400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТАҒДЫРҒА НЕ ЖАЗЫЛҒАНЫН БІЛУГЕ АДАСУШЫЛЫҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
Насихат өмір заңы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХАЛАЛ МЕН ХАРАМ АСТЫ АЖЫРАТУ КЕРЕК

Алла Тағала қасиетті Құранның «Мұхаммад» сүресі, 12-ші аятында: «...күпірлік етушілер (имансыздар) болса, олар (дүниеден) пайдаланады әрі малдардың қоректенгені секілді ішіп-жейді. Олардың тұрағы – От (тозақ)» – дейді. Сондықтан, Аллаға иман келтірген әрбір мүмін адам адал мен арам асты ажырата білуі шарт. Осы себепті, Жамбыл ауданының орталық «Шынасыл» мешітінің бас имамы Қалжан Исламхановтың осы тақырыпқа қатысты берген сұхбатын жариялап отырмыз.

  • Ислам шариғатында рұқсат етілмеген (харам) мен рұқсат етілген (халал) тағамдарды қалай айыруға болады?

  • Алла Тағала қасиетті Құранның «Мәйда» сүресі, 3-ші аятында: «Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен сойылған мал арам етілді. Буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш (аң, құс) жеген мал арам. Бірақ (жаны шықпай) бауыздалғандары басқа» – деген. Яғни, осы үкімі арқалы қай асты жеуге болатындығы, қайсысын жеуге болмайтындығы анық көрсетіліп тұр. Бірақ, қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда халал мен харам асты көзбен көріп айыру мүмкін болмай қалды. Себебі, харам нәрселерді түрлі қоспалардың құрамында кеңінен қолдану үрдіске айналып отыр. Оны ажырату үшін ғұламалар мен арнайы мамандардың көмегіне жүгіну керек. Осы себепті, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы «Халал стандарттау» бөлімін ашып, шариғат талабына сай тамақ өнімдерін шығарып жатқан кәсіпорындарға арнайы сертификат беруде қолға алып отыр.

  • Қазіргі кезде шетелдерден ағылып келіп жатқан азық-түліктердің қайсысы харам, яғни құрамында адам ағзасына зиян келтіретін қоспасы бар екендігін нақты анықтай алатын зертхана бар ма?

  • ТМД елдері бойынша алғашқы болып ашылған мұндай зертхана Алматы қаласында орналасқан. Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының «Хиташи» аталатын арнайы зертханалық аппараты кез-келген азық-түлік өнімінің құрамында өлексенің немесе доңыз етінің бар-жоғын тайға таңба басқандай анық көрсетіп бере алады. Сонымен бірге, Діни басқарма мамандары қоспалардың құрамына қарап, қайсысын жеуге болатындығын, қайсысы рұқсат етелмегендігін анықтап, халыққа жария етуді қолға алып отыр.

  • Қазіргі кезде «халал» өнімдеріне деген сұраныстың артуына байланысты, «Халал» сертификатын алмағандар да «халал» деп жарнама жасап, ет өнімдерін өткізіп жүр. Осыған байланысты не айтасыз?

  • Негізінде, «адалдан ас ішу керек» дегенде харам етілген астан ғана тиылу керек деген тар шеңберде түсінуге болмайды. Ислам ғалымдары жазған «Сауда кітабы» деген көлемді еңбек бар. Сауда жасайтын адам харамға ұрынбас үшін шариғат бойынша ненің рұқсат етілгендігін анықтап алғаны жөн. Хазіреті Омар (р.а.) кей кездері базар аралап жүріп, осындай сауатсыз саудагерлерді «риба жеп қоясың» деп қамшының астына алып қуады екен. Сондықтан «халал» атын жамылып саудасын жүргізуді көздегендердің тірлігі адал емес.

  • Аудан халқының халалға қатысты білімін арттыру мен халалдан ас ішуіне мүмкіндік беретін іс-шараларды жасау жоспарыңызда бар ма?

  • Әлбетте, осындай істерді қолға алып жатырмыз. ҚМДБ-ның «Халал стандарттау» бөліміне хабарласып, арнайы тексерістен өтіп «Халал» сертификатын алған кәсіпорындар мен олардың шығарып жатқан азық-түлік өнімдерінің тізімін алдық. Осы кәсіпорындардың кейбірімен байланыс орнатып, өнімдерін өткізуге көмек беруге ұсыныс жасаған болатынбыз. Аудан халқының арасында мұндай өнімдер үлкен сұранысқа ие екендігі анықталды.

  • Әңгімеңізге рахмет. Алла Тағала жұмысыңызға береке берсін, сауапты істеріңізді арттырсын.

Әңгімелескен Мәлік КІШІБАЙ

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі