«Суықторғай»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Суықторғай»

Материал туралы қысқаша түсінік
Суықторғайды жасау үшін қамырды жұмыртқа тәріздес етіп дайындап аламыз. Кішкентай домалақтау бөлшекке бөліп, құстың басын келтіреміз. Екі саусақпен қысып құйрығын шығарып, құйрығының ұшын жалпақтап, созыңқыраймыз. Торғайдың шымшып тұмсығын келтіреміз,қанаттарын жасаймыз. Ұсақ бөлшектермен толықтырамыз. Дайын құсты гуашпен бояймыз және ағаштың бір бұтағына орналастырамыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үйірме жұмысы бойынша

Сабақ №4


Өткізген:Жусамбаева Қ.М.

Өткізу мерзімі: 29.12.2021ж.

Топтың жас ерекшелігі: №12 ересек топ

Тақырыбы: «Суықторғай»

Мақсаты: Тұзды қамырмен дұрыс жұмыс жасай білуге, есу,үзу арқылы мүсіндей алуға үйрету

Міндеттері:

БМ: Құстың бөлшектерін дайындап, бөлшектерді бір-бірімен біріктіре алуды үйрету, саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.

ДМ: Ой –қиялды және шығармашылық амалдарын көрсету ниетін дамыту.

ТМ: Балаларды құстарға қамқорлық жасауға, мейірімділікке, еңбекке баулуға тәрбиелеу.

Жабдықтар: суықторғайдың суреті,тұзды қамыр, үлгі жұмыс,сүлгі, тақтайша.

Сөздік жұмыс: мүсін,жемсалғыш
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Ғажайып сәт

Балалар терезеден бұтаққа қонып тұрған суықторғайды көреді.

Сабақтың негізгі бөлігі

Тәрбиеші:Балалар, бұтақта қандай құс қонып отыр?

(Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші:Балалар, суықторғай қандай құстар қатарына жатады.

Олар қыста немен қоректенед?

(Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші: Мен сендерді тұзды қамырдың қасиеттерімен таныстырамын.

Тұзды қамырды алақанның ортасына салып есуге, илеуге, үзіп алып, мүсіндер жасауға болады. Ол жұмсақ болады. Тұзды қамырды ауызға салуға болмайды.

Балалар, осы тұзды қамырмен біз бүгін суықторғайды жасап үйренеміз.

Сендер торғай туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Балалар:Торғай, торғай тоқылдақ.

Жерден бидай шоқып алып,

Бөтекесі бүлкілдеп,

Отыр талда шықылдап.

Суреттерге назарларын аударады.

Тәрбиеші:Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін еске түсіреді.

Суықторғай туралы мәлімет беріледі. Оның дене құрылысына талдау жасалады.

Балалар, біз бүгін тұзды қамырдан суықторғайдың мүсінін жасаймыз.

Тәрбиеші:Қауіпсіздік ережесімен таныстырады.

Тұзды қамырмен жұмыс жасағаннан кейін қолдарын сүлгімен сүртуді ұмытпауларын естеріне салады. Тұзды қамыр таратылып беріледі.

Жұмысты орындау реті

Суықторғайды жасау үшін қамырды жұмыртқа тәріздес етіп дайындап аламыз. Кішкентай домалақтау бөлшекке бөліп, құстың басын келтіреміз. Екі саусақпен қысып құйрығын шығарып, құйрығының ұшын жалпақтап,

созыңқыраймыз. Торғайдың шымшып тұмсығын келтіреміз,қанаттарын жасаймыз. Ұсақ бөлшектермен толықтырамыз. Дайын құсты гуашпен бояймыз және ағаштың бір бұтағына орналастырамыз.

Саусақтық гимнастика

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Орамды екен он саусақ,

Ұя салсақ, жол салсақ.

Балалардың өзіндік жұмысы.

Жұмыс барысында тәрбиеші жеке-дара көмек көрсетеді.

Рефлексия:

Балалар, барлықтарыңыз жарайсыңдар. Барлықтарың тырыстыңдар. Енді осы суықторғайларға қыста жайлы болу үшін, біз әкелерімізге жемсалғыш жасап берулерін сұрайық.

Балалардың жұмыстарын бағалау.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2022
486
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі