Тақырыбы: «Талантты ұстаз,талантты
шәкірт»
Мұғалімдердің
аты-жөні: Уразова Х.Г.
Мақсаты: Ақылды қабырға арқылы
сабағымызда қолданып, оқушыларға шығармаларды
заманауи жаңашылдық үлгіде қолданыспен
таныстыру және ақылды
қабырға арқылы қолданысты жүзеге
асыру.
Абай өлеңдеріндегі тарихи шындықтықты ашып, ақындық жолға түсуіндегі оның шығарған өлең жолдарына, қара сөздеріне талдау жасау.
Көрнекілік:Абай
туралы
стенді ,
слайд
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
А)Псхологиялық
дайындық.
Ережені қалай сақтау
керек.
Тыныштық
сақтау,
Бір бірімізді
тыңдау.
Ойымызды толық
айту
Кіріспе
бөлімі:
Мұғалім сөзі
:«Дана -Абай», «Дана» дейтін
себебіміз, ол ел жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр
тұрмыстан,
азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Адамның сол кездегі жаман қасиеттерінің бәрін санап, атап
көрсеткетіп, содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға, яғни тәрбиеге көп көңіл
бөлген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншектік, бекер мал
шашу сияқты, рулық тартыс,
бітпейтін дау-жанжал елдің сиқын бұзатынын, еш мақсатсыз
бос жүрген халықты көріп, қатты қынжылған. Ел ішіне іріткі салатын, өтірікпен мал жиып, байыған молдасымақтарды, би-болыстарды өлеңімен қатты шенеген.
Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың болуы.
Сондықтан ол кітапты теріс оқыған молдаларды сынаған. Білімі таяз қажы-молдалар Абаймен кездесуге де қаймыққан, қорыққан. Ақылды Абай жастарды оқу-білімге,
өнерге шақырған. Енді ақынның өмірі туралы хабарламаны даярлаған оқушыларға сөз кезегін берейік.
Оқушылар Абай
стендінімен таныстырлып,әр оқушы QR код арқылы тапсырмаларды жүктеп
танысады,оқиды,талқылайды.
1-ші
жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті
келген қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі біздің
««Талантты ұстаз,талантты
шәкірт»
атты сыныптан тыс
ашық сабағымызға қош
келдіңіздер!
Келесі Абай
Құнанбаевтың өміріне назар аударыңыздар.
Абай Құнанбаевтың
өмірбаянынан үзінді
1-ші
оқушы: Абай – ұлы ақын ,Абай – дана
,ойшыл,заман суреткері.
Абай- аудармашы.
Абай- сазгер, композитор.Абайдың шын
аты-Ибраһим.
2- ші
оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай
Құнанбаев атамыз 1845 жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Семей
облысы,Абай ауданы ,Шыңғыс тауының бауырында,Қасқабұлақ деген жерде
дүниеге келген.
3-ші
оқушы: Абайдың әкесі Құнанбай аға
сұлтан болып сайланған.Атасы Өскенбай дала халқының әділ биі
болған.Арғы атасы- Ырғызбай билеуші сұлтаны
болған.
4-ші оқушы
: Абайдың әжесі- Зере .Абайды
осы Зере деген әжесі тәрбиелеген. Әжесі Ибрагимді еркелетіп «Абай»
деп атап кеткен.
5-ші
оқушы: Абайдың анасы Ұлжан –ақылды ,
мейірімді кісі болған.
6-ші
оқушы: Абай 10-12 жасында мұсылманша
оқып,хат таныған.12жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуға
түседі.Ол үздік оқушы
атанады.
7-ші
оқушы: Абай 14 жасында сықақ өлеңдер
шығарған.
8-ші
оқушы: 15 жасынана бастап, әкесіне
көп көмегін тигізген.Елжұрт Абайды би етіп сайлады.20 жасында Абай
от тілді шешен болған.
9-ші
оқушы: Абай – сазгер. «Айттым сәлем,
Қаламқас», «Көзімнің қарасы», әндері бар.Домбыра тартқан,3-4 күйі
бар. «Май түні», «Абай
желдірмесі»
10-ші
оқушы:4жылдық медреседе және 3
айлық орыс мектебінде оқиды.15жасында би етіп
сайлайды.
1-ші
жүргізуші:
6- сынып
оқушыларының орындауында Абайдың әндері (Көзімнің қарасы,Желсіз
түнде жарық ай)
«Абай –ұлы
ақын»Ақындардың ұстазы .Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегінен
тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды
жырларының бетіне маржандай
төгілдірді
Абай өз өлеңдерінде
жастарды өнер, білім алуға шақырды.Адал еңбек етуге, халықына пайда
келтіруге үндеді.
2- ші
Жүргізуші:
Оның әрбір жолынан,
әрбір сөзінен бізге сонша ыстық,соншама жақын леп еседі.
Жүрегімізге қонымды Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы- заман
тынысы,халық үні.
Өлең сөздің патшасы
сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер
данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке
жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр
келсін айналасы.
1-ші
жүргізуші:
Ақырын жүріп анық
бас,
Еңбегің кеткес
далаға.
2- ші
жүргізуші:
Ұстаздық қылған
жалықпас,
Үйретуге
балаға.
1-ші
жүргізуші:
Әсемпаз болма
әренге,
Өнерпаз болсаң
,арқалан.
2- ші
жүргізуші:
Сен де бір кірпіш
дүниеге
Кетігін тап та бар
қалан.
1-оқушы : «Қыс
»өлеңін жаттқа
айту
2- оқушы :
«Күз» өлеңін жаттқа
айту
2- ші
жүргізуші:Достар,Абай атамыз туралы не
білеміз?
Оқушылар
жауабы:Біз Абай атамыздың
өмірбаянымен туған жерімен
таныстық.
1-ші
жүргізуші:
Келесі
тамашалайтындарыңыз
Көрініс. «Абай
пен Әбіш»
Автор.Абайдың Әбдірахман деген
баласы Петербургте оқып, жазғы демалыста үйіне келеді.Абай
баласының алғырлығын сыныап білейін деп былай
дейді.
Абай. Қалқам,Әбіш ,осы әлемдегі ақ
зат асыл ма,қара зат асыл
ма?
Әбіш.Ақ зат асыл
ғой.
Абай.Неге,қаразат асыл емес
пе?
Әбіш.(күліп).Әке,қараны қалай асыл
дейсіз?
Абай.Балам,біріншіден ,адам баласы
барлық нәрсені көзбен көреді емес
пе.
Көздің ағы
көрмейді,ортасындағы қарашығы көреді. Қараның асылына осы
дәлел.
Екіншіден балам
,қағаз ақ ,одан адам оқып білім ала алмайды,үстіне қара сиядан
өнер-білім алады.
Үшіншіден. Жас кезде
адамның сақалы,шашы қара болады. Қартайғанда шаш,сақал ағарады.
Қайрат та азаяды.Балам,сондықтан мен қараны асыл ма деп
ойлаймын.
Әбіш. Әке, оның бәрін қалай
білдіңіз?
Абай.Ақылмен
білдім,балам.
Әбіш. Олай болса ,ақыл мида болмай
ма,ал ми ақ зат емес пе!
Екіншіден, ақыл-
нұр,жарық зат.
Ол да аққа ұқсамай
ма.
Абай
.Бәрекелді,
балам.
Ақылыңнан
айналдым.
(Баласының
маңдайынан иіскеп,сүйеді. )
2- ші
жүргізуші:
Автор.Абай Әбіштің тауып айтқан
сөзіне риза болады.
6- сынып
оқушыларының орындауында би (Саржайлау)
Қазақ десе ,Абай түсер
есіңе.....
Сөздері шарлап қазақ
пен әлем арасын,
Абай деп таныр
қазақтың байтақ далсын.
Өлеңі бізге рухани
азық секілді,
Абайдан биік тұлғаны
қайдан табарсың?
Абай-жыршы,ұлы ақыны
елімнің,
Жырға қосқан
сұлулығын жерімнің.
Абай –
сыншы,жақсыменен жаманның,
Қайғы- зарын жырлай
білген даламның.
Абай – мұра,
ұрпақтан- ұрпақ жалғаған,
Ән мен жыры ел
назарсыз қалмаған.
Білім,еңбек
,еркіндікті арман ғып,
Жас қауымға сабақ
етіп жырлаған.
Абай –дана, Абай- дара
қазақта,
Оқымаған ұлы Абайды
қазақ па?
Қазақ даңқын
асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын
болмас қазақта.
Кеше өткен бұлдыр
заман желегі,
Болашаққа Абай үнін
тіледі.
Өлмейтұғын артына
сөз қалдырған,
Абай үні бізбен
бірге келеді!
Сабақты
қортындылау
Мынау тұрған Абайдың
суретіме?
Өлең сөздің ұқсаған
құдіретне.
Ақыл, қайрат,білімді
тең ұстаған,
Қарсы келер Абайдың
кім бетіне
Жамбыл
Жабаев