такырыбы «Туған жерге туыңды тік!» -ашық сабак

Тақырып бойынша 11 материал табылды

такырыбы «Туған жерге туыңды тік!» -ашық сабак

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Туған өлкем 5 сынып Туған жерге құрметықлас отанды сүю «Туған жерге туыңды тік!» - деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне ерекше сүйіспеншілікті білдіреді. Туған жері мен Отаны бар азамат өз ұлтының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне арқа сүйеп қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын күз» атты ертеңгілік.

Музыка залы мерекеге сай безендірілген.Жүргізуші кіреді.

Қатысатындар: Күз ханшайымы,Қоян.

Құралдар:жапырақтар ,жеміс-жидектер,көкөністер муляжы.

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші:

Қуандырып біздерді

Мерекелді күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін ел енді.

Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Балалар музыкалық вальс әуенімен жұппен залға кіреді.

Би: «Күзгі вальс»

Балалар тақпақтары 5 бала:

Бала: Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойда жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық.

Бала: Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Бала: Ән салайық күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық.

Бала: Алтын, сары, қызыл көк,

Алуна, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп ,

Көз тартады атырап.

Бала: Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Хор : «Күз тамаша»

(балалар өз орындарына отырады)

Жүргізуші Балалар бізге сонау алыстан «Күз ханшайымы»келіпті

(осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп кіреді.)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме балалар!Сәлеметсіздерме қонақтар

Балалар:Салеметсізбе!

Күз ханшайымы: Уа халайық, дархан далам армысың!

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен күзгі ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сендерге сонау алыстан «Балдаурен» тобына арнайы келдім.Маған өнерлеріңді көрсетесіңдерма?

Балалар:Ия

Жүргізуші: Хош келдің Күз ханшайымы! Төрлет.Біздің балалар әнде,тақпақта ,биде билей алады.Біздің балалардың барлығы ақылды.

Күз ханшайымы: Ондай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын

Ағайынды бәрі,

Шықса –жасыл

Түссе – сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз ханшайымы: Дұрыс

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би-билейік ойнайық.

Би: «Қол шатыр»

Жүргізуші: Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайқ.

Ойынның аты «Кім жылдам?».

Максаты: Жемістер мен көкөністерді ажырату.

Балалар тақпақтары:

Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар. Мен жалғыз келмедім өзіммен бірге досым қоянды ерте келдім.(Қоян кіріп келеді)

Қоян: Балалар күз ханшайымы менен бұрын кетіп калыпты мен артынан жүгіріп жүгіріп,секіріп секіріп әрең жеттім.Менің би тамашалағым келіп тұр.Балалар маған би билеп бересіңдерме?

Балалар Ия

Қоян: Ендеше ұлдардың биін тамашалайын.

Би: « Ұлдар биі »

Қоян:Балалардың биі ұнады.

Балалар : Ия

Қоян: Ал ендеше балалар мені қасқыр қуып жетіп алмай тұрғанда мен орманға кетейін.Сау болыңдар балалар.

Балалар : Сау бол қоян

Жүргізуші: Кане балалар шеңбер болып тұрып әнімізді орындап берейік

Ән: «Аспаптар»

Жүргізуші:

Қарсы алайық қол соға,

Өнерлі жас қаншама

Әуелетіп әндеткен

«Жау,жау,жаңбыр» әнімен ортада

Ән «Жау,жау,жаңбыр»

Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнадыма?

Күз ханшайымы: Ия өте өнерлі балалар екен.

Күз ханшайымы:

Берекелі бақ-дәулет

Арта түссін тойланып,

Сау болыңдар, балалар

Келгенше жыл айланып.

Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.

Балалар: Қош бол Күз ханшайымы!

Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2021
307
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі