Таным белестері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таным белестері

Материал туралы қысқаша түсінік
дүниетанымдық көзқарасы туралы, ішкі тыныштық сақтауды қалыптастыру отырып, оларға өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамыту және бағалай білу туралы түсінік беру. Міндеттері: - оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін ұғындыру. - оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін дамыту - оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін екендігін ұғындыру, тәрбиелеу. «Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі. Өзін-өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап-ақ, өзіңді тани аласың.» 2-рет ер балаларға, 2-рет қыз балаларға айтқызу. Барлығы бірге айту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн- өзiтану  сабағыныңжоспары


Мектеп: « Абай орта мектебі» ММ

Мерзімі : 1 сабақ

Тақырып: Таным белестері

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: өзіне-өзі сенімділік, ұстамдылық, өзін-өзі құрметтеу

Мұғалім: Бурашева Ж.

Сынып: 10«а,ә, б»

Мақсаты: оқушылардың бойында адам туралы, оның дүниетанымдық көзқарасы туралы, ішкі тыныштық сақтауды қалыптастыру отырып, оларға өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамыту және бағалай білу туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін ұғындыру.

- оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін дамыту

- оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін екендігін ұғындыру, тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, инт.тақта, бейнетаспа.


1.Ұйымдастырушылық кезеңі.

2. Тыныштық сәті.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жайменкөздіашуғаболады.

Сабақ барысынт алқылау:

2. Үй жұмысын тексеру. «Жаз» тақырыбына әңгімелесу


3. Дәйексөз.

«Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі. Өзін-өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап-ақ, өзіңді тани аласың.»

2-рет ер балаларға, 2-рет қыз балаларға айтқызу.

Барлығы бірге айту.

Дәптерге жазу.

Иоганн Гетенің нақыл сөзін оқушылардан түсіндіруд өтіну.


4.Әңгімелесу.Н.Р.Күнхожаевтың «Өмірлік бағыт» аттымақаласы.

Мәтін бойынша сұрақтар:

  1. Мәтін не туралы?

  2. Адамға өмірлік бағыт не үшін керек деп ойлайсыңдар?

  3. Сіз өмірлік жолыңызды қалай таңдар едіңіз?


5. Шығармашылық жұмыс. Топтықжұмыс.

Төменде берілген ой-тұжырымды жалғастырыңыздар:

Біздің танымымыз артқан сайын орындайтын міндетіміз де көбейе береді.


6. Топтық ән айту.

«Өміріңе немқұрайлы қарама» Дәрібаевтар


7. Үй жұмысы.

2 сабақБ.Әлжақсыұлының «Тоғыз жауың тағы бар...» өлеңін оқу


8. Соңғы тыныштық сәті.
Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2018
1192
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі