан қалалары арқылы Ұлы Жібек жолы арқылы шығыстан және батыстан сауда керуендері ерсілі қарсылы жүріп жатқан.Жібек жолымен жүрген саудагерлер тек жібек матасын ғана емес, қымбат та әр алуан зәру заттарды тасыған.
Сырдария бойындағы керуен жолының аса ірі қалалары – Отырар, Шавгар қалалары. Бірінші қаланың атауы Арыстың Сырдарияға құяр сағасы қираған қаланың атауы арқылы осы күнге дейін келеді. «Фараб» сөзі «Арғы беттегі қала» деген ұғымды білдіреді.
Х ғасырда Отырар алқабындағы басты қаланың бірі Кедер болды. Бір жол осы жерден Шавгарға кетсе, екінші жол Сырдария арқылы Басиджаға әкеледі. Соңғысы шығыстың көрнекті ғұламасы Әбу насыр Әл-Фарабидің алтын бесігі болған. Отырардан Арсубаникет, Арыстанды, Шаян арқылы Қаратаудың аласа жоталарынан асып, Тұрлан асуы арқылы Шавгар мен Яссы, Сауран мен Сығанақтан шыққан жолдар орталық Қазақстанның қалаларын шарлап, Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Есіл өзендері арқылы жетіп жатты.
Ұлы Жібек жолымен сауда мен саяхаттар ХІХ ғасырдың бас кезіне дейін жүріп жатты. Тек 1917 жылдан кейін елімізде темір жол, машина жолдары салынып, әуе қатынасы ашылып тез өріс алып, жаңа қатынас жүйесі қосылды.
Ұлы Жібек жолы екі мың жыл өмір сүрді. Қалалар біздің планетамыздағы кішкентай әлемдер, қалалар -сонау көне дәуірлер әрі бүгінгі өмір, ертеңгі болашақ.
Сонау ерте замандардағы әлі құпиясы ашылмай келе жатқан ескерткіштер өте көп. Оларды зерттеп, сырларын ашу - келешек ұрпақ біздің қолымызда. Үлкенді-кішілі орта ғасырлық осындай ескерткіштер-ата-бабаларымыздың бізге қалдырып кеткен мәдени-рухани мұрасы.
Орта ғасырлық ұлы ғалым , біздің жерлесіміз Ж. Баласағұн өзінің « Құтты білік «еңбегінде өткен өмірді былай деп жырлайды:
Болған талай қалалар да халық та,
Уақыт көмді бәрін бірдей табытқа.
Болған талай ауылыңыз , тайпаңыз,
Енді соның ізін тауып байқаңыз...
Ұлы ғалым сондай қалаларды, ауылдарды іздеудің ғылыми мәні бар екеніне айырықша қөңіл бөледі.
Біз қазір 10 сынып оқушысымын. Оқуымды аяқтаған соң археолог болғым келеді. Ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргендігі, немен шұғылданғандығы мені қатты қызықтырады. Сондықтан мен осы тақырып бойынша жұмыс жасадым. Өзім өмір сүріп жатқан ауылымның да тарихы тереңде. Олардың сырын ашу-келешектің еншісінде.
Пайдаланған әдебиеттер:1.Байпақов «Оңтүстік Қазақстанмен Жетісудың орта ғасырдағы қалалық
мәдениеті» 1986ж
2.Пищулина.К.А. «Сырдария өңіріндегі қалалар және олардың қазақ
тарихындаы маңызы»
3.Әбіасанов Ғ. « Құм басқан қала»
4. Волин.С. «Сведение арабских источников» .

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген