ҚР білім және ғылым министрлігі
Шығарма
«Шырайлы аты елімнің – қасиетінде жерімнің»
Орындаған: Бексейіт орта мектебінің
9-сынып оқушысы
Хамитова Аружан Сырымқызы
Мұғалімі: Кажигалиев Акежан Максатович
Шырайлы аты елімнің – қасиетінде жерімнің
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,
ол – тәуелсіз Қазақстан»-
деп , Елбасымыз айтқан пікірімен мен де келісемін. Қазақстан – керемет ғажап ел. Оның салт-дәстүрін, ұлттық әндері мен билерін, көптеген ғажап сырларын біз, жас болашақ, қолданып келеміз. Қалай дегенмен, ол- біздің еліміз бен жеріміз. Қазақ халқы- атамекен мәселесін үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның кең байтақ жерін ата-бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып келеді. Сондықтан ол-біздің ең қасиетті, қадірлі, асыл мұрамыз. Қазақстан – менің өмір сүріп жатқан туған жерім және Отаным. «Елім» деп жүрегі соққан әрбір азаматқа Отанының тұрғындары да, топырағы да, аңқып жатқан иісі де, қымбат. Елімнің өткені де, болашағы да атамекенімен тығыз байланысты. Адамның туған жері- ата-бабасының қалдырған қазынасы, қоныс еткен жері. Міне, осы азат күн үшін ата- бабамыз , әпке- ағаларымыздың қаншама көз жастары төгілді. Бұл бостандықты халқымыз бұрыннан аңсаған. Кіші қазан төңкерісі, Қабанбай, Бөгенбай, Исатай мен Махамбет көтерілістері осы азат күн үшін күрескен. Осы көтерілістерден енді ғана есімізді жиып келе жатқанда, Ресей бодандығына кірдік. Тіптен тіліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Қаншама халық аштықтан қырылды. Дәл осы кезде Германия Ұлы Отан соғысын ашты. Бар жиған- тергенін, азық-түлігін халқымыз , майданда жүргендерге берді. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін қанша Ресей бодандығында болсақ та есімізді жиып, Сәбира, Ләззат, Қайрат сияқты жау жүрек батырларымыз Тәуелсіз мемлекет болуымыз үшін қайтадан көтеріліске шықты. Осы әпке- ағаларымыздың арқасында 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып жарияланды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет атанғанына биыл міне, 27 жыл толғалы отыр. 27 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елін көркейтіп, дүние жүзіне танылды. Солардың бірі - EXPO 2017 көрмесі. Бұл үлкен іс шараға 3 млн адам келді.Осы жетістіктің арқасында «қазақ» дейтін ұлы халық әлемді тағы да бір рет мойындата білді. Бұл ұлы көрмеге менде көзайым болған едім. Осы тамаша бір сәттен кейін мен өзімді қазақ даласында туғанымды мақтан етіп, туған жерге деген сүйіспеншілігім арта түсті. ЕХРО 2017 көрмесі қаймағы бұзылмаған 130 мемлекетті қонақжайлықпен құшағына сыйғыза білген халықтың көрегенділіктің арқасында ойдағыдай өтті. Ал ЕХРО-ның ең маңыздысы, көрнектісі – «Нұр Әлем» павильоны. Сонымен қатар, болашақ энергиясын жоспарға алып, осы бір мақсатты орындау алға қойылып отыр. Әрине, бұның бәрі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасында. Болашақ ұрпақ үшін адам туған жерді қасиет тұтып, қанға сінген мінез-құлықтарды ұмытпауы керек. Бұл ой-саналар адамның ана сүтімен, әке тәрбиесімен дарыған. Отанға қызмет ету- әрбір азаматтың міндеті, игі арманы, мақсат-мүддесі. Сондықтан әрбір азамат пет азаматша «Отан» десе ішкен асын жерге қоюы тиіс. Елбасшысы өз сөзінде «Біз бәріміз бір атаның — Қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу — қасиетті Қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» деген болатын. Біз, Тәуелсіз елдің ұрпақтары, ата-бабаларымыз сан ғасырлар армандаған арманға қол жеткізген елімізді әрі қарай көркейтуге атсалысуымыз керек.
Туған жер - адамның негізгі құндылықтарының бірі және әрбір адамның өмірінде асыл ұғымдары болып табылады. Ойлап қарасаң, әр адамзаттың өмірінің өз бастауы бар. Біреулер салқын-самал теңіз жағалауында, енді біреулер ыстық құмды алқапта, біреулер тоғайлы орман ішінде туып, өмір сүріп жатады. Менің кіндік қаным тамған жерім– Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Бексейіт ауылы. Мен өзім ауылды аймақта дүниге келдім. Біздің ауыл ұлтарақтай болса да мен үшін бағалы. Оның соншалықты қымбат екенін сөзбен жеткізе алмаймын. Менің туған ауылымның әрбір шымшым топырағы мен үшін баға жетпес қазына деп ойлаймын. Туған өлкемде асқар тау болмаса да, нулы орманымыз, кең байтақ жазық даламыз бен сулы көліміз бар. Ормандарымыздың тарихына тоқталатын болсақ , олардың өздеріне сай атаулары бар. «Шуылдақ», «Түйетал», «Батыр», «Нұртай», «Құжықай тоғайы» сияқты мақтан етерлік жер атаулары бар. Бұл жерлерде жеміс-жидектердің түр-түрі бар және қарағай, қайың, терек секілді ағаштар өсуде. Ал, ауыл тұрғындарына келетін болсақ, өте бауырмал, қонақжай деген атқа лайықты. Қайғыда жаныңнан табылып, қуанышты бірге бөлісе алатын жаны ашық, кеңпейілді ақжарқын азаматтар еліміздің ажарын көркейтіп, «Берекелі Бексейіт» деген атқа өз үлестерін қосуда. Мен осындай ауылда, елде, Отанда туғанымды мақтан тұтамын.
Қай ақын болмасын туған жерге деген ыстық ықыласын, сүйіспеншілігін өз шығармаларына арқау еткен. Әрбір азаматтың туған жерге деген сезімін оятатын ақын Ә.Сәрсенбаевтың мына өлең жолдарынан көруге болады:
Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан сүзіп іштім сендегі
Алтын арай таңғы жұпар самалдың.
...Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер,
Көркейтуге міндеттімін мен сені.
Елбасымыз: «Әрбір адам бала кезінен «Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей болғаны жөн,»-деп айтқандай, адам өмірге келгеннен бастап, өз Отанын қастерлеп, мақтан етіп, қадір тұтуы керек. Әрбір бүлдіршін өз туған елінің, жерінің қағидаларына сүйеніп, ой санасын жетілдіреді. Егер де өз Отанынан жырақ жүрсе, оны сағынады. Яғни, адам туған жерінің барлық қыр-сырларын алыста ғана сезіне алады екен. Өз туған жеріңде балалық шағынан топырағына аунап, қызық көріп, өніп-өскенге бұл дүниеде одан артық не бар, шіркін ?!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шырайлы аты елімнің - қасиетінде жерімнің

шағым қалдыра аласыз