400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табысты болу

Материал туралы қысқаша түсінік
Табысты болу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Табысты болу – адамның бәсекелестік қабілетінің көрінісі

Қазіргі заман шартында талапты, бәсекеге қабілетті, жеткілікті деңгейде білімі мен кәсіби дағдысы бар адам ғана жаңа белестерді бағындыра алады. Сондықтан, Қазақстан адами капиталдың сапасын үнемі басты басымдық ретінде белгілейді. Президент болашақтың стратегиясын сауатты, білімді, жауапкершілікті өз мойнына ала білетін жастармен байланыстырады. Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін атап көрсетті. Осы орайда, Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Сапалы білім алу және зияткер ұлтты қалыптастыру үшін жастарға барлық жолдар ашық. Президент қазіргі замандағы жоғары деңгейдегі білімнің рөлін айқын белгілей отырып, білімнің салтанат құруының маңыздылығы туралы айтты. Өз туған жеріңе деген патриотизм, адами капиталдың сапасын арттыру мен дамытуға ұмтылыс елімізді отандық мәдениетті ілгерілетудің сапалы жаңа деңгейіне, әлемдік сахнаға шығаруға мүмкіндік береді.

Табысты болу дегеніміз, меніңше, өзің жасаған еңбектің жемісін жеу.Сол жолда аянбай еңбек ету. Тер төгіп, қызмет еткен салада құрметке бөлену деп танимын. Ойына алған арман-мақсаттарына жету әрбір адамның маңдайына жазылмаған бақыт.Егер адамның барлық арман-тілектері орындалса, бақытсыз, кедей, өмірге өкпелі адамдар болмас па еді? Табысқа нәтижелі түрде жетудің жолдарын әрбір адам білгісі келеді. Ғаламторды ашып, тасбысқа жету деп терсеңіз, бірнеше ойлар мен ережелерді көресіз. Бірақ олар қаншалықты дұрыс?Табысқа жетудің шын мәнінде қандай да бір ережелері бар ма?Табысты болу үшін бәсекелестік қабілетіне ие болу қаншалықты маңызды?

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық бәсекеге қабілетті болса ғана, табысқа жетуге болады. Өз сөзінде елбасымыз: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғыруы тиіс» деп айтып өткен еді. Таптаурын болған қасаң қағидаларымыздан арылып, әлем жұртшылығына өз еліміздің байлығын таныта бідуіміз керек.

Меніңше, дүние есігін ашқан әрбір жан өзінің өмірін мәнді де, мағыналы етіп сүргісі келеді. «Армансыз адам-ормансыз бұлбұл» демей ме қазақта.Әрбір адам армандайды, мақсатқа ұмтылады.Сондықтан, бар ынта-жігерімізді өмірдегі биік белестерді бағындыруға айналдыруымыз керек. Сол кезде біз білімді, табысты, белсенді, бәсекеге қабілетті бола аламыз. Әрбір қазақстандық осы қабілеттерді игере алса, біз бәсегеке қабілетті ел болып, ең дамыған мемлекеттердің алдыңғы қатарынан көрінер едік. Дәл осы мақсатты ұстаным ретінде алып, іске асыру біздің қолымызда. Еліміздің алға ұмтылуының басты талабы –осы. Қандай да істі бастаған соң, соңына дейін аяқтаған адам табысқа жете алады. Себебі, белгілі бір істі жүргізу барысында қаншама қиындықтар кездеседі, сол қиындықты жеңе білген адам-табанды әрі еңбекқор. Басы қатты болса, аяғы тәтті болады дегендей, басында қанша қиналғанмен, сол істі аяқтау барысында адам өзіне мол тәжірибе жинайды, алдына үлкен мақсаттар қоя біледі және сол мақсатқа жету үшін аянбай тер төгеді. Абай атамыз айтқандай:

"Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек".

Ендеше табысқа жете алатын адам барлығын ақылға салып, адал жолмен еңбек етуі керек. Өз ойымды мына сөздермен қорытындылағым келеді:

«Еліміздің еңсесі-биік, туымыздың –тұғыры берік, тіліміздің мәртебесі-асқақ, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!».





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1836
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі