СЫЗУ
САБАҒЫНДАҒЫ AUTOCAD БАҒДАРЛАМАСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ТАНЫМДЫҚ
ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Суниятова Гүлсезім
Азаматқызы
Бұл мақалада сызу сабағында
Autocad бағдарламасын үйрену, жүйелі қолдану, пәнді оқытуда
оқушыға көру арқылы есте сақтауын, оның логикалық ойын
дамытып,эмоциясына және
сезіміне қозғау
салады.
Түйінді сөздер: көру, сезіну, жазу, танымдық,
есте сақтау, елестету.
ФОРМИРОВАНИЕ ПОЗНАВАТЕЛЬНОЙ
ДЕЯТЕЛЬНОСТИ УЧАЩИХСЯ НА УРОКАХ ЧЕРЧЕНИЯ С ПРИМЕНЕНИЕМ
ПРОГРАММЫ AUTOCAD
Суниятова Гулсезим
Азаматкызы
В данной статье мы узнаем как использовать
программу Autocad, систематическое использование, визуализацию
дисциплины в дисциплине, для развития логического мышления, эмоций
и чувств.
Ключевые
слова: видит, ощущение, познание,
память, воображение.
FORMATION OF PUPILS’
INFORMATIVE ACTIVITY AT DRAWING LESSONS USING SOFTWARE
AUTOCAD
Suniyatova Gulsezim
Azamatkyzy
This article we will learn how
to use the program Autocad, systematic use, visualization of
discipline in the discipline, for the development of logical
thinking, emotions and
feelings.
Keywords: vision, sensation,
writing, cognition, memory,
imagination.
Бүгінгі таңда елімізде
ғылымның жедел дамуы техниканың жаңаруы, жаңа технологиялардың
пайда болуы, оқу жүйесіне жаңаша талаптар қойылуы күн өткен сайын
оқытудың дәстүрлі әдістерін жетілдіруді қажет етуде. Ақпараттық –
коммунативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді
пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп,
өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, танымдық
белсенділігін қалыптастырады.
Танымдылық белсенділік
дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласының,
құштарлығының ерекше көрінісі. Мұғалімнің баяндап тұрған материалын
түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін
кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе
жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Сондықтан мұғалім
оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін, оқу үрдісі оларды
қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет.
Осы орайда сызу сабағын
оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолданып, білім беруде
нәтижеге қол жеткізуге болады.
Сызу пәнін компьютерлік
бағдарламаларды жүйелі қолдану, пәнді оқытуда оқушыға көру арқылы
есте сақтауын, оның логикалық ойын дамытып,эмоциясына, сезіміне
қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім
қабылдауға дағдыланады. Бүгінгі күндерде AutoCAD
2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып
табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған,
кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі
компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды.
Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды
біршама жеңілдетті. Жаңа ақпарттық
технологиялар білім беру жүйесін, оқу үрдісінің сапасын жетілдіруде
жаңа мүмкіндіктерді ашады. AutoCAD бағдарламасы сызба жұмыстарын
орындау үшін қолданылатын арнайы бағдарлама.
AutoCAD-ң бірінші версиясы
1982ж. Жарық көрді және ол DOS жүйесінде жұмыс істеген болатын. Бұл
шынында дербес компьютерде жақсы жұмыс істей алатын алғаш автоматты
проекциялау программасы еді. Ол кездерде бұл сияқты жүйелерді мықты
жұмыс станциялары ғана қолданған. Бірінші версияның басты
ерекшелігі, файлдардың көбісі, ASCII форматындағы жай мәтіннен
құрылған еді.
Жоғарыда айтылып өткендей,
AutoCAD АПРЖ(САПР)-гі қолданымда ең көп болған программа, түрлі
техникалық проекциялау облыстарында эффектілі түрде жұмыс істеуге
мүмкіндігі бар графикалық программалық жүйе.
Латын
емес тілдерді қолданғандар да бұл программаға тез арада үйрене
алады. Сол себебті AutoCAD дүниежүзінде конкуренциядан тыс болып,
ол дүниенің 150 мемлекетінде қолданылады және 2 миллионнан астам
регистрацияланған қолданушыға ие.
AutoCAD бағдарламасы
көрнекіліктерді дайындап сабақ түсіндіру, сызу сабақтарында баланың
көру арқылы, есте сақтау және танымдық қабілеттерін арттырудың
бірде-бір жолы болып табылады. Баланың сызу сабағында кеңістікті
көз алдына елестету қабілетін дамыту практикалық іс-әрекетте
орындалудың маңызды құраушысы. Программаның ішкі
компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды.
Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды
біршама жеңілдетеді. Сызу сабағында AutoCAD
бағдарламасын пайдалану, оқушылардың ой-өрісін, дағдыларын дамытып,
логикалық қабілеттерін қалыптастырады. AutoCAD 3D бағдарламасында
бұйымдарды көре отырып бөлшектеу, олардың қимасын жасау және
күрделі емес бұйымдарды талдай білу біліктерін
қалыптастырды. Үш өлшемді модельдермен жұмыс кезіндегі басты
мақсат – проекциялаудың түрлі бағытта, объектінің көрінісін
құру. AutoCAD он типтік
бағыт ұсынады. Олар View менюінде орналасқан: Үстіден қарағандағы
көрініс, Астыдан қарағандағы көрініс, Сол жағынан қарағандағы
көрініс, Оң жағынан қарағандағы көрініс, Алдынан қарағандағы
көрініс, Артынан қарағандағы көрініс, Оңт-бат. изометрия көрінісі,
Оңт-шығ. изометрия көрінісі, Солт-шығ.изометрия көрінісі, Солт-бат.
изометрия көрінісі.
Оқушылардың білім сапасын
жетілдіру және жақсарту көбіне мұғалімнің сабақты дұрыс
жоспарлауынан және дайындығына байланысты. Сызу сабағында
сызбалардың әр қадамын көрсете отырып орындаса, біріншіден уақыт
үнемделеді, екіншіден балаларға көрсете отырып түсіндіру кеңістікте
елестету қабілетін дамытып, оқушылардың танымдық қабілеттерін
қалыптастырады.
Білім алушылардың танымдық
белсенділігін, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда, оқуға қажетті
біліктер мен дағдылар, алған білімнің саналығы және біліктілігін
қамтамассыз етуде көрнекіліктер мен ақпараттық технологиялардың
маңызы зор.
Пайданылған
әдебиеттер:
-
Ералин Қ., Матеева Т. Сызу
оқыту әдістемесі. (Бейнелеу өнері және сызу мамандығы студенттеріне
арналған дәрісбаяндар мен практикалық тапсырмалар жинағы.)
Түркістан. Тұран. – 2011.
-
Бапаева М. Қ. Жоғары мектеп
психологиялық білім беру процесін жетілдіру. Оқу құрал. – Алматы,
2006.-176 б.
-
Білім образование. Ғылыми
педагогикалық журнал. 2011 ж. 18-19 б.