400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Талап Сұлтанбеков, Көшпелі алтын

Материал туралы қысқаша түсінік
Талап Сұлтанбеков, Көшпелі алтын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №36 мектеп гимназия

қысқa мерзімді (сабақ) жоспaры

Бөлім:

Парасат пайымы

Педагогтің аты-жөні


Күні:

05.02.2024 ж.

Қатысушылар саны:

Ерекше білімді қажет ететін оқушы саны:

Қатыспағандар саны:

Пәні:

қазақ әдебиеті

Сынып:

10 «В»

Сабақтың тақырыбы:

Т. Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми – фантастикалық әңгімесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну.

Сабақтың мақсаты:

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсінеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы


5 мин













8 мин


Ұйымдастыру кезеңі.

  • Мұғалім оқушылармен амандасады.

  • Сыныпты түгендейді.



Жаңа сабақты түсіндіру.

Талап Сұлтанбеков 1930 жылы 1 қыркүйекте Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Талап Сұлтанбеков – ақын Ілияс Жансүгіровтің немере інісі, яғни Ілиястің атасы Берсүгірдің екінші баласы – Сүлейменнің немересі. Анасы Дәмеш Берсүгірова – қазақтың белгілі ақындарының бірі. Дәмештің атасы Нияз – батыр, болыс болған кісі. Т. Сұлтанбеков Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданы Қайнар ауылындағы мектепке мұғалім болып орналасады. 1955–1959 жылдары облыстық «Жетісу» газетінде, 1962–1970 жылдары «Білім және еңбек» журналында жұмыс істеген. 1970–1985 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында еңбек жолын жалғастырған, 500-ден астам көркем фильмдердің қосалқы туындыгері болды. 1985–1991 жылдары Бүкілодақтық «Киноорталық» бірлестігінің қазақ бөлімінің директоры қызметін атқарады. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын насихаттаушы және республикалық дәрежедегі төреші, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы болады. Т. Сұлтанбеков – журналист-жазушы, Қазақстан Киноматографистер одағының мүшесі. Жазушының алғашқы шығармалары спорт тақырыбына арналды. Мысалы, «Дойбы деген не?», «Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ» атты аталмыш ойын түрлерін насихаттайтын кітаптарды жазады. Ол «Химия болашаққа шақырады» деген кітабымен химияның ғажайып сырына үңілткісі келеді. Талап Сұлтанбеков, сондай-ақ қазақ әдебиетінде фантастика жанрының негізін салушылардың бірі болды. Осы жанрдағы жазушының кітаптары: «Көшпелі алтын», «Жүрек тулайды», «Жұлдыз ат», «Лұқпан Хакім», «Тізгін», «Темір еліне саяхат» деп аталады.




Пән мұғалімімен амандасады;

Сынып белсендісі сынып туралы ақпарат береді.







Автор өмірбаянын оқиды, маңызды ақпараттарды естеріне сақтайды.


Ауызша кері байланыс беру.

Жақсы! Тамаша!

Жарайсың!

Керемет!

























Ресурс №1
















Ресурс №2











Сабақтың ортасы




5 мин











7 мин












5 мин











5 мин


















5 мин

Айтылым. «Пысықтау сұрақтарына» жауап беріңдер.

1.Т.Сұлтанбеков қай өңірде, қандай отбасында туып өсті?

2. Т.Сұлтанбеков қандай қызметтер атқарды?

3.Жазушы қазақ әдебиетінің қандай саласына үлес қосты?

4.Оның қандай шығармаларын білесің?


Дескриптор:

Сұрақтарға жауап бере алады – 1 балл;

Ақпаратпен жұмыс жасайды – 1 балл;

Автордың өмірбаянын оқиды – 1 балл.





Жазылым. Талап Сұлтанбеков өмірінің хронологиялық кестесін жасаңдар.


Жылдар

Маңызды оқиғалар

1930 жылы

Дүниеге келген.


Дескриптор:

Хронологиялық кесте жасай алады – 1 балл;

Негізгі ақпаратты дұрыс пайдалана алады – 1 балл;

Жылдар бойынша ақпаратты өңдейді – 1 балл.



«Қызығушылығын ояту» сұрақтары.

1. Сіздер фантастикалық кинолар көріп, әдеби шығармалар оқисыздар ма?

2. Қандай фантастикалық кітаптар оқыдыңыздар?

3. Фантастика деген не?

4. Фантастика тақырыбында жазатын адамдарды қалай айтамыз?


Түсініктеме: 1.Фантастика - әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсірлеп бейнелейтін жанры. Қазақ әдебиетінде фантастика халық қиялынан тұрған хайуанаттар жайлы

қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінен бастау алады.

2. Фантаст -шығармасын ой елестерінен қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсірелеп жазатын жазушы.


Дескриптор:

Түсініктеме бойынша жұмыс жасайды – 1 балл;
Сұрақтарға жауап береді – 1 балл;





Білгенге маржан.

Ғы­лы­ми ­фан­тас­ти­ка ­(ағылш. scіence­fіctіon – ғылыми туынды) – көркем әдебиетте, сондай-­ақ кино, кескіндеме т.б. өнер салаларын да қалыптасқан жанр. Ғылыми фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял­ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің аражігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты. Поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық­ әлеуметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арналы саласына айналды.


Айтылым.

Жазушының мына сөзін талдаңдар: «Менің фантаст жазушы болуыма Абыралының тауы мен тасы себепкер болды».


Дескриптор:

Жазушының сөзін талдап, өз ойын айта алады – 1 балл;

Қосымша ақпараттармен жұмыс жасайды – 1 балл.


Қысқаша мазмұндама.

«Көшпелі алтын» ғылыми - фантастикалық әңгіме

Қазақ әдебиеті тарихындағы ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан Талап Сұлтанбековтің "Көшпелі алтын" әңгімесі. Ол оқырмандарын қиялға, арманға жетелейді. Бұл әңгімеде автор өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуде кейіпкерлері Қажытай мен Сәмен арқылы береді. «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесі арқылы адам қиялын тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.

Бұл туынды үш бөлімнен тұрады - «Таудағы от», «Шайтантауға сапар», «Үңгірдегі сыр». Әр бөлім атауына сәйкес әңггіме сюжеті де бағытын өзгертіп отырады. Негізгі кейіпкер қарапайым мектеп оқушысы - Сәмен.


Оқылған ақпараттарға қарап, сұрақтарға жауап береді.















Жазушының өмірбаяны бойынша хронологиялық кесте жасайды.












Сұрақтарға жауап береді, анықтамалар бойынша өз түсінігін айтады.

















Маңызды ақпараттарды дәптеріне жазады.

















Жазушының сөзін талқылап, өз ойларын ортаға салады.


Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!
Бұл тапсырмадан нені білдіңдер?







Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!











Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
1522
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі