Материалдар / «Сырлы жеңге, сұлу қыз» сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Сырлы жеңге, сұлу қыз» сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде қыз бен жеңгелерінің алатын орны ерекше екеніне тоқталу; ұлттық-салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
7297
22 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ө.Қанахин атындағы ЖББ ОМ









Shape1










«Ақжүніс» қыздар

ұйымының жетекшісі: Бақтыбай Айтөре

Мұратқызы









2017-2018 оқу жылы

Тақырыбы: «Сырлы жеңге, сұлу қыз» сайысы

Мақсаты: Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде қыз бен жеңгелерінің алатын орны ерекше екеніне тоқталу; ұлттық-салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу

Қыздар-қызыл киігі жанұяның

Қайықтары махаббат дарияның

Ескектерін ерліктің жоғалтпаған

Сіңілілері-ай Мәншүк пен Алияның

Қыздар, қыздар-көңілдің көк гүлдері

Көк көлдердің көзге ыстық кептерлері

Азаймаңдар, арулар, жауқазындар

Азаймаңдар өмірдің көктемдері

Армысыздар, құрметті көрермендер!

............ Бүгінгі шуақты күнде көктемнің жауқазындай құлпырған әсем қыздарымыз бен олардың асыл жеңгелері өз бақтарын сынауға «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты сайысымызға келіп отыр

Бірінші қыз білімді

Алады тез тіліңді

Қыздарымыз үлбіреп

Жанарлары мөлдіреп

Бұрымдары желбіреп

Барлығы да өнерлі

......... Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары! Бұл байқауымыздың мақсаты- Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде қыз бен жеңгелерінің алатын орны ерекше екеніне тоқталу; ұлттық-салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу


.................... Қол соғып қарсы алыңдар шығады енді,

Оларға берейік бүгін төрді

Ауылымыздың намысы үшін келіп тұрған

Сымбатты аруларға кезек келді

................... Ағайынға аймақ болған жеңешем

Абысынға қаймақ болған жеңешем

Жасық болмай жайнап жүрші, жаным деп

Қайын сіңіліге қайрат берген жеңешем

.............. ортаға қатысушы аруларымызды асыл жеңешелерімен бірге шақырайық

..1...............................................................................................................................

..2...........................................................................................................................

..3...........................................................................................................................

..4...........................................................................................................................

Қадірменді, көрермендер, қонақтар,

Қажет бізге енді әділ-қазылар.

Әділетпен сайыскерді сынайтын

Қазыларды шақыралық іске адал,- дей келе сайысымыздың қатысушыларын бағалайтын әділқазы алқасымен таныс болайық

..............................................................................................................................

..............................................................................................................................

..............................................................................................................................

................

........ сайыс шартымен таныс болыңыздар. Сайысымыз алты бөлімнен тұрады

1. «Кәне, таныс болайық» таныстыру (Жеңгесі сіңілісін, сіңілісі жеңгесін таныстырады)

2. «Халқын сүйген-салтын сүйер» (Қыз бен жеңгесі қазақтың салт-дәстүріне байланысты көрініс қояды)

3. «Сырымыз бір жеңгелер» (Ситуациялық сұрақ-жауаптар)

4. «Өнерпаз болсаң арқалан» (қыздың өнері)

5. «Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам...» үй тапсырмасы (жеңгесі қол өнерін көрсетеді немесе ас пісіреді)

6. «Ата мұраң-асыл қазынаң» (дәстүрге байланысты сұрақтар)

Жеребе арқылы бастаушы қатысушымызды анықтап алайық

Ендеше, сіздерге арналған мына Видеороликті тамашалаңыздар (қазақ қызы)


Көп сөйлеп, жөн жобадан аспайық

Қандай сайыс болса дағы қашпайық

Ал, ендеше рұқсат болса ағайын

«Сырлы жеңге, сұлу қыз!» сайысын біз бастайық

Беташарын сайысымның бастайық
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Қатысушылар таныстырсын өздерін
Біз оларды ду қол соғып қостайық.
І кезең

«Кәне, таныс болайық» таныстыру бөлімі басталады. Жеңгесі сіңілісін, сіңілісі жеңгесін таныстырады.

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын,

Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.

Кезек ІІ кезең «Халқын сүйген-салтын сүйер» атты бөліміне келіп жетті. Шарт бойынша қыз бен жеңгесі қазақтың салт-дәстүріне байланысты көрініс қояды

................. Көңілін халқымның таптың бүгін

Емес қой мынау бізге жат күн бүгін

Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық

Байқайық жеңгеміздің тапқырлығын

ІІІ кезең «Сырымыз бір жеңгелер» мұнда ситуациялық сұрақтарға жеңгелеріміз жауап береді.

1. Қайын сіңіліңіз ұялы телефоннан немесе интернеттен басын көтермейді, сабағы да жайына қалады, ата-енеңіз «қатарынан қалмасын дұрыс 21 ғасыр ғой» дейді. Сіздің жанашыры ретіндегі әрекетіңіз қандай болмақ? Жалпы ВКонтакте, ватсап деген уақыт кетіргішке деген сіздің көзқарасыңыз қандай?

2. Сіздің қайын сіңіліңіз озат оқушы, есіл дерті білім, бірақ үй шаруасына мүлдем араласпайды, қызығушылық та танытпайды. Сіз қайын сіңіліңізді үй шаруасына үйретуге қандай амал табасыз?

3. Қайын сіңіліңіз сән үлгісіне еліктейді. Шектен-тыс еліктегіштігін, ашық-шашық киінгенін байқадыңыз. Ол жат қылықтан бас тартуы үшін қандай амал табасыз?


Сымбатына өнері жарасатын

Аспандағы айменен таласатын

Өздеріне сай келіп тұрған жоқ па

Қыздарға қызыға қарайтұғын –деп келесі кезекте ІҮ кезең «Өнерпаз болсаң арқалан». Қыздарымыздың өнерлерін тамашалаймыз

........ Шеберлердің өнер тамып қолынан

Жаңылмаған ата-баба жолынан

Тәтті дәмін және дағы татқызар

Ай сәулесі арайлап таң атқызар -деп Ү кезең «Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам...» үй тапсырмасы берілген, жеңгелеріміздің қол өнерін мен ас мәзірін тамашалайық

Ата салтым асыл мұра, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірін,

Өткенімді бүгінменен жалғадым

ҮІ кезең «Ата мұраң-асыл қазынаң» салт-дәстүрге байланысты сұрақтар:

  1. Жеңгеге сұрақ:

Бізшаншар дегеніміз не?

Қызға сұрақ:

Қазақ жеңгелерінің «ат қою» рәсімі тіл білімінде қалай аталады?

Біз шаншар (салт).

Ақсақал-қарасақал аралас бір топ ер азамат

бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады.

Қандай шаруамен жүргенін айтпайды,

ел шаруасын, амандық білген болып,

қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша

ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді.

Олар кеткеннен кейін отағасы мен анасы қонақтар отырған жерді қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар,құда болайық»

дегенді білдіреді.

  1. Жеңгеге сұрақ:

Байғазы дегеніміз не?

Қызға сұрақ:

Казақтың қасиетті сандары қатысқан мақал-мәтелдер айтыңыз.

Байғазы 

Қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығының бір түрі.Байғазыны көбінесе жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер байғазы (ақша, малдың төлі т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, жақсы тілек білдіреді.

  1. Жеңгеге сұрақ:

Аунату дегеніміз не?

Қызға сұрақ:

Қыз балаларға қатысты мақал-мәтелдер айтыңыз

Аунату –

Қазақ ғұрпы. Қазақ арасында балаларын үйіне келген атақты, аты мәшһүр, ұлы адамдардың отырған орнына аунатып алу салты бар. Кіндік қаны тамған жерге ер азаматты аунатып алатын да әдет бар. Бұл көне дәуірдің бүгінге жеткен сабақтастығы іспеттес.


Бұл соңғы сайысымыз болатын, әділқазы алқасы шешім шығарғанша «Адам өміріндегі маңызды деген үш нәрсе туралы слайд тамашалаңыздар!


Әділ қазыларға сөз береміз Марапатталады

Қорытынды

Жазушы Ә.Нұршайықовтың  мына бір сөздерін әрбір қыз баланың бойына сіңірсек құба-құп.

 – Қыздар!Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған

 осынау бір елімізге адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл

 болыңдар! Еңбекшіл адам ең ардақты адам.

-           Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!

-           Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!

-           Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар.

-           Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!

Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,

Бәрі де дер кезінде дара тұлға.

Ұрпағыңның ойласаң болашағын,

Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!


Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір – күрес, жеткізе ме мұратың.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң егер ұғатын- деп сайысымызды аяқтаймыз.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!