400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Т.Әбдіков "Өліара"

Материал туралы қысқаша түсінік
Төлен Әбдіковтың "Өліара"романы оқырманды бастағаннан-ақ иіріп алып кетеді.Шығарма жеңіл және жылдам оқылады.Қазақ халқының жаңа заманға көшкен өтпелі кезеңіндегі оқиғалар сипатталады.Қоғамдағы өзгерістер өз мүддесіне пайдаланғыш келгендер мен сол өзгерістер себебінен кіндік қаны тамған туған жерлерімен қимай қоштасқан сан түрлі кейіпкерлердің бейнелері ұтымды айшықталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т.Әбдіков «Өліара»

Эссе

« Өліара» романы үйдегі шаң басып жатқан кітаптардың бірі еді әуелде.Неліктен менің таңдауым осы кітапқа түсті десеңіз,себебі,тарихтың беттеріне бір сүңгіп шығу мүмкіндігі іштей өзіне тартты.Бұл шығарманы оқу барысында әр кейіпкерді сезініп,олардың қуанышы мен қайғысы өзіме беріліп,көзіме жас келгені де рас.Төлен Әбдіковтың бұл туындысы мәңгі есімде қалардай әсер етті.«Өліара» романы,сонау ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы коллективтендіру кезеңін қамтиды.Бұл шығармада совет үкіметі толықтай орнап үлгермеген шағын ғана Ақшоқы ауылының сол замандағы ел тағдыры өте шынайы берілген,кейіпкерлері мүлде бір-біріне ұқсамайтын,ерекшелігімен есте қалатын,жазушы қиялындағы адамдар.

Ауыл адамдары айтпақшы «кәмпеске» (конфискация) кезінде үйіне атып кірген бір топ кісіні көріп шошып кеткен Сәтіш деген әйел қолындағы шұжығын дамбалына салып жіберіпті.Сонда бір кісі әйелдің ісіне селкілдеп күліп тұрса «шырағым,күлме,жетіскеннен істеді дейсің бе?»,-депті бір шалдау кісі.Бұл бір ауыз сөз жанға ауырлық түсіріп,әлденеше ойға әкеледі.Бұл-сол заманның көрінісін көз алдымызға әкеліп шұқып көрсеткендей болады.

Романның басты кейіпкері Бәйтен де қатыгез заманның ағынына жығылуына тура келді.Жастайынан жесір қалған анасы екеуін қанатының астына алған Асқар ағасын өз қолымен айдатып жіберуіне мәжбүр болғаны рас.Бірақ,мен оған кінә тақпаймын.Өз басым,сүйген жарын тартып алып,жалған жала арқалатып қойса,кім де болса солай етер еді деп ойлаймын .Басында романның қызығына беріліп «аяғында не болар екен?» деп шығарманың соңын оқып көргенде, Бәйтеннен қатты көңілім қалып еді.Бірақ,уақыт өтіп,жаңа парақтар,жаңа тараулар ашыла келе неге олай еткенін біртіндеп ұғындым.

Романның тақырыбын ашатын болсақ,шынында,не ол,өліара деген?Менің қарапайым түсінігім бойынша-ол толып біткен,мүлде жоғалып кеткен ай мен жаңа ай туғанға дейінгі аралық.Мен өз ойларымда Бәйтенді айға теңеймін.Иә,айға.Бәйтен әкесіз өсті,қалада оқу оқып сауатты болды,сүйгенін тауып,қызмет бабынан көтерілді.Осы уақытта ол шарасына жете толды.Сол мезетте Нұрбек деген қап-қара бұлт өтіп,ай аспан әлемін босатып біржола жоқ болды.Ол бәрінен айырылды.Ең аяғында өліара заңына мойынұсынып,ағасы Асқарды еш жазықсыз жер аудартып жіберді.Ескі айдың орнына жаңа ай туды.Менің ойымша,жаңа туған ай ескі айдан әлдеқайда күшті әрі сенімді болып туды.

Менің бұл туындыдан түйгенім көп. Роман ішінде «Алыссаң,атаң да болса, алып ұр» деген мақал кездеседі.Менің ойымша бүкіл шығарманың негізгі идеясы осы мақалдың төңірегіне топтасқан.Себебі,романда көбіне бір анадан туып,бір нанды бөліскен жандардың билік пен үстемдік үшін бір-бірін өлтіре салудан да тайынбайтыны көптеп кездеседі.Әрине,бұл «мен Бәйтеннің қатыгездігін қайталасам болады екен»,- деген ишара емес.Бұл тек қана өмір сені қандай жағдайларға,қандай шешімдерге әкелетінін бір құдай біледі деген сөз.

Мен Төлен Әбдіковтың басқа да шығармаларын оқыдым.Сонда маған белгілі болғаны-жазушының табиғат құбылыстарымен қатар адам мінезіндегі құбылыстарды коркемсөзбен көмкеріп,оқырманға жеткізе білуі еді.Қарап отырсақ,романның жасы үлкендеу кейіпкерлері бұрынғы заман күндерін аңсайды екен.Сонда айтылған жақсы сөз бар:

-Ертең осы күнді де «қайран заман-ай» деп отыратын ұрпақ та дүниеге келеді.Сол сөз орындалғандай,қазіргі ата-апаларымыз өткен заманды аңсайды.Ал роман жас ұрпақтың да ата-бабаларымыз өмір сүрген қоғамға бір сәт болсын үңілуіне мүмкіншілік береді.Мен шын мәнінде,сол заманға сапар шегіп келгендей болғандықтан,бұл сөзге еш күмәнім жоқ.













































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
1167
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі