Материалдар / таңбалары әртүрлі сандарды қосу.6 класс

таңбалары әртүрлі сандарды қосу.6 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға таңбалары әр түрлі сандарды қосу тақырыбына есептер шығару . Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелей отырып, ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамытып, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру
Авторы:
21 Желтоқсан 2017
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ақтөбе қаласы,

Благодар орта мектебі,

Математика пәні мұғалімі

Айтжанова Алтыншаш

6 класс

Тақырыбы: Таңбалары әртүрлі сандарды қосу

Мақсаты: Оқушыларға таңбалары әр түрлі сандарды қосу тақырыбына есептер шығару . Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелей отырып, ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамытып, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру

Стратегиялар: Блум таксономиясы әдістері


Сабақтың барысы:

Оқушыларды түгендеу

Үй тапсырмасы. Қайталау сұрақтары қойылады, тапсырмалар беріледі.

1). Қандай сандар оң сандар деп аталады? Мысал келтіріңдер.

2). Қандай сандар теріс сандар деп аталады? Мысал келтіріңдер.

3). Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?

4). Берілген санға координаталық түзу бойында неше нүкте сәйкес келеді?

5). Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең?

6). Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады? Мысал келтіріңдер.

7). Қандай сандар бүтін сандар деп аталады?

8). Қандай сандар натурал сандар деп аталады?

Жаңа сабақпен жұмыс

Мысалдар арқылы жаңа сабақты ашамын. Теріс сандарды қосу ережесін қорытып шығарыңдар және мысал келтіріңдер деп оқушыларға ұсыныс жасаймын.

Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес сандарды қосу үшін:

1) Үлкен модульден кіші модульді азайту керек.

2). Шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек.

Мысалдар:

1). 8 + (-11) = -(11-8) = -3, қысқаша 8 + (-11) = -3

2). -0,3 + 0,9 = +(0,9-0,3) = 0,6, қысқаша -0,3 + 0,9 =0,6

Жаңа сабақты бекіту:


1-тапсырма. №1, №2, №3, . Бүтін сандармен берілген сандарды қосу.


І топ

26 + (-8) = 18 -43 + 21 = -22 56+ (-71) = -15


ІІ топқа

-96 + 101 = 5 36 + (-15) = 21 -62 + (+19) = - 43


ІІІ топқа

127 + (-8) = 119 -103 + 55 = - 48 -85 + (+37) = - 48


2-тапсырма. №1, №2, №3, Ондық бөлшекпен берілген сандарды қосу.


І топқа

9 + (-0,3) = 8,7 -6,03 + 2,17= - 3,86 -9,5+ (+100) = 90,5


ІІ топқа

-6,7 + 5,2 = - 1,5 7,2 + (-8,23) = - 1,03 -5,07 + (+61,9) = 55,83


ІІІ топқа

3 + (-0,91) = 2,09 -4,5 + 27,8 = 23,3 21,61 + (-45,7) = - 24,09


3-тапсырма. Оқулықпен жұмыс:

466

467

468

Сабақты бекіту:

Екі теріс санды қосу үшін:

1). қосылғыштардың модулдерін қосу керек;

2). Шыққан санның алдына (« - ») таңбасын қою керек.


Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес сандарды қосу үшін:

1) Үлкен модульден кіші модульді азайту керек.

2). Шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек.


Үйге тапсырма беру

470, № 472- 475 есептерді шығару.

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі