«Тән көмілер, көмілмес істеген іс»
Грим салынды, жарық сөнді... Бірақ мен айнадан өз бейнемді емес, тағдыры тауқыметке толы, жары Ахметтің соңынан Итжеккенге кетуге даяр Бадрисафаны көрдім. Сол сәтте мен рөл ойнаған жоқпын, мен сол дәуірдің мұңын арқаладым.
Сахнадағы шырылдаған үнім — тек актрисаның дауысы емес, бұл — ғасырлар бойы тарихтың шаңында көміліп, айтылмай келген Алаштың аманаты. Сол сәтте көзімнен аққан әр тамшы жас — өткен күннің өкінішіне бүгінгі ұрпақтың тағзымы еді. Алаштың «соңғы сөзі» неге үнсіз қалды?
Өйткені олардың үнін оқпен өшірмек болды. Бірақ рухты өлтіру мүмкін емес. Бүгін мен сол рухты сахна төріне шығару арқылы замандастарыма ой салғым келеді: біз сол үнсіздікті ести аламыз ба?
Бүгінгі оқырман, саған айтар ойым: Біз еркіндіктің ауасымен тыныстап жүріп, оның бағасын сезінеміз бе? Біз киген сахналық костюмдердің астында суық түрмелердің ызғары, Бадрисафаның таусылмас күтуі мен үміті жатыр. Менің көзімнен шыққан жас — өткенге деген аяныш емес, сол ұлы тұлғалардың алдындағы қарыздың өтелуі. Олар өлімге бас тігеп, бізге «сөйлеу» бақытын сыйлады. Ал біз сол «сөзді» қалай қолданып жүрміз?
Мен сахнада жай ғана Бадрисафаның киімін киген жоқпын, оның қансыраған жүрегін тірідей суырып алып, көрерменге ұсындым. Сол сәтте мен — екі оттың ортасында қанаты күйіп, шыр-пыр болған шарасыз құс едім. Көз алдымда екі бірдей құлынымды, қаршадай ұлдарымды арқанмен тартып өлтіріп жатқанда, аналық әлемім тас-талқан болды. Ол көрініс — жүрегіме ешқашан өшпейтін, ешқандай уақыт емдемейтін қара дақ болып басылды.
Өз перзентіңнің жансыз денесіне қарау — жарық дүниенің қасіретке айналуы. Менің сахнадағы шырылым — актрисаның дауысы емес, жарық сәулесінен айырылған соқыр жанның зары. Ал қасымда жайқалып өсіп келе жатқан жалғыз гүлім — қызымды жыртқыш итке талатып өлтіргенде, тамырыммен қоса жұлынғандай күй кештім. Ең қымбатыңды жыртқыш аңға олжа қылып берген сәттегі дәрменсіздік — адам баласы төзгісіз тозақ екен.
Барымнан да, нарымнан да айырылдым... Бірақ соңғы үмітім, соңғы демім — «Қазақ!» деп қабырғасы қайысып, ұлты үшін шырылдап жүрген Ахметімде еді. Тағдыр менің сол жалғыз сүйенішімді де аяған жоқ. Әділетсіз заман оны да өзімен бірге жұтып қойды. Мен сахнада тұрып, жалғыз қалған, жарынан да, баласынан да, бағынан да айырылған Бадрисафаның кейпінде бүкіл Алаш әйелдерінің тағдырын жоқтадым.
Заманауи ұрпаққа хат
Бүгінгі смартфон мен жылдам ақпарат дәуірінде біз еркіндіктің бағасын ұмытып бара жатқандаймыз.
Мен Бадрисафа болып еңірегенде, бүгінгінің қыздары мен жігіттеріне қарап: «Біздің бақытсыздығымыздың күлінен сендердің бақыттарың жаралды, сендер соған лайықтысыңдар ма?» — деп сұрағым келді.
Александра бола тұра, қазақтың рухын сақтау үшін тозаққа түскен Бадрисафаның адалдығы — бүгінгі сезімдерге үлкен сабақ. Алаш арыстары бізді жай ғана жыласын деп емес, «Оян, қазақ!» ұранын іспен дәлелдесін деп жанын берді.
P.S. Мақаланы оқып отырған бауырым, қарындасым! Театр пердесі жабылғанымен, Алаштың «үнсіз айқайы» тоқтаған жоқ. Ол сенің ана тіліңде, намысыңда, елге деген қызметіңде жаңғыруы тиіс. Егер менің сахнадағы көз жасым сенің жүрегіңдегі ұлттық намысты оятса, демек, Алаштың рухы өлмегені.
Алаштың аманаты — сенің қолыңда. Оны үнсіз қалдыруға хақың жоқ!
Айболқызы Карина,
Ақтөбе қаласы,
Дінмұхамед Қонаев атындағы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тән көмілер,көмілмес істеген іс»
«Тән көмілер,көмілмес істеген іс»
«Тән көмілер, көмілмес істеген іс»
Грим салынды, жарық сөнді... Бірақ мен айнадан өз бейнемді емес, тағдыры тауқыметке толы, жары Ахметтің соңынан Итжеккенге кетуге даяр Бадрисафаны көрдім. Сол сәтте мен рөл ойнаған жоқпын, мен сол дәуірдің мұңын арқаладым.
Сахнадағы шырылдаған үнім — тек актрисаның дауысы емес, бұл — ғасырлар бойы тарихтың шаңында көміліп, айтылмай келген Алаштың аманаты. Сол сәтте көзімнен аққан әр тамшы жас — өткен күннің өкінішіне бүгінгі ұрпақтың тағзымы еді. Алаштың «соңғы сөзі» неге үнсіз қалды?
Өйткені олардың үнін оқпен өшірмек болды. Бірақ рухты өлтіру мүмкін емес. Бүгін мен сол рухты сахна төріне шығару арқылы замандастарыма ой салғым келеді: біз сол үнсіздікті ести аламыз ба?
Бүгінгі оқырман, саған айтар ойым: Біз еркіндіктің ауасымен тыныстап жүріп, оның бағасын сезінеміз бе? Біз киген сахналық костюмдердің астында суық түрмелердің ызғары, Бадрисафаның таусылмас күтуі мен үміті жатыр. Менің көзімнен шыққан жас — өткенге деген аяныш емес, сол ұлы тұлғалардың алдындағы қарыздың өтелуі. Олар өлімге бас тігеп, бізге «сөйлеу» бақытын сыйлады. Ал біз сол «сөзді» қалай қолданып жүрміз?
Мен сахнада жай ғана Бадрисафаның киімін киген жоқпын, оның қансыраған жүрегін тірідей суырып алып, көрерменге ұсындым. Сол сәтте мен — екі оттың ортасында қанаты күйіп, шыр-пыр болған шарасыз құс едім. Көз алдымда екі бірдей құлынымды, қаршадай ұлдарымды арқанмен тартып өлтіріп жатқанда, аналық әлемім тас-талқан болды. Ол көрініс — жүрегіме ешқашан өшпейтін, ешқандай уақыт емдемейтін қара дақ болып басылды.
Өз перзентіңнің жансыз денесіне қарау — жарық дүниенің қасіретке айналуы. Менің сахнадағы шырылым — актрисаның дауысы емес, жарық сәулесінен айырылған соқыр жанның зары. Ал қасымда жайқалып өсіп келе жатқан жалғыз гүлім — қызымды жыртқыш итке талатып өлтіргенде, тамырыммен қоса жұлынғандай күй кештім. Ең қымбатыңды жыртқыш аңға олжа қылып берген сәттегі дәрменсіздік — адам баласы төзгісіз тозақ екен.
Барымнан да, нарымнан да айырылдым... Бірақ соңғы үмітім, соңғы демім — «Қазақ!» деп қабырғасы қайысып, ұлты үшін шырылдап жүрген Ахметімде еді. Тағдыр менің сол жалғыз сүйенішімді де аяған жоқ. Әділетсіз заман оны да өзімен бірге жұтып қойды. Мен сахнада тұрып, жалғыз қалған, жарынан да, баласынан да, бағынан да айырылған Бадрисафаның кейпінде бүкіл Алаш әйелдерінің тағдырын жоқтадым.
Заманауи ұрпаққа хат
Бүгінгі смартфон мен жылдам ақпарат дәуірінде біз еркіндіктің бағасын ұмытып бара жатқандаймыз.
Мен Бадрисафа болып еңірегенде, бүгінгінің қыздары мен жігіттеріне қарап: «Біздің бақытсыздығымыздың күлінен сендердің бақыттарың жаралды, сендер соған лайықтысыңдар ма?» — деп сұрағым келді.
Александра бола тұра, қазақтың рухын сақтау үшін тозаққа түскен Бадрисафаның адалдығы — бүгінгі сезімдерге үлкен сабақ. Алаш арыстары бізді жай ғана жыласын деп емес, «Оян, қазақ!» ұранын іспен дәлелдесін деп жанын берді.
P.S. Мақаланы оқып отырған бауырым, қарындасым! Театр пердесі жабылғанымен, Алаштың «үнсіз айқайы» тоқтаған жоқ. Ол сенің ана тіліңде, намысыңда, елге деген қызметіңде жаңғыруы тиіс. Егер менің сахнадағы көз жасым сенің жүрегіңдегі ұлттық намысты оятса, демек, Алаштың рухы өлмегені.
Алаштың аманаты — сенің қолыңда. Оны үнсіз қалдыруға хақың жоқ!
Айболқызы Карина,
Ақтөбе қаласы,
Дінмұхамед Қонаев атындағы
шағым қалдыра аласыз













