Сагимбекова
Бакыт Советхановна
Жетісу
облысы Ақсу ауданы
Абай
атындағы орта мектеп,
Мектеп
директоры
Табыств
мектепті бақылау мен басқарудың тиімді
жолдары
Реттеу
және бақылау барынша күрделі және
еңбекті көп қажет ететін қызмет болып
табылады. Сондықтан, ең алдымен бұл
«Табысты мектеп мәдениетін» қалыптастыру,
яғни «оқушы - оқушы», «мұғалім-ата-ана»,
«мұғалім - оқушы», «директор - мұғалім»
т.с.с. қарым-қатынастар жүйесіне байланысты
екеніне толық көзім жетті. Қарым-қатынастар
жүйесінің көбі, оқу-тәрбие үдерісінің
критерийлерін жан-жақты анықтау.
Барлық
мектептерде бүгінде өзіндік даму жолы,
жаңа технологияларды қолданудағы
өзіндік ерекшеліктері, нәтижеге
бағытталған білім беруде, құзыретті
тұлға даярлаудағы тәжірибелік басымдық
жақтары бар.
Сондықтан
біздің алдымызда үлкен міндеттер тұрды:
Нәтижеге бағдарланған педагогикалық
процесті қамтамасыз ету үшін инновациялық
жобалар мен бағдарламаларды іске асыру.
Жоғарыдағы
аталған проблемаларды шешу мақсатында
«Мектептегі тәжірибе» бағыты бойынша
әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды.
Әр академиялық топтағы мұғалім көшбасшы
бола алады. Топ мүшелері мектеп жұмысын
SMART-қа салып талдауға, негізгі релевантты
ақпараттарға сүйене отырып даму жоспарына
өзгерістер енгізуге, негізгі басымдықтарды
анықтауға, ақылды мақсаттарды бекітуге
жұмыс жасады.
Мектептің
даму жоспарындағы іс-шаралар өзінің
қалыпты деңгейінде іске асып жатқандықтан,
мектептің жұмыс жоспарындағы үлкен бір
іс-шара Қарағанды әдістемелік орталығының
мамандарынмен біріге «Қазіргі білім
беру: Жаңа мүмкіндіктер мен бағыттар»
тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинар
3 негізгі бөлімнен тұрды. І бөлім мектеп
әкімшілігінің жаңа идеяны іске асырудағы
жетістіктер мен кемшіліктер жайлы және
мектептің даму бағдарламасындағы басты
басымдықтар жайлы сөз қозғаса, ІІ бөлімде
шығармашылық топтардағы қозғаушы күш
мұғалімдер, яғни деңгейлі мұғалімдердің
тәлімалушылары сабақ көрсетті. ІІІ
бөлімде тек бірыңғай жаңа форматты
мұғалімдер өз тәжірибесімен бөлісе
отырып, аймақ мұғалімдерімен жаңа
бағдарламаны іске асырудағы кедергілер
мен шешімін таба алмай отырған мәселелерді
сөз етті.
Қорытындысында,
облыстық білім басқармасының даму
бағдарламасында көрсетілген оқушылардың
құзыреттілігіне бағытталған жобаларды
іске асыру, мұғалімдердің кәсіби тәжірибе
алмасуына мүмкіндік беретін желілік
қоғамдастықтың аясын кеңейтуді даму
бағдарламасына енгізу ұсынылды.
Жаңа
деңгейден өткен мұғалімдерді және
командалық жұмысты іске қосу үшін
мектептегі бірнеше жас мұғалімді арнайы
қысқа мерзімді апталық жеделдетілген
курстан қыркүйек айында өткізуге тура
келді.
Мектеп
әкімшілігі ретінде мен бұл өзгерістерге
қуандым. Себебі, білім саласына бір
өзгерістің, реформаның керегі анық.
Әлем қарқынды дамып келе жатқан соң,
ол көштен біздің мектеп те қалмауы
керек. Осы жерде мұғалімнің бойында
Шульманның үш көмекшісі, бас – теориялық
білім, қол – алған теориялық білімді
іс-әрекетте қолдану дағдысы, жүрек –
өз мамандығын шексіз сүйетін болса ғана
нәтижеге жетеміз деп сенемін.