ТАЛАСБЕК ӘСЕМҚҰЛОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ МИФОЛОГИЯ
Сапарбаева Қ.Ж. ф.ғ.к., аға оқытушы. Курбанов А.С. 4 курс, 1701-59 оқу тобы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье рассказывается о жизни и творчестве Таласбека Асемкулова, а также о мифологических мотивах в его прозе
Summary
Тhe article tells about the life and work of Talasbek Asemkulov, as well as about mythological motifs in his prose
«Біздің
гуманизміміз – көргенінде қисап жоқ кәрі гуманизм. Осы
ұзаққа созылған
тарихи тағдыр барысында біздің бабаларымыз қашанда
адамшылық, мейірім, аяушылық жағында болыпты. Дүниені
әлденеше рет
алақанымызға сыйғызыппыз. Алайда
бойымызда, жүрегімізде
қаулаған
ар менен
ұяттың, ожданның өрті алақанымызға сыйып тұрған сол
әлсіз
тіршілікке,
сол әлсіз дүниеге қиянат жасауға
жібермепті»,- деп
Таласбек аға Әсемқұлов өзінің күнделігінде қалдырған
екен [1]. Қазақтың күй өнерінің толық жетіліп дамуына
тікелей ықпал еткен, жазушы, этнограф,күйші Таласбек Әсемқұловтың
жеке өмір жолы нағашы атасының тәрбиесінде басталды.
Таласбек 1955 жылы, тамыз айының
1-ші жұлдызында Семей облысына қарасты Таңсық
теміржол станциясында дүниеге келеді. Көп ұзамай Таласбекті нағашы
атасы өз ауылына алып кетіп, өзінің білімімен тәрбиелеп, оқытады.
Жас Таласбекті ауылдағы күй тартыстарға жиі алып барады. Осыдан
кейін болашақ жазушы,күйші Таласбекте ерекше дарын иесі болып
жетіле бастайды. Өз бетінше домбырада түрлі күй тартып, атасы
Жүнісбайдың көз қуанышына айналады. Уақыт өте келе Таласбек мықты
күйші, композитор болып елге танылады. Байжігіттің күйлерін
қайтадан жаңғыртады. Таласбек Әсемқұлов авторлығымен шыққан
бірнеше күйі бізге мәлім, олар: «Азапкер», «Аққозым»,
«Тәттімбет сері», «Жеңеше» т.б. Таласбек Әсемқұлов жоғары оқу
орынына түсуді көздейді. Оның арманын орындауға Мұхтар Мағауиннің
тікелей көмегі тиіп, Абай атындағы
ҚазҰПУ-ға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
оқуға түседі [2].
Болашақ жазушы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әскері борышын өтеуге кетеді.Әскери борышын өтеген соң Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлт аспаптар музейінде қызмет атқарады. Содан кейін Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы фольклор кабинетінің меңгерушісі, «Жазушы» журналында редактор қызметін атқарады. 1973 жылы "Байжігіттің күйлері" атты жеке шығармасын бүкілодақтық «Мелодия» фирмасының үлкен дискісі шықты. Сонымен қатар, «Мәңгілік сарын» антологиясы 14-ке жуық шығарманы, «Қазақ мың күйі» антологиясына 30-дан күйі қосылды. 2010 жылы Парижде «Тәттімбет мұрасы» компакт-дискісі, ал 2015 жылы 73 күйден тұратын «Талтус» CD - альбомы шығарылды. Таласбек Әсемқұлов 1982 жылы «Сазген» ансамблі құрамында Югославияға гастрольдік сапармен барды, 2004 жылы Францияға барып, дүниежүзілік музыкалық мәдениет фестиваліне қатысты.
Күйші, жазушы, зерттеуші, сыншы, киносыншы - Таласбек Әсемқұлов әдебиет, музыка, бейнелеу, кино, дәстүрлі өнер, тарих, этнография, мифология ол өз саласында ерекше терең және мазмұнды жұмыстар қалдырды. Жазушы оқыған Айғыз ауылындағы орта мектебінде жазушы үшін бұрыш ашылды. Ал 1980 жылы туған осы мектептің түлектері үздік оқушыларға Таласбек Әсемқұлов атындағы стипендия табысталды .
Жазушы ең алдымен өз халқының баласы.Сол үшін де ол алдымен өзі туып өскен халқының тағдырына көз жіберіп, сол туралы өзінің көркем туындыларын жаза бастайды. Жазушы хикаяттары мен прозасының басым көпшілігі қазақ халқының ерте дәуірде қалыптасқан «күй» өнері тұлғаларына арнағанын бірі білсе,бірі білмейтіні анық. Таласбек Әсемқұлов өзінің «Талтүс» деп аталатын романында, оның ішінде «Тәттімбет сері» шығармасында Байжігіт,Тәттімбет күйшілер туралы сөз етеді. Солардың кезінде дамыған күйлерді зерттеп,одан әрі жаңғыртуды көздейді.Қазақ халқына күй өнеріннің жаңашылдық дәстүрін алып кіреді.
Таласбектің қазақ тілінде жарық көрген көркем шығармалары «Болмашы әңгіме», «Кәрі күйші» әңгімесі, сонымен қатар үлкен көлемді «Талтүс» романы, мифологияға негізделіп жазылған «Бекторының қазынасы» хикаяттары оқырманның назарын елең еткізетіні анық. Осы мифологияға байланысты жазылған «Бекторының қазынасы» атты әңгімесі туралы қоғамда әр түрлі ойлар жүріп жатады. Шын мәнісінде Бекторы деген кім? Ол шын өмірде бар ма? Деген түрлі сұрақтар жасөспірім балалардың ойында болса керек. Өйткені бұрынна келе жатқан қазақтың мифологиясында Бекторыны жып пері деп көрсетсе, кейбір оқырмандар оны періштеге теңеп жатады. «Бекторының қазынасы» әңгімесіндегі басты кейіпкерлер перінің қызы Бекторы мен қарапайым даяшы жігіт Қайырболды. Әңгіменің басы әжесінің Қайырболдыға жастық шағында айтқан ертегісі «Ер Төстік» туралы айтылады. Қайырболды Бекторыны жын пері, жауыз, зұлым адам ретінде емес, керісінше періште секілді, шын мұқтажға көмектесетін жан ретінде елестетеді. Қайырболды да тұрмыстан қажыған, алайда жан дүниесіндегі дауыс бәрібір Бекторы перінің құлағына жеткен. Діни мифтерге сүйенсек, «Бізді іздеген, шақырған адамға біз бармыз», «біздің есікті тақылдатып сұрағанға біздің есік ашық» сияқты періштелер мен перілердің уәдесі еске түседі. Оқиғаныңың келесі сюжетіде Қайырболдының даяшы болып жұмыс істейтіндігі баяндалады. Күндердің бір күнінде ресторанды отырғанда қарама-қарсы орында отырған үш сұлу қызға көзі түседі. Соңында қыздардың ақшасы жетпей тұрғанын көріп, Қайырболды оларға ақша беріп тұрады.Содан кейін перінің қызы Бекторымен кездеседі. Бекторы оған қолындағы жүзігін сыйлап кетеді. Уақыт өте келе алған жүзігін сатпақ болады. Әлемдік каталогтан іздестіріп бағалайды. Қайырболды мен Бекторы тағы сол ресторанда жолығады, өткенгідей жағдай қайталанады. Бекторы Қайырболдыны өз үйіне баруға шақырады.Қайырболды зәулім сарайдың ішіне кіріп, жүздеген адамдардың жүректерін көреді.Бекторы өзінің пері екенін айтып, оған қалағанындаай байлық беремін деп айтады. Қайырболды ең бай адам болады, Меркурийге зәулім сарай салдырып, бар байлығын сонда апарады. Банк счеттарында миллиондаған ақшалар жатқан болады. Алайды мұның бәрінің есебі жоқтай көрінеді.Бұл жердегі Меркурийге үй салу деген таза аңыз, яғни миф.Біраз уақыттан соң Қайырболды бәрін түсініп жетеді,өзінің періге алданып жүрегін сатқанына өкініш білдіреді [3].
Міне, қазақтың танымындағы пері, жын деген ұғымдар ешқашан өшкен емес, ата-бабамыз күлді баспа, түнде суға бар ма, шашты тастама, үйге жүгіріп кірме, түнде терезеге қарама деген сияқты көптеген ырым-тыйымдарының астарында адамзат ғұмырымен қатар жүрген шайтан, періштелер мен пері әлемі барын айдан анық білген. Шығарма соңында суреткер өзінің көңілін паш етеді. Зұлымдықпен кешкен ғұмырына мадақ айтады. Жаратқан мен барша жаратылысқа мол ризашылығын білдіреді. Әзиз жүрек мәңгі сарқылмайтын саф ғұмырдың тосып тұрғанын, жұпарлы ғұмырдың мінсіз үйлесімдігіне көңілі жібіп – түстей ғапыл ғұмырға сансыз шүкірлік айтып, дұға оқиды. Осымен Қайырболды байлыққа ұшпай, ақшасыз таза жүрекпен өмір сүру керектігін түсініп аңғарады да,бірден оянып болған нәрселердің барлығы түсі екенін көреді.
Әдебиеттер
-
https://martebe.kz/talas-bek-sem-lov-ty-miri-turaly-m-limet/
-
Әсемқұлов Т. Шығармалары. Т. 1. Күйшілік туралы романдар. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2016
-
Әсемқұлов Т. Шығармалары. Т. 2. Проза. Киноромандар. – Алматы, 2016
-
Әсемқұлов Т. «Бекторының қазынасы» // http://www.otuken.kz/
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Таласбек Әсемқұлов прозасындағы мифология

шағым қалдыра аласыз