«Шырша шамдары» мерекелік сауық кеш

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Шырша шамдары» мерекелік сауық кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ән салу үйірмесінің қосымша білім педагогтарына, музыка пән мұғалімдеріне және мектеп ұстаздарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

МҚКК «ОҚУШЫ» ОРТАЛЫҒЫ













Дайындаған: «Ән салу» үйірмесінің

қосымша білім педагогы

Олболсын Нурлыбаева.











Ақтау-2017жыл



Олболсун Нурлыбаева

МҚКК «Оқушы» орталығы «Ән салу»

үйірмесінің қосымша білім педагогы

Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы

2017 жыл



«Шырша шамдары» мерекелік сауық кеш

бағдарламасының жүрісі

Залдың ортасында әсемделген шырша ойыншықтармен,жылтырақтармен безендірілген жасыл шырша

1жүргізуші: Құрметті, ұстазымыз Олболсун апай және сіздің жетекшілігіңіздегі жас әншілер бүгінгі алғашқы ақшақардың әуелеп түскен әсем шағында жеткен жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!

( Хабарлаусыз «Жаңа жыл» әні жүреді, ән аяқталған соң)

1жүргізуші:Жаңа жылдық шашуын тарту еткен «Тенпрано»вокалдық тобы!

2жүргізуші: Ендеше, әрқашан дендеріңіз сау болып, шығармашылық табыс,

жұлдызды белестерді бағындыра беретін күштеріңіз еселей берсін деген, мен, әсем тілегімді айтамын.(осы кезде сахнаға сүріне қабынып, жүргізушіне итере митере бір ауылдың қызы досы екеуі шығады)

Ауылдың қызы: Мен, Әсем деген мен ол...Ә, былай тұр, былай тұр. Менде

бір сахнаға шығайында жаңа жылда жұртты құттықтайық десек осы сөз бермейсіңдер нағылған адамдарсыңдар?

Дос қызы: (ентелеп қасындағы жүргізушіні итере беріп) Фу,Әрі тұршы,

әрі.. Суға түсіп шыққансыңба үстің қар ма, не бәле?

2жүргізуші: Ыһ, енді далада қыс болса қар жауып тұрған шығар, ол қар

менің үстіме келіп қонған шығар, ол сосын еріген шығар қайдан білейін?

Ауылдың қызы: (2 жүр.ні итеріп жібере ) Әй, сен қыз «менің үстіме қар

қонған шығар, еріген шығар» деп не малтып тұрсың, а.

1жүргізуші: Алақай, қыздар, мен таптым

Дос қызы: А,ха, ха не таптың жерден 7 қоян таптың ба, не?

2жүргізуші: Ия, қоян болғанда қандай биші Аққоян таптым,балалар ,бізбен

бірге билейсіңдерма?

Балалар: Ия, билейміз (сахнада Аққоянның шығысы музыкамен қосталып

балалардың барлығы билейді).


«Аяз» би жарысы (қатып қалу) жүреді.

Ойын шарты: Балалардың бәрі музыкаға билейді. Музыка тоқтаған сәтте

бәрі қатып қалу керек. Егерде кімде кім орнынан қозғалса не күлсе жазаланады.

(Ойын аяқтала бергенде сахна сыртынан жылаған дауыс шығады)

Аққоян: Мынау кім күліп жатқан неде болса әнші ғой деймін. (деп орнынан қозғала бергенде сахнаға сүйретіліп жылап келе жатқан Ұлу шығады) Әу,сен кімсің?

Ұлу: Мен, Ұлумын

Аққоян: Сен, күліп келе жатырсың ғой, маған ба?

Ұлу: Әй, неге, менің атымды сұрай бересің. Мен, Ұлумын қарным ашып келе

жатыр(жерге отыра қалып жылайды)

Аққоян: Ойбу, құдай-ай. Сенің жылыңда ешкім тамақтанбағанба әлі.

Балалар, енді қайтеміз Ұлуды жұбатайықта.

1 әнші: Ұлутай, саған тамақты Аяз Ата мен Ақшақар әкеліп береді, одан да

Аяз атаны шақырайық.

Ұлу: Алақай, (қуанышты дауыспен) Ия, Ақшақарды да шақырайық. Себебі

тамақты сол таратады ғой.

Ауылдың қызы:(Ұлудың басынан нұқып қалады да) Өй, қағынған,әлі күнге

дейін білмейсің ба, Аяз Ата сыйлық таратпай ма, тамағы несі мыналардың?

Балалар: Аяз Ата,Ақшақар! Аяз Ата,Ақшақар! (Аяз Ата мен Ақшақар

ортаға келеді)

Аяз Ата: Ал балаларым аман есенсіңдерма?

Балалар: Сәлематсызба Аяз Ата,Ақшақар!

Ақшақар: Армысыздар балалар! Жағдайларыңыз қалай?

Балалар: Керемет!

Айғаным: Аяз Ата, біз сіздерге әсем әнімізді сыйлаймыз тыңдаңыздар.

Аяз Ата: Жарайды, балалар, тыңдайық.(«Шырша жыры» әні жүреді)

1жүргізуші: Сіздерге «Шырша жыры» әнін сыйлаған «Ләзім» мен «Керемет»,«Балғын» тобы

Аяз Ата: Керемет, әндеріңіз тамаша балаларым, менімен ойын ойнауға қалай

қарайсыңдар?

Балалар: Ойнаймыз.

«Жүгіргіш таяқ»ойыны жүреді

Ойын шарты: Музыка арқылы Аяз Атаның көрсеткен қимылын балалар

шыршаны айнала қайталайды.Аяз Атаның берген таяғын жалғастыра бір біріне беруі керек.Музыка аяқталғанда таяқ кімде қалса сол бала өнерін көрсетеді.Ойын үш рет ойналады.

2жүргізуші: Жарайсыңдар! Жаңа жылдарыңызбен құттықтауға келген

«Інжу» тобы, Алина және Нұрай мен Мөлдірді «Жаңа жыл» әнімен қарсы алыңыздар. («Жаңа жыл» әні жүреді)

1жүргізуші: «Ойынмен ой өсер» демекші тағы бір ойынға кезек берсек.


«Кім жүйрік» ойыны жүреді

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді де алдын ала дайындалған 1ші

орындықта тұрған бөтелкедегі суды команданың 1ші ойыншысы келіп бөтелкедегі судың қақпағын ашып кетеді, 2ші ойыншы суды стаканға құйып кетеді, 3ші ойыншы стакандағы суды ішіп кетеді,осылайша су таусылғанша ойын жалғаса береді.Қай топ берілген мерзімде бөтелкедегі суды тауысса сол топ жеңімпаз болады.(Ойын аяқталған соң Аяз Ата барлық балаға сыйлығын таратады да,кейін жаңа жылдық мереке би кеші мен дастарқан мәзіріне жалғасады)

2жүргізуші: Балалар ендігі сауық кешіміздің жалғасын концерттік номерге береміз бізбен бірге ән салып, билеңіздер!

Балалар: Жарайды.

(мерекелік сауық кешіміз концерттік және би кешімен жалғасады)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.08.2018
560
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі