Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәжірибедегі рефлексия
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі №38 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Билалова Ақерке Сакенқызының «Тәжірибедегі рефлексия» курсы бойынша рефлексивті есебі
Мен осы тәжірибелік рефлексивті курсқа дейін дәстүрлі сабақ бұрыннан қалыптасқан, бір жүйемен жүргізілетін сабақ бойынша сабақ өттім Ол сабақтың жоспары: Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыладың сабаққа әзірлігін тексеру, сабақ тақырыбын таныстыру, мақсатын анықтау. Бұл бөлімнің мақсаты сабақта жұмыс жағдайын туғызу.
Үй тапсырмасын тексеру әртүрлі түрде орындалады. Кейде оқушылардың жұмысын көріп шығу да жеткілікті болады. Кейде ішінара тексеру жүргіземіз немесе оқушылардың өзара тексеруін өткіздіреміз.
Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін ауызша тексеру жүргізілуі мүмкін. Ол жеке дара, жаппай сұрау арқылы жүргізіледі.
Жаңа білімді баяндау, жаңа материалды талдау.
Өтілген тақырыпты бекіту. Ол әртүрлі формада жүргізілуі мүмкін (жаттығу, пысықтау, практикалық жұмыс т.б.) Жаттығу жұмыстарында оқушыға мұғалім көмектесуі мүмкін.
Өтілген материал бойынша оқушылар білімін анықтау (өзіндік жұмыс) Үйге тапсырма беру.
Курста өту барысында түрлі
әдіс – тәсілдермен таныстым. Сабақ барысында балалардың топпен және
жұппен жұмыс жасауды қалыптсатырдым. Балалар бүгінгі таңда
оқушыларды ХХІ ғасырға дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы
түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт.
Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру
мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең
алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін
тұлға ретінде тану керек.Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе:
нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші,шәкірттің алдына бару
үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін
тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң,
этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл
үш көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады. Сындарлы
оқыту курсы бойынша оқыту оқушыларды пәнге деген қызығушылығын
арттырып, білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында тиімді
әдіс-тәсілдерді пайдалану білімнің сапалы болуына себеп болады. Әр
сабақта менің алға қоятын мақсаттарымның бірі балалардың сөйлеу
тілін дамыту болып табылады, сондықтан әрбір сабағымда диалог құру
үшін бірнеше әдістерді қолданамын.
Геометрия пәнінде сұрақ-жауап әдісі мен үшін диалог құрудың ең
ұтымдысы, себебі балалар сұрақ құруға және сұраққа жауап беруге
үйренеді. Нәтижесінде өзара қарым-қатынас жасауға дағдыланады.
Сабақ басында оқушылардан күн, ай, апта күндерін сұрау қалыптасқан
жағдай. Үй жұмысын тексеруде «Мозайка», «Сыртқы-ішкі шеңбер», «Ақыл
қалпағы», "Мұғалімге хат«,т.б әдістерін қолданып, өткен тақырып
бойынша жазбаша түрде сұрақ құрып, өздері жауап қайтарады. Жауап
беруде толық жауап талап етемін, сондықтан оқушылар жауаптарын
мысал келтіре отырып дәлелдейді.
Оқуды жақсарту үшін оқушылардың білім деңгейі қай дәрежеде, оның дамуына ықпал ету жолында бағалаудың да бірнеше түрін қолданамын, себебі әділ бағалау өз күшіне сенімділік, өзгенің жауабын тыңдау және пікір айтуға үйретеді.
Өзара бағалауды көбіне үй жұмысын тексеру барысында қолданған тиімді, себебі оқушылар тек баға беріп қана қоймай қай есепте және қай формуланы мұқият қайталау керек екеніне ұсыныс жазады. Топпен жұмыс істегенде топтық бағалау, кей тапсырманы критерий бойынша бағалау, өз-өзін бағалау парақтарын кең қолданамын.
Бұл деген оқушының өсу деңгейін бақылауға, баланың өз жетістігін немесе кемшілігін анықтайды, қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді. Балалардың жұмыс дәптерлерін тексерген кезде ең алдымен, жасыл сиямен дұрыс орындаған тапсырмаларын белгілеймен, қара сиямен әлі де өңдеуді қажет ететін жұмыстарын белгілеймен. Мұндай жұмыс түрі балалардың өз қатесін түзетіп, өткен тақырыпқа оралуды және өз білімдерін жетілдіру үшін мұқият оқуды талап етеді.
Сабақ-мұғалімнің шығармашылығы. Оқыту процесінде барлық оқушыларды белсенді қатысуы мен өзара қарым-қатынасқа түсуі бізге байланысты. «Пассивті» оқушыны «активті» оқушы етіп шығару үшін интерактивті оқыту технологиясын қолданамын.
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формасын ойлап таба алады. Сабақ бойы оқушылардың өздері әрекет ететіндей етіп, бір-бірімен ақылдаса отырып бір шешім қабылдауына ықпал болатын әдістерді қолданған абзал. Оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім бір-бірімен диалогқа түсу барысында өзара түсіністікке, бірлескен әрекетке, қажет шешім алып келетін үдеріске айналуына ықтимал.
Мысалы, менің оқушыларыма
«Аквариум» әдісі ұнайды. Оның мәні: бірнеше оқушы шеңбер ішінде бір
жағдаятты жасырады, ал қалғаны олардың қимылын бақылап, талдау
жасайды. Мұндай оқытудың белсенді түрлері балалардың шығармашылық
ойлау қабілеттерін дамытып, зерттеу жүргізу барысында өз шешімін
қабылдауына баулиды. Бүгінгі таңда бірінші орынға баланың білімін,
білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуына
көп көңіл қою керек. Қазіргі кезде Қазақстанның білім берудің
ұлттық үлгісі қалыптасуда. Ол балаға өзін-өзі тануға және өзін-өзі
жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған.
Сондықтан оқушының дамуына жағымды жағдай тудырып, оқу процесіне
қатыспай қалуы мүмкін болмайтындай етіп сабақты құрастыратын біз-
мұғалімдер.
Ал бүгінгі мұғалім қандай болу керек? Менің ойымша, өз-өзін реттей
білетін, жаңалыққа құштар ұстаз заман ағымына қарай өзгере алатын
болу керек. Мұғалім тағдыры- өмір бойы іздену, оқу-тоқу.Үнемі
ізденіс үстінде жүретін мұғалім жаңа мектеп моделін шығаруына өз
үлесін қосады. Себебі білікті ұстаз өз сабағына оқушыларды тегіс
қатыстыра алады. Егер сабағын балалардың қызығушылығы арттыратындай
етіп құрастырса,оқушының оқуға деген ынтасы пайда болады, әр
сабаққа бала өз қалауымен барады. Бұның бәрі тек біздің өзіміздің
қолымызда және балаларды қолдап, мадақтап отыру қажет. Иә, мадақтау
керек, себебі көмек көрсетпей мадақтаса-оқушының табысты оқуына
ынтасы артады. Егер мадақтамай көмек етсе-ынтасы төмендейді. Егер
мұғалім ұрысып отырып бірақ көмек көрсетсе-оқуға деген қызығушылығы
бәсеңдейді, ал ұрысып отырып көмек етсе—ынтасы мүлдем жоғалады.
«Оқушы-толтыратын құмыра емес, тұтататын алау», — деп Д.Ховард
айтқандай, шәкірттерімізге сапалы білім беру-біздің
міндетіміз.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін,шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Қазақстан Республикасы” Білім туралы ” Заңында”Білім беру жүйесінің басты міндеті- жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту”деп атап көрсетеді.Осы мақсатта мұғалім «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған оқыту мен оқу жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдіріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен,сын тұрғысынан қарай отырып ,сол арқылы әлем,тіршілік,жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп,кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады.
1.Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту;
2.Алған білімдерін сыныптан тыс жерлерге, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету;
3.Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім берудегі идеясы мен білім біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру.
- Оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы;
- Өзінің оқуы үшін жауапты болуы;
- Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздеу;
Оқушылар ортақ істің ұйымдастырушысы,белсенді оқушысы болуға мүмкіндік алады.Бұл үдіріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен ,сыни тұрғыдан қарай отырып,сол арқылы әлем,тіршілік,жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады.
Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті модульдердің бірі «Cыни тұрғыдан ойлауға үйрету» басқа модульдермен де тығыз байланысты деп есептеймін. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді, ал бұрынғы дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер – оқушы болды. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ – жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әр сабағым диалогтан құрылады, себебі бастауыш сынып болғандықтан көбінесе оқушылардың ауызекі сөйлеуіне,тілдік қорларын дамытуға мән беремін. Топтық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы» арасында, «оқушы мен мұғалім» арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар да сөйлеп кетті, олай дейтін себебім, мотивациясы төмен оқушылардың өзі тым болмағанда постермен жұмыс жасау барысында сөйлемесе де, сызбамен көмектескеніне көзім жетті.Сабақтарды ерекше, жаңа әдіс бағдарламасымен сабақ өтуім оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқараспен ойлауға мүмкіншілік туғызғандай. Бұл әрине қазіргі қоғам мен мектептің басты талабы. Оқушылар күнделікті сабақтан, бүгінгі сабақтардың айырмашылығы; топтық, жұптық және жеке жұмыстардың нәтижесінде өздігінен бағалау, өз ізденістерінің арқасында бұрын мұғалімнің түсіндіргенінен өз бетінше ізденуінің нәтижесінде көптеген өз білімдерінде өзгеріс болғандығын байқады. Оқушылар топта тапсырманы орындау кезінде бірінің сұрақтарына бірі жауап беріп, бірін-бірі оқытып жатқанын көрдім. Сонда байқағаным оқушылардың менің түсіндіргеннен гөрі өздерінің бірін-бірі оқытқан кезде ақпаратты тез қабылдайтыны. Бірте-бірте оқушылар арасындағы сенімсіздік, үрей сейіліп, сабаққа деген ынта-жігері ояна бастады. Әрине топтық жұмыс болған кезде оқушылардың барлығы қамтылып, біреуі сурет салса, біреуі тақырыпқа қатысты сөздерді тізбектесе, енді біреуі қорғауға дайындалып жатады. Бұл жерде бір-бірінің арасында ынтымақтастық орнап, лидерлер қасындағыларды да сөйлеуге тартып, бір-біріне жанашырлық пен көмектесе бастады. Мен мұндай нәтиже күтпеген едім, осыдан кейін мен оқушыларға көп еркіндік беріп оларға тек бақылаушы ретінде қарауым керек екеніне ой түйдім. Осыдан шығатын қорытынды сабақта нәтижеге жету үшін оқушыларға жетелеу сұрақтын қоя отырып, жауап алып, балалардың бір-біріне сұрақ қоя білуін және оған ұтымды жауап беруін қалыптастыру керек екендігіне көз жеткіздім.
Қазіргі заман талабы тиімді әдіс- тәсілдер- сапалы сабақ кепілі.
Қазақстан Республикасының
білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – жастарға
терең білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің
оқыту үрдісін жақсартуға білім саласына жаңа технологияларды енгізу
болып табылады.
Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу
оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз
бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Пәндерді
оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты
қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты
екені мәлім.
Ол бүгінгі білім беру
кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да
әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке,
ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын
жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс
жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу
үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді
міндеттейді.
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат
қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана
тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны
дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыруда білім беру саласына – баса назар аударарлық мәселе.
Баланың қызығушылық қабілеттерін дамыту «қабілет» ұғымының мәнін
терең түсініп алуды талап етеді. Қазіргі кезде бұрын тәжірибеде
болмаған жаңаша оқытудың тиімді тәсілдерін қолданып, жетістікке қол
жеткізіп,оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, келе жатқанына
көз жеткіздім.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды одан әрі дамыту бағытында «100 нақты қадамды» белгілеп бергені мәлім. Соның ішінде елдегі білім беру саласына да ерекше көңіл бөлінген.
«Планшет» әдісін көбінде
«Блиц-турнир» өткізгенде қолданамын. «Блиц-турнирді» сабақтың
қорытынды бөлімінде жиі өткіземін. Сұрақтар қою арқылы оқушының
тақырыпты қалайша меңгергендігін анықтаймын.
Әрине, тәжірибе барысында осы аталған әдіс-тәсілдермен шектеліп
қалмаймын. Семинарларда, коучинг сабақтарда алған тиімді
әдіс-тәсілдерді тәжірибемде қолданамын.
Сондай –ақ іс- тәжірибемде
сабақ барысында кеңінен қолданатын тиімді әдіс- тәсілдердің бірі,
ол «Сыртқы және ішкі шеңбер әдісі» уақыт үнемдеуге өте тиімді. Үй
тапсырмасын тексеруде 4-5 минут уақыт жұмсауға болады.
«Ысқыру диктанты» тәсілін өз тәжірибиемде көп қолданамын.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін
артырады.
«Құрылысшы ойыны» өте тиімді
тәсіл . Мәтін бөліктерін тез жинау.
Оқу шапшандығын , және өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамытудағы
үлесі зор екендігіне көз жеткіздім.
«SVOT» әдісі оқушының өзін
және өзге топты бағалауына өте тиімді.
Геометрия пәнінде фигураларға анықтама беру,олардың элементтерін
ажырата білу дағдыларын арттырады.
«Көршіңмен сырлас».
Бұл әдіс оқушылардың өз ойын
ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беру
арқылы өз ойын көршісімен бөлісіп, ақылдасуын сұраймын. «
Температура өлшеу әдісі ». Бұл әдіс топтық жұмыс барысында мұғалім
топ жұмысын бақылау үшін «біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қою
арқылы оқушылардың жұмысы нәтижелі болу үшін бағыт беремін.
«Сұраққа жылдам жауап». Тақырыпты терең түсіну және оқушылардың
назарын сабаққа аударып,ой-өрісін дамыту мақсатында төмен дәрежелі
сұрақтарға толық жауап қайтару тапсырыңыз.
Менің пікірімше сабақтың
тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, өз
іс-әрекеті арқылы жетті. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да
осында. Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға
алып келеді. Біз сабақтың басында мақсат қойғанда да осындай нәтиже
күткен едік. Дәстүрлі өткізіп жүрген сабақтарды салыстыра отырып,
жаңаша тәсілде өткен сабақтан мынадай айырмашылықтарды таптым.
Дәстүрлі сабақ үрдісінде — өзімнің әдістерім, яғни, мұғалім
әрекеті.
1.Тақырыпты түсіндіремін.
2. Кейіпкерлер туралы мінездеме бере отырып меңгертемін.
3. Шығарманың идеясын анықтап беремін, талдаймын.
4. Шығарма жазуды тапсырамын
Оқушының әрекеті :
1.Мазмұнын айтып береді.
2. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
3.Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып
айтады.
4. Тақырып бойынша шығарма жазады.
Жаңа оқыту технологиясы
негізінде өткізілген сабақ үрдісінде өзімнің іс-әрекетім.
1.Топқа бөліп, ой қозғадым.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттадым.
3.Шығармаға қатысты мақал-мәтелдер жинақтауды ұсындым.
4.Шығарманы талдауға пікірталас ұйымдастырдым.
5.Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтадым.
6.Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттадым.
Оқушы белсенділігі:
1.Топтарда жұмыс жасады.
2. Тақырыппен өздері танысты.
3. Әр түрлі әдістер арқылы есептерді саралады.
4. Теоремаларды талдады, олардың дәлелдеуін зерттеді.
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне
түсірді.
Мен осы бағытта жұмыс жасап келемін. Сол жұмыстарымның бірі мектепшілік ашық сабақтар. Осындай жаңа әдіс-тәсілдерді жаңа форматта жоспарлап, жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, сабақ беріп, жас маман ұстаздан, болашақ жаңашылға бет бұрған ұстаздардың бірі боламын ойлаймын.
Күні:14.02.2018 |
Мұғалімнің аты-жөні: Билалова Ақерке |
||||||||||||
Сынып: 7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу тәсілдері |
||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.1.14 алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктей алады 7.2.1.15 топтау тәсілімен көпмүшелерді көбейткiштерге жiктей алады; 7.2.1.16 қысқаша көбейту формулалары көмегімен көпмүшелерді көбейткіштерге жіктей алады; |
||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Көпмүшелерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару, топтау, қысқаша көбейту формулаларын қолдану арқылы көбейткіштерге жіктеу дағдыларын жетілдіреді. |
||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Бөлім алгебраны әрі қарай зерттеуге және математика формулаларын геометрияда пайдалануға көмектеседі. |
||||||||||||
Бастапқы білім |
алгебралық өрнектерді; айнымалының мүмкін мәндерін; қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және үлестірімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдауды; ұқсас қосылғыштарды біріктіруді, егер олардың алдында минус (плюс) белгісі тұрса жақшаларды ашуды біледі. |
||||||||||||
|
|
Сабақ барысы |
|||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
||||||||||
Сабақтың басы 3 мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Топқа бөлу. Сын тұрғысынан ойлау арқылы топқа бөлу. - Сіздер топқа ортақ көбейткішті шығару, топтау әдісі, қысқаша көбейту формулалары және бүтін өрнек деген ұғымдармен бөліндіңіздер. Осы ұғымдарды біз қайда қолданамыз? - Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап көріңіздер? б) Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. |
Оқушылар түстер бойынша емес сөздер бойынша топтасу керек екендігін тауып, өздері топтасады. Өздерінің пікірлерін айтады. |
Карточкалар Презентация 1-4 слайдтар |
||||||||||
Сабақ ортасы 7 мин 5 мин 3 мин 2 мин 18 мин |
ІІ. Өткенді қайталау. а) Теорияға шолу. «Сұрақты ұстап ал әдісі» арқылы «Қысқаша көбейту формулаларын еске түсіру». б) Ауызша есеп. Көбейткіштерге жікте: ІІІ. Математикалық диктант 1) а және 7 санының қосындысының квадраты; 2) 4 және 7 санының айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі; 3)в және 5а өрнектерінің айырмасының квадраты; 4) 2х және 1 өрнектерінің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі. «Сен мұғалімсің. Қатені түзеу керек» 16-4х2=(16+4x)(16-4x) 9a2-25b2=(3a+25b)(3a-25b) (2a-3b)(2a+3b)=2a2-3b2 (1-a)2=(1-a)(1+b) (6a+4c)2=36a2+24ab+16b Сергіту сәті: Әріптерді тап: Қалып қойған әріптерді тапқанда адамның есімі шығады. Ендеше Паскаль туралы және қысқаша көбейту формуласының шығу тарихы туралы қысқаша мәлімет.
Паскал үшбұрышы Коэффициентердің құрылу заңдылығы: 1 - 20 1 1 - 21 1 2 1 - 22 1 3 3 1 – 23 - 24 Жаңа тақырып бойынша Bilimland.kz паракшасынан алынған видеоролик «Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің топтау тәсілі» Практикалық жұмыс. Оқулықпен жұмыс А тобы 32.14 Үшмүшені көбейткіштерге жіктеңдер. 1) a3+2a2+a=a(a2+2a+1)=a(a+1)( a+1) 2) x2y-6xy+9y B тобы 33.12 Көпмүшені екімүшенің кубы түрінде жазыңдар. 1) 8x3-60x2y+150xy2-125y3 C тобы 33.19 Тепе – теңдікті дәлелдеңдер 1) (b+5)3-b(b-5)2-25(1+b)2=100 V. Үй тапсырмасы. №34.12. Көбейткіштерге жікте: а) б) №34.13. Өрнекті ықшамдаңдар VІ. Қосымша есеп. (Артық уақыт қалған жағдайда). Мына өрнектерді өз бағандарына жаз.
|
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Есептерді ауызша орындайды.
Әр топ берілген тапсырманы бірігіп орындап, бір оқушы есепті айтып қорғайды.
Әр топтан бір – бір оқушыдан қатені түзейді.
Жауабы: PASKAL
|
5-6 слайдтар
7-слайд
8 слайд 9-слайд (жауабы)
13-слайд
14-слайд 15-слайд |
||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин |
Сабақ қорытындыланып, соңында оқушылар рефлексия жүргізеді. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын қортындылайды. |
Сабақ бойынша өз ойларымен бөліседі.
|
16-слайд Рефлексия |
Күні:16.04.2018 |
Мұғалімнің аты-жөні: Билалова Ақерке |
|
|||||||||||||
Сынып: 7 «Б» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Бөлімдері бірдей алгебралық бөлшектерді қосу |
||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.1.19 алгебралық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау; 7.2.1.20 алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлуді, дәрежеге шығаруды орындау; |
||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
|
||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты лексика мен терминологиялар: бірмүше, көпмүше, дәреже көрсеткіші, теңдік, коэффициент, алгебралық рационал бөлшек, алгебралық рационал бөлшектерді қосу. |
||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Бөлім алгебраны әрі қарай зерттеуге және математика формулаларын геометрияда пайдалануға көмектеседі. |
||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Өз жұмысының сапасына жауап беру үшін өз жұмысын өзі тексеруде АКТ мүмкіншілігін қолдану. |
||||||||||||||
Бастапқы білім |
алгебралық рационал өрнектерді қысқарта алады; айнымалының мүмкін мәндерін; тепе – тең түрлендіруді және қысқаша көбейту формулаларын қолданады. |
||||||||||||||
|
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||
Сабақтың басы 3 мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі. (сәлемдесу, түгелдеу) а) Топқа бөліну. - Қысқаша көбейту формуласы - Алгебралық – рационал бөлшек - Көпмүше Үй тапсырмасы №38,7 жұптасып тақтадағы жауаппен сәйкестендіріп тексеру, бағалау |
Топқа бөліну топ басшыларын сайлап алу Жұптасып жұмыс жасайды. |
Жақсы! Мұғалім бағалау парағына әр оқушыны бағалап отырады. |
Карточкалар Презентация 1-4 слайдтар |
|||||||||||
Сабақ ортасы 12 мин 20 мин 2 мин 1 мин |
Сабақ жоспары «Блум түймедағы» Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. ІІ. Өткенді қайталау. Қайталау білім анасы а) Теорияға шолу. 1. Алгебралық рационал бөлшек дегеніміз не? 2. Айнымалының мүмкін мәні дегеніміз не? 3. Тепе – тең түрлендіру дегеніміз не? «Блум таксономиясы» Мақсаты: үшбұрыштарды құрастыру арқылы пирамида құрау және көпмүше, қысқаша көбейту формулалары мен алгебралық рационал бөлшектерді қайталау.
б) Ауызша есеп. Айнымалының мүмкін мәндері.
ІІІ. Жаңа сабақ Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу ережесі: бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу үшін олардың алымдарын қосып алымына жазып, бқлімдерін өзгеріссіз қалдыру керек. Cабақты қаншалықты түсінгенімізді «Ақпаратты әткеншек» (адасқан әріптер) арқылы тексерейік
...... құлпын кілтпен аш.
Талдау дос деген ұғымды кім қалай бағалайды? Оқулықпен жұмыс №39.1
ІV. Кері байланыс: Синквейн 1 жол – зат есім 2 жол – екі сөз сын есім 3 жол – үш етістік 4 жол – төрт жолды өлең. V. Үй тапсырмасы. №39.3 VІ. Қосымша есеп. (Артық уақыт қалған жағдайда). «Егер 5 минутым болса .... » балалрдан қосымша 5 минут берлсе, жұмысты қалай жақсартатындарын сұраймы. |
Оқушылар өз ойларын айтады, слайдта сәйкестікті анықтайды.
Фомулаларды құрастырады. Топпен жұмыс жасау
Есептерді ауызша орындайды.
Сабақты мұқият тыңдайды
Адасқан әріптерді тауып, мақалды толықтайды
Достық ұғымын талдайды, өз пікірлерін айтады.
Әр топ топтаса берілген есептерді шығарады.
Үй жұмысына қысқаша талдау жасайды
|
Жақсы, өте жақсы!
Бірінші біткен топты шапалақ арқылы мадақтау.
Мұғалім бағалау парағына әр оқушыны бағалап отырады.
Мұғалім бағалау парағына әр оқушыны бағалап отырады.
|
5 слайд
6-слайд
7-9 слайдтар
10-11 слайдтар
12-слайд 13-слайд 14-слайд 15-слайд |
|||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин |
Сабақ қорытындыланып, оқушылар үздік топ ты анықтап бағалаймын. «ҚҚҚ» әдісі қолданылады. Оқушылар таңдаған сөзге байланысты өз пікірлерін ортаға салады. « ҚҚҚ» (қызық, қиын, құнды) Қызық – сабақтан алған әсері Қиын – түсініксіз болған есеп Құнды – сабақтан алған ерекше
|
Сабақ бойынша өз ойларымен бөліседі.
|
|
16-слайд Рефлексия |
Сабақтың жоспары |
Алгебра |
9-сынып |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: |
Тригонометриялық тепе-теңдіктер |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты: |
1.Білімділік:Оқушылардың бойында тригонометриялық тепе-теңдіктер мен олардан шығатын қосымша тепе-теңдіктер туралы білім, білік дағдыны қалыптастыру. 2.Дамытушылық: Оқушыларға бір тригонометриялық функцияның берілген мәні арқылы қалған тригонометриялық функциялардың мәнін табу дағдысын дамыту. 3.Тәрбиелілік: Топпен жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, іздемпаздылыққа тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі |
Аралас сабақ |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың әдісі |
СТО |
1.топтық жұмыс 2.жеке жұмыс |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың көрнекілігі |
Үлестірмелілер, слайдтар, тестік тапсырмалар,кестелер, интерактивті тақта, тірек сызбалар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы: |
І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Психологиялық сәт ІІІ. Топқа бөлу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасын тексеру |
№290 а) Sin300 ; Sin300>0 ә) Cos(-300) =Cos300= ; Cos(-300)>0 б) tg(-450)=-tg450=-1; tg(-450)=-1; tg(-450) < 0 b) Ctg600 = ; Ctg600 > 0 |
Оқушылар үй тапсырмаларын тексереді |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Ой қозғау (миға шабуыл стратегиясы) (білім, еске түсіру) |
«Сиқырлы қалпақ» әдісі. (сұрақ- жауап) І топ. Минус 1.Барлық тригонометриялық функциялардың таңбалары теріс болатын координаталық ширекті көрсетуге бола ма? (жоқ) 2.Градустық өлшемде берілген бұрышты радиандық өлшемге айналдыру формуласын ата ( ) 3. бұрышының синусы (В нүктесінің ординатасының радиусқа қатынасын айтады) 4. бұрышының косинусы (В нүктесінің абсциссаның радиусқа қатынасын айтады) 5. Сағат тілінің бағытына қарсы бұрғанда пайда болған бұрыш (оң бұрыш) ІІ топ Плюс 1.Барлық тригонометриялық функциялардың таңбалары оң болатын координаталық ширекті көрсетуге бола ма? (ия) 2.Радиандық өлшемде берілген бұрышты градустық өлшемге айналдыру формуласын ата ( ) 3. бұрышының котангенсі (В нүктесінің абсциссасының ординатасына қатынасын айтады) 4. бұрышының тангенсі (В нүктесінің ординатасының абсциссаға қатынасын айтады) 5. Сағат тілінің бағытымен бұрғанда пайда болған бұрыш (теріс бұрыш) |
Оқушылар еске түсіреді, жауап береді |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Мағынаны ажырату кезеңі (есте сақтау, түсіну) Жаңа материалды игеру |
Қандай тригонометриялық тепе-теңдіктерді білесіңдер? , Sin2A+Cos2A=1, . tgA∙CtgA=1 1+tg2 = ; 1-Сtg2 = І топ . ; т/к. Sin , tg , Ctg ІІ топ. , т/к. Cos tg , Ctg |
Оқушылар өз бетімен дәптерге орындайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Бекіту Есептер шығару |
І топ. № 297 (а) Cos , т/к. Sin ІІ топ. №297 (ә) Sin ,Cos І топ. № 298 (а) ІІ топ. №298(ә) І топ. № 304 (а) ІІ топ. №304 (ә) |
Тақтада, дәптерлеріне жазады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
(талдау) |
1. «Сыңарын тап» ойыны арқылы формуланы толтыру
tg450=Ctg450=1 2.Тригонометриялық тренажер
|
Топпен жұмыс жасайды |
||||||||||||||||||||||||||||||||
(жинақтау) Тест Жауап
|
Тест тапсырмалары:
|
Оқушылар дәптерге орындайды. Үлгі бойынша өзін-өзі тексереді |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы |
№299, №305 |
Жазып алады |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды. Бағалау |
Бүгінгі сабақтан не білдік?, не үйренгенімізді білу үшін «Менің сөзім» әдісін қолданып, өз ойларыңды айтыңдар. |
Оқушылардың ой-түйіні |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|