Негізгі бөлім
|
Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан
дәстүрлі тіл өнері. Шешендік –
сирек ұшырасатын қасиет - дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр
шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма -
қол туып айтылатын, суырып салма жүрекжарды әділ сөздерге
негізделіп шығармашылық сипатымен
дараланады. Шешендік сөздер
мазмұнына қарай 3 - ке бөлінеді: Шешендік арнау, шешендік толғау,
шешендік дау.
Мәтінмен жұмыс.
Ата тұрып ұл сөйлесе ержеткені
болар.
Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен
Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр
екен. — Балалар,
аман ба? — депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына
дауыстап: — Жүр,
кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! — дейді. Малайсары
жалт қарап:
—
Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, Ана тұрып қыз сөйлегеннен без.
Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? -— дейді.
—
Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе,
бойжеткені болар,— дейді Сырым.
— Сен толған
екенсің, мен тозған екенмін,— деп Малайсары сонда Сырымды қасына
шақырған екен.
Ер намысына қарай
шабады.
Сырым бір жылы Орта
жүзге барғанда Балаби шешенге кез келеді. Сырым мен Балаби екеуі
көп әңгімелеседі.
Балаби: «Сіз ағайынды
нешеу едіңіз?»—дейді. Сырым: «Мен ағайынды екеумін»,—
дейді.
Балаби: — Сізді Даттан
ағайынды он бір деп естуші едік»,—
дейді.
Сырым: — «Сіз
түсінбедіңіз, мен Даттан он бір екенмін рас, бірақ та олардың маған
далада қанша керегі бар, менің ағайынды екеумін — біреуі өзім,
екіншісі — көпшілік халқым еді»,—
дейді.
Балаби: «Үгітті, ақылды
қандай адамға айту керек?»— дейді.
Сырым: «Үгітті ұққанға,
ақылды жұққанға айту керек»,—
дейді.
Балаби: «Ат пен ер
қандай жерде, не үшін шабады?»—
дейді.
Сырым: «Ат шабысына
қарай, ер намысына қарай шабады»,—
дейді.
Балаби: «Дүниеде не
тәтті?» — дейді.
Сырым: «Аста тұз тәтті,
адамда дос тәтті»,— дейді.
Жаныңды жаралама
алысты қаралама.
Малайсарының аулы
төменгі Топайлы қаласының аузында екен. Сырым аулына келгенде қарт
азғантай қойының алдында жүр екен.
— Аға кім болдыңыз? — деп
сұрапты.
Малайсары:
— Шырағым, кім болайық,
осы жердегі аз үй танамыз-дағы,— депті. Сонда
Сырым:
— Тананың қайсысың? Жеті
үй — Жиенбекпісің? Бес үй Бессарымысың? Тышқан құлақ — Асанбысың?
Төлеуден алған Құнанбысың? — дегенде,
Малайсары:
— Шырағым, Тананың
пәленімін деп неғылайын. Танысаң танырсың? Мен де сені танып
тұрмын. Даттың аузына шайтан түкірген, бір қу аяқ баласы атқа мінді
деп естіп едім. Сен сол бала боларсың! — депті. Сонда
Сырым:
— Бәлі аға, сол бала
боламын. Ауылдан шыққанда сізді сөзден ұтсам, Тананың алжыған шалы
деп күлкі қылайын, сөзден ұтылсам, ат мінгізіп, шапан жауып
батаңызды алайын деп аттанып ем, ұтылдым, батаңызды беріңіз, атыңыз
— мына астымдағы атым, шапаным мынау! — деп үстіндегі шапанын шешіп
беріпті.
Топтық
жұмыс
1
топқа – Шешендік сөздің
тақырыбы, тәрбиелік мәнін талдау, көркемдік ерекшелігіне
тоқталу.
ІІ
топқа - Дамытушы сұрақтар
құрастыру, тақырыпқа қатысты сәйкес мақал - мәтелдермен
өрнектеу.
ІІІ
топқа – «Қазіргі заман
жастарының тәрбиесіне көңілдеріңіз тола ма?» тақырыбы төңірегінде
ой өрбіту.
|
Оқушылар дәптерлерін ашып, сабақ тақырыбын
жазады.
«Джигсо» әдісі арқылы өз беттерімен жаңа тақырыпты оқиды,
меңгереді,
Бұл алдымен жеке, сосын жұппен, артынан топта
талданады.
1.Жеке жұмыс – шешендік сөзді өз бетінше
оқиды..
2. Жұптасып пікір алмасады.
3. Топтық талқылау.
Шығармашылық тұрғыдан жұмыстанады, шешендік сөздердің мән
мағынасы, беретін тәрбиесі, ой салар тұстары туралы жеке, жүптық,
топтық жұмыста талдайды.
Басқа топтарға түсіндіреді.
Қолпаштау арқылы бір - бірін
бағалайды.
Топтық жұмысты
орындайды, өзара ой бөліседі, топтарғабаға
береді.
|