400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғат

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат бұл -Жер-Ана, Жер-Ана барша пана болған жалғыз мекен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Табиғат бұл -Жер-Ана, Жер-Ана барша адамзатқа пана болған жалғыз мекен. Біз осы әсем де көркем киелі табиғатымызды аялап,баптауымыз қажет.Әрине, бәрі де өзіміздің қолымызда.

Мен осы тақырыпты оқи отырып, кеудемде сұрақ пайда болды. «Расында табиғатты қорғау міндет пе, әлде заңдылық па?» Менің ойымша бұл барша адамзат баласының міндеті. Менің бұлай ойлауыма 3 түрлі себеп бар. Бірінші себеп: Мысалы біз өзіміз тұрып жатқан үйіміздің әрдайым таза болғанын қалаймыз. Табиғат та сол секілді, бұл да біздің мекен етіп жатырған 2 ші үйіміз. Үйімізді қалай таза ұстасақ , табиғатты да солай таза ұстауымыз қажет. Екінші себеп: Жылына табиғатты бүлдіретін миллиондаған қоқыс төгіледі. Пластикалық, түрлі шыны бөтелкелер. Осының кесірінен жалғыз табиғат емес, жануарлар да зардап шегуде. Қоқыстар суға түсіп, суды ластап, коптеген балықтар өлуде. Жылдан жылға пластик шөлмектерінің қоқысы 20% ға артып келеді. Ал осы бос шыны бөтелкелердің кесірінен, күн қатты ысып кеткен жағдайда, жиі өрт пайда болады. Осы мәселелерге сүйене отырып табиғатты қорғау керек деген ойға басымдық беремін. Үшінші себеп: Егер табиғат лас болса таза ауа, ағаштар, өсімдіктер, көптеген жан жануарлар болмайды. Ал бұның барлығы адамға керек табиғат байлықтары. Таза ауа болмаса адамдар түрлі дертке шалдығып, олардың денсаулығы нашарлайды. Ал осы таза ауаны беретін ағаштар мен өсімдіктер.

Табиғат адамның өмір сүруі үшін қажет. Табиғатты қорғамасақ, адамдар түрлі аурулардан, тіпті экологиялық апаттардан өле бастайды. Адамдар өмір бойы ормандарды, теңіздерді, өзендер мен көлдерді қатты ластайды. Кейбіреулер бір қап қоқысты тоғанға немесе тұрғын үйдің ауласына тастаса, жаман ештеңе болмайды деп ойлайды. Жүз адам солай ойласа ше? Ал өзендердің түбінде, жаяу жүргіншілер жолының жиектерінде сынған шыны бөтелкелердің сынықтары, жыртылған полиэтилен пакеттердің сынықтары және табиғатқа қажетсіз басқа да қоқыстарды кездестіруге болады екен. Адамдар зауыттар мен фабрикалардың экологиялық ластанған ауасын жұтады, ластанған суды ішеді. Табиғатты қорғамасақ өзімізге де зиянымызды тигіземіз. Осы туралы ойланып көріңіздер.

Қазіргі таңда табиғаттағы қоқыс ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Егер бәріміз біріксек бұл мәселені де жеңетінімізге сенемін. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші,табиғат бұл біздің өміріміздің бір бөлшегі. Осы әсем де, көркем мекенімізді қорғап, баптасақ бәрі жақсы болатынына сенім артамын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18.10.2023
241
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі