Материалдар / Танымдық сайыс "ХХІ ғасыр Махамбеті"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Танымдық сайыс "ХХІ ғасыр Махамбеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды қазақтың біртуар ұлы Махамбет бабамыз туралы мол мағлұматпен таныстыру. Махамбет поэзиясын күллі әлімге паш етіп, жолын қуар жас дарындарды анықтау. Махамбет ерлігімен жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және оқушыларды білімдікке, алғырлыққа баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
547
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8 «В» гимназия сынып

ХХІ ғасыр Махамбеті

(танымдық ойын)

Мақсаты: Оқушыларды қазақтың біртуар ұлы Махамбет бабамыз туралы мол мағлұматпен таныстыру. Махамбет поэзиясын күллі әлімге паш етіп, жолын қуар жас дарындарды анықтау. Махамбет ерлігімен жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және оқушыларды білімдікке, алғырлыққа баулу.

Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! «ХХІ ғасыр Махамбеті» атты танымдық ойынымызға қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Арғымақ аттың баласы,

Аз оттар да, көп жортар.

Азамат ердің баласы,

Аз ұйықтар да, көп жортар, - деп ерлік пен елдікті, қайсарлық пен батырлықты жырлап өткен батыр бабамыз Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші: Олай болса, ойынға қатысатын ойыншыларымыз сыныптың оң жағы мен сол жағында отыр. Ойынға барлық сынып оқушылары қатысады. Ең көп ұпай жинаған оқушы бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы атанады.

Жүргізуші: Қасиетті қазақ даласы ержүрек ұлдарға кенде болмаған. Әйтсе де, қолына қару алып ел қорғаған батырлардың, төрелік айтқан шешендер мен билік айтқан сұлтандардың мыңнан бірінің ғана аты тығырықтан жол, түнектен сәуле табады.

Жүргізуші: Басынан бағы тайған сонау заманда қазаққа қорған боп туған ерлердің бірі – Махамбет Өтемісұлы. Ол жылдардағы шаруалар көтерелісінің басшысы, ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, қара қазан сары баланың қамы үшін қылыш сермеген батыр, дауылпаз ақын.

Жүргізуші: Дауылпаз ақын бабамызға арналған сайыстың І кезеңі – «Бәйге». Бұл кезеңде топтарға сұрақ беріледі. Қойылған сұрақтарға барлық ойыншылар жауап беруге құқылы. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Жауап бірінші ниет білдірген ойыншыдан сұралады, дұрыс болмаған жағдайда екінші ойыншы жауап бере алады.

Жүргізуші: Ойын шарты мәлім болса, алғашқы кезеңімізді бастаймыз.

«Бәйге» кезеңінің сұрақтары:

  1. Махамбеттің Исатайға арнаған мінездемелі өлеңі? (Тарланым)

  2. Махамбеттің әкесі? (Өтеміс)

  3. Махамбеттің басты арман-мұраты? (Теңдік, тәуелсіздік алу)

  4. Махамбет неше ағайынды? (Он)

  5. Махамбеттің ұраны? (Ағатай-Беріш)

  6. Махамбеттің бойындағы саятшылық қасиет? (Мергендік)

  7. Нәбиден Әбуталиевтің Махамбет өмірінен жазылған кітабы? («Өттің дүние»)

  8. «Исатай- Махамбет» дастанының авторы? (Ығылман Шөреков)

  9. Махамбеттің мүсінін жасаған антрополог ғалым? (Н.Шаяхметов)

  10. Махамбетке жау хан? (Жәңгір хан)

  11. «Әй, Махамбет, жолдасым» өлеңінің авторы? (Махамбет)

  12. М.Өтемісұлына арналған «Шашақты найза, шалқар күй» жинағын құрастырушы? (Қаршыға Ахмедияров)

  13. Алаша руының қарт батыры, Махамбеттің досы? (Сатыбалды)

  14. Махамбеттің бес қаруының біріне арналған күйі? («Жұмыр қылыш»)

Жүргізуші: Дауылпаз ақынның асқан рухты шабытпен шығарылған отты жырлары ешкімді бей-жай қалдырмаған. Махамбет поэзиясы – қазақ әдебиетінің қайталанбас құдіреті. Оның өжет өлеңдері аттың үстінде, түйенің қомында дүниеге келіп жатты. Ол қайсар жырларымен жолдастарына қайрат, жігер беріп, жабыққанға рух, дем беріп қайраттандыратын, езілгеннің еңсесін тіктейтін әруақты ақын.

Жүргізуші: Махамбеттің тіл өнеріндегі құдіреттілігіне осылайша баға бере отырып, ойыншыларды ІІ кезең «Тіл – өнерге» шақырамыз. Шарты: Махамбет өлеңдерінен айтылмай қалған сөзді тауып,толықтыру 1 ұпай.

«Тіл – өнер» кезеңінің тапсырмасы:

«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінен үзінді:

1) Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза ... алмай. ( Қол)

«Беркініп садақ асынбай» өлеңінен үзінді:

2) Білтеліге ... салмай,

Қорамсаққа қол салмай. (Доп)

«Арғымақ сені сақтадым» өлеңінен үзінді:

3) Шабушы еді безектеп,

Жақсыменен ... болсаң. (Дос)

«Жалған дүние» өлеңінен үзінді:

4) Қоғалы көлдер, қом ...

Кімдерге қоныс болмаған. (Су)

Жүргізуші: Махамбет – құдіретті күйші. Оның бойында бес қаруымен бірге қасиетті қара домбырасы да болған. Жаумен жағаласа жүріп, ол үнемі домбырасынан алмас қылыштай өр толғаулар, халқының ызасы мен кегіне суарылған күйлер төкті. Махамбеттің бізге жеткен «Жайық асу», «Шілтерлі терезе», «Жұмыр қылыш», «Өкініш», т.б. күйлері – қазақ мәдениетінің баға жетпес байлығы, асыл мұрасы. Сонымен, Махамбет ұрпақтарын «Жеті жұмбақ» ІІІ кезеңіне шақырамыз. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Кезеңнің шарты: берілген ұяшықтарда мектеп пәндеріне және Махамбет шығармаларына негізделіп дайындалған сұрақтар бар. Ұяшықтағы сұрақтарға дұрыс жауап берген жағдайда ұпай ойыншылардың еншісіне тиеді.

1.Арнайы сұрақ: «Исатай-Махамбет» дастанын жазған кім? (Ығылман Шөреков)

2.Арнайы сұрақ: Мына суреттегі тұлға Махамбет туралы шығарма жазған жазушы. Бұл кім? Шығарма қалай аталады? (Нәбиден Әбуталиев «Өттің, дүние»)

3.Қазақ әдебиеті:

«Әскер жиып аттандық,

Бекетай еді тұрағым.

Айғайлап жауға тигенде,

Ағатай-Беріш ұраным» деген өлең жолдары Махамбеттің қай өлеңінен үзінді? («Соғыс»)

4.География: Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі Қазақстанның қай аймағында кеңінен белең алды? (Батыста)

5.Биология: Махамбеттің жалғыздығына куә болған құс? (Қызғыш құс)

6.Тарих: Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің сипаты. (Шаруалар көтерілісі)

7.Математика: Махамбет ақын қай жылы, неше жасында өмірден өтті? (1845 жылы, 42 жасында)

Жүргізуші: Махамбет көтерілісі арып-ашып жол көріп, Өтемістен туған онның тоғызы құрбан болып, қорлық пен зорлыққа, езгіге қарсы қазақ халқының азаттық жолындағы айқасының бірі де бірегейі. Ол ұмытылмақ емес. Себебі бұл көтеріліс арқылы халыққа азат таңы сәл де болса жақындай түскені хақ. Оған Махамбет ақынның ерлік пен батылдығы куә. Олай болса, IV кезеңде «Ойланайық та, ойнайық» ойыншыларымыз суретке қарап, мақал-мәтелдерді табады. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай.

1) Ер – елдің айнасы.


2) Ерлік білекте емес, жүректе.


3) Ерді намыс өлтірер,

Қоянды қамыс өлтірер.


4) Ер қанаты – ат.


5) Ақынның хаты өлмейді,
Батырдың аты өлмейді.


6)Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса –жер ырысы.

Жүргізуші: Барлық қазақ Махамбетпен мақтануы тиіс. Ендеше ХХІ ғасыр Махамбеттерімен «Жедел жауап» V кезеңіне көшейік. Әрбір дұрыс жауап үшін

1 ұпай.

  1. Махамбет қай жылы дүниеге келді? (1803ж)

  2. Махамбет қай жерде дүниеге келді? (Бекетай құмы)

  3. Ақтабан кімнің тұлпары? (Исатай)

  4. Махамбетпен жауласқан хан? (Жәңгір хан)

  5. Махамбеттің ұраны? (Ағатай-Беріш)

  6. Хан жасағымен Исатай сарбаздары соғысқан жер? (Қиялы мола)

  7. 1936-38 жылдардағы көтеріліс қанша айға созылды? (18 ай)

  8. Махамбеттің соңғы әйелі? (Әуес)

  9. Т.Әлімқұловтың Махамбет өлімі турасында жазған әңгімесі қалай аталады? («Қараой»)

  10. Н.Тілендиевтің Махамбетке арнаған туындысы? (Ұлт аспаптар оркестрінде жазған «Махамбет» поэмасы)

  11. Махамбет дүниеден өткен жыл? (1845ж)

  12. Махамбет дүниеден өткен жер? (Қараой)

  13. Исатайдың тұлпары? (Ақтабан)

  14. Жәңгірдің әкесі? (Бөкей хан)

  15. «Ағатай-Беріш» кімнің ұраны? (Махамбет пен Исатайдың)

  16. Исатайдың әкесі? (Тайман)

  17. Өтемістің неше баласы болған? (10)

  18. Махамбеттің Алаша руынан алған әйелі? (Типан)

  19. Махамбеттің руы? (Құлмәлі Беріш)

  20. Ә.Әлімжановтың Махамбет туралы жазған шығармасы?(«Махамбеттің жебесі»)

Жүргізуші: Енді ойыншыларымыздың ұпайын санап, ойын нәтижесін шығарайық. Ойынымызға келген ұстаздарға сөз беріп, ойыншыларымыздың ішінен ХХІ ғасыр Махамбетін анықтайық, дипломдар беріледі. Бас жүлде - ХХІ ғасыр Махамбеті. «ХХІ ғасыр Махамбеті» атты танымдық ойында І, ІІ, ІІІ орындар.

Жүргізуші: Өзінің таным-түсінігімен, білімпаздығымен, алғырлығымен мәреге шыққан ХХІ ғасыр Махамбетін жеңісімен құттықтаймыз! Біліміне ерлігі сай Махамбеттей ерлеріміз азаймасын дей отырып, батыр бабамызға арналған танымдық ойынымызды аяқтаймыз. Сау-саламат болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!