«ТАҢБАЛЫ ТАСТАР ТҮРКІ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗІ»
«Ш.Әбенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ Тарих пәні мұғалімі Енсеханов Максат Бейбитович
Қазақстан даласын мекендеуші тайпалардың ішінде Ұлы Түрік империясының алатын орны ерекше. Түрік қағанатын империяға теңеудің де бірнеше себептері бар. 1 себеп ұлан-ғайыр атырап жерді мекендеуі. 2 себеп Түркілердің басқару кезеңі 10 оқ ұлысы. 3 себеп Әлем өркениетіне қосқан мәдени үлесі. Осы үш себепттің өзі Түркі мемлекетінің өз заманында империялық державалық сипатын айқындайды. Ата – бабаларымыздан тарихи мұра болып жеткен, жәдігерлер баршылық, алтынмен апталған, күміспен күптелген бұйымдар өз иелерінің ерекшелігі мен мәртебесін айқындайды. Бүгінгі таңда зерттеулерді қажет ететін тарихи мұраларымызда баршылық, оларды аспан астындағы ашық мұражай қылып немесе арнайы баспаға шығарып кейінгі ұрпаққа жеткізу, солардың бірегейі қазақ даласының түкпір-түкпірінен кездесетін Түркі дәуірінің суретшілік пен мүсіншілік өнері. Ежелгі адамдар не үшін сурет салды? Ғылымда бұған жауап жоқ өйткені толық зерттелмеген, бірнеше болжам нұсқалар айтылады діни ахуал, аңшылық, тұрмыс-тіршілік деп қарайды т.с.с Сондай бір ескерткіштер Түркі дәуірінің петроглифтері бүгінгі таңда толық зерттелмеген ескерткіштер, анығырақ тоқталсам Абай облысы Абай ауданы орналасқан жерде Абай, Шәкәрімдей даналарды дүниеге келтірген Шыңғыстау атты тау шоқыларының әрбір сайында Қола, Ерте темір, Ғұн дәуірі, Түркі дәуіріне тән петроглифтер кездеседі. Қола дәуірінде геометриялық өрнектер дамыса, Ерте темір дәуірінде аң стилі қалыптасты. Бұл өрнектер сол дәуірлердің мәдени феноменнің бөлігі ретінде геометриялық және зооморфтық ою-өрнектердің туындауына себеп болды. Тастағы таңбалардың көбею кезеңі Ғұндар мен Түркілерге тән бұған дәлел ретінде қоныстар мен табылған археологиялық ескерткіштерді ала аламыз. Әрине бүгінгі қозғап отырған петроглифтеріміз әлемнің түкпір-түкпірінен кездеседі. Нұраның таңбалы тасында мына бір сөзді айтқан қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаев атамыз таңбалы тастар «Қазақ халқының ең алғашқы мемлекетінің іргетасын қалап жатқандағы жазып қалдырған - Дала Конституциясы» деп баға беріп кеткен. Шыңғыстау петроглифтері көне Түркі кезеңінің тарихи куәсі зерттей келе қарасақ Тас, Қола дәуіріне жататын петроглифтерде салт атты адам бейнесі бейнеленбеген, Ғұн дәуірінен бастап Түркі тайпаларының петроглифтерінде салт атты адам бейнесі бейнеленген енді сақ сармат дәуірінде де атты кісі бейнесі бейнеленген бұл жерде оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында салыстыру үшін екі дәуірлік петроглифтерді ұсынамыз, айырмашылығы ғұн түркі кезеңінің салт атты кісі бейнеленген петроглифтері ат үстіне ер-тоқым сұлбасын қашап салынған, ал сақ сармат ескерткіш петроглифтерінде ер-тоқым бейнеленбеген. Әрине Тастағы таңбалар – қыры мен сыр мол күрделі тарихи деректер. Таңбаларды мән-мағынасын ашуда көптеген қызметтер атқарылуда, бірақ та осы қызметті атқарушы зерттеушілер мен ғалымдардың алуан түрлі пікірлері таңба деректерін нақты жүйелеп ұсына алмай отыр, бұлда түркі тарихын зерттеуде кемшіліктер барын көрсетеді, Қытай елінің деректерімен Ұлы Түрік империясының тарихын 545 жылдан бастаймыз бұл уақытта Түркі тайпаларының гүлдену кезеңі болуы, тарих сахнасына шығу кезеңі деп қарастырсақ, түркілердің ғұн державасы ыдыраған тұстан бастап әлемдік аренаға шығу кезеңіне дейінгі аралықты дархан кезеңі (буряттар темір ұсталарын дархан деп атайды, бұл атау түркілерден енген деп жазған Г.Потанин 1883ж 28,610 бет) немесе ұсталық кезең деп қарастыруға болады, осы кезеңде петроглифтердің дамуы өте қарқынды жүрді деген тұжырым жасауға болады, анықтап айтсам қоныстар маңындағы жартастарға салынған таңбалар қоныстаушылардың тұрмыс-тіршілігін бейнелеген, екіншіден тастарға таңба салу бір күндік немесе бір апталық жұмыс емес бұл жұмыс айлап, жылдап істелетін жұмыс сондықтан түркілер бір мекенде ұзақ қоныстанған, түркі тайпаларының негізгі кәсібі ұсталық екенін олардың қоныс маңынан табылған пеш көріктер қалдығы мен ұсталық құралдар дәлелдейді. Түркі тайпаларының бітіктерінің әліппесі де осы таңба іспетті белгілерден пайда болды деген Аристовтың пікірі бар, Қазақстан өлкесінен көп кездесетін таңбалар арқар бейнесінде болады, арқар бейнесі қағандық белгі деп аталған бұл дерек З.Самашев, Н Базылхан, С.Самашевтардың көне түрік таңбалары еңбегінде көрсетілген (2010ж 57 бет), осы мәліметтен қазақ халқының ақсүйек төре тұқымдары Арқар ұранды, арқар таңбалы болуы ежелгі түркі ақсүйектерінен жалғасын табуда деген фәлсапа тұжырым жасауға болады. Ерекше таңбалы тастарға тоқталсам. (Презентация бойынша сөйлеу) Таңбалы тастар алғашқы Түркі жазуына негіз болды дер айтсақ артық болмас. Ежелгі адамдар өз мекендеріне өмірдің басты құндылығы болып табылған аң аулау, дүниеге сәби келу сияқты белгілерді суреттесе, Түркі кезеңінде мекендеуші халықтар да өз кезегінде аң аулау рәсімін тасқа көптеп қашаған, бәлкім біз білмейтін құпиясы мен сыры бар болуы мүмкін бұл бейнелердің, және біз түсініксіз жайттардың бірі тасқа салынған петроглифтерде адамдардың көпшілігі екі қолдарын жоғары көтеріп тұр, бұлай жасау не қуанудың не болмаса тәңірге табынудың белгілері болуы мүмкін бұл жағдайды уақыт еншісіне беруге келмейді себептері Түркі заманының осы бір бейнелері күн санап азайып бара жатыр бірнеше себептермен (дала өртінен, жай отынан, жануарлар тұяғынан, адами фокторлар әсерінен болуы бек мүмкін). Түркілердің Бітік тастары мен балбал тастары аса құрметті адамдар басына қойылады, Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жазулары сол заманның озық технологиясын меңгеріп тасқа қашау бұл жәдігерлер қазақ даласы мен ертедегі түркілер жайлауы болған моңғолия өлкесінде, сібір жұртшылығы арасынан кездеседі. Өлкетану сабақтарында мәдени мұраларды сақтау және қамқорлыққа алу жағдайын вандализмнен сақтау сияқты жұмыстар қоса жүргізіп отыруымыз қажет. Білім алушыларға біз петроглифтер бүкіл адамзат баласына құнды жәдігер екендігің сездіруміз қажет. Түркілердің таңбалы тастары мен америкалық байырғы тұрғындардың таңбалы тастарындағы ұқсастықтықты көрсету арқылы оқушыларымызға халықтар арасындағы байланысты зерттеуге, сыни ойлауға дағдыландырамыз, осындай құнды жәдігерлер арқылы өлкетану сабақтарында дебаттар мен пікірталастар, виртуалды экскурсиялар, STEM тәсілінде де әдістер қолданамын (тек жаратылыстану пәндеріне ғана қолдануға болады деген ұғымды жоққа шығарып, гуманитарлық пәндерге де қолдану мүмкіндігі бар кез келген тарихи объектілерді модельдеу Археологиялық орындар, Таңбалы тастар, аналитика бойынша тарихи статистикалық мәліметтерді талдауға, тарихи орындардың макетін жасауға болады). Сөзімді қорытындылай келе өлкетану үйірмесінде оқушыларыма туған өлке тарихы мен жәдігерлерін сақтауға Қазақстан даласында кездесетін ғажайыптар мен құндылықтарды құрметтеуге әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы деп үйретемін. Бұл жұмыс 6 сыныпқа арналған «Ұлы Түрік империясы және оның Қазақстанға ықпалы» атты авторлық бағдарлама негізінде жүргізілетін өлкетану үйірмесінің Таңбалы тастар сыры бөліміндегі зерттеу жұмысы болып табылады. Қазақ ғалымдарының көрнектісі академик Әлкей Хақанұлы: «Қазақ сахарасындағы мәдениеттің бір жарқын түрі – тарихи дәуірлерде осы араны қоныстанып келген тайпалардың тас бетіне жазып қалдырған белгілері, дегендей көне Түрік таңбалары мен белгілері жалпы түрік мәдени мұрасының біртұтас ажырамас бөлігі.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Көне түрік таңбалары З.Самашев, Н.Базылхан, С.Самашев Алматы 2010ж
-
Ұлы дала мұрасы. ҚР Ұлттық музейі Астана 2018ж
-
Ұлұс С.Сыпатайұлы Семей 2011ж
-
Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы 1 том Алматы 2019ж
-
Ұлы дала: Тарих пен Мәдениет 3 том ҚР Ұлттық музейі Нұр-Сұлтан 2019ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Таңбалы тастар Түркі тарихының негізі

шағым қалдыра аласыз