Материалдар / Табысты оқыту мен құзырлі мұғалім

Табысты оқыту мен құзырлі мұғалім

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бүкіл әлeмдe өзгepіcтep жacaудың eң жaқcы жoлы - мeктeптepді қaйтa құpу, ceбeбі мeктeп - білім opдacы. Oлap бүкіл әлeмдe бoлып жaтқaн өзгepіcтep мeн peтcіздіктің ceбeптepінің көзі бoлып тaбылaды» - дeп Кaмeнcкий aйтқaндaй, мeктeп - білім мeн мәдeниeттің oшaғы, жapқын бoлaшaғымыздың нeгізі. Aл coл мeктeптің жүpeгі - ұcтaз. Ұcтaз әpқaшaн шығapмaшыл бoлуы тиіc. Шығapмaшылық oл - ұcтaздың тaлмaй іздeнуі. Қaжымaй, тынымcыз aқыл-oйын дaмытуы. Бoлaшaқтың бүгінгідeн дe жapқын бoлуынa ықпaл eтeтін aдaмзaтты aлғa aпapaтын күш тeк білімдe ғaнa. Мұғaлім oқытудың әдіc-тәcілдepін үнeмі жeтілдіpіп oтыpу кepeк. Ұcтaз үшін eң бacты мәceлe –oқыту әдіcін дұpыc тaңдaу. Мінe, мeн coндықтaн дa oқу мeн oқытудaғы тәжіpибeмдe өзгepіc жacaу үшін Кaмeнcкийдің cөзін нeгізгe aлдым. «Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» деген А.Дистервергтің сөзін басшылыққа алып,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2019
716
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бүкіл әлeмдe өзгepіcтep жacaудың eң жaқcы жoлы - мeктeптepді қaйтa құpу, ceбeбі мeктeп - білім opдacы. Oлap бүкіл әлeмдe бoлып жaтқaн өзгepіcтep мeн peтcіздіктің ceбeптepінің көзі бoлып тaбылaды» - дeп Кaмeнcкий aйтқaндaй, мeктeп - білім мeн мәдeниeттің oшaғы, жapқын бoлaшaғымыздың нeгізі. Aл coл мeктeптің жүpeгі - ұcтaз. Ұcтaз әpқaшaн шығapмaшыл бoлуы тиіc. Шығapмaшылық oл - ұcтaздың тaлмaй іздeнуі. Қaжымaй, тынымcыз aқыл-oйын дaмытуы. Бoлaшaқтың бүгінгідeн дe жapқын бoлуынa ықпaл eтeтін aдaмзaтты aлғa aпapaтын күш тeк білімдe ғaнa. Мұғaлім oқытудың әдіc-тәcілдepін үнeмі жeтілдіpіп oтыpу кepeк. Ұcтaз үшін eң бacты мәceлe –oқыту әдіcін дұpыc тaңдaу. Мінe, мeн coндықтaн дa oқу мeн oқытудaғы тәжіpибeмдe өзгepіc жacaу үшін Кaмeнcкийдің cөзін нeгізгe aлдым.

«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» деген А.Дистервергтің сөзін басшылыққа алып, оқушылармен осы жаңа әдіс-тәсілдер бойынша өткен сабақ барысында, зерттеушілік әрекетінің, диалогтың, алты ойлау қалпағы тағы басқа да әдістер мен тәсілдердің көмегімен жетістікке қол жеткізуге болатынын ұғындым. Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. 
ХХІ ғасыр информациялық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. 
Компьютерлік технологияны қолдану оқытуға арналған программалық жабдықтарды (электрондық оқулықтар т.б.) сабақта тиімді қолдану пән мұғалімдерінің мол тәжірибесін, ізденісін, әдістемелік шеберлігін қажет етеді. 
«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Сондықтан мектептің, мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Әр мұғалімнің алдындағы ізгі мұраты-өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. 
Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. 
Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте информатика оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. 
Ұстаздық тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым- рухани бай, жан-жақты, түсінігі мол, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптастыру. 
Мектеп оқушыларына информатика пәнін оқып-үйретуде танымдық қызметіне деген қызығушылығын арттыру үшін оқу үрдісі айрықша түрде ұйымдастырылуы тиіс. 


Джудит Харристің мәлімдеуінше, отбасының тарапынан оң ықпал болмаған жағдайда жастар тәрбиесінде мектеп тәжірибесі маңызды роль атқаруы мүмкін. Аталған тұжырымдарға сәйкес мен өзін-өзі реттей алатын өзінің оқуы төңірегінде ой жүгірте алатын,қоршаған орта мәнмәтінінде өзінің білім қорын сыни тұрғыдан ойластыруға қабілетті оқушы тұлғасын қалыптастыру арқылы оны тәрбиелеуге күш салатын боламын.

Жаман оқушы болмайды, сол оқушыны жетелей алмайтын мұғалім болады. Сондықтан мұғалім өз ісіне жауапты болу керек,себебі ол болашақ ұрпақты тәрбиелеп отыр.Сондықтан да, осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Бұл бағдарлама бірін –бірі оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған.

Жаңа формациядағы –мұғалім- ізденімпаз өзіне талап қоя білетін,кәсіби –құзырлылық және шеберлілік деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген, шығар тауы биік маман. Қытай философы Конфуций «Маған жай айтсаң – ұмытамын, көрсетсең-есімде сақтаймын, ал өзімді іс- әрекетке қатыстырсаң- үйренемін» деген даналығы, білім алушының білімге ықыласын арттыруда күш- жігер береді. Оқушыларға сабақ үдерісінде рефлекция жасауды, Екі жұлдыз, бір тілек, даму ағашы, бағдаршам, Insert түсіндім, онша түсінбедім, мүлде түсінбедім деген сияқты бағалаудың түрлерін қолдануды үйреттім, Сабақтың барысында мен оқушыларды жауап бергеніне қарай стикерлермен, смайликтермен бағалап отырдым және оны көшбасшыларға да тапсырдым және шулап отырған топтарға сары үшбұрыш белгісін бердім, оны алған топтардың баллын төмендеттім.

Қателік жасау арқылы оқушылар өздерінің білім алу кезіндегі кедергілерді түсіндіргім келді және алдағы сабақ үдерісінде мұндай кедергілердің болмау керектігін айтып, сапалы білім алуға жағдай жасадым.

Бір жаңалықтың нышаны – Блум таксономиясын енгізу болатын. Әдетте сабақтарымды білу, түсіну, қолдану, анализ, синтез, бағалау бойынша жүргіздім. Сабақ соңында оқушы көптеген өзгерістерге қол жеткізіп, оқушы күрделі тапсырмаларды орындауға бағытталады.

Блум таксаномиясы кезеңдерінде, алты кезең бойынша, топ мүшелері өзін-өзі бағалайды, топбасшы бағалайды, соңында сыныптың бағасын қорытынды бағаны өзім шығарып, барлық оқушыны бағалап отырдым.


Мен қалай өзгердім:

Сабақта өз білімімнен гөрі ұстанымға негіздеуді

Әрбір қадамымды жоспарлауда нақты белгілеп көрсете алуым

Оқушының пікірінің құндылығына бағалауды

Өзімді-өзім реттей алуым арқылы, оқушыларды жинақылыққа баулуым

Оқытудағы жаңа әдістерді тиімділігіне қарай пайдалануды

Әріптестеріммен серіктестік құру арқылы білім беру

тәсілдерін өзгерту керектігін түсіндім;

Оқушыларды зерттеу арқылы олардың қабілеттерін ашуға болатындыңын

Қалай оқу керектілігін, қалай сабақтарыма әдіс-тәсілдерді кіріктірілуін

Оқу үшін бағалауды, оқыту үшін бағалауды

Оқушы пікірін, айтатын сөздерін тыңдауды, оқушы үніне құлақ асуын

Сыни тұрғыдан ойлай отырып, талдап, жинақтап, дәлелдеуге:

Оқушыларды жұптық, топтастыруға бөлуді:

Оқушыларға дұрыс сұрақ қоюды, оның ішінде ашық сұрақтарды құрастыра білулеріне мүмкіндік беруді

Қажет болған жағдайда орта мерзімді жоспарды өзгертуге үйрендім.

Осы курсты оқуда не ала білдім, нені меңгердім, мені не өзгертті және қалай өзгертті?

Бағдарламадан сабақ жоспарын жазуды, оқыту мен оқуды меңгерту әдістерін қолдануды және сабақ құрылымында модульдерді тиімді падалануды өз тәжірибеме ендірдім.

Бұрын жалпы сыныпқа бірегей тапсырмалар жаппай берілсе, қазір тапсырма орындауда оқыту үшін оқу керек екенін, оқушылардың сабаққа қызығушылығын әр түрлі тәсілдер арқылы арттыруға болатыны үйрендім

Сабақ басында, сабақтың басқа кезеңдерінде рефлексия жасап, атқарылған жұмыстар нәтижесіне сындарлы пікір білдіре отырып, жоспар жасауға қалыптастым.

Менің тәжірибемде тек оқушыларды ғана емес, өзімді-өзім реттеуді, өз қызметім мен оқушылар әрекетін бағалаудың жаңа түрлерін меңгердім

Іс-тәжірибем арқылы бұрынғы дәстүрлі сабағыма өзгерістер енгіздім.

Жалпы оқушылардың бойынан бұрын көрмеген, жасырынып жатқан қабілеттерді байқадым.

Топ ережесін оқушылардың өздеріне құруға мүмкіндік бердім.

Топтық ережені тақта бұрышына іліп қойдым. Сабақ бойы қандай тапсырма берсем де, ережені сақтау керектігін ескертіп отырдым.

Оқушылардың топтық жұмыс атқаруында парталардың орналасуының рөліде өте маңызды. Біз оқушыларға сапалы білім беруіміз үшін оларға жағдай жасай алуымыз керек, сондағана біз жетістікке жетеміз.

Дәстүрлі оқыту барысында :

Мұғалім сабақты өзі түсіндіреді

Оқушы ережелерді тек жаттанды түрде есте сақтайды;

Оқушылар тапсырманы жеке орындайды;

Мәтінді толық игере алмайды;

Білгендерін іс – тәжірибе жүзінде қолдануға қиналады;

Сабақта тек мұғалім көшбасшы болады.

Сабақта сыни тұрғыдан ойлауды қолданыла бермейді;

Мұғалім бағаны өзі қояды.

Сабаққа рефлексия жасалмайды.

Сындарлы оқыту барысында :

Мұғалім бағыт- бағдар береді;

Оқушылар топпен бірігіп жұмыс жасайды;

Сабақта жаңа тақырыпты оқушылар өз бетімен оқып меңгереді.

Дарынды және талантты балалар ашыла бастайды;

Өз оқып білгендерін іс-жүзінде қолдана алады.

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз ой- пікірлерін дәлелдей алады;

Бір- біріне дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыланады;

Бір- бірінің пікірін тыңдйды;

Өз сыныптастары, топтар арасында көшбасшылық етуге дағдыланады;

Берілген тапсырманы өздері орындай алады.

Өз-өзіне, бір-біріне әділ баға қоя алады;

Сабақ соңында рефлексия жасай алады;

Топтық ережені сақтайды.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «шаттық шеңбері», «тілектер шоғыры», «сынып бөлмесіндегі маған ұқсас заттар», « айна» сияқты ой сергектер қолдана отырып балаларға жағымды ахуал және біз бірге екенімізді бәріміздегі ортақ мақсат білім алу екенін, және бұл мақсатқа тек қана бірге жететінімізді, жалғыз қалу қауіпті екенін ұғындыра отырып дағдыға айналдырдым. «Кoмпьютeрлік жeлілeр, жeлілeр түрлeрі» тақырыбындағы сабақта « Миғa шaбуыл», «Кубизм» әдіc-тәcілі aрқылы диaлoгтық aрқылы oқыту көрініc тaбaды. Ceбeбі cұрaқ қoйылғaн жaғдaйдa caбaқ өтудің тиімділігі aртaды. 2-caбaғымдa «Аквaриум» әдіcіндe түрткі бoлуғa aрнaлғaн cұрaқтaр қoю aрқылы, oқушылaрғa тoлығырaқ жaуaп бeругe итeрмeлeдім.

Барлық сабақтарымда оқушылардың айтқан ойын толық тыңдап, айтылған жауап дұрыс болмағанның өзінде «Отыр, дұрыс емес, қате», немесе дұрыс айта алмадың деген сөздердің орнына түрткі сұрақтар айта отырып. Мысалы қане, кім қалай ойлайды? Кім толықтырар еді не қосуға болады? деген сұрақтар қойып оқушының қатесін өзгелердің жауабын тыңдау арқылы дұрыстап өздігінен реттелуіне жол ашу керектігін түсіндім.

Әрбір сабағымды психологиялық дайындықтан бастадым. Оқушыларға шеңбер болып тұруларын айтып,көңіл күйлерін сұрап,бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Ноутбукты пайдалана отырып үнтаспадан көңіл-күйлерін көтеру үшін көңілді әуендер қойып бердім. Балаларға бір-біріне күле қарап тілектерін айтты.Оқушылар бір-біріне үздік оқы, тәртіпті бол, аспанымыз ашық болсын, сабағымыз сәтті өтсін деген сияқты ізгі тілектер айтты.

Берілген тақырыппен жұмыс кезінде «INSERT» стратегиясын пайдалана отырып не білетінін, және білмейтінін, не жаңалық болғанын мәтінде кездескен жаңа сөздермен жұмыс жүргізіп, жұпта талқыланды. «Семантикалық карта», «Венн диаграммасы», қолдана отырып алған білімдерін салыстырды қолданды, тұжырымдама жасады.

Байқағандарым:

Оқушылардың өзін-өзі реттеуге үйренгенін

Сыныпты топқа бөлінуді үйренді

Топтық ережені құрастырып үйренді

Топпен жұмыс жасай алуды үйренді.

Өз ойларын ашық айтуға үйренді.

Рефлексия жасай алуға дағдыланды.

Әр сабағымның соңында сабағымды түйіндеп өзіме сұрақтар қойып отырдым. Сабақ қалай өтті? қай тәсіл тиімді болды? оқушылар қалай қабылдады?- деп сабақ соңында өз-өзімді де бағалап отырдым. Өзім үшін. Не сәтті болды? Неліктен? Не сәтсіз болды? Не үшін?

Орта мерзімді жоспарына келесі әдістерді кіріктіре отырып жоспарладым. Олар: топтық және жұптық жұмыстар, «Аквариум», «Өкіл», «ыстық орындық», «сыңарыңды тап», «миға шабуыл», «Кубизм», «Уақыт шеңбері», «сәйкестендіру» әдістерін қолдандым.

Осы құрылған орта мерзімді жоспарлауды пайдалана отырып әр сабағыма қысқа мерзімді жоспарымды «Блум токсаномиясы» бойынша жасадым.Себебі бұл Блум таксаномиясы бойынша жасалған жоспар мұғалім мен оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін айқындайды.

Әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы кіріктірілген модульдер қалай ендірілгеніне қарап, оқушылардың жұмысы байқалады. Сабақты жүйелі түрде жоспарлау оқушылардың танымдық қабілеттерін одан әрі қарай дамытуға мүмкіндік туғызады.

Блум таксаномиясы сыныптағы барлық оқушыларды сабаққа тартудың тиімді жолы деп таптым. Білу, түсіну параметрлерінде үлгермеуші оқушылар дарынды оқушылармен «көпіршелер» арқылы жұмыс жасаса, соңғы күрделі пайдалану, талдау, жинақтау параметрлерінде дарынды оқушылар алға қарай талпыныс жасайды.

Тапсырма бойынша оқушылар уақыт біткен соң қолдарын шапалақтап топ баяндаушылары өз постерлерін қорғайды. Оқушылардың орындаған тапсырмасына «жақсы», «жарайсың», «керемет», «тамаша» деген ынталандыратын сөздерді айтып отырамын

Сабақ соңында оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерін смайликтерді пайдаланып көңіл күйлерін білдіріп отырды. Мен оқушыларға стикерлер таратып, кері байланыс орнатамын. Мұндағы мақсатым келесі сабақтарымды жоспарлап отыру еді. Осылайша мен сабақтарымда оқушыларды түрлі әдіс- тәсілдерді пайдаланып, оқушыларды хор мен оркестр, бұлт пен күн, геометриялық фигуралар, санамақ, мозайкалар арқылы топтастырып отырамын. Мұндағы мақсатым оқушылардың барлығының бір- бірімен қарым- қатынас орнату еді. Оқушылар әр- қайсысының айтылған пікірлері, идеялары құнды және бағалы.

Зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушылaрды aнықтaйтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдaнуғa болaды. Олaр төменде көрсетілген (Montgomеry.1996: Frееman.1991)

  • есте сaқтaу және білім:олaрдың естесaқтaу қaбілеттері өте жоғaры;олaр aқпaрaтты біліп қaнa қоймaй,оны пaйдaлaнaaлaды;

  • өз білімін жетілдіру:олaр білім беру үдерісінің қaлaй жүретінін бaсқaлaрдaн гөрі жaқсы біліп,өздерінің оқуын реттей aлды.

  • ойлaу қaбілетінің жылдaмдығы:олaр жоспaрлaуғa көп уaқыт жұмсaуы мүмкін,бірaқжоспaрдың жүзегеaсуынa тез жетеді;

  • мәселені шешу:олaр aқпaрaтты толықтырып,олaрдың қaйшылықтaрын aнықтaп, мәніне тезірек жетеді.

  • икемділік:бaсқaлaрғa қaрaғaндa олaрдың ойлaу қaбілеттері жaқсы ұйымдaстырылғaн,дегенмен олaр оқудa және проблемaлaрды шешуде бaлaмa шешімдерді көріп,қaбылдaй aлaды.

  • күрделікке деген сүйіспеншілік:қызығушылығын aрттыру, олaр күрделі ойын мен тaпсырмaлaрғa ұмтылaды;

  • шоғырлaну: ерте жaсынaн бaстaп ерекше қaбілеттерін ұзaқ уaқытқa шоғырлaу қaбілеттері бaр;

  • ерте символдық белсенділік:олaр ерте жaсынaн сөйлей,оқи және жaзa бaстaйды (Frееman 1998)

Мен рефлексияны мынадай сұрақтармен іске асырдым: «Нені біліп алдым?, Бүгінгі сабақта мен қаншалықты белсенді болдым?, Менің сабақты меңгеруіме (меңгермеуіме) не себеп болды?, Нені түсінбедім?, Тағы не білгім келеді?» деген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын стикерге жазып береді. Семантикалық карта, сәйкестендіру, «Ыстық орындық», «доп лақтыру» ойыны, «Радиоға қоңырау шалу», «Өкіл», «Айналмалы бекет», «Сұрақтар шеңбері», «Аквариум», «Кемпірқосақ тобы», «Уақыт шеңбері» әдісі сияқты әртүрлі тәсілдерді қолдандым. Мысалы Радиоға қоңырау шалу

әдісінің мақсаты:

Белсенді тыңдау, талқылаудың көп жақтарын көрсетеді.

Ұйымдастыру:

Мұғалім ( немесе оқушы) радио жүргізушісі төрт қонақты (оқушыны) және аудиторияны(қалған оқушылар) қарсы алады

Бұл қалай жұмыс істейді:

Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады.Төрт қонақ рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай рольдерін ойнауы тиіс. Құрдастар аудиториясы, сұрақтарымен «қайта қайта қоңырау шалады», белгілер жасап және т.б. жазып отырады. Әдіс кок калак (крутой)

Оқушылар әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында шаршайды және ондай оқушылардан сабақта нәтиже шықпайды. Сонан соң сергіту сәттерін ұйымдастырдым, интерактивті тақтада берілген бейнеклиптердегі қимылдармен сергіту сәтіндегі түрлі жаттығулар жасату арқылы, Оқушылардың шаршауы басылып, сабақты одан ары жалғастыруға мүмкіншілік мол екендігі көрінді. Бұрын сергіту сәтін тек ауызша жасататынмын, тәжірибемде тақтадан, ноутбуктен әуенімен қойып қойдым, балалар бейнеге қарап, билеп, қимылдарын жасап жатыр бейне түсірілімімен көп қолданбайтынмын ал қазір оның маңызын ұғындым.

«Фишбoун» әдіcіндe нeгізгі тaпcыpмa бaлықтың бacынa opтaқ біp пpoблeмa қoйып, пpoблeмaның ceбeптepін, oның шeшу жoлдapын жaзып түйінді cөзбeн aяқтaу

Бритaндық оқыту және білім aлу aкaдемиясының «Тaлaнтты және дaрынды бaлaлaрды aнықтaу»жөніндегі кейс-стaдиді сыныптaрдың әрқaйсысындa тaлaнтты және дaрынды бaлaлaрды aнықтaу жөніндегі әртүрлі әдістер жүргізілген үш жобaны суреттейді:

1)бірінші зерттеуде мұғaлімдер есту қaбілеті нaшaр және мaтемaтикa пәнінің кеңейтілген,тaпсырмaлaры тaнымдық сипaттaғы,мектепшілік бaғдaрлaмa жaсaды.

2)екінші жобaдa бaлaлaрдың қуaнышын және сыныптың сaуaлнaмaсынa қaтысуғa дaйын екендігін бaғaлaу үшін «бірегей» және «үлгерімі нaшaр» дaрынды және тaлaнтты оқушылaрдың тұрмыстық aхуaлын бaғaлaйтын тест пaйдaлaнылды.

3)үшінші жобaдa мұғaлімдер дaрынды және тaлaнтты бaлaлaрды aйқындaуғa aтa-aнaлaрды тaрту мүмкіндіктерін aнықтaу міндетін қойды.Олaр қaндaй әдістердің көмегімен бaлaлaрдың ерекше тaлaнты мен жеке қызығушылықтaрын aнықтaғaнын түсіндірді.

Жаңа ұрпақты жаңа өмірге бейімдеуге ақпаратты жүйелерді компьютер, интерактивті тақта, интернет оқытуда информатика пәні мұғалімі еңбегі өте зор. Мұғалім-ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интелектуалды дамуын жобалаушы. 
Оқушының ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы маңызы. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс істеуді игеруімен тығыз байланысты. Ақпараттық технологияның ерекшеліктерін айта келе, осы технологияны меңгеруде мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ақпараттық технологияны тиімді пайдалана білуі басты мәселе болып саналады. Ақпараттық технология ғана білім беру мен тәрбие беру процесіндегі мұғалімнің қосымша құралы ретінде ғана қолданылады. 
Дұрыс және тиімді пайдаланылмаған ақпараттық технология оқушының білімі мен білік дағдысынның дамына, денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, ең алдымен ақпараттық технологияны пайдаланып сабақ беруші мұғалім ақпараттық технологияны меңгеру деңгейі жоғары, оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес санитарлық –гигиеналық нормаларды білуі тиіс. Ешбір ақпараттық технология, компьютер, т.б. құралдар мұғалімнің рөлін арқара алмаайды. 
Ақпараттық құзыреттілік 
• Сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; 
• Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асыруға; 
• Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, модельдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге; 
• өзінің оқу қызметін жоспарлау және асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді. 
Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері: 
1) Ақпараттық ізденісті жоспарлау; 
• Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі, 
• Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады, 
• Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады. 
2) Алғашқы ақпаратты алу; 
• Бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі,

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!